5-сынып. «Қазақ тілі» оқулығы (Ж. Дәулетбекова, Г.Қосымова. Алматы «Атамұра» 2017ж) ТҮСІНІК ХАТ
Күнтізбелік-тақырыптық жоспар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген , Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (2020 жылғы 5мамырдағы №182 өзгерістер мен толықтырулар енгізілген)басшылыққа алынып құрылды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары (2018 жылғы 4 қыркүйектегі № 441 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген); Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген бұйрық, Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары (2018 жылғы 25 қазандағы № 545 бұйрық 2 қосымшамен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) негізге алынған. «Қазақ тілі» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:5 - сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат
«Қазақ тілі» пәнін оқыту мақсаты – жалпы білім беретін негізгі мектептерде ана тілін қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру және қазақ әдеби тілі нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, еркін сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету.
"Қазақ тілі" оқу пәнін оқытудың негізгі міндеттері: қазақ тілін ана тілі ретінде тани отырып, өмірлік қажеттіліктеріне коммуникативтік әрекеттер түрінде (тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым) сауаттылықпен қолдану; тіл сауаттылығы мен сөйлеу сауаттылығын, сөз байлығын, басқалармен еркін қарым-қатынасқа түсу;
5-сыныпқа арналған "Қазақ тілі" пәнінің базалық білім мазмұны: 1) тыңдалым және айтылым:
тірек сөздер арқылы тақырыпты болжау, негізгі ойды анықтау, негізгі және қосымша ақпаратты анықтау, қыстырма, қаратпа, одағай сөздер арқылы өз ойын білдіру;
2) оқылым:
мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсіну, лексиканың ауызекі сөйлеу және жазба стильдік айырмашылықтарын мәтін арқылы тану, хат, хабарлама, жарнама, нұсқаулық, хабарландырудың құрылымы, жанрлық ерекшеліктері, ауызекі сөйлеу стиліндегі мәтіндер, оқылым стратегияларын қолдану, қажетті ақпаратты таба білу;
3) жазылым:
мәтін бөлімдеріне (кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды) жоспар құру, хат, хабарлама, жарнаманы жанрлық ерекшеліктеріне сәйкес жазу, сюжетті суреттер негізінде әңгіме жазу, эссенің бөлімдерін меңгеру (кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды), мекен мен оқиғаны сипаттайтын не суреттейтін эссе жазу;
4) әдеби тіл нормалары: орфографиялық норма: қазақ тілінің дыбыстар жүйесі, үндестік заңы, емле заңдылықтары;
орфоэпиялық норма: ілгерінді, кейінді, тоғыспалы ықпал;
лексикалық норма: сөздердің тура және ауыспалы мағынасы, көп мағыналы сөздер, синоним, омоним, антоним;
грамматикалық норма: туынды сөздер, күрделі сөздер, зат есімнің мағыналық түрлері, сын есім, шырай категориясы, сан есім, мағыналық түрлері, төл сөз бен төлеу сөз, автор сөзі;
пунктуациялық норма: төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің тыныс белгілерін дұрыс қолдану.