5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет272/274
Дата12.09.2023
өлшемі3,03 Mb.
#106912
1   ...   266   267   268   269   270   271   272   273   274
Халықтардың ұлы қоныс аударуы
– ғұндар-
дың шапқыншылығы түрткі болған б.з. IV–VІІ ғасыр 
аралығында Еуропадағы этникалық өзгерістердің 
жиынтығы; көптеген герман, славян және көшпелі 
ғұн тайпаларының қозғалысы.
Хроника 

 
жазба дереккөз түрі. Қытай әулеттік 
хроникалары ежелгі Қазақстан тарихы туралы құн-
ды мәліметтер береді.
Шайқас 

 
соғыс операциясының құрамдас 
бөлігі, ұрыс қимылдарының түрі. Жалпы мақсат-
пен бірлестірілген, белгілі бір әскер топтарымен
күштерімен жүргізілетін және ортақ тапсырманы 
орындауға бағытталған неғұрлым маңызды және 
қауырт ұрыстық соққылардың жиынтығы. 
Шаньюй
– ғұндардың мемлекет басшысының 
лауазымы. Шаньюйді ғұндардың ру ақсүйектері
сайлады. Ол мемлекетті ақсақалдар кеңесімен бірі-
гіп басқарды.
Шаңырақ 
– киіз үйдің киелі және ең жоғары 
бөлігі. Оның пішіні күмбез тәріздес болып, уықтар-
дың ұштарын біріктіріп ұстап тұрады.
Шапқы
– алғашқы адамдардың еңбек құралы. 
Тастан жасалған балтаға ұқсас шапқы қатты заттар-
ды кесуге, шабуға қолданылған.
Ысқырғыш жебелер
– сүйектен жасалған
ысқырғыш жапсырылған дыбыс шығаратын жебе-
лер. 
Ішкі тартыс
– бір мемлекеттің ішіндегі екі неме-
се бірнеше тараптың қарым-қатынасы барысын-
да мақсаттары мен көзқарастарының өзара қара-
ма-қайшылығы.
Эволюция 
– табиғатта және әлеуметтік жүйеде 
біртіндеп үздіксіз даму үдерісі.
Экспедиция
– арнайы мақсатпен зерттеу жүргізу 
немесе саяхат жасау. 
Энеолит
– неолит пен қола дәуірі аралығындағы 
археологиялық кезең (тас-мыс кезеңі). Энеолитте 
тұңғыш рет таза мыс белгілі болды және одан әртүрлі 
әшекей бұйымдар мен еңбек құралдары жасалды. 
Қазақстанда шамамен б.з.д. 3000–2800 жылдардың 
аралығы энеолит кезеңі өтті.
Этнос
[грек. 
ethnos
– тайпа, халық] – бір халықты 
екіншісінен ажыратуға мүмкіндік беретін ортақ 
белгілері бар қауымдастық. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   266   267   268   269   270   271   272   273   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет