5. Шолу. Ғылыми эссе. Конференция. Оқулық


Аннотацияны қалай жазу керек?



бет3/11
Дата26.12.2023
өлшемі1,45 Mb.
#143897
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Аннотацияны қалай жазу керек?


Жазылу тілі ғылыми әрі барлығына, әсіресе, сол пән төңірегінде қызмет ететіндер үшін түсінікті болуы қажет. Негізгі ойды мәні бойынша құрып, қысқаша беру керек, сонымен қатар құрылымына қойылатын талаптарды да ескерген жөн.
Естеріңізде болсын, аннотация ғалымдарды жұмысты оқуға итермелеуі қажет, сондықтан да ерекше болып, онда маңызды деректердің қамтылғаны дұрыс.
Аннотацияның сөйлемдерін қысқа қылып жазған абзал. Сізге оны жазу үшін бос орынды қоса алғанда 500-ге дейін символ беріледі.


Парафраза мен перифраза дегеніміз не? Айырмашылықтарды анықтаңыз
1. Парафраза: • Парафраза – өз сөзіңізбен басқа біреудің мәтінін қайталап айту немесе қайта түсіндіру. Парафразаның негізгі мақсаты – сөзбе-сөз көшіруді болдырмай, түпнұсқаның мағынасын жеткізу. Парафраза сөйлем құрылымын өзгерте алады, синонимдерді және басқа тілдік құрылғыларды пайдалана отырып, идеяларды жаңа пішінде бере алады.
2. Перифраза: • Перифраза – өрнек немесе ұғым мағынасына жақын, бірақ тікелей синонимдер емес сөздермен сипатталатын сөйлеу әдісі. Перифраза нақтылау немесе егжей-тегжейлі сипаттау үшін қолданылады, кейде бейнелі өрнектерді қолданады.
Сонымен, «парафраза» мен «перифраза» арасындағы айырмашылық мынада: парафраза басқа біреудің мәтінін өз сөзіңізбен қайталап айту, ал перифраза мағынасы жақын сөздерді қолданып, өрнекті айналдыра сипаттау болып табылады




Дәріс. Дәрістердің түрлері. Тезис жазу

  • Жоғары оқу орнындағы дәріс – оқытудың дидактикалық циклінің басты негізі. Оның мақсаты – студенттердің оқу материалын қабылдауларын қалыптастыру болып табылады. Заманауи жоғары мектептер үшін дәріс өте өзекті. «Дәріс» латынның «lection» - оқу сөзінен шыққан. Дәріс ежелгі Грецияда пайда болып, көне Римде және орта ғасырларда өз жалғасын тапты.

  • Мәселелік дәріс жөнінде оқытудың белсенді әдістерімен байланысты айтатын боламыз. Ал қазір оның мазмұндық және процессуалдық сипаттамасына тоқталамыз. Дайын ақпарат айтылып, түсіндірілетін ақпараттық дәріске қарағанда мәселелік дәрісте жаңа білім «ашуға» тиісті беймәлім ақпарат ретінде алға тартылады. Оқытушының міндеті – мәселелік жағдаят тудыра отырып, студенттерді мәселенің шешімін табуға жетелеу болып табылады. Бұл үшін жаңа теориялық материал мәселелік міндет түрінде беріледі. Мәселені оқытушымен бірлесе отырып шешу барысында студенттер жаңа қажетті білім алады.

  • Визуалды дәріс көрнекілік қағидатының жаңа мүмкіндіктерін жүзеге асыру нәтижесінде пайда болды. Психологиялық-педагогикалық зерттеулер көрсеткендей, көрнекілік оқу материалын барынша жақсы қабылдау мен есте сақтауға ғана емес, сондай- ақ құбылыстардың табиғатын терең түсінуге ықпалын тигізеді.

  • Екеу ара дәріс бұл дәрістің түрі екі оқытушының диалогіндегі материалды мазмұндаудың жалғасы мен дамуы болып табылады. Бұл жерде теориялық және практикалық мәселелерді екі маман талқылайды. Мұндай дәрістің төмендегідей артықшылықтары бар:

  1. · студенттердің бойындағы білімді өзектендіреді;

  2. · мәселелік жағдаяттар туындатады, дәлелдемелік жүйелер ашады;

  3. · екі дереккөз қорының болуы әртүрлі көзқарастарды салыстыруға, таңдау жасауға, қандай да біреуіне қосылуға, өз көзқарасын айтуға мәжбүрлейді;

  4. · педагогтің кәсібилігі көрінеді, оның тұлғасы тереңірек ашыла түседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет