Мазмұны
1.Кіріспе...................................................................................................
2. Психология туралы түсінік. Психология дамуының негізгі кезеңдері . . ...............................................................................................................4
3. Психологиялық білімнің даму тарихы..................................................12
4. Психология пәні......................................................................................14
5. Психология негізгі салалары. Психология негізгі міндеттері............15
6. Психология әдістері................................................................................17
7. Психология принциптері........................................................................19
8. Психология негізгі әдістері....................................................................21
Өзін-өзі бақылау сұрақтары.......................................................................23
Қорытынды..................................................................................................24
Библиография(Алынған мәліметтер)........................................................25
Шындығында, психология адамдарға көп жағдайда көмектеседі, өйткені ол адамдардың неліктен әрекет ететінін түсіндіре алады. Осы кәсіби түсінікпен психолог адамдарға болашақ мінез-құлықты жақсы болжау үшін , өткен мінез-құлықтың болмысын түсініп, негіздеуге шешім қабылдауды, стрессті басқаруды және мінез-құлықты жақсартуға көмектесе алады. Мұның бәрі адамдарға табыс-мансапқа ие болуға, өзіне деген сенімділікті арттыруға және жалпы қарым-қатынасты жақсартуға көмектеседі. Психологияны зерттеу бүгінгі күні кең таралғаны сонша, психологияның әртүрлі қырларынан кеңінен танылып, әртүрлі салаларда жиі қолданылады. Психологияның қозғайтын мәселелерінің біріне мыналар жатады:
Отбасы. Отбасы психологиясы, кейде отбасылық терапия деп аталады, отбасында бар тұлғааралық жүйелерге назар аударады.
Спорт. Спорт психологиясы психологиялық факторлардың спортшының өнімділігіне қалай әсер ететініне назар аударады.
Бизнес. Бизнес психологиясы адамдарды және жұмыс орнындағы жалпы мінез-құлықты зерттеу арқылы жұмыс орнының немесе ұйымның тиімділігіне назар аударады.
Бұқаралық ақпарат құралдары. Медиа психологиясы БАҚ арасындағы күрделі қарым-қатынастарға және олардың адам мінез-құлқына әсеріне назар аударады. Сот сараптамасы. Криминалистикалық психология – бұл құқық жүйесіне қатысы бар тұлғаларды, мысалы, сарапшы куәгерлерді немесе қылмыстық тергелетін тұлғаларды зерттеу тәжірибесі.
Яғни психология ғылымы басқа салалармен тығыз байланыста болады. Ол философия, мәдениеттану, статистика, медицина, әлеуметтану және т.б. ғылымдардың дамуымен қатар тұратын ғылымның бір түрі болып табылады. Алайда оның көптеген жетістіктерге, жаңалықтарға қол жеткізгенімен, әлі де шарықтау шегіне жеткен жоқ. Мысалы дежавю- бұл адам бұрын белгілі бір аумақта, позицияда немесе күйде болғандай сезіне бастайды. Әлем халқының 97%-ы өмірінде бір рет болса да мұндай әсерге тап болған. Осыдан біз психология ғылымының әлі толықтай дамып сырлары ашылмағанына көз жеткізе аламыз.Менің ойымша
Бүгінгі күні психологияның төрт негізгі мақсаты - мінез-құлық пен психикалық процестерді сипаттау, түсіндіру, болжау және бақылау болып табылады. Бұл мақсаттардың әрқайсысы психологтар құбылысты зерттеу кезінде пайдалана алатын жеке фокус болып табылады. Мысалы, психолог адамдардың неліктен өздерін белгілі бір күйде ұстайтынын түсінгісі келсе, ол сипаттау мақсатын пайдаланады. Егер психолог бір қадам алға басып, адамдардың неліктен осылай әрекет ететінін түсіндіргісі келсе, ол түсіндіруді мақсат ретінде пайдаланады.
[Психология ғылымының зерттеу әдістері - деп психологияда қолданылатын әдістері мен оның арасындағы байланысты айтамыз.Психология ғылымында кейіннен негізгі әдістерге бақылау және эксперимент жатады. Сонымен қатар психологиялық жеке әдістер де қолданылады: әңгіме әдісі, анкеті әдісі, іс-әрекет, нәтижесі мен үрдісін талдау, тест әдісі.]
[Сонымен бақылау дегеніміз – табиғи ортадағы құбылыстар жөнінде мол мағлұмат жинастыруда маңызды рөл атқаратын ерекше ғылыми әдіс болып табылды. Бұл жағдайда біз қоршаған ортадағы құбылыстарға басқаша көзқараспен назар аударамыз, жан-сезімімізбен айналадағы барлық өзгерістерді жіті бақылаймыз, ауа райының өзгеруін, оған байланысты өсімдік пен жан-жануарлардың әрекеттері мен сезімдеріне мән беріп, ой түйіндеп, қол жеткізген нәтижелерді қағаз бетіне түсіреміз.
Осындай сезім қабылдауы арқылы жинақтаған ғылыми мағлұматтар ғылыми-зерттеу жұмысымыздың негізі бола ала ма? Ғылыми практикада бұл әдіс нақты тұжырым жасауға негіз бола алмайтыны дәлелденді.] Muhamedrahim Kursabaev
[эксперименталды психология Бұл бақылауға негізделген эксперименталды әдіснаманы қолдана отырып, психологиялық құбылыстарды зерттейтін психология ағымы. Бұл ғылыми тәжірибеге кепілдік береді және зерттелетін тақырыпқа әсер ететін айнымалыларды бақылауды, манипуляцияны және жазуды білдіреді. ]https://kk.warbletoncouncil.org/psicologia-experimental-135531. Психология туралы түсінік. Психология дамуының негізгі кезеңдері
Психология туралы түсінік. Психология дамуының негізгі кезеңдері
Психология психикалық құбылыстардың пайда болу және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін, яғни адамдардың жан-жүйесін зерттейтін сансалалы ғылым. Психологияның ерте заманнан бері келе жатқан ғылым, мұның даму тарихына екі жарым мыңдай жылдай болды.Оның дүниеге тұңғыш келген жері ежелгі Грекия.
Психология атауы «псюхе»-қазақ тілінде «жан», «логос»- «ілім», «ұғым», «ой» деген гректің екі сөзінен тұрады. Психика обьективті дүниенің субьективті бейнесі. Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы бейнесі. Олар ( түйсік, ой, елес, сезім, қабілет, мінез, т.б.) көпшілігімізге мәлім, тілімізде жиі кездесетін ұғымдар. Осылардың бәрін ғылыми тұрғыда психология ғылымы зерттейді.
Психологияның зерттеу пәнінің негізіне, адам болмысының табиғаты психикалық құбылыстары, процестері, қасиеттері кіреді. Адам дамуының заңдылықтары және оның ерекшеліктері туралы ғылыми ілімдердің жүйесі жалпы қоғамның дамуы үшін қажет. Қазіргі кезеңде өндіріс, ғылым, медицина, өнер, оқу, ойын, спорт салаларындағы бірде-бір әрекет психологиялық заңдылықтарды түсініп, танып, білмей тиімді орындалуы мүмкін емес. Адам әр түрлі ғылым тұрғысынан жан-жақты зерттелетін обьект.
Солардың ішінде гуманитрлық ғылымдар әлеуметтік процестерді зерттеген кезде психологиялық факторларды ескереді. С.Л.Рубинштейн өзінің «жалпы психология негіздері» еңбегінде «Психология зерттеуіндегі ерекше құбылыстар ауқымы анық көрінеді – олар біздің сезімдеріміз бен ойларымыз, қабылдауларымыз бен түйсінулеріміз, ықылас-ниеттеріміз және т.б. жатады…»
Ерте заманда пайда болып, ғасырлар бойы соқыр сенім нанымдар мен кейбір зиялылардың көзқарастарында насихатталып келген түсінік бойынша жан ерекше, тәннен бөлек жасайтын құбылыс және адамда тәннен тәуелсіз «жан» болады. Мәңгі бақи жасайтын жан адамның барлық психикалық тіршілігінің (ойының, сезімінің, еркінің) иесі де, себепшісі де. Жан туралы жалған түсініктің қалыптасуына алғашқы адамдардың табиғат сырларын дұрыс түсіне алмауы себеп болды.Олар дүниеде табиғатқа бағынбайтын, одан оқшау тұратын, ерекше бір сиқырлы күш бар, ал жан болатын болса, соның бір көрінісі, ұйқы кезінде ол денеден уақытша шығып кетеді де, адам оянған кезде айтып келеді, егер келмей қалса, адам өледі деп тұжырымдады.
Осылайша, психикалық процестер, қалыптар мен қасиеттер ғылыми талдауға түсіп, зерттелгенге дейін адамдардың бір-бірі жайлы қарапайым түсініктер мен ұғымдар жинақтала берді. Қазіргі заман психология теориялары мен психология салаларының бастаулары осы өмір тәжірибесі мен атадан балаға ұрпаққа жеткен рухани мұрадан келіп шығады.
Психология ғылымындағы күрделі міндеттердің бірі – заңдылықты сипатқа ие байланыстар мен қатынастарды көре білу. Психикалық әрекеттің даму барысындағы оның заңдылықтарын оқытып – үйрету психологияның негізгі міндеті болып табылады. Соңғы жылдары психологиялық зертеулер айтарлықтай ұлғайып, жаңа ғылыми бағыттар мен пәндер пайда болды. Психология ғылымынында жаңа болжамдар мен тұжырымдамалар пайда болып, психология жаңа тәжірибелік мәліметтермен толысуда.
Психология ғылымын зерттеу нәтижелері бұл пәннің барлық салалары мен тармақтарын дамытып отырудың іргетасы болып есептеледі. Сондықтан бұл пәнді оқып меңгеруде мынандай негізгі екі бөлімін қарастырамыз:
1) психикалық процестер;
2) психикалық қасиетте;
3) психикалық қалып.
1) Психикалық процестер: түйсік, қабылдау, зейін, ойлау мен сөйлеу, қиял және елес, ес;
2) Психикалық қасиеттер: сезім және эмоция, ерік, темперамент, мінез, қабілет.
3) Психикалық қалып: адамның түрлі көңіл күйінің (зерігу, үрейлену, абыржу, ашулану, қуану)т.б. компоненттері.
Сонымен, психология – психикалық құбылыстардың, пайда болу, қалыптасу заңдылықтарын және механизмдерін зерттейтін ғылым.
Психология алдында тұрған теориялық және тәжірибелік міндеттердің көпшілігіне байланысты қазіргі уақыттағы психология ғылымы қарқынды даму үстінде. Психикалық әрекеттің даму барысындағы оның заңдылықтарын оқытып — үйрету психологияның негізгі міндеті болып табылады.
Психология зерттейтін құбылыстар аумағы өте кең. Ол күрделілік деңгейі әр түрлі — сезім мүшелеріне әсер ететін объектінің жеке түрлерінің қарапайым айырмашылығынан бастап тұлғаның мотивтік күресіне дейін болатын адамның күйлері мен қасиеттерін, процестерді қамтиды.
Зерттелетін құбылыстар мен олардың байланыстарын жалпы және дерексіз сипаттау — теория болады деп көпшілік санайтынын ерекше атап айтқан жөн. Алайда мұнымен теориялық жұмыс бітпейді, сондай-ақ бұған жиналған білімдерді салыстыру мен интеграциялау да, оларды жүйелеу де және т.б. кіреді.
Бұл жұмыстың негізгі мақсаты болып зерттелетін құбылыстардың мағынасын ашу саналады. Осыған байланысты әдіснамалық мәселелер пайда болады.
Психологияның төмендегідей негізгі дәрежелері бөлініп айтылған: бейнелеу дәрежесі, әрекет дәрежесі, тұлға дәрежесі, қарым-қатынас дәрежесі, сондай-ақ жалпыламалық деңгейі бойынша дәрежеге теңелетін ұғымдар бұл «әлеуметтік» және «биологиялық» ұғымдар. Адамның әлеуметтік және табиғи касиеттерінің объективтік байланыстарын, әлеуметтік және биологиялық детерминанттарының даму барысындағы қатынасын анықтау-ғылымның күрделі міндеттерінің бірін білдіреді.
Алдыңғы онжылдықтардағы психология пәнінің теориясы басым болғаны белгілі. Оның қазіргі уақыттағы қоғам өміріндегі ролі қарқынды түрде өзгерген. Ол өнеркәсіптегі, мемлекеттік басқарудағы, медицинадағы, мәдениеттегі, спорттағы, білім беру жүйесіндегі және т.б. ерекше кәсіби практикалық әрекеттің аумағына айналуда. Психологиялық ғылымды практикалық міндеттерді шешуге енгізу, оның теориясының даму жағдайларын да маңызды өзгеріске ұшыратады.
Халық ағарту жүйесінің барлық салаларында (мектепке дейінгі білім беру, орта, жалпы білім беру мектебі, арнайы орта білім беру, жоғары мектеп) психологияға тиісті мәселелер туады. Психикалық құбылыстардың жүйесін түгелдей дерлік — тұлғаның қарапайым сезінулерінен бастап, психикалық қасиеттеріне дейін зерттеу олар бағынатын объективтік зандылықтарды ашуға бағытталған. Бұл зерттеудің ғылыми негізін жасаудағы, қоғамдық мәселені шешудегі, оқу және тәрбие ұйымдарын жетілдірудегі маңызы зор.
Ғылым ретінде психология нені сипаттайды? Оның ғылыми ілімдеріне не кіреді? Бұл сұрақтарға жауапты психология ғылымының тарихынан іздеп, психологияны әр даму кезеңіне орай өзінің зерттеу пәніне деген көзқарасының өзгеретінін байқау қажет. Психология өте ертеден келе жатқан ғылым салаларының бірі, бірақта жеке ғылым ретінде дамығанына бір ғасырдай уақыт болды.
ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында, белгілі психолог Г.Эббингауз психологияны тарихы алды ұлан ғайыр, ал тарихы қысқа-, деген болатын. Психология ғылымынң даму тарихы 2- кезеңге бөлінеді. Оның біріншісі 2500 жылға созылған, ежелгі гректің ғалымы Аристотель есімімен байланысты.
2500 жылға созылған осы кезеңде психология басқа ғылымдармен (философия, медицина, әдебиеттану, жаратылыстану т.б.) аралас дамыды. Оның 2-ші тарихы 1879 жылдан басталады. Осы жылы неміс ғалымы В.Вундт Лейпцигте тұңғыш лаборатория ұйымдастырып, дербес эксперименттік ғылым болуына себепкер болды.
Капитализмнің пайда болып дами бастауы, әсіресе, жаратылыстану ғылымдарының өрістеп алға басуына себепші болды. Ғылым атаулы тұрмыспен байланысы, тәжірибелі ғылымдарға айнала бастады. Осындай тәжірибелі ғылымдарға негіз салған ағылшынның белгілі философы Ф.Бэкон болды.
Орта ғасырдағы схоластикалық әдістерге қарсы шығып, Ф.Бэкон ғылымда индуктивтік әдісті дамытты. Бұл әдіс бойынша дүниетану, оны зерттеу жолы жай құбылыстардан күрделіге, оңайдан – қиынға, жақыннан-алысқа, деректіден – дерексіздерге көшіп отыру керек. Бұл әдіс жаратылыстану ғылымдарын дамытуға ерекше әсер етті.
Жаңадан бас көтеріп эканомикада өз орнын ала бастаған буржуазия тобы, өздерінің өндіріс орнындағы жұмысшылардың психологиясын біліп, оларға ықпалын жүргізіп, билеп, басқарып отыру үшін, адамдардың ақиқаттық, нақты реалдық, психологиялық процестерін зерттеуді керек қылды.
Буржуазияның осынау мақсаттарын орындауға эмпериялық психологияның аренаға шығып дами бастауы қолайлы болды. Бұл психология Ф.Бэконның эмперикалық философиясына негізделді. Ф.Бэкон тек жаратылыстану ғылымдарын емес, философия, психология ғылымдарын да схолостикадан арылтып, оларды тұрмысқа, өмірге үйлестіріп, ғылыми түрде дамуға негіз салды. К.Маркс Ф.Бэконның материалистік философиясына жоғары баға беріп, оны ағылшын материалистерінің атасы деп атады.
Ф.Бэкон әдейілеп психология ғылымы мен шұғылданбаса да, эмпериялық психологияның негізін салса да, оны толық дамыта алмады.
Эмпериялық философияның принциптерін психология ғылымын ағылшынның келесі ғылымы Джон Локк (1632-1704) таратып, әрмен қарай дамыта бастайды. Психологияда метафизикалық, схоластикалық, құрғақ әдістерге шабуыл жасалып, нақтылы білімдерге көшу мәселесі қолға алынды.
Дж.Локк эмпериялық психологияның, философияның теориялық негіздерін белгіледі. Ол өзінің философия-психологиялық концепциясында сенсуалистік көзқарасты дамытады. Бұл көзқарас бойынша психика нәсіл арқылы берілмейді. Адам туғанда оның психикаы – табула расса (таза тақта) есебінде болады.
Елестеуден сыртқы дүниеден келіп бірте-бірте сананы толтырады; елестеулердің бұлағы (негізі) түйсіктер, сыртқы дүниенің әсерлерін түсіну арқылы ғана елестеулер пайда болады. Дж. Локк «негізгі принципке білімдердің және идеялардың сезімді дүниеден пайда болуына» толық түрде түсінік берді. Бірақ сыртқы және ішкі тәжірибелерді ажыратуда Дж.Локк дуалистік философияның жолына түсті. Ол өзінің «сыртқы тәжірибесін» дәлелдеуде — материалист, «ішкі тәжірибесін» дәлелдеуде – идеялист болып көрінеді.Оның ұғымынша, біз сыртқы тәжірибе арқылы ғана дүниедегі заттарды сезім мүшелерімізбен түйсіну, қабылдау арқылы ғана танимыз, онсыз сыртқы дүниеден ешбір мағлұмат ала алмаймыз.
Дж. Локктың айтуынша, біздің біліміміз заттар туралы білім емес, тек қана заттардың елестеулері туралы білім. Ақиқаттың сыртқы дүниесінің біздің санамызға сәуле түсіруі емес, елестеулер мен ұғымдардың бір-бірімен келісімі. Бұл айтылғандардан Локктың сенсуализмі дуалистік философияға негізделгенін, оның «сыртқы тәжірибесі» идеализмге негізделгенін көруге болады.
Эмперикалық психологияның белгілі ірі ғалымдарының бірі, ағылшын философы және психологы Давид Юм (1771-1776) ассоциациялық эмперикалық психологияға негіз салды. Кейіннен психологияның бұл ағымын Милл, Спенсер т.б. дамытты. Юм адамның өте күрделі диалектикалық жолмен дамитын санасын механистік жай элементтерге, түйсіктерге және олардың көшірмесін елестеулерге бөлді. Оның ұғымынша, адамның күрделі психикалық әрекеттері, қылығы осы элементттердің жай қосындысынан ғана, елестеулердің бір-бірімен жай байланысуынан ғана құралады.
Гартли мен Пристли деген оқымыстылар эмперикалық ассоциативтік психологияның материалистік ағымын дамытты. Бұлардың пікірінше ассоцияциялық байланыстар Юм айтқандай елестеулерде амес, мидың өзінде болады; әсер етуші қоздырғыштар мидың түрлі салаларын қоздырып, бірбірімен байланысып отырады, кейіннен мидың бір жүйесі қозса еріксізденеріксіз ассоцияция арқылы мидың басқа салалары да қозады.
Өткен ғасырдың орта шенінде көп табыстарға жетіп, өршіп алға басқан табиғат ғылымдары психология ғылымына зор әсер етті. Табиғат ғылымдарында қолданылатын тәжірибе жасау әдістері психология ғылымына да ене бастады.
Психология бара бара өзінің зерттеулерінде дәл ақпараттарды пайдаланылатын тәжірибелік әдістерді қолдана бастады. Эмперикалық психологияның өзінде-ақ кейбір психологтар, әсіресе, Вундт пен Джемс ассоциятивтік психологияның шыли өрескел жетімсіздіктері мен қателеріне қарсы шыға бастады. Вундт – заттарды қабылдау – түйсіктері мен елестеу – тездің жай ғана қосындысы, шумағы емес екендігін, перцепция мен апперцепцияны өндіріп отыратын өте күрделі психикалық процесс екендігін айтты.
Джемс – сана әрекеттерінің сыртқы ақиқаттық дүниеден айрықша өзгешеліктеріне көбірек көңіл бөлді; психикалық әрекеттердің өне бойы өзгеріп, бір қалыптан екінші қалыпқа ауысып, толқып отыратын «сана ағымы» екендігін айтты. Әйткенмен, бұлар ассоциятивтік психологияға ашық қарсы тұрып, оның қателерін түгел көрсете алмады.
Эмперикалық психологияның мынадай қателері болды:
1. Психология ғылымын «психика құбылыстары», «сана құбылыстары» ғылымы есебінде түсініп, психиканы сыртқы дүниенің санадағы сәулесі есебінде қарамай, жалғыз іштен шығатын әрекет дей білуі. Эмперикалық психология идеалистік психология болды.
2. Психика сыртқы дүниенің әсерсіз өзінен-өзі іштен пайда болып, өз бетімен дамиды деген ұғымға сүйеніп, әрбір адамның өзін-өзі байқау әдісін психологияның негізгі әдісі деп білу. Әр адам өзінің ғана психикалық әрекеттерін біле алады, басқа адамдардың психикалық әректтерін зерттеп білуге болмайды. Объективтік байқау әдісінің орны психологияда емес, философияда, физиологияда деген ұғымды жақтау. Психологияның бұл ағымы «эмпирикалық психология» делініп аталғанмен, эмпирияны объективтік түрде қарамай, әр адамның жеке өзін-өзі байқайтын субъективтік тәжірибесі деп түсінді.
3. Психикалық әрекеттерді механистік көзбен қарау. Адам жеке тұлға есебінде емес, тек қана бір-бірімен механистік түрде қосылған бөлшектер есебінде қаралған. Ол – сезімдердің жинағы сезімдердің бір түрі есебінде қаралған.
4. Адамның психикалық әрекеттерінің тарихта өзгеріп отыруының, адам баласының пайда болып, өсіп-дамып отыруын зерттемеді.
Нақты тарихи жағдайларда тіршілік ететін адамдарды зерттемей, ешбір қоғамға тән емес, тарихта болмаған абстрактылы, дерексіз адамның психикалық әрекеттерімен шұғылданды.
5. Психофизикалық теорияға негізделу. Рухани әрекеттер мен физикалық әрекеттердің әрқайсысы өз алдына өмір сүреді, олардың әрқайсысы өз алдына болғанымен араларында байланыс бар, бір-біріне әсер етеді деген теорияны жақтайды.
Эмпирикалық психологияның қателерімен бірге олардың алға басқан жақтары да болды. Олар психология ғылымының дамып, алға кетуіне себептерін тигізді. Құрғақ оймен шұғылданып, дәлелсіз құрғақ қорытындылар шығарған ескі схоластикалық метафизика психологиясына қарсы, тәжірибелік әдістерді қолданып, психологияны тұрмысқа жақындатуға тәжірибелік ғылымға айналдыруға ұмтылды. Психология ғылымының мағлұматтары тәрбие жұмысында, медицинада, өнер жүйесінда, әдебиетте, өндіріс орындарында, түрлі еңбек салаларында т.б. жерлерде мейлінше мол қолданыла бастады.
19-ғасырдың 2-ші жартысынан бері қарай ғалымдар психикалық қыбылыстарды (түйсік, қабылдау, ес, елес т.б.) эксперимент жүзінде әр-түрлі құрал-жабдықтың көмегімен зерттей бастады.Осы кезден бастап психология өз алдына дербес отау тігіп, тәжірибелік ғылым ретінде дами бастады.
Психиканы зерттеу және түсіндіру психология пәнінің қалыптасуының алғашқы кезеңі болады. Сонымен психология алғашқыда Жан туралы ғылым ретінде анықталды. Әр тарихи дәуірлерде ғалымдар ғалымдар бұл сөз мағынасын сан қилы түсіндірді. Психиканың мәніні байланысты көзқарастардың қалыптасуы және дамуы әрқашанда философияның өзекті мәселесі – материя мен сана, заттық және рухани болмыстардың ара қатынасына байланысты болған.
Осы мәселе төңірегінде бір-біріне қарама-қарсы бағыт материализм мен идеализмнің талас тартысына толы болды. Психикалық құбылыстарды идеалистік тұрғыдан түсінудің мәні психиканың материядан тыс, өз бетінше өмір сүретін болмыс ретінде қаралатындығында.
Психика – тәнсіз, материясыз негіздің, «абсолютті рухтың», «идеяның» көрініс беруі-, дейді идеалистер. Материалистік түсінік бойынша психиканы материядан туындайтын, екінші құбылыс ретінде көрсетеді.
Идеалистік философия өкілдері материядан тәуелсіз еркше рухани бастаудың бар екендігін мойындайды, олар психикалық әрекетті материалдық, тумайтын, әрі өлмейтін жан түрінде қарастырады. Діннің пайда болуымен психика «о дүниемен» байланысты, көрінбейтін, әрі мәңгі жасайтын, тәннің екінші бір баламасы- рухтық зат деп танылды. Бар әлемнің бастаушысы идея, рух, сана, ал материя осылардан туындайды деп есептеген әр түрлі идеалистік бағыттар дамыды.
Психиканы адамның рухани өмірінің көрінісі және ол барлық материалдық табиғат бағынатын заңдарға бағынбайды деп қарастырған идеалисті философия, адам психикасын түсінудегі материалдық көзқарасты көптеген ғасырларға ығыстырды. Тек ХVІІІ ғасырда психология ілімдерінің дамуының жаңа кезеңін бастады. Ол адамның ішкі мүшелері ғана емес, тіпті дене әрекетінің де психикаға қатысы жоқтығын көрсетті.
Р.Декарт ғылымға бір мезгілде екі ұғымды енгізді. Сана және рефлекс. Бірақ ол өз ілімінде жан мен тәнді бір-біріне қарама-қарсы қойды да, өзара тәуелсіз екі болмыс – материя және рухтың жасайтынын уағыздады. Сондықтан психология тарихында бұл ілім «дуализм»( екі тарапты) деген атаққа ие болды.
Дуалистік ілімнің негізінде ХІХ ғасырда психологияда психофизикалық параллелизм (яғни психикалық және физикалық құбылыстар қатарлас өзара тәуелсіз, бірақ бірге деп тұжырымдайтын) деген идеалистік теория кеңінен тарады. Бұл бағыттың өкілдері – В.Вундт, Эббингауз, Спенсер, Рибо, Бине, Джемс және т.б.
Капитализмнің пайда болып дами бастауы, әсіресе, жаратылыстану ғылымдарының өрістеп алға басуына себепші болды Ғылым атаулы тұрмыспен байланысы, тәжірибелі ғылымдарға айнала бастады. Осындай тәжірибелі ғылымдарға негіз салған ағылшынның белгілі философия Бэкон болды. Орта ғасырдағы схоластикалық әдістерге қарсы шығып, Бэкон ғылымда индуктивтік әдісті дамытты.
Бұл әдіс бойынша дүниетану, оны зерттеу жолы жай құбылыстардан күрделіге, оңайдан – қиынға, жақыннан-алысқа, деректіден – дерексіздерге көшіп отыру керек. Бұл әдіс жаратылыстану ғылымдарын дамытуға ерекше әсер етті. Жаңадан бас көтеріп эканомикада өз орнын ала бастаған буржуазия тобы, өздерінің өндіріс орнындағы жұмысшылырдың психологиясын біліп, оларға ықпалын жүргізіп, билеп, басқарып отыру үшін, адамдардың ақиқаттық, нақты реалдық, психологиялық процестерін зерттеуді керек қылды.
Буржуазияның осынау мақсаттарын орындауға эмпериялық психологияның аренаға шығып дами бастауы қолайлы болды. Бұл психология Бэконның эмперикалық философиясына негізделді. Ф.Бэкон тек жаратылыстану ғылымдарын емес, философия, психология ғылымдарын да схолостикадан арылтып, оларды тұрмысқа, өмірге үйлестіріп, ғылыми түрде дамуға негіз салды.
К.Маркс Бэконның материалистік философиясына жоғары баға беріп, оны ағылшын материалистерінің атасы деп атады. Бэкон әдейілеп психология ғылымы мен шұғылданбаса да, эмпериялық психологияның негізін салса да, оны толық дамыта алмады.
Шамамен осы уақыттан бастап психология пәні туралы жаңа ұғымдар пайда бола бастады. Сезім, ойлау қабілеттерін сана деп атай бастады. Сонымен психика санаға теңестірілді. Жан психологиясының орнына сана психологиясы келді. Психиканың мазмұндарының орнына сананың ақиқаттық сипаттары зерттеле бастады. Бұрынғы психика туралы ғылыми есебінде көрінген психологияның орнына сана құбылыстарын зерттейтін психология бой көтерді. Сөйтіп, 18 ғасырдан бастап сананы зерттейтін «психикасыз психология» ғылыми сахнаға шықты.
Психологияның жеке ғылым ретінде қалыптасқан уақытынан басталатын дамуы, ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы әр түрлі мақсаттағы зерттеулердің әр түрлі әдістерін пайдаланатын өзара ауыспалы теориялардың үздіксіз күресіне ұласты. Сананың құрылымының, мазмұнының және белсенділік деңгейінің әр түрлі сипатталуы – интероспективтік психология шеңберіндегі теориялар арасындағы негізгі айырмашылық болып саналады.
Осы тұрғыдан идеалистік сана психологиясы өз зерттеулеріне 5 бағытта алып барды:
— сана элементтер теориясы, негізін салғандар В.Вундт және Э.Титченер;
— саналық әрекеттер психологиясы, Ф.Брентаноның есімімен байланысты;
— саналық ағым теориясы, У. Джемс негізін салған;
— дербес құрылым психологиясы, гештальтпсихология;
— Дительдің сипаттамалық психологиясы.
Осы кезде психологияда эксперименттік әдістің болуына қарамастан, бұл теориялардың бәріне тән ерекшелік – психикалық құбылыстардың мәнін түсіндіру ғана емес, тек қана суреттеп сипаттау болды. 1879 жылы В.Вундт Лейпцигте алғашқы экспериментальдық лабораторияны ұйымдастырды.
Сана психологиясына эксперимент қою мүмкіндігі ашылды.
Диалектикалық материалазм көзқарасы бойынша материя 1-ші кезекті субстрат (негіз), психиканың иесі ретінде қаралады; психика, сана – бұл 2-ші обьективтік шындықтың мида бейнеленуі.
Сыртқы психикалық өмірсіз ішкі психикалық өмір бола алмайды. Яғни, өзінен тьәуелсіз әрі тысқары обьективтік шындықты психика, сана бейнелейді, бұл ұғынылған болмыс. Ақиқат болмаса, бейнелеу туралы айтудың мағынасы жоқ.
Бұл туралы ертедегі грек ойшылдарының бірі Демокрит сол кездің өзінде-ақ психикады (психиканы) оттың атомдарындай қозғалмалы қасиет деп түсіндіреді. Ол психиканың мәңгі еместігін, оның өсіп, өшіп отыратындығын айтып, материалистік тұжырым жасады.Сол заманның екінші бір ойшылы , идеалист Платон керісінше «психика мәңгі өлмейді, өшпейді».- деп тұжырымдады.
Психикалық әрекетті осылайша екі түрлі көзқарас тұрғысынан түсіну, орта ғасырлар заманынан бермен қарай кең өріс ала бастады. Шығыстың ұлы ойшылы Әбу-насыр әл-Фараби дүние материядан құралады, ол жойылмайды, бір түрден екінші түрге көшіп, өзгере береді, психика денеден бұрын өмір сүрмейді, бір денеден екінші бір денеге барып орналаса алмайды деп материалистік тұрғыдан пайымдаса, батыс ойшылы Фома Аквинский психиканың мәңгі өлмейтіндігі, оның денеден бөлек өмір сүретіндігі жайлы пікірлерді дамытты.
Психика дүниесінің сыры жайлы дәйекті материалистік пікірлерді қазақ ойшылдары да айтқан.Мұндай ой-пікірдер фольклорда, әсіресе, мақал-мәтелдерде көптеп кездеседі. Мысалы: «Тән ауырса, жан ауырады», «Тәні саудың жаны сау», «Тән өледі, демек жанда өледі». Жан бар жерде қаза бар» т.б. Ал, Асанқайғы, Шалкиіз, Жиембет, Ақтамберді, Бұқар, Шал, Дулат, Махамбет т.б. ақын-жыраулар мен ойшылдардың толғауларында атабабаларымыздың жан дүниесінің сырлары әр қырынан сөз болады.
2. Психологиялық білімнің даму тарихы
Ежелгі дамуы
Психологиялық ғылыми білімдердің тарихы екі кезеңге бөлінеді. Оның біріншісі — шамамен 2500 жылға созылған, көшбасы Аристотельден басталатын жан дүниесі жайлы тұрлі ой-пікірлердің ілкі тарихы. Осы кезең ішінде психология басқа ғылымдармен, әсіресе, философиямен қосақтаса дамып келеді. "Психология" терминінің бірінші қолдануы 1590 жылы Неміс схоластик пәлсапасышы Рудольф Гөкельге беріледі. Алайда одан алты ғасыр бұрын Хорват гуманисті - Марко Маурулиц бұл терминді өзінің кейіннен жоғалған еңбегінің есімі ретінде қолданған. Бұл әрине терминнің ең бірінші қолданылуы болмауы мүмкін, бірақ бұл бүгінгі күндегі терминнің ең алғашқы құжатталған қолданылуы болып есептеледі.
Бұл термин қауымның кең қолданылуына Неміс идеалист пәлсапасышысы Кристиан Вольфтің (1732-1734) Psychologia empirica және Psychologia rationalis (1732-1734) атты еңбегі жарық көргеннен бұрын енбеген. Эмпирикалық және рационалды психологиялардың арасындағы бұл ажыратылуы Дидьероның Энциклопедиясынан алынып, Францияда Мэң дө Биғаңның көмегімен кең тараған.
Өзінің "жан" мен "тану" деп көне грек тілінен аударылған түбірлеріне қарамастан, психология ғылымы өзінің діни мәнінде адам жанының зерттеуі болып тек одан көп уақыт өткеннен кейін, христиандық заманда танылды. Психология медицинаның тарауы ретінде танылуы Томас Уиллистің ми функцияларының мәніндегі "Жан Доктринасы" мен анатомиялық трактаты "Хайуан Жандар Жайлы Екі Пікірлесу" ("De Anima Brutorum") атты еңбектерінде көрінеді.
19шы ғасырға дейін психология пәлсапаның бір тармағы ретінде қарастырылды.
Ерте жаңа заман
1879 жылы "психологияның атасы" болып танылған Вильхельм Вундт (1832-1920) Германияның Лейпциг Университетінде психологиялық зерттеу зертханасын ашты.
Вильям Джеймс, америка пәлсапасышысы өзінің "Психология Принциптері" (1890) атты жемісті кітабын жариялап, келесі жылдарда психологтардың назарын жинақтаған көптеген мәселелерінің іргетасын қалады.
Бұл өріске өздерінің үлестерін қосқан, тәжірибелік түрде еске салу, есте сақтау, еске түсіру функцияларын Берлин Университетінде зерттеген Херманн Эбингауспен бірге қазір классикалық шарттастық болып танылған тәлім тану процесін зерттеген орыс физиологы Иван Павловты атап айту керек.
Осы тұста, 1890 жылдары Аустрия дәрігері, невролог, тәжірибелік психологияда бейресми білімі бар Зигмунд Фрейд психотерапияның жаңа әдісі — психоанализді дамытты. Фрейдтың ақыл-ой жөніндегі түсініктері интрепретативттік және интроспективттік әдістемелерге кең шамада негізделген, ақыл-ой дерттілігін шешу мен психопатология үстінде жинақталған. Фрейдтың теориялары кең тараған, оның себебтерінің үлкен бірі — теориялардың сексуалдылық және жаншу психологиялық дамудың негізгі аспектілері ретінде қарастыру сияқты мәселесін қозғау. Бұл сол кездің аттеріс мәселері болып саналған, ал Фрейд болса олардың оқымысты қоғам ішінде кеңінен қарастырылуына жол ашқан. Фрейд теориялары жалпы психология теорияларына ықпалы зор.
Жаңа заман
Әйткенмен бихейворизм айтарлықтай жаңалықтарды ашса да, адам іс-әрекетін зерттеуіндегі жолбасшысы болуы үшін жеткіліксіздігі анық көрінді. Ноам Хомскийдің Скиннердің "Ауызша Іс Әрекет" (сөйлеуді бихейвористтік теория моделіндегі мүліктену жайлы) атты кітабі жайлы шолуы бихейворизм патшалығының біту себебінің ең басты факторларының бірі болып танылады.
Өзінің Туғызушы Грамматика теориясында Хомский тіл үйрену тек шарттастық арқылы орын алынбайтығын дәлелдеді. Адам мағынасы мен құрастырылуы жағынан бірегей сөйлемдерді тек табиғи тіл тәжірибесі арқылы өндіруі мүмкін емес. Бұл бихейворизм алдамшы деп мойындамаған ақыл-ойдың ішкі ахуалының бар болуын білдіреді. Альберт Бандура балалар тек қоғамдық бақылау арқылы, яғни көрінген мінез-құлықтың өзгеруінсіз үйренуінің мүмкін еместігін көрсетті.
Гуманисттік психология өзінің қайратты дамуын 1950 жылдары көріп, ақыл-ой зерттеуінің позитивисттік және ғылыми әдістемелеріне кертартпа ретінде жалғасты. Ол адам тәжірибесіне қараған феноменологиялық көзқарасты айырықшалап, адам мен оның іс-әрекетін сапалы зерттеу арқылы түсінуді іздейді. Гуманисттік әдістеменің тамырлары экзистенциалісттік және феноменологиялық пәлсапада табылады, және де гуманисттік психологтар ғылыми әдістемені мүлдем қабылдамай, адам тәжірибесін өлшемдерге көшіру оны барлық мәні мен маңыздылығынан айырады деп тұжырымдайды.
Бұл мектептің негізін қалаған кей теоретиктер — адам мұқтаждылығының иерархиясын шығарған Эбрахем Маслоу, клиент айналысында орнаған терапияның жасаушысы Карл Роджерс және Гештальт терапиясын тудыру мен дамуына ат салысқан Фриц Перлс.
Компьютерлік технологиялардың дамуы ақыл-ой әрекетін инфомация өңдеу ретінде қарастыруға әкеп соқтырды. Бұл ақыл-ойды ғылыми түрде зерттеумен, ішкі ақыл-ой ақуалдырының бар болуы туралы сеніммен серіктесіп, когнитивизмнің дамуы мен оның ақыл-ой модельдерінің доминанттысының болуына әкелді.
Ми мен жүйке жүйесінің әрекеті арасындағы қатынас кең тарады, бұл бір жағынан Чарльз Шеррингтон және Дональд Хебб сияқты адамдардың зерттеулері, екінші жағынан ми зақымдалуы туралы зерттуелерге байланысты. Ми әрекетін дәлділікпен өлшеу технологияларының дамуымен бірге невропсихология мен когнитивттік невроғылым бүгінгі күннің ең іскер өрісі болып танылды. Басқа ғылымдармен (пәлсапа, информациялық технологиялар, невроғылым) үлкейіп келе жатқан қарым қатынаспен бірге ақыл-ойды түсіну және шығындарды өнімді түрде пайдалану үшін әртүрлі салаларды бір шатыр астына бекіткен ғылым — когнитивттік ғылым жаратылды.
3. Психология пәні
Адам - көптеген ғалымдардың зерттеу тақырыбы болып келеді. Адамзат өзінің тарихын, шығу тегін, тілдері мен салт-дәстүрлерін тануында психология ғылымы ерекше орын алады. Ежелгі ойшылдар адам үшін басқа адамнан артық қызық объекті болмайтынын қателеспей айтқан. Психологияның зерттеу пәнінің негізіне, адам болмысының табиғаты, психикалық құбылыстары, үрдістері, қасиеттері кіреді.
Адам дамуының заңдылықтары және оның ерекшеліктері туралы ғылыми ілімдердің жүйесі жалпы қоғамның дамуы үшін қажет. Бірақ адам жеке өзіндік арнайы мәселелері бар әр түрлі ғылымдардың амалдары арқылы кешенді зерттеулердің объектісі болып саналады. Гуманитарлық ғылымдар әлеуметтік үрдістерді зерттеген кезде психологиялық факторларды ескеру қажеттілігі туындайды.
Бірақ әрбір ғылым өз пәнінің ерекшеліктерімен айрықшаланады. С.Л.Рубинштейн "Жалпы психология негіздері" еңбегінде (1940) былай деп жазды: "Психология зерттейтін құбылыстардың арнайы шеңбері анық әрі айқын көрінеді. Бұған біздің өміріміздің ішкі мазмұнын құрайтын және бізге тікелей тән уайымдар сияқты сезімдер, ойлар, ұмтылыстар, тілектер, ниеттер, қабылдаулар және т.б. жатады...".
Психиканың алғашқы сипаттамалық ерекшелігі - жеке адамда тікелей өзіндік уайымдарының болуы - тікелей сезімнің негізінде ғана білініп, басқа ешқандай тәсілдермен қабылданбайды. Жаратылыстың әсемдігі қалай әдемі әрі жарық сипатталса да зағип (соқыр) оны білмейді, ал саңырау оның үнінің саздылығын тікелей қабылдаусыз сезбейді, өз басынан сүйіспеншілікті өткермеген адамға бұл сезімнің барлық ерекшелігін, шығармашылығының ләззатын және күрестің күшеюін, басқаша айтқанда, адам тек өзі ғана басынан кеше алатынды ешқандай психологиялық трактат алмастыра алмайды.
4. Психология негізгі салалары. Психология негізгі міндеттері
Психологтар адам ойы мен мінез-құлқын қалай ойлайды және зерттейді? Психология - осындай үлкен тақырып және тақырыптың тереңдігі мен кеңдігі қиын болуы мүмкін. Нәтижесінде, ақыл-ой, ми және мінез-құлықты зерттеу барысында белгілі бір субтопикамен күресу үшін психологияның бірегей және айрықша салалары пайда болды.
Әрбір филиал немесе алаң түрлі сұрақтар мен мәселелерді қарастырады .
Әрқайсысы психологиялық проблемаларға немесе алаңдаушылықтарға қарамастан, барлық салалар адам ойы мен мінез-құлқын зерттеу мен түсіндірудің жалпы мақсаты болып табылады.
Психологияны екі негізгі бағытқа бөлуге болады:
Біздің білім базамызды арттыруға бағытталған зерттеулер
Біздің біліміміз нақты әлемдегі проблемаларды шешуге қолданылатын практика
Адамның мінез-құлқы әртүрлі болғандықтан, психологиядағы қосалқы алаңдар саны үнемі өсіп, дамып келеді. Осы қосалқы алаңдардың кейбіреулері қызығушылық тудыратын жерлер ретінде бекітілген, көптеген колледждер мен университеттер осы тақырыптар бойынша курстар мен дипломдық бағдарламалар ұсынады.
Әрбір психология саласы нақты тақырыпқа бағытталған зерттеудің нақты бағытын білдіреді. Көп жағдайларда психологтар осы салалардың бірінде мансап ретінде мамандануда. Төменде психологияның негізгі салалары ғана бар. Осы мамандықтардың көпшілігі үшін осы салада жұмыс істеу осы мамандық бойынша қосымша магистратураны қажет етеді.
Психологияның салалары:
1.Жалпы психология-ересек адамның психологиялыққызметінің жалпы заңдылықтарын зерттейді. Жалпы психология мазмұнына ғылымның принциптері, әдістері, ұғымдар жүйесіде кіреді.
2. Жас ерекшелік психологиясы-бұл адамның психологиялық даму заңдылықтарын әртүрлі психологиялық процестердің қалыптасуын зерттейді. Бұның өзі бірнеше бөлімдерге бөлінеді: балалық шақ психологиясы, жеткіншек психологиясы, жастық шақ психологиясы, ересек адам психологиясы және қарттық шақ психологиясы. Бұнда әр жасқа қатысты жастардың 1-ден 2-шіге өтудің заңдылықтары болып табылады.
3.Педагогикалық психология-жас ерекшелік психологиясымен тығыз байланысты. Білім берумен тәрбиелеудің психологиялық негіздерін зерттейтін 3 бағытқа бөлінеді:
1) оқыту психология.
2) тәрбиелік психология.
3) ұстаздық психология.
4. Еңбек психологиясы – еңбек әрекетінің психологиялық негіздерін зерттейді. Жеке адамның белгілі бір мамандыққа сәйкес кәсіптік-техникалық еңбекті ғылыми ұйымдастыру мәселелерін және еңбек ұжымындағы қарым-қатынастың психологиялық негізін зерттейді.
5.Инженерлік психология – адам мен техниканың қарым-қатынасынан туындайтын психологиялық мәселелерді зерттейді.
6. Космостық психология – санасыздық жағдайындағы психикалық көріністерді зерттейді. Ұзақ мерзім жеке қалуда психикалық қызметтің ерекшеліктерін және космонавттардың жүйкелік-моралдық даярлығын қарастырады.
7. Әскерипсихология – адамның соғыс жағдайындағы, ұрыс кезіндегі және жоғары әскери оқу мен тәрбиелеудің психолгиялық мәселелерін зерттейді.
8. Спорт психологиясы – спорттық дағдылар мен шеберлікті қалыптастыру заңдылықтарын зерттейді.
9. Өнер психолгиясы – бұл өнер туындыларын жасауға бағытталған психологиялық компоненттерін қарастырады және адамдардың шығармаларды қабылдау заңдылықтарын ашады.
10. Әлеуметтік психология - әртүрлі топтардың психикалық көріністерін олардың көңіл-күйін , қоғамдық пікірге еліктеуін және сол топтағы адамдар арасындағы өзара қатынастар сипатын зерттейді.
11. Этнопсихология - әлеуметтік психолгия негізінде пайда болған. (ұлттық – деген мағнаны білдіреді)
12. Заң психология – бұл қылмысты, адамның психикалық ерекшеліктерін, қылмыстық коллонияларының тәрбиелік әсерінің тиімділігін зерттейді.
13. Патопсихология - өзгеріске ұшыраған адамның психикасын зерттейді. Патопсихология 3 бөлімге бөлінеді : олигофрено , тифло , сурдо.
14. Салыстырмалы психология – бұл жануарлармен адамның психикалық айырмашылықтарын зерттейді.
Психолдогиялық процестер дегеніміз-сыртқы дүние заттарымен құбылыстарының мидағы түрлі бейнелері.
Алғашқы психологтар, философтар олар идеялистер және материалистер болып бөлінді.
Материалистер-адамның жаны бар, бірақ ол мәңгі емес. Бұған: Демокрит, Әл-Фараби.
Идеалистер жан мәңгі, ол өлмейді деп тұжырымдады. Бұған Платон, Фома Аквинский т.б.
Психология ғылымы тарихының даму кезеңдері
1879ж бастап психология эксперименталдық ғылымдарға айналды. Неміс психологы В.Вундт Лейпциг қалыптастыруда өз лабораториясын ашты. Бұл психологияның дамуының 2-ші кезеңіне жатады. Ал 1-ші кезеңі 2500жылға созылған Аристотель пікірлер тарихы. Психологияның даму тарихы т.б Гипократ, Гомен, Декарт, Гоббс, Спиноза, Локк, Дидро, Вольф ғалымдарының есімдерімен байланысты.
Психологиялық құбылыстардың топтастырылуы бойынша бір-бірімен тығыз байланысты 3 топқа бөлінеді. Олардың 1-і психологиялық процестер деп аталса,2-шілері психологиялық қалып, 3-шісі психологиялық қасиеттер деп аталады.
Платон пікірінше,жан мен тән бірге дамиды,тәнсіз жан жоқ.Адамда қатарынан екі жан болмайды.Адам жаны,тәні де өткінші деп көрсетті.Жанның да, тәннің де иесі – жүрек,бұған мидың да қатысы бар.
5. Психология әдістері
«Әдіс» сөзі ғылыми білім жүйесін түзу мен негіздеудің жолын біл- діреді, сонымен бірге болмыст ы тәжірибелік және теориялық тұрғыдан игерудің тәсілдері мен қимыл-әрекеттер тобын танытады.
Психологияға орайластыра әдісті психика жөніндегі деректерді алудың және оларды талдап түсінудің жолы деп білеміз.
Кейбір басқа да ғылымдардағыдай, психологиядағы зерттеу әдістерінің негізгілері - бақылау және эксперимент.
Бақылау - зерттеудің ғылыми әдісі - деректі суреттеп баянда- удан оның ішкі мәнін түсіндіруге өту үшін қажет. Бақылау әдісінің негізгі тиімділігі - психикалық үдерістерді табиғи жағдайларда зерттеу мүмкіндігінің мол болуы.
Араласа бақылау - зерттеушінің зерттелуші топпен етене жақын қатынастар әрекетінде болуы.
Сырттай бақылау - әлеуметтік-психологиялық құбылыстарды шеттен, зерттелуші адам не топпен қарым-қатынасқа түспей-ақ зерттеп, мәліметтер жинақтау.
Өзіндік бақылау (интроспекция) - адамның өзін-өзі бақылап, өзінің ішкі жан дүниелік үдерістерін тану жолы.
Дегенмен, психологиялық зерттеу әдістерінің арасындағы ең басты- сы - эксперимент - психологиялық деректердің ашылуына жағдайлар жасау мақсатында зерттеушінің сыналушы адамның не топтың іс- әрекетіне белсенді араласуы.
Психологиялық эксперименттің негізгі міндеті - жан дүниелік іш- тей психологиялық үдерістердің мәнді ерекшеліктерін шынайылылықпен сырттай бақылауға жағдайлар жасап, мол нақты деректерге қол жеткізу.
Зертханалық эксперимент - арнайы жағдайларда жүргізіледі, арнайы жабдықтар пайдаланылады, сыналушының әрекеттері нұсқаулармен белгіленеді, сыналушы экспериментке түсетінін біледі, бірақ оның толық мәнін аңғармауы да ықтимал.
Табиғи эксперимент - еңбек, оқу, қарым-қатынастың әдеттегі жағдайларында жүргізіледі, ал адам өзінің эксперименттік сыналуда екенін сезбейді.
Тестілеу әдісі - адамның белгілі психикалық сапаларын сынақтан өткізіп, анықтау.
Психологиялық тест - сыналушының жеке басының кейбір ерек- шеліктерін анықтау үшін орындалатын, әдетте, қысқамерзімді шағын стандартты сынақ тапсырмалары беріледі. Бұл күнде психологияда адамның ақыл-ес даму деңгейін, кеңістікте бағыт-бағдар аңдау қабілетін, психикалық әрекетке келу мүмкіндіктерін, жадын, кәсіби іс-әрекеттерге қабілетін, тұлғалық сапаларын анықтаушы тестер жиі қолданылуда.
Құжаттарды талдау әдісі - адамның қызмет, іс-әрекеттік өнімдерін талдауға арналған жалпы психологиялық әдістердің бір түрі. Құжаттарды талдау әдістері сапалық және сандық болып ажыралады. Сапалық тал- дауда баяндалған мәтіндік ақпарат сандық көрсеткіштерге келтіріліп, кейін математика-статистикалық өңдеуге түседі. Бұл ғылымда контент- талдау атауын алған.
Құрастырып жобалау әдісі - осы күнгі психологиялық зерттеулер- де кең қолданымдағы жалпы ғылымдық әдіс. Оның мәні - психикалық құбылыстарды таңба күйіне келтіру немесе адам іс-әрекеттерінің әрқилы түрлерін жасанды құрастырылған ортада ұйымдастыру. Осы жолмен қабылдаудың, жадтың, қисынды ойлаудың кейбір қырларын қолдан жобалап жасауға, сондай-ақ психикалық іс-әрекеттің бионикалық модельдерін тұрғызуға болады.
Сауалнама әдісі - әлеуметтік-психологиялық зерттеулерде кең қолданылатын әдіс. Оның мәні - объектив не субъектив деректер жөнінде сауалға тартылған адам аузынан ақпар топтау.
Өмірнамалық әдіс - кейінгі уақыттары тұлғаны зерттеуде көп қолданылатын әдістердің бірі. Мұнда жеке адамның қалыптасуындағы өзекті жағдаяттар, оның өмір жолы, дамуындағы дағдарысты кезеңдер, әлеуметтенуіндегі ерекшеліктер анықталады. Адам өміріндегі күнделікті оқиғалар талданып, болашақта кезігер жағдайлар болжас- тырылады, өмірлік кестесі түзіледі, каузометриясы жасалады.
Каузометрия (лат. causa-себеп, грек. metro-өлшем) -оқиғалар арасындағы қатынастардың себептік сарабы, тұлғаның психологиялық мерзім - кезеңдерінің талдауы беріледі, оқиғаларға қатысы бар жағдайлар анықталады, тұлға дамуының не тоқырауының кейбір кезеңдерінің бастау оқиғалары айқындалады.
Жас ерекшеліктері психологиясында салыстырмалы-генетикалық әдіс қолданылуда. Бұл әдістің мәні - психикалық заңдылықтарды жеке адамның психикалық дамуының әр кезеңдерін салыстыру арқылы зерттеу.
Социометрия - әлеуметтік психологиядағы зерттеу әдісі - бірлікті іс-әрекетке не оқиғаға араласу (араласпау) мүмкіндіктерін анықтау мақсатында шағын топтың әрбір мүшесін жеке сауалға тарту әрекеттері. Бұл әдіс нәтижелері топтағы қатынастар құрылымын гра- фикпен бейнелейтін соц иометриялық кесте, социограмма, сондай-ақ топтағы психологиялық қатынастарды сандық көрсеткіштермен танытуға болатын социометриялық индекстер күйінде өрнектеуге болады.
Жеке тұлғаның бағыт-бағдарына әлеумет ықпалын зерттеу үшін жасақталған топ әдісі қолданылады.
Тұлғаның мәнді әлеуметтік сапа- қасиеттерін диагностикалау мақсатында эксперттік бағалау және тұлғаны топпен бағалау әдістері пайдаланылуда.
Тұлғаны топпен бағалау әдісі - адам мінездемесін топ мүшелерінің өзара бағалауы арқылы алу. Бұл әдіс топтағы адамдардың өзара таныстығы мен бірлікті іс-әрекеті және қатынасы нәтижесінде топтың әрбір мүшесі жөнінде қалыптасқан топтық санаға негізделген.
Қандай да психологиялық проблеманы зерттеуде сол мәселеге сәйкес зерттеу тәсілдері мен ережелері, яғни нақты зерттеу әдістері қолданылады. Олар: болжам ұсыну, эксперименталдық тәсіл мен соған сай материал, сыналушылардың бастапқы бақылау және экс- перименттік топтарын айыру, эксперимент серияларын анықтау, эксперименталды материалдарды статистикалық және теориялық өңдеуден өткізу және т.б.
6. Психология принциптері
Детерминизм приципі
Детерминизм – психика өмір сүру үлгісімен анықталып, өмір сүру үлгісі өзгерсе, ол да өзгереді дегенді білдіреді. Жануар психикасын – табиғи сұрыптау, адам санасының дамуын – қоғамдық даму заңдары, өндіріс әдісінің даму заңдары анықтайды.
Детерминизм психикалық және олардың мағынасы туралы сауалдармен байланысты. Психологиядағы детерминистік көзқарас диалектикалық-материалистік дүниетанымды меңгеру үрдісі кезінде дамыды.
XX ғасырдың басындағы философиялық күресте детерми-низм мәселесі өзекті болды. Детерминистік көзқарас интропективтік әдістемені және оған сай психологиялық зеттеу ұғымдарын ығыстырды. Өзін-өзі бақылаудың объективтік әдіс ие болды.
Объективтік әдіс – адамға не әсер ететінін анық білуге, осы әсерлер-ге сапалық және сандық сипат беруге, сыртқы реакцияларды, көріне-тін мінез құлықты тіркеуге, тітіркендіргіштерді салыстыруға мүмкіндік беретін психологиялық зерттеулерді ұйымдастыру.
Детерминизм принципін жүзеге асырудағы басты кезең болып Выготскийдің тарихи-мәдени концепцияны жасау саналады. Бұл концепцияның мағынасы мынада: психикалық үрдістердің табиғи механизмдері адамның онтогенетикалық дамуы барысында тарихи-қоғамдық факторлардың ықпалынан, адамның басқа адамдармен қарым-қатынас жасау барысында түрленеді.
Қоршаған орта мен арақатынастар кезінде сыртқы дүниені қабыл-дайтын және оған қарсы тұратын саналы жай адам ғана емес, сонымен қатар объективтік шындықты белсенді қабылдатын және оны түрлендіретін, әрекет адам болатыны туралы идея детерминизм ұстанымын жүзеге асырудағы екінші кезең болды. Психикалық құбылыстардың қалыптасуындағы іс-әрекет рөлінің мағынасын С.Л.Рубинштейн, А.Н.Леонтев және т.б. атап көрсеткен.
Детерминизм ұстанымы психологиялық теориясы мен тәжірибе-сінде тағы бір мәселені – психикалық дамуды, оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады.
Іс-әркекет пен сана бірлігінің приципі
Сана мен әрекет ұғымдары – психология ғылымының негізгі дәрежелері. Бұл принцип 30-жылдары жүйелі түрде жасала бастады (С.Л.Рубинштейн, А.Н.Леонтев, Б.Г.Ананьев, Б.М.Теплов және т.б.).
Әрекеттің мінез құлықтың және сананың бірлігі туралы ережені алғаш рет Рубинштейн ұсынды. Ол былай деп жазды: “Әрекет пен сана – екі түрлі жаққа бағытталған аспектілер емес, олар теңдікті емес, бірлікті – органикалық біртұтастықты құрайды”.
Бұл принцип маңызды әдістемелік мағынаға тез ие болды. Онда сананың іс-әрекетінсіз және іс-әрекеттің санадан тыс болуы мүмкін еместігі атап айтылды. Осылайша сананы әрекет арқылы зерттеуге мүмкіншілік пайда болып, сана мен психиканы объективті зерттеуге жол ашылды. Сонымен, сана мен әрекет бірлігінің принципі психологияның барлық объективтік әдістерінің негізі болды.
Бұл принципті енгізу, әрекеттің құрамы мен құрылымын ашуда теориялық және әдіснамалық мәселелерді тудырды. Сана психологиясындағы “психика – бұл ішкі, ал әрекет сыртқы” деген көзқарасқа тойтарыс беру керек болды. Шынында да психика, сана іштегі бір нәрсе емес, сондай-ақ әрекетті де, тек қана сыртқы деуге болмайды: ол сыртқы түрде болады, бірақ оның бұл түрі әрекетті біркелкі сипаттамайды.
Жеке адамның барлық психикалық ерекше-ліктері мен санасы әрекетте көрініп қана қоймай, сонда қалыптаста-сады: тұлғаның психикалық қасиеттері – оның мінез-құлқының нәтижесі, әрі алғы оның шарттары. Бұл сана мен әрекеттің бірлігін білдіреді. Сана мен әрекет бірлігінің приципі ғалаымдарға мінез-құ-лықты, әрекетті мақсатқа жеткізетін ішкі психологиялық мәханизм-дерді анықтауға, яғни психиканың объективтік заңдарын ашады.
Даму принципі
Дамудың дәрежесі, философия негізі бола тұрып, психология ғылымының ұгымдар жүйесінде де жетекші болып саналады. Даму идеясы психологияға Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясының ықпалымен енді және баланың, ал кейінірек ересек адамның психо-логиясының қалыптасуына енгіз болды. Рубинштейн былыай деп жазды: “Психиканың дамуы біз үшін – зерттеудің тек қызықты сала-сы болып қана қоймай, сонымен қатар психологияның барлық мәселелерін зерттеудің әдісі немесе жалпы принципі де болды. Енді барлық құбылыстардың заңдылықтары олардың дамуында, олардың қозғалуы және өзгеруі, пайда болуы және жойылуы үрістерінде ғана танылады”.
Психология үшін даму принципі ерекше маңызды, өйткені ол зерттейтін құбылыстар, Ломоносовтың айтуынша, “ерекше жоғары динамикалығымен” айрықшаланады. Психикалық құбылыс шынацы даму үдісі кезінде пайда болып, өзгереді.
7. Психология негізгі әдістері
Ұйымдастыру әдістері Зерттеудің екі негізгі түрі түрі арқылы психика дамуының ерек-шеліктері мен заңдылықтарын білуге білуге болады: көлденең және бойлық (лонгитюдтік). Екуінің де бірқатар ерекшеліктері мен кемші-ліктері бар. Қазіргі лонгитюдтік зерттеулер баланың соматикалық және психикалық дамуын тіркеуді мақсат етеді. Р.Готтшальдт егіздерге 20 жыл бойы лонгитюдтік психологиялық зерттеулер жасады. Конституциялық және әлеуметтік факторлардың әсерін зерттеу үшін, егіздер ыңғайлы модель болып табылады. Бұл мәселе егіздер әдісі деп аталатын, лонгитюдтік зерттеуді егіздерге қолдануды талап етті.
Көлденең кескін әдісіне қарағанда, лонгитюдтік әдістің ерекше-ліктері көбірек:
Лонгитюдтік зеттеу жекелеген жас кезеңдері бойынша мәлімет-терді көлденең өңдеуге мүмкіндік береді;
Ол екі кезең арасындағы дамудың өзгеріс шамаларын айқынырақ көрсетуге мүмкіндік береді. Лонгитюдтік зерттеулер әрбір бала-ның дамуының жеке динамикасы мен құрылымын анықтайды;
Тек лонгитюдтік зерттеу ғана, дамушы тұлғаның жеке компоне-нттері арасындағы байланыстар мен қатынастарды талдауға, дамудың дағдарыс кезеңдерінің мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.
Лонгитюдтік зерттеудің басты кемшілігі: оларды ұйымдастыруға және жасауға көп уақыт қажет.
Психикалық дамуы көлденең немесе кескінді зерттеулердің мәні мынада: дамудың ерекшеліктері туралы қорытындылар, әр түрлі жастағы, әр түрлі даму деңгейіндегі, әр тұлғалық ерекшеліктері, клиникалық реакциялары және т.б. бар, салыстырмалы балалар топтарының бірдей сипаттамаларын зерттеулер негізінде жасалады. Бұл әдістің негізгі ерекшелігі: зерттеудің салыстырмалы жылдамды-ғы – қысқа уақыт ішінде нәтижелерге жету мүмкіндігі.
Эмприкалық әдістер
Бақылаудың психологияда екі негізгі түрі болады: өзін-өзі бақылау немесе интроспекция және сыртқы, немесе объективтік бақылау. Дәстүрлі интроспекциялық психология өзін-өзі бақылауды психологиядағы жалғыз немесе негізгі әдіс деп есептеді. Бұл психи-каны өз-өзіне тұйықталған ішкі әлемге айналдыратын жалпы прин-ціптің зерттеу әдістерінде қолданылуымен байланысты болды.
Өзін-өзі бақылау арқылы өз психикасын тану, қалай да болмасын сыртқы әрекеттің бақылауы арқылы жүзеге асырылады. Сонымен, өзін-өзі бақылауды психологиялық танымның негізгі немесе жалғыз әдісіне айналдыру орынсыз болып табылады. Психологиядағы бақылаудың объективтік әдістер арқылы жүгізілген жөн.
Объективтік бақылау. Бақылау әдісінің қолданылуы ішкі мен сыртқының, объективтілік пен субъективтіліктің бірлігінен басталуы қажет. Бұл психологиядағы барлық объективтік әдістерінің ішіндегі ең қарапайымы және кең қолданылатыны. Бақылау ғылыми әдіс болуы үшін жалпы негізгі шарттардың орындалуы тиіс.
Бірінші негізгі талап – нақты мақсаттың болуы: нақты мақсат бақылаушыны басқару керек. Мақсатқа байланысты, үлгі арқылы көрсетілген, бақылау жобасы болуы тиіс. Бақылаудың жобалануы және жүйеленуі, оны ғылыми әдіс ретінде сипаттайды.
Бақылау айғақтарды тіркеумен ғана шектелмей, қайта бақылау-лар арқылы жорамалдарды қалыптастырантындықтан, ғылыми танымдық әдіс болып табылады.
Объективтік бақылау әдісінің басты ерекшелігі: психикалық үрдістерді табиғи жағдайдайларда зерттеуге мүмкіндік береді. Бірақ бұл әдіс зерттеудің басқа әдістерімен толықтырылуы керек. Бақылау тәртібіне төмендегідей талаптар қойылады:
мақсат пен міндетті анықтау;
объектіні және жағжайды таңдау;
зерттелетін объектіге барынша аз әсер ететін және қажетті ақпаратты жинауды қамтамасыз ететін бақылау әдісін таңдау;
бақыланатын объектіні тіркеу әдісін таңдау;
алынған ақпаратты өңдеу және нәтижелеу.
Бақылау әдісінің негізгі кемшіліктері:бақылаушының көзқарасы, мақсаты психологиялық күйі, тұлғалық ерекшеліктері бақылау ңәтижесінде ықпал етуі мүмкін; мәліметтерді қорытындылау қиындық тудырады; бақылау көп уақытты қажет етеді.
Эксперименттік әдіс. Эксперимент – себеп-салдар байланыста-рын қарастыру мақсатындағы зерттеу әрекеті. Оның мәні мынада:
зеттеуші зерттелетін құбылысты өзі тудырады және оған белсенді ықпал етеді.
Эксперимент жасаушы құбылыс жағдайларын өзгерте алады.
Эксперимент нәтижелерді бірнеше рет шығара алады.
Эксперимент математикалық формулалар рақылы белгіленетін санды заңдылықтарды орнатады.
Экспериментті ғылыми әрекет ретінде қарастырғанда қажетті зерттеу кезеңдері мен міндеттерінің жүйесін белгілеуге болады:
Ι – зерттеудің теориялық кезеңі. Бұл кезеңде төмендегідей мәселелер шешіледі:
Зерттеудің тақырыбы мен мәселесін айқындау,
Зерттеудің пәні мен объектісін айқындау,
Зерттеудің міндеттері мен жорамлдарын анықтау.
Пән зерттеулерінің шегін анықтау кезінде төмендегілерді ескеру керек:
1) зерттеудің мақсаты мен міндеттерін;
2) зерттеу объектісін;
3) эксперименттің материалдық және уақыт мүмкіншіліктерін;
4) жеке түсініктемелік теорияда көрсетілген мәселені ғылыми өңдеудің нәтижелерін.
ІІ – зерттеудің әдістемелік кезеңі. Бұл кезеңде эксперименттің әдістемесі мен эксперименттік жоба жасалады. Эксперимент әдістемесі зерттеу тақырыбын эксперименттік жағдайдың айныма-лысы ретінде көрсетуі керек. Экспериметте екі айнымалы болады: тәуелді және тәуелсіз.
Эксперимент жасаушы өзгертетін фактор тәуелсіз; өзгерісін тәуелсіз айнымалы тудыратын фактор тәуелді айнымалы деп аталады.
Эксперимент жобасы мыналарды сипаттайды:
1)эксперимент бағдарламасын құруы;
2)эксперименттік мәләметтерді өңдеудің матеметикалық жобасы.
ІІІ – эксперименттік кезең. Бұл кезеңде эксперименттік жағдайға, бақылауға, эксперимент жүрісін басқаруға, сыналушылардың реакциясын өзгертуге байланысты тәжірибелер тікелей жасалады.
ІV – анатикалық кезең. Бұл кезеңде нәтижелерді сандық талдау, алынған айғақтарды ғылыми жинақтау, жаңа ғылыми жорамалдарды және тәжірибелік нұсқауларды қалыптастыру жүзеге асырылады.
Эксперимент пен бақылау арасындағы аралықты білдіретін экспе-рименттің өзіндік бір нұсқасы болып, орыс ғалымы А.Ф.Лазурский (1910)ұсынған, табиғи эксперимент саналады. Оның негізгі танденциясы – зерттеулердің эксперименттігін жағдайдың ақиқат-пен қиылыстыру. Бұл әдістің мәні мынада: зерттелетін әрекет жағдайларына эксперименттік ықпал жасалады, ал әрекеттің өзі оның табиғи түрінде бақыланады. Психологиялық-педагогикалық зерттеулердің мәселелерін шешетін табиғи экспериментті психологиялық-педегогикалық эксперимент деп атайды.
Психологиялық тестілер Тест деген ағылшын сөзі «сынақ» деген мағынаны білдіреді. Бұл ұғымды американдық ғалым Дж.Кэттел өткен ғасырдың аяғында енгізді. А.Бине мен Т.Симонмен бірге ақыл ойының дамуын анықтау үшін өз жүйесін жасаған кезден бастап тестілер тәжірибелік мағынаға ие болып кең тарала бастады. Тест – күрделі техникалық құралдарды қажет етпейтін стандпртты, қысқа сынақ. Тест әдісі бастапқыда бірқатар теріс көзқарастар туғызды. Олардың біреуінің мәні мынада: егер екі адам бірдей тестіні шешесе немесе шешпесе, онда бұл айғақтың психологиялық үрдістер салдарынан болуы мүмкін. Тестінің шешілуінің немесе шешілмеуінің сыртқы айғағы сәйкес психикалық актілердің ішкі табиғатын әлі айқындамайды. Алғашқыда тестер арқылы сыртқы мәліметтерді статистикалық өңдеудің негізінде тұлға туралы қорытындылар жасауға тырысты. Дегенмен мұның бәрі тестілеудің зерттеуде тиімсіз екенін білдірмейді. Қазіргі уақытта тестілеу әдісін басқа әдістермен бірге психологияда қолданады. Оның көмегімен белгілі бір қабілеттілікті, іскерлікті, икемділікті анықтауға, тұлғаның кейбір қасиеттерін тура сипаттауға, қандай салада жұмыс істеуге бейім екенін анықтауға және т.б. жүзеге асуда.
Тестінің диагностикалық құндылығы ғылыми эксперимент деңге-йіне және психологиялық айғақтың растығына байланысты болады. Жеткілікті негізделмеген және тексерілмеген психологиялық тестілер педагогикалық тәжірибені шығынға ұшырататын маңыздық қателіктердің себебі болуы мүмкін.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары
1. Психология ғылымы нені зерттейді?
2. Психология дамуының негізгі кезеңдері қандай?
3. Психологияның қандай принциптері бар?
4. Психология ғылымының қандай салалары бар?
Қорытынды
"Психология" терминінің бірінші қолдануы 1590 жылы Неміс схоластик пәлсапасышы Рудольф Гөкельге беріледі. Алайда одан алты ғасыр бұрын Хорват гуманисті - Марко Маурулиц бұл терминді өзінің кейіннен жоғалған еңбегінің есімі ретінде қолданған. Бұл әрине терминнің ең бірінші қолданылуы болмауы мүмкін, бірақ бұл бүгінгі күндегі терминнің ең алғашқы құжатталған қолданылуы болып есептеледі.
Бұл термин қауымның кең қолданулуына Неміс идеалист пәлсапасышысы Кристиан Вольфтің (1732-1734) Psychologia empirica және Psychologia rationalis (1732-1734) атты еңбегі жарық көргеннен бұрын енбеген. Эмпирикалық және рационалды психологиялардың арасындағы бұл ажыратылуы Дидьероның Энциклопедиясынан алынып, Францияда Мэң дө Биғаңның көмегімен кең тараған.
Өзінің "жан" мен "тану" деп көне грек тілінен аударылған түбірлеріне қарамастан, психология ғылымы өзінің діни мәнінде адам жанының зерттеуі болып тек одан көп уақыт өткеннен кейін, христиандық заманда танылды. Психология медицинаның тарауы ретінде танылуы Томас Уиллистің ми функцияларының мәніндегі "Жан Доктринасы" мен анатомиялық трактаты "Хайуан Жандар Жайлы Екі Пікірлесу" ("De Anima Brutorum") атты еңбектерінде көрінеді.
Кеңестік дәуірде психолгогия ғылымы өз пәнінің диалектикалық – материалистік бағытын дәріптеу күресінде дамыды. 1923 жылы бірінші Психоневрологиялық съезд шақырылып, онда психологияны марксизм негізінде қарастыру міндеті қабылданған болатын. Бірақ материалистік әдіснаманың өзіне сай келген психологиялық теорияға өтуі оңай болған жоқ. теориялық күрес барысында - әсте, ақырын қаланып, әдістері белгіленді, аса маңызды болған ғылыми әдіснамалық принциптер бір жүйеге келді. Орыс, кеңес психология ғылымының бой көтеруіне еңбек сіңірген ғалымдар: Б.Г.Ананьев, П.П.Блонский, А.С. Выготский, С.Л. Рубинштейн және басқалар болды.
Психология ғылымының негізгі принцитері 30 – жылдары жүйелестірілді. Олардың ішінде негізгілері: детерминизм (себеп – салдарлық) принципі, сана мен іс әрекет бірлігі принципі, даму принципі.
Ғылым – ең алдымен зерттеу ісі. Сондықтан, ғылым сипаттамасы тек оның пәнін анықтаумен шектелмей, әдістер аймағын тануды да қамтиды. Әдістер дегеніміз – ғылымның пәндік мазмұнын анықтаудың жолдары, тәсілдері. Ғылым әдістері жаңа заңдылықтарды аша отырып, сол ғылымның негізгі заңдылықтарына иек артады. Осыдан зерттеу әдістері ғылымның өзімен бірге дамып, өзгерістерге келіп отырады.
Библиография(Алынған мәліметтер)
1. Бадмаев Б.Ц Методика преподавания психологии.-М.,2014.
2. Жарықбаев Қ. Жантану негіздері: оқулық. А. «Білім» 2010, 415б.
3. Жұмасова К.С. Психология. Астана-2011,289б.
4. Намазбаева Ж.И. Психология .Алматы: 2010, 293б.
5. Маклаков А.Г. Общая психология М.,2012г.580с.
6. Тәжібаев Т. Жалпы психология Алматы, «Қазақ университеті», 2008., 238б.
7. Бапаева М.К Психологияны оқыту әдістемесі.-Алматы.,2013.
Достарыңызбен бөлісу: |