5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет100/274
Дата12.09.2023
өлшемі3,03 Mb.
#106912
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

 
Себебін табыңдар
Сыныпты бірнеше топқа біріктіріңіз. Оқушылар-
дың іс-әрекетін тиімді жүзеге асыру мақсатында 
топтық жұмыстың критерийлерін ұсыныңыз неме-
се оны оқушылардың өздері құрастыруын тапсы-
рыңыз. Мысалы, 
•топ спикерін өзара тағайындау;
•берілген уақытты тиімді пайдалану;
•топтық жұмысқа барлық оқушыларды қатысты-
ру;
•өзге топ спикері жұмыс қорғаған кезде мұқият 
тыңдау;
•құрдастарының пікірін құрметтеу.
Оқушылар қабырғаға ілінген түрлі түсті қағаздағы 
мәтіндерді өз дәптерлеріне тез жазып алулары ке-
рек. Әр топтан бір адам мәтіндерге барып, оның бір 
сөйлемін есіне сақтап, өз тобына келіп айтып беруі 
тиіс. Топтағы оқушылар осы әрекетті кезекпен орын-
дайды. Оқушылардың жазбаларында жетіспейтін 
ақпарат болуы мүмкін. Олар қалдырып кеткен жер-
лерді артынан қабырғадағы парақпен салыстыра 
отырып, толықтыра алады. Мәтінді толықтырған соң, 
топта оны талқылайды. Көшпелілердің Наурыз мей-
рамын неге тойлағаннын және оның қазіргі кезде 
қалай тойланатынын айтып, дәлелдер келтіреді. Әр 
топ Наурыз мейрамының тойлану себебі мен оның 
маңызын ашуы тиіс.
Жауаптары.
Жаңа жылды көшпелілер көктемде 
тойлаған. Көктемнің алғашқы айы – наурызды жыл 
басы деп санаған. Бұл мезгіл – қар еріп, жерден тоң 
кеткен уақыт. Мал төлдеп, қазан аққа толып, дала 
көкке оранған берекелі кез. Қыстан жүдеп, қажып 
шыққан халық бұл мезгілді асыға күткен.
Пікірлеріңді білдіріңдер
Оқушылар қазіргі кезде салт-дәстүрлер қоғамда 
қандай орын алатыны туралы ойланып, өз отбасы-
ларында оларға қандай мағына берілетіні туралы 
шағын әңгіме құрастырып жазады.
"Отбасыңда қандай салт-дәстүрлер орындалады?
Олар қашан және не үшін жасалады?
Салт-дәстүрлерден не үйренуге болады?" деген 
сұрақтарды оқушыларды бағыттау үшін беруге бо-
лады. 
Егер сыныпта басқа ұлт өкілдері болса, олар өз-
дерінің ұлттық салт-дәстүрлері туралы жазуына бо-
лады.
Жауаптары. 
Оқушылар өз отбасында орында-
латын салт-дәстүр, әдет-ғұрыптар туралы жазуы 
мүмкін. Мысалы, бесікке салу, қырқынан шығару, 
баланың тұсауын кесу және т.б дәстүрлер. Оқушы-
лардың жауаптары әртүрлі болуы мүмкін. Кейбір 
оқушылар жауаптарында салт-дәстүрлерді құрмет-
теу қажеттілігі, белгілі ғұрыптық рәсімдердің орын-
далуы туралы мәліметпен шектелсе, басқа оқушы-
лар салт-дәстүрлердің қалыптасу тарихынан ақпарат 
келтіруі ықтимал. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет