5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет177/274
Дата12.09.2023
өлшемі3,03 Mb.
#106912
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Сабаққа қатысты ескертпелер
Оқушылар қаңлы тайпаларына қатысты ақпарат-
пен енді танысып отырғандықтан, алдымен, тайпаға 
қатысты жалпы түсінік беріңіз. Олардың орналасқан 
аумағын анықтап алғаннан кейін, сауда жолындағы 
қалалардың орнын көрсетіңіз. Сабақтың концептісі 
"дәлел" болғандықтан, нақты дереккөздерді ұсыну 
тиімді. 
Тақырыпқа кіріспес бұрын оқушылармен «қала 
мәдениеті» сөзінің мағынасына талдау жасаңыз. 
Сынып оқушыларына құмды далада жүріп бара 
жатқан керуен суретін көрсетіңіз. Суреттегі көрініске 
сипаттама жасатыңыз: бұрын сауда керуендері дәл 
осылай жіберілген. Олар шығыстағы Қытайдан ба-
тыс елдерге бет алды. Кейін оқушыға түйенің басты 
3 қасиетін атауды сұраңыз. Осы тапсырма арқылы 
оқушы түйенің сауда жолындағы маңыздылығын 
аша отырып, Жібек жолының пайда болу тарихын 
қарастырады. Жаңа тақырып Ұлы Жібек жолының 
пайда болуымен басталады. 
Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихымен, сауда 
жолының Қазақстан аумағы арқылы, соның ішінде 
Қаңлы мемлекетінің аумағы арқылы өткендігіне көз 
жеткізе отырып, оқушылар қала мәдениетінің қан-
шалықты дамығанын анықтайды. Қала мәдениетін 
сипаттайтын негізгі белгілерді қарастырады.
Мақсатты анықтаңдар
Сыныпқа, алдымен, Чжань-Цянның жүріп өткен 
жолдары көрсетілген «Қытай елшісінің сапары» су-
ретіндегі картаны көрсетіңіз. Оқушылар топқа бөліне 
отырып, өзара талқылау жасай алады. Топқа мәтінді 
оқуға жетелейтін 3 сұрағы бар кеспеқағаз таратыла-
ды. Сұрақтары бірдей адамдар бір жерге жиналады 


4-тарау.
Үйсіндер мен қаңлылар
111
да, өздерінің тобына қайтқанда осы сұрақтардың 
жауабын қалай түсіндіру керектігін ақылдасады, 
жоспар жасайды. Түсіндірудің тиімді жолын қара-
стырады. Бастапқы топқа келіп, келісілген әдіспен 
түсіндіреді. Дәл осындай әдіспен топтар бір-бірінің 
білімін тексеруге де болады. Тапсырмаларды орын-
дайды да, әркім өзінің тобына келіп сұрайды. Қытай 
елшісі Чжань Цянның сапары туралы біраз ақпарат 
жинақтай алады.
1. Қытай елшісінің саяхаты сәтті аяқталды деген-
дер бір топқа, Жібек жолының орын алуымен сауда, 
мәдениет дами түсті дегендер екінші топқа жинала-
ды.
2. Әр топ өздерінің көзқарастарын дәлелдейтін 
ақпараттар, фактілер жинақтайды.
3. Әр топтан дәлелденген ойды спикер шығып 
қорғайды.
4. Осы дәлелдеулерден кейін көзқарастары өзгер-
гендер болса, келесі топқа ауысады.
5. Оқушылар бастапқы тобына қайта жиналып, 
мәліметтерді толықтырып, өзінің пікірін дәлелдейді.
6. Екі пікірдің де дұрыстығы дәлелденуі қажет. 
Кейін Қытай императорының елші жіберудегі екі ба-
сты мақсатын атауға мүмкіндік беріңіз. Оқушы өткен 
тақырыппен байланыстыра отырып, Чжань Цянның 
сапар шегу нәтижесінде пайда болған жазба дерек-
терді де мысалға келтіре алады.
Жауаптары: 
1) Қытай императоры басқа елдер-
дегі саяси жағдайды бақылап, сауда тауарларын 
кең тарату үшін; 2) жібек матасын сатып, батыс ел-
дерімен қарым-қатынасты нығайту мақсатында.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет