5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет101/274
Дата12.09.2023
өлшемі3,03 Mb.
#106912
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Бағалау мүмкіндіктері
Оқушылардың сыни тұрғыда ойлауы мен комму-
никативтік дағдыларын дамыту мақсатында «Ойла-
ныңдар», «Себебін табыңдар», «Пікір білдіріңдер» 
деген айдармен берілген тапсырмалар орындалады. 
Осы тапсырмалар бойынша оқушылардың жаңа са-
бақтағы меңгерген білімдерін анықтауға болады. Ол 
үшін оқушылар «Наурыз» сөзінің мағынасын біледі, 
көшпелілер үшін күн мен оттың маңызын сипаттай-
ды; көшпелілердің ежелгі дүниетанымының бүгінгі 
күнге дейін жеткенін түсіндіреді; көшпелілердің жаңа 
жылды көктемде тойлауына кем дегенде екі дәлел 
келтіреді; өз отбасында орындалатын салт-дәстүр-
лер туралы шағын әңгіме құрастырады.
Қосымша тапсырмалар
Оқушыларға қазіргі кезде кеңінен қолданыла-
тын «тұсаукесер, сүндет той, бесікке салу, қырқынан 
шығару" деген сияқты салт-дәстүрлер туралы 
мәліметтерді жинақтап, кітапша жасатуға болады. 
Ол үшін А4 пішіндегі қағазды ортасынан екіге бөліп, 
бір-бірімен біріктіреді. Осылай төрт бетті кітапша 
жасалады. Мұны оқушының шығармашылық жұ-
мысы ретінде қолданған жөн. Оқушылардың қы-
зығушылық танытуына байланысты таныстырылым 
жасауға да болады. Оқушылардың жас ерекшелігіне 
қарай, таныстырылым тек үш слайдтан жасалады. 
Бұл тапсырмалар оқушылардың шығармашылық 
дағдыларын қалыптастырады. Бірлесіп жұмыс істе-
уге үйретеді.


64
2-тарау.
Ежелгі көшпелілер өмірі
2.4.
Ежелгі көшпелілердің дүниетанымы (2-сабақ)
Оқу мақсаты
5.2.1.2 ежелгі тайпалардың дүниетанымын си-
паттау.
Тірек сөздер
көкпар
саятшылық
Ресурстар
1. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дей-
ін. I том. – Алматы: Атамұра, 2010.
2. Қазақстан тарихы. (Очерктер). – Алматы: 
Дәуір, 1994. 
3. Кенжеахметұлы С. Қазақ халқының тұрмысы 
мен мәдениеті. – Алматы: Алматыкітап, 2012. 
4. Кенжеахметұлы С. Қазақтың салт-дәстүрлері 
мен әдет-ғұрыптары. – Алматы: Атамұра, 2010.
5. Хинаят Б, Исабеков К.М. Саятшылық – қа-
зақтың дәстүрлі аңшылығы. – Алматы: Алматы-
кітап, 2007.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет