Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі 15
тар осындай күнделік жасау дағдысын өмірде қол-
дануға ықпал етеміз.
Болжам жасаңдар Неге алғашқы адамдардың еңбек құралдары тас-
тан жасалды? Әр топқа өз болжамдарын стикерлер-
ге немесе кеспеқағаздарға жазуын сұраңыз. Осыдан
соң барлық топтар өз жауаптарын дауыстап оқиды,
бір-бірінің жауаптарын тыңдайды. Дұрыс жауапқа
жақын келген болжамдарды мұғалім атап өтеді.
Жауаптары. Алғашқы адамдар өз азығын табу-
да тамырлар қазып жеді, аң аулады. Осындай кезде
адамның тырнағы қатты топырақты қазуға жарама-
ды. Жыртқыш аңдардан қорғану үшін қаруға қажет-
тілік туды. Адамның қолына ілінген жер бетіндегі
тастар алғашқы құралдарға айналды.
Анықтаңдар Сабақтың кіріспе мәтінімен танысқан соң, оқушы-
лар Ежелгі Қазақстан тарихына арналған атласты
қолданып, тас дәуіріне жататын тұрақтарды дәптер-
леріне жазып алады. Бұл тапсырманы оқушылар же-
ке-жеке орындайды.
Жауаптары . Тас дәуіріне жататын Қазақстандағы
тұрақтар: Оңтүстік Қазақстанның Қаратау жотасын-
дағы Бөріқазған және Тәңірқазған, Арыстанды өзені
бойынан табылған Ш. Уәлиханов атындағы тұрақ,
Орталық Қазақстанда Құдайкөл, Батыс Қазақстан-
дағы Шақпақата, Шығыс Қазақстандағы Шүлбі.
"Менің бір күнім..." Бұл тапсырманы оқушылар жеке-жеке орын-
дайды. Алғашқы адамдардың өмірі туралы алған
ақпараттарын күнделік жазу кезінде жан-жақты
қолдануын сұраңыз. Оқушылар өз жұмыстарын-
да оқулықтағы сұрақтар мен үлгіде ұсынылған сөз
тіркестерін басшылыққа алады. Осы күнделікте
алғашқы адамдардың кәсібі туралы, еңбек құрал-
дары, тұтынатын тағамдары, алғашқы адамның сөй-
леу қабілеті, яғни саналы адам екендігі, аң аулауға
қажетті еңбек құралдары, рудағы туысқандық қа-
рым-қатынас, отты алу әдісі мен отты қолдану тура-
лы білімдері қамтылады.