5-тарау.
Ғұндар
129
Бұдан соң оқушыларға жеке "Мөде шаньюй мем-
лекетті қалай басқарды?" мәтінін оқуды және "Ғұн
мемлекеті қалай басқарылды?" мәселесі бойынша
мәтін мәліметтері негізінде сызба құрастыруды ұсы-
ныңыз.
Оқушылар мәтінді зерделеп,
сызба сызып, 1-2
оқушы қорғап болған соң, сыныпқа "Ғұндар мемле-
кеттік дәрежеге жетті ме?" деген сауал қойыңыз.
– «Ғұндар мемлекеттік дәрежеге жетті» деп жауап
берген оқушыларды оң жақ бұрышқа;
– «Ғұндар мемлекеттік дәрежеге жеткен жоқ» деп
жауап берген оқушыларды сол жақ бұрышқа;
– «белгісіз» дегендерді ортаға тұруын сұраңыз.
Бұрыштардағы пікірлестердің мақсаты – бірігіп, өз
ұстанымдарына
дәлелдер келтіріп, өз бұрыштарына
неғұрлым көп адам жинауға тырысу. Соңында көп
адам жиналған бұрыштағы пікірлестердің ұстанымы
жеңіске жетеді. Яғни, ғұндардың мемлекеттік дәреже-
ге жеткендігі толық дәлелденеді.
Жауаптары.
Ғұндар мемлекеттік дәрежеге жетті:
"Оң, сол және
орталық қанатқа бөліп басқару; ша-
ньюйдің құқықтары мен міндеттерін бекіту; ақсақал-
дар билігі; халық жиналысы; шабармандар жұмысын
ұйымдастыру."
Достарыңызбен бөлісу: