«Таза, мінсіз асыл сөз» бөлімі бойынша №1 жиынтық бағалау
І нұсқа
Тақырыбы:
«Қобыланды батыр» жыры
Оқу мақсаты:
5.1.2.1 Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау;
5.2.3.1 Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер) мағынасын анықтау.
Бағалау критерийі:
Білім алушы
Ойлау дағдыларының деңгейі:
Қолдану
15-20 минут
1-тапсырма. «Қобыланды батыр» жырының тақырыбы мен идеясын анықтаңыз. Анықтаған тақырыбыңыз бен идеяңызды «ПОПС» формуласы бойынша жазбаша түсіндіріңіз.
• Бірінші сөйлем: «Менің ойымша, «Қобыланды батыр» жырының басты тақырыбы мен идеясы - ...».
• Екінші сөйлем: «Себебі, мен оны былай түсіндіремін ...».
• Үшінші сөйлем: «Оны мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын ...».
• Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім ...».
2-тапсырма. Жырдан тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының әрқайсысына дәлел табыңыз, мағынасын анықтаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |