5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет103/274
Дата12.09.2023
өлшемі3,03 Mb.
#106912
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Сабаққа қатысты ескертпелер 
Бұл сабақ көшпелілердің салт-дәстүрлерін таныс- 
тыру арқылы халқымыздың ұлттық құндылықтарын 
түсіндіреді. Сабақ "дәлел" концептісінің негізінде 
құрастырылған. Оқушылар салт-дәстүрлердің қол-
данылу себебін анықтайды. Сонымен алған ақпа-
раттар негізінде бақылау жасауға, сұрақтар қоюға, 
өз ойларын білдіруге үйренеді. Оқыған материал-
дар негізінде топтық, жұптық, жеке жұмысты орын-
дау барысында критерийлерді құрастырып, өз бел-
сенділіктерін барынша танытады. Өз ойын немесе 
көзқарасын жеткізе алу дағдысы қалыптасады. Оқу 
мақсатына қол жеткізу үшін дереккөздер мен су-
реттерді пайдаланып, тапсырмаларды орындайды. 
Сабақтың негізгі идеясы – салт-дәстүрлерді құрмет-
теуге тәрбиелеу.
"Кезбе тілші"
миға шабуылы
Оқушыларды шағын топтарға бөліңіз. Ортақ 
талқылауға «Салт-дәстүрлердің қолданылу себебі 


2-тарау. 
Ежелгі көшпелілер өмірі
65
неде?» деген тақырып беріледі. Топтарда талқылау 
басталғанда әр топтан бір «кезбе тілші» ерікті түрде 
шығып, басқа топтардағы оқушылармен сұхбаттаса-
ды. Соңында жинаған мәліметтерімен өз тобының 
мүшелерімен бөліседі. Бұл стратегия оқушылардың 
қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту, сабаққа 
қызығушылықтарын арттыру үшін қолданылады. 
Бұл тапсырманы орындау үшін оқушыларға бірін-
ші мәтінді оқуды тапсырыңыз. Оқушылар мәтінмен 
танысқан соң жұппен талқылайды. Жұптық талқылау 
аяқталғаннан кейін, оқушыларды шағын топтарға 
біріктіріңіз. Оқушылардың іс-әрекетін тиімді жүзеге 
асыру мақсатында топтық жұмыстың критерийлерін 
ұсыныңыз немесе оқушылардың өздері құрасты-
руын тапсырыңыз. Мысалы, 
• топ спикерін өзара тағайындау;
• берілген уақытты тиімді пайдалану;
• топтық жұмысқа барлық оқушыларды қатысты-
ру;
• өзге топ спикері жұмыс қорғаған кезде мұқият 
тыңдау;
• құрдастарының пікірін құрметтеу.
Берілген мәтін аясында әр топ үш сұрақтан құрас- 
тырады. Құрастырған сұрақтарын параққа немесе 
постерге жазып, келесі топқа береді. Барлық топтың 
парағы не постері сағат тілімен ауыстырылып, әр 
топ парақтағы не постердегі сұрақтарға жауап беріп 
шығады. Соңында өз жауаптарын оқып, топта және 
сыныпта талқылайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет