бағдарлы құзіреттілік (азаматтық белсенділік, саяси жүйені түсіну, баға бере білу, елжандылық, т.б);
мәдениеттанымдылық құзіреттілік (ұлттық ерекшеліктерді тани білу, өз халқының мәдениеті мен өзге ұлттар, әлем мәдениетін салыстыру, саралай білу қабілеті);
оқу-танымдық құзіреттілік(өзінің білімділік қабілетін ұйымдастыра білу, жоспарлай білу, ізденушілік-зерттеушілік әрекет дағдыларын игеру, талдау, қорытынды жасай білу);
коммуникативтік құзіреттілік ( адамдармен өзара қарым-қатынас тәсілдерін білу, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынаста шетел тілінде қатынас дағдылары болуы);
ақпараттық-технологиялық құзіреттілік (ақпараттық технологиялармен, техникалық обьектілер көмегімен бағдарлай білу, өз бетінше іздей білу, таңдай, талдай білу, өзгерте білуді жүзеге асыра білу қабілеті);
әлеуметтік- еңбек құзіреттілігі (әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға талдау жасай білу, шешім қабылдай білу, түрлі өмірлік жағдайларда жеке басына және қоғам мүддесіне сәйкес ықпал ете білу қабілеті);
тұлғалық өзін-өзі дамыту құзіреттілігі (отбасылық еңбек, экономикалық және саяси қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді білімі мен тәжірибесінің болу қабілеті).
Аталған құзыреттілік қасиеттерді тұлға бойына дарытуда педагог қауымның арнайы әлеуметтік білім беру құзыреттіліктерінің жан- жақты болуы талап етіледі.Егер педагог өзінің кәсіби өсу жобасын дұрыс жолға қоя отырып, өзінің кәсіптік қызметіне нақты берілу арқылы тұлғаның алған білімін өмірде қолдана білетіндей тапсырмалар жүйесін ұсына алатын жағдайда болғанда ғана студент құзыреттілігін қалыптастыруға мүмкіндік табады. Бір сөзбен айтқанда, тұлғаға бағытталған білімдер жүйесі білім стандартына сай тұлғаның жан- жақты дамуына негізделген, алған білімін өмірдің қандай бір жағдаяттарына қолдана алатындай дәрежеде ұсыну педагогтің құзыреттілігіне байланысты болады.
Психологтер де, педагогтер де адамның рухани интеллектуалдық, кәсіби шығармашылықпен өзін-өзі дамытуы өмірінің әр кезеңінде әр қалай деп көрсетеді.Мысалы, ұлы педагогтер А.Дистерверг, К.Ушинский, А.Макаренко, В.Сухомлинский ,т.б мұғалімдік еңбекті адамтану ғылымы , адамның жан дүниесі , рухани әлеміне бойлай алу өнері дей отырып, педагогикалық шеберліктің дамуына зор үлес қосқан. Осы тұрғыдан алып қарағанда педагогикалық шеберлік- кәсіби әрекетті жоғары деңгейге көтеретін мұғалімнің жеке қасиеттерінің , оның білімі мен білігінің жүйесі. Осы мәселені терең зерттеген А.Маркова мұғалімнің кәсіби деңгейге көтерілуінің төмендегідей психологиялық критерийлерін анықтаған.
Обьективті критерийлер. Мұғалімнің өз мамандығына қаншалықты сәйкес әлеуметтік тәжірибеге қосар үлесі қандай екендігі.Жоғары еңбек көрсеткіші,әртүрлі мәселелерді шығармашылықпен шеше алу біліктері, т.б жататындығын атап өтеді.
Субьективті критерийлер. Адамның мамандығы қаншалықты оның табиғатына, қабілеттері мен қызығушыларына сәйкес қаншалықты ол өз ісінен қанағат табатындығымен байланысты. Мұғалім еңбегіндегі субьективті критерийлерге кәсіби - педагогикалық бағыттылық, кәсіптің маңыздылығын , оның құндылығын түсіну, маман иесі ретінде өзіне позитивті көзқарастың болуын жатқызады.
Нәтижелі критерийлер. Мұғалім өз ісіне қоғам талап етіп отырған нәтижелерге қол жеткізіп отыр ма деген мәселе тұрғысынан қарастырады.Біреулер нәтиже ретінде оқушылардың білімдерінің стандартқа сай болуын алса, енді біреулер олардың қарым- қабілетін дамытуды алады, ал кейбіреулері оқушылардың өмірге дайындығын басты назарда ұстайды, ал оқыту нәтижесі біз үшін баланың психологиялық функцияларын жетіліп, өзінің педагогикалық әрекеті арқылы алған білімдерін өз өмірлік мәселелерін шешуге қолдана алуы.
Шығармашылық критерийлер. Мұғалім өз кәсібінің шекарасынан шыға алуы, сол арқылы өз тәжірибесін, еңбегін өзгерте алуы жатқызылады.Шығармашыл мұғалім үшін біреудің тәжірибесін қайталағаннан гөрі өз жаңалықтарын, білгендері мен түйгендерін басқаларға ұсына алуының, шығармашылық бағыттылықтың болуының мәні зор.
Кәсібиліктің бірден келе салмайтындығы белгілі, оны әр мұғалім ерте ме, кеш пе меңгеруі тиіс. А.Маркова оның кезеңдерін төмендегідей етіп бөледі: мұғалімнің өз мамандығына бейімделу кезеңі: мамандықта өзін-өзі өзектендіру кезеңі:мамандықты еркін меңгерген кезең: мамандықта шығармашылық деңгейге жеткен кезең. Осылайша ғалым кәсіби құзыреттіліктің сипаттамасын шебер- мұғалімнің , жаңашыл- мұғалімнің, зерттеуші- мұғалімнің, кәсіби дәрежесіне көтерілген мұғалімдердің жиынтық бейнесі ретінде қарастырады .
Ең бірінші кезекте мұғалімнің өзіндік жаңалығы болуы қажет. Ғылым жаңалығын түрлендіруде өз үлесін қосу арқылы жасаған нәтижелі жұмысы өзгелердің тәжірибесін толық көшірмей, жаңа ортаға икемдеп, өзіндік іс- әрекет жиынтығы арқылы айтарлықтай нәтижеге қол жеткізу керек.Қазіргі кәсіптік- педагогикалық қызмет қандай мұғалімді талап етеді. Мұғалім - оқушылардың жеке тұлғасын дамытуға басымдық беретін, күрделі әлеуметтік-мәдени жағдайларда еркін бағдарлай алатын, шығармашылық процестерді басқара алатын, адам туралы ғылымның жетістіктерін, оның даму заңдылықтарын, компьютерлік оқыту өнерін терең меңгерген жан- жақты дамыған шығармашыл тұлғаны талап етеді.Ал, білім беруде кәсіби құзырлы маман иесіне жеткен деп мамандығы бойынша өз пәнін жетік білетін, оқушының шығармашылығы мен дарындылығының дамуына жағдай жасай алатын, тұлғалық- ізгілілік бағыттылығы жоғары, педагогикалық шеберлік пен өзінің іс- қимылын жүйелілікпен атқаруға қабілетті, оқытудың жаңа технологияларын толық меңгерген және білімдік мониторинг негізінде ақпараттарды тауып, оларды таңдап сараптай алатын, отандық және шетелдік тәжірибелерді шығармашылықпен қолдана білетін кәсіби маман педагогті айтамын.
Қазіргі таңдағы болашақ мұғалім тұлғасын қалыптастыруға жаңаша көзқараспен қарауға тиіспіз. Бұрынғы жоғарыдан берілетін бұйрық арқылы іс істеп, оның нәтижесі жайында есеп беру мәселесі мүлдем жойылды. Олай болса, білім беруді ізгіліктендіре отырып, болашақ маманның өз іс - әрекетіне өзі жауап беріп, оған ұқыптылықпен қарап, өз ойын, білімі мен білігін жалтақтамай жүзеге асыруына мүмкіндік туып отыр. Сондықтан да, педагогикалық практика кезінде неғұрлым шығармашылықпен жұмыс істеуге мүмкіндік берілсе, соғұрлым болашақ маманның тұлға ретінде жетілуіне жағдай жасалады. Білім беруді игіліктендіру мұғалім мен оқушылардың қарым - қатынасына өзгеріс енгізіп, болашақ маманның адамгершілігі мол, икемді де инабатты, кішіпейіл, әдепті тұлға ретінде қалыптасуына мүмкіндік тудырып отыр. Болашақ маман өзінің педагогикалық іс - әрекетінде бостандық шеңберінің кеңдігін сезінуге жағдай мол.
Білімді игіліктендірудің педагогтың тұлға ретінде қалыптасуына тигізетін әсерін Е.Н.Шияновтың еңбегінде өте орынды талдаған. Мұғалім тұлғасының қалыптасуына педагогикалық практика кезіндегі оқушылармен қарым - қатынас үлкен әсер етеді. Қазіргі оқушы тек мұғалімнің айтқанын тыңдаушы ғана емес, ол пікір айтушы, өзінің талабын орындауға, қызығушылығын қанағаттандыруға, білімін кеңейтуге талпынатын субъект ретінде қатыса түседі. Бұл талап, тілектерді қанағаттандыру мұғалімнен үлкен дайындықты, терең білім мен ұстамдылықты талап етеді. Болашақ мұғалім мектептегі игіліктендіру ісінің жүйесімен, ұжымның бұл бағытта атқарып жатқан жұмыстарының барысымен танысады. Осы арқылы болашақ мұғалімнің біліктілігімен қатар жалпы мәдени деңгейі көтеріледі. Білім беруді игіліктендіру мұғалім мен оқушы арасының қарым - қатынасына тікелей байланысты болса, білім мазмұнын игіліктендіру берілетін білім жүйесіне жалпы адами мәселелерді ендіру арқылы адам баласы жасаған құндылықтарды оқушылардың меңгеруіне жағдай жасау. Сол арқылы оқушылардың өткен тарихымызды, табиғи және мәдени байлықтарды біліп қана қоймай, оны сақтауға, қорғауға тәрбиелеу. Мұндай талаптарды жүзеге асыру да жаңа тұрпатты мұғалім тұлғасының сапасына енетін қасиет.
Бастауыш білім жоғары сыныптарда алатын жүйелі білім салаларының бастамасы ғана емес, оның негізі. Олай болса, бұл мұғалім тұлғасының осы мәселелерді түсінетіндей, оны жүзеге асыратындай білімділігімен қатар педагогикалық ой өрісінің болуын қажет етеді. Кез келген типтегі мектептерде жұмыс істеуге дайын болу - болашақ мұғалімдерге жүктелетін міндеттердің бірі.
Бастауыш сыныпта оқылатын әрбір пән орта мектепте оқылатын бірнеше пәннің бастамасын негіздейді. Мәселен, бір ғана дүниетану пәні келешектегі жүйелі ғылым салаларының бастамасы. Олай болса, мұғалім тұлғасының жан - жақты білімді болуы өзінен өзі туындайтын талап.
Мұғалім тұлғасының қалыптасуына педагогикалық практика кезінде атқаратын жұмыстар мен сол жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу әдістері үлкен әсер етеді. Ондай жұмыстар қатарына мына төмендегі мәселелерді ендіруге болады:
Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктерін меңгерту
Оқушылармен жұмыс істеу икемділігінің, білім, қарым - қатынас, адамгершілік сапаларының қалыптасуы
Ұйымдастырушылық шеберліктерінің болуы
Тәрбие мәселелерін оны ұйымдастырудың жолдарымен әдіс - тәсілдерін білу
Сабақты ұйымдастыру және оқыту әдістерін меңгеру. Оған көптеген икемдіктер енеді:
сабақты жоспарлай білу;
тиімді әдіс - тәсілдерді таңдау;
жаңа технологияны қолдану шеберліктері;
сабақ барысында оқушылардың өздігінен атқаратын жұмыстарды іріктей білу;
оқушылардың шығармашылығына жағдай туғызу;
оқушылардың тілін; ойлау қабілетін дамытуға көңіл бөлу;
сабақ барысында оқушылар белсенділігін ұйымдастыру т.б.
Ұйымдастырушылық жеке бастың таланты, педагогикалық ойы, шешімділігі мен шапшаңдығы, кез - келген ситуация да тиімді шешім табуға икемдігі, мұның бірі мұғалім тұлғасының сапасына енеді. Ал, коммуникативтік - бұл тұлғаның адамгершілік, интелектуалдық деңгейінің нәтижесі. Сол арқылы кішіні де, үлкенді де сыйлаумен қатар, кез келген ортада өзін орынды ұстап, қарым - қатысқа өз деңгейінде түсе білуі. Бұл жағдай тұлғаның ерекше педагогикалық, психологиялық ой - өрісін көрсетеді.
Әр ғалым педагогикалық зерттеу барысында тұлға қалыптастырудағы педагогикалық практиканың мәніне тоқтала отырып, әр түрлі анықтама береді. Мәселен, А.И.Щербаков өз еңбегінде тұлға қалыптасуының психологиялық тұстарына үлкен мән беріп, оқу - әдістемелік әрекеттің мұғалімнің жеке тұлғасының қалыптасуына үлкен әсер ететіндігін айта келе, ол әдістемелік икемдіктерді бірнешеге бөледі: ақпараттық, ұйымдастырушылық, зерттеушілік деп.Егер, мұғалім тұлғасының қалыптасуындағы педагогикалық практиканың мәнін сөз ететін болсақ, бастауыш сынып мұғалімдері де ақпараттық қызметтің басым болуы керектігін естен шығармауға тиіспіз.
Себебі, оқушыларды күнделікті жаңалықтармен таныстыру бастауыш сыныптардағы сабақ барысында ғана емес, сабақтан тыс жұмыстар барысында да басым орын алады.
И.Я.Лернер еңбегінде мұғалімнің мақсатты түрде ұйымдастырған әрбір әрекеті оның нәтижесін алдын ала біліп отыруға жағдай жасауға тиіс деп көрсетеді. Ғалым - педагогтің пікірі бойынша мұғалім өзінің жұмысының нәтижесін алдын ала сезіп отыратын зерек, болжамы жетілген тұлға болуы тиіс. Мұғалім тұлғасын сөз еткенде қай ғалым болса да, оның кәсіптік шеберлікпен байланысты қалыптасатынын айтпай өте алмайды. И.Я. Лернер өзінің бұл пікірін оқу үрдісі және оның заңдылықтарын сөз еткенде тағы да қайталап, оқытудағы басты заңдылықтардың бірі ретінде мұғалім тұлғасының оқытып білім берудің барлық талаптарына сай келуін талап етеді.
Мұғалім тұлғасының сапасын айқындау қоғамның жеке тұлға дайындығына қойып отырған талаптарынан, қаулы - қаралар шешімінен туындайды. Олай болса, қазіргі қоғамда мұғалім тұлғасына қойылатын талап өте жоғары. Қазіргі мұғалім жоғары білімді, дене еңбегіне де, ой еңбегіне де дайын, ғылым мен мәдениет салаларынан хабардар, жаңа типті оқу орындарының кез - келген саласында қызмет етуге оңтайлы, ортамен қарым - қатысы, этикалық, адамгершілік сапалары жетілген тұлға болуға тиіс. Мұғалім тұлғасының қалыптасуында ең бірінші мәселе оның кәсіби дайындығының жоғарылығы, қу үрдісін ұйымдастыра білу шеберлігі.
Жоғарыда келтірілген мұғалім тұлғасына қойылатын талаптар бүкіл пәндер мұғаліміне тән деуге болады. Біздің зерттеуіміздің бағыты бойынша осылардың бәрін ескере отырып, бастауыш сыныптар мұғалімдерінің басты қасиеті бала жанын түсіну, 7 - 10 жастағы балалар әлі де ата - ана жылылығынан қол үзбеген, жылы сөйлеуді, еркін ұстай отырып, талап етуді, мадақтай отырып жұмыс орындатуды керек ететін ерекше жандар. Бастауыш сыныптар оқушыларының психологиялық ерекшеліктері олардың көзбен көргенді тез қабылдауына негізделеді.Бүгінгі қоғамдағы өзгерістер - ұрпақ тәрбиесіне деген көзқарас.