5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ


Петроглиф – тақтатас, жартастарға салынған су- реттер, бейнелер.  Пеш-көрік



Pdf көрінісі
бет270/274
Дата12.09.2023
өлшемі3,03 Mb.
#106912
1   ...   266   267   268   269   270   271   272   273   274
Петроглиф
– тақтатас, жартастарға салынған су-
реттер, бейнелер. 
Пеш-көрік 
– ауа үрлейтін тесіктері бар металл 
балқытатын пеш. 
Питекантроп
– ежелгі адам; жер бетінде ша-
мамен 1 млн – 500 мың жыл бұрын өмір сүрген, 
қаңқасы алғаш Ява аралынан табылған. 
Ру
– алғашқы тұрмыстық қауымның ұйымдасу 
формасы. Арғы тегі бір әкеден немесе бір шеше-
ден тараған туыстар тобы. Ру алғашқы адамдар то-
бынан басталып, кейінгі рулық құрылысқа ауысты.
Салт-дәстүр
әр ұлттың, халықтың діні мен 
сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық құрылым 
ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, 
өмірдің өзі туғызған ғұрыптардың жиынтығы. Қа-
уым мен қоғамда қалыптасқан мінез-құлықтың үл-
гілері.
Саркофаг 
(грек. 
sarkophagus
, дәлме-дәл – тән же-
гіш, алғашқы мағынасында – әк тасының бір түрінің 
аты) – ағаштан, тастан, мәрмәрдан жасалып, әсем 
жазбалармен көркемделетін, ашық аспан астына
не арнайы құрылыс ішіне қойылатын табыт. 
Сарматия
– Қара теңіз бойында және оған 
жақын аумақтарда сармат тайпалары мекендеген 
аумақтың жалпылама атауы.
Сауыт
ұсақ темірден тоқылатын, қару-жа-
рақтардан қорғануға арналған сарбаздың киімі. 
Скифия
– Қара теңіз бойында және оған жақын 
аумақтарда скиф тайпалары мекендеген аумақтың 
жалпылама атауы.
Сықырлауық 
– киіз үйдің ағаш есігі. 
Сыртқы қысым
– бір мемлекетке басқа мем-
лекеттер тарапынан көрсетілетін күш, зорлық, 
мәжбүрлеу саясаты.


171
171
Табынушылық 
қолдан жасалған киелі,
сиқырлы деп сенген құрылыстарға, заттарға неме-
се табиғат күштеріне, құбылыстарына сиыну. 
Тайпа 
– бір жерде тұратын, тілі бірдей, өза-
ра туыстық байланыстары бар бірнеше рудан 
құралған, туыстық байланыстары бар бірлестік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   266   267   268   269   270   271   272   273   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет