5 Қорытынды Пайдаланған әдебиттер



бет4/5
Дата14.10.2023
өлшемі34,39 Kb.
#114375
1   2   3   4   5
Байланысты:
Документ Microsoft Word

Қорытынды:
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: Сіздер мен біздер тек болашақ буынды ғана емес, жалпы адамзаттық қадір - қасиеттердің мән - маңызын түсінетін жаны да, тәні де таза, білімді, жан - жақты мәдениетті, патриот - азаматтар болуын тәрбиелеуге міндеттіміз, - деп атап айтты. Ендеше осындай ұлы істе жеке тұлғаның жан - жақты өсуіне бір кісідей ат салысайық.
Сонымен, қорыта айтқанда, 12 жылдық білім беру жағдайында педагог - бұл қай кезде де, ең алдымен, кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға. Ол - оқытудың жаңа технологияларын өмірге енгізуге дайын, оқу - тәрбие ісіне жанашырлық танытатын, қоғамның ең озық бөлігінің бірі. Оқу - тәрбие үрдісінің мазмұнына және ұйымдастырылуына комплексті тұрғыда қарайтын, зерттеушілік ыңғайға бейім, теория мен практика іс - әрекетін біріктіре білетін, өмірлік құндылық қағидалары - адамгершілік, ізгілік еңбекқорлық, парасатты мінез - құлық қасиеттерді бойына сіңірген ұстаз.
Білекке сенген заманда - ешкімге есе бермедік,Білімге сенер заманда,Қапы қалып жүрмелік - деген ұлы көреген Абылайханның ой - тұжырымы қазіргі уақыттағы еліміздің білім беру кеңістігіндегі көтеріліп отырған мәселелерді шешуге батыл кірісу қажет екендігіне әкеліп соғады.
Әр елдің білім беру және тәрбие саласында өзіндік ерекшелігі мен артықшылығы, тіпті кемшілігі де болады, осы себепті де біз Қазақстан республикасындағы оқушыға білім беру мен тәрбиені жан-жақты дамыту мақсатында шетелдік 12 жылдық білім берудің тек оң және тиімді жақтарын алуымыз қажет.
Мұғалімнің кәсіби құзырлылығы үш өзара байланысты құрамдас бөліктен: кәсіби білім, кәсіби дағды, мұғалімнің тұлғалық кәсіби маңызды қасиеттерден құралып, педагогикалық қызметте іске асатынын атап өткім келеді. Осы үш құрамдас бөлік үздіксіз педагогикалық білім беруде, мұғалімнің кәсіби тұлғалық дамуына біртұтас міндетпен біріккен. Үздiксiз педагогикалық бiлiм беру жүйесi - бұл көп деңгейлiлiгiмен, iзгiлiктiлiгiмен, көпсатылығымен және ашықтығымен ерекшеленетiн динамикалық даму жүйесi.
Қазіргі білім беру жүйесінің талабы бойынша мұғалім, заман талабына сай жан-жақты дамыған, жеке тұлғамен жұмыс істей алатын, өз білімін жаңа технологиялармен жетілдіріп отыратын, педагогикалық шеберліктің қыр-сырын толық меңгерген, құзырлы маман иесі бола алады.
Сондықтан болашақ мұғалімдерді даярлауда, алдымен мұғалімнің құзырлылық деңгейін көтеру мақсатында жоспарлар құрылып, сапалы білім берудің жолдары ұйымдастырылуы керек деген ойдамын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет