Магистратура «Журналистика және қазақ филологиясы» кафедрасы магистрлік диссертация сын есім шырай категориясы теориясының қалыптасуы



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата22.12.2016
өлшемі389,86 Kb.
#119
  1   2   3   4   5

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТРЛІГІ

Инновациялық Еуразия Университеті

 Магистратура

«Журналистика және қазақ филологиясы» кафедрасы

МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ

Сын есім шырай категориясы теориясының қалыптасуы

6N0205 «Филология: қазақ филологиясы»

Орындаушысы:      ______________________________   Нұрбанова 

А.Қ.

(күні, қолы)

Ғылыми жетекшісі:               

филология ғылымының 

докторы, профессор _____________________________  

Сағындықұлы Б.

(күні, қолы)

Қорғауға жіберілді.

«Журналистика және қазақ филологиясы»

кафедрасының меңгерушісі,

филология ғылымының                                                    

кандидаты, профессор _____________________________  

Резуанова Ғ.К.

                                                      (күні, қолы) 

ПАВЛОДАР – 2006

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ БӨЛІМ

  4

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

7-70


СЫН ЕСІМНІҢ ТІЛДІК СИПАТЫ

7-50


1.1  Есім сөз таптарындағы сын есімнің орны және шырай 

категориясы

   7

1.2  Шырай категориясы түрлерінің зерттелуі



  

1.2.1 Орыс, түрік тіл білімінде зерттелуі

  

18

1.2.2 Қазақ тіл білімінде зерттелуі



  

37

ШЫРАЙ КАТЕГОРИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ



51-70

2.1 Тілдегі «жай шырайлық» қызмет

  

51

2.2 Шырайдың жалпы категориялық мәні



  59

2.3 Шырай түрлеріне қатысты жұрнақтардың сипаттамасы

  63

ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ

  71

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  

76

2



Аңдатпа

Бұл диссертацияда есім сөз таптарының күрделі бір түрі

сын   есімнің   лексика-семантикалық,   грамматикалық   сипаты,

мазмұны баяндалып, сондай-ақ онық жалпы сөз таптарындағы

және   есім   сөз   таптарының   ішіндегі   грамматикалық   белгісін,

қызметін ашатын негізгі түрлену белгісі – шырай категориясы

ғылыми   тұрғыдан   талданады.   Осы   негізде   шырай

категориясының   ғылыми-грамматикалық   теориясы   ашылып,

оның   қалыптасу   тарихы   жүйеленеді.   Шырай   жұрнақтарын

тиянақтау,   зерттелу   дәрежесін   айқындау   жолында   ғылыми

әдебиеттер сараланып, талданады.

В этой диссертации описываются лексико-семантические,

граматические   признаки   имени   прилагательного.   Особенно   с

научной   точки   зрения   анализируется   степень   сравнения

прилагательных.   На   этом   основании   раскрывается   научно-

грамматическая   теория   категории  степени.   Для   определения

3


уровня иследования суффиксов степени имен прилагательных

анализируется научная литература

In   this   dissertation   the   lexico-semantic   and   grammatical

qualities   of   adjectives   are   described.   Particularly,   degrees   of

comparison of adjectives are  analysed from the scientific point of

view. On this ground the scientifik-grammatical theory of degrees of

comparison is opened. In order to define the level of researching

suffixes of degrees of comparison scientific literature is analysed.

Жұмыстың жалпы сипаттамасы

Қазақ  тілінің  мемлекеттік  мәртебе  алуымен  байланысты

қоғамдық  өмірдің  көптеген  саласында  өрісінің  кеңейіп,  жан-

жақты атқарар қызметінің өсе түскені белгілі. Осы ретте тілдің

дамып,  өркендеу  барысында  сөз  мағынасы  мен  оның  даму

заңдылықтарын  арнайы  қарастырудың  мәні  зор.  Өйткені  тілді

адамдар  арасында  қарым-қатынас  жасаудың  құралы  деп

танысақ,  сөздер  сөйлем  құрамында  өзара  семантикалық,

синтаксистік  үйлесімділікте  айтылғанда  ғана  белгілі  бір

ақпаратты  жеткізе  алады.  Сөз  мағынасы  өзге  сөздермен

тіркескенде  әр  қырынан  көрінеді.  Қазақ  тілінің  сөздік

4


байлығынан  ерекше  орын  алатын  заттың  сын,  сапа,  белгі,

қасиеттерін  білдіретін  сын  есім  сөздердің  қолданыс  аясы  өте

кең. 

Жалпы  әр  сөз  табының  өзінің  ерекшелегі,  яғни  сөз



таптарының  ішінде  өзінің  алатын  орны  болады.  Бұған  сөз

табының  жауап  беретін  сұрағы,  анықтамасы,  грамматикалық

белгілері,  жалпы  категорияльды  мағынасы  (егер  болса)   ,

сөйлемде атқаратын қызметі т. б. қызмет етіп, әр сөз табының

өзіндік 

белгісін 

танытады.

 Бұл 


жерде 

айтайын 


деп

отырғанымыз – есім сөз таптарындағы сын есімнің ерекшелігі.  

Қазақ  тіл  білімінде  заттың  әр  түрлі  сыны,  сапасы  мен

белгілерін  білдіріп,  зат  есімдермен  тіркесіп,  есімді  сөз

тіркестерінің  арнаулы  бағыныңқы  сыңарын  құрайтын  сын  есім

сөз  табы  зерттеушілер  назарынан  тыс  қалған  емес.  Осы

уақытқа  дейін  қазақ  тілінде  сын  есімнің  сөз  табы  ретінде

алатын  орны,  сапалық  сын  есімнің  шырай  категориясы,  сын

есімдердің 

семантикалық 

топтары,

 субстантивтенуі,

синатксистік қызметі мен тіркесімділік қасиеті бірнеше зерттеу

жұмыстарына арқау болғандығы, сондай-ақ соңғы кездері сын

есім  сөзжасамдық  тұрғыдан  да  қарастырыла  бастағандығы

белгілі.  Бұл  орайда  қазақ  тіл  білімінде  Ғ.Мұсабаев,  Ә.Қайдар,

А.Ысқақов,  М.Томанов,  Ә.Төлеуов,  С.Исаев,  Е.Жанпейісов,

Т.Сайрамбаев,

 Ж.Шәкенов,

 Ф.Оразбаева,

 Е.Ағманов,

Ж.Сарбалаев, Г.Сыздықова, Ұ.Серікбаева т.б. зерттеулерін атап

өтуге  болады.  Дегенмен  сын  есімдерге  қатысты  әлі  де  жүйелі

зерттеуді қажет ететін мәселенің бірі – шырай категориясы. 



Зерттеу тілінің өзектілігі:

5


Есім  сөз  таптарындағы,  жалпы  сөз  таптарындағы  шырай

категориясының орнын айқындау.



Зерттеу жұмысының нысаны:

 

Қазақ  тіліндегі  сын  есімнің  шырай  категориясы  болып



табылады.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері:

Шырай  категориясы  жайлы  мағлұматтарды  тиянақтау,

анықтау.  Сын  есім  шырай  түрлеріне  қатысты  зерттеулерді

жинақтау,  мысалдық  деректермен  жұмыс.  Негізінен  әр  сөз

табы  басқа  сөз  таптарынан  өзіне  тән  бір  ерекше  қасиетімен

ажыратылып,  ерекшеленеді.  Бұл  диссертациялық  жұмыстың

мақсаты  сын  есім  сөз  табының  ерекше  қызметін  анықтап,

көрсету  болғандықтан,  басқа  сөз  таптарының  қасиеттеріне

нақты  тоқталып,  сөз  болмайды.  Диссертациялық   жұмыстың

мақсаты   мен   міндеті:   «Шырай   категориясы   жайлы

мағлұматтарды тиянақтау, анықтау; сын есім шырай түрлеріне

қатысты   зерттеулерді   жинақтау,   мысалдық   деректермен

жұмыс жасау». Бұл мақсатқа жету жолында, біріншіден, «сын

есімнің   ерекше   категориясы   –   шырай   категориясы»   деген

тұжырымды нақтылау қойылады. Шырай категориясы жөнінде

зерттеулер жасап, өз пікірлерін жазған ғалым-зерттеушілердің

пікірлері,   берілген   анықтамалардың   жиынтығы,   ой   сәйкестігі

талданады.   Бұл   жерде   баяндау,   жинақтау,   талдау   әдістері

қолданылады.   Жұмыстың   міндетіне   жататын   мысалдық

деректер   сын   есім   шырай   категориясына   берілген   нақты

анықтама-ережелерді   орнықтыру,   әр   ғалымның   шырай

категориясының   түрлеріне   байланысты   берілген   тұжырым-

пікірлерін нақтылау мақсатында терілді. 

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен нәтижелері:

6


Шырай   категориясы   теориясын   қалыптастыру.   Шырай

жұрнақтары   тиянақталады;   зерттелу   дәрежесі   айқындалады;

теориясы   қалыптасады.   Жұмыстың   жаңашылдығына   «шырай

категориясы   теориясын   қалыптастыру»   жатады.   Бұл   қазіргі

кезде тіл білімінде нақтыланбай тұрған, зерттеуді қажет ететін

мәселе екені анық. Өйткені, зерттеушілердің шырай түрлеріне

байланысты   берген   тұжырымдары   сәйкесе   бермейді.   Осы

пікірлерді   талдау,   шырай   категориясы   теориясына   нақты

тұжырым жасау үшін әлі де зерттеме жұмыстары қажет. Осы

диссертациялық   жұмыста   шырай   категориясы   теориясын,

қосымшаларын тиянақтау алға қойылады. 

Зерттеу жұмысының материалдары:

Зерттеу


 

жұмысының

 

материалдары



 

көркем


шығармалардан,   публицистикалық   газет-журналдардан   т.б.

жиналды. Зерттеу жұмысында мынадай әдістер мен тәсілдер

қолданылды:   сипаттау,   жинақтау,   қорыту,   құрылымдық-

семантикалық   талдау,   тарихи-салыстырмалы,   логикалық

талдау әдістері.

Зерттеудің теориялық маңызы:

Есім   сөз   таптарына,   оның   ішінде   сын   есімге   нақты

анықтама-ережелерді орнықтыра түседі.

Зерттеудің тәжірибелік маңызы:

Зерттеу   тақырыбының   қазақ   тіл   білімінің   морфология,

лексикология,

 

семасиология,



 

синтаксис,

 

сөзжасам


мәселелеріне тікелей қатысы бар. Оқыту жұйесінде тез және

оңай меңгертудің жолдарын белгілеу.



Жұмыстың талқылануы мен жариялануы:

Зерттеудің негізгі тұжырымдары мен қорытындылары «V

Сәтбаев   оқулары»   атты   жас   ғалымдар,   студенттер   және

7


оқушылардың   республикалық   ғылыми   конференциясында,

«Павлодар   университетінің   хабаршысында»   мақала   ретінде

жарияланды.

Зерттеу жұмысының құрылысы:

Диссертация жұмысы  кіріспе  бөлімнен,  негізгі  бөлімнің  2

тарауынан,   қорытынды   және   пайдаланылған   әдебиеттер

тізімінен тұрады.



1.1 Есім сөз таптарындағы сын есімнің орны және

шырай категориясы

«Сын есімдер септік, жекелік-көптік категорияларына 

ие бола алмағанмен, айрықша, өзінің ерекше

категориясымен, 

атап айтқанда, шырай категориясымен сипатталады».

( А.И.Смирницкий)

Тіл білімінде сөз таптарының табиғаты жайында әр түрлі

көзқарастар мен дәлелдемелер бар. Олардың бірі бойынша, сөз

таптары   сөздердің   лексика-грамматикалық   категориялары

болып   саналса,   екіншілері   бойынша,   сөз   таптары   сөздердің

формальды-грамматикалық   категориялары,   үшіншілері

бойынша   ,   сөздердің   таза   грамматикалық   топтары   болып

саналады. Ғалым К. Аханов: «Сөз таптарын сөздердің лексика-

грамматикалық категориялары деп қарайтындар сөздер өзіне

тән   белгілері,   атап   айтқанда,   семантикалық,   морфологиялық

және   синтаксистік   белгілері   бойынша   топталып,   тиісінше

8


белгілі бір сөз табына телінеді деп есептейді» – дейді  

1, 361



.

Мысалы, А. А. Шахматовтың  пікірі бойынша, әрбір сөз табының



мағынасы сөздің негізгі, яғни лексикалық мағынасы мен оған

қосымша   грамматикалық   ұғымдардың,   грамматикалық

категориялардың  жиынтығынан   құралады.  Орыс тіл   білімінде

акад.   В.   В.   Виноградов   және   т.   б.   грамматистер   де   сөз

таптарын   сөздердің   лексика-грамматикалық   топтары   деп

есептейді.   Ф.   Ф.   Фортунатов   сөз   таптарын   формальды-

грамматикалық   категория   деп   қараса,   О.   П.   Суник   сөз

таптарын   классификациялауда   тіл   білімінде   негізге   алынып

жүрген   заттылық,   атрибутивтік,   іс-әрекет   тәрізділерді

лексикалық мағына емес,  жалпы  грамматикалық мағына  деп

есептейді.   Оның   пікірінше,   заттылық   –   зат   есімді   басқа   сөз

таптарынан   ажырататын   жалпы   грамматикалық   мағына 

7,

361-362



. К. Аханов: «Лексикалық мағыналары әр басқа сөздер

сөз табына қатысы жағынан бір ыңғайлас, бір сипаттас болып,

ол сөздер сөз табы ретінде жалпылама ортақ, сол сөз табына

тән,

 

жеке



 

нақтылы


 

сөздердің

 

мағыналарынан



абстракцияланған бір ғана мағынаға ұласады» --  деп жазған.

1, 365



.

Лингвистердің   екінші   тобы,   сөз   табының   мағынасын



грамматикалық мағына немесе жалпы грамматикалық мағына

деп   есептейді.   К.   Аханов:   «Егер   сөз   түрлендіруші   аффикстер

мен   сөз   тудырушы   және   форма   тудырушы   аффикстердің

грамматикалық   мағыналарды   білдіріп,   ол   аффикстердің   де

мағыналары  грамматикалық  мағыналар  деп   аталып  жүргенін

ескерсек,   сөздердің   сөз   табы   ретіндегі   мағынасын   да

грамматикалық мағына деп атау тиімді бола алмайды » -- дейді

1, 365



. Ғалымның пікірін ескеріп, сөздердің сөз табы ретіндегі

9


мағынасын   да   грамматикалық   мағына   деп   тиянақтай

алмаймыз. О. П. Суниктің  пікірінше, сөз таптарында жүйе бар,

ол   жүйе   сөз   таптары   жалпы   грамматикалық   мағыналары

жағынан ажыратылады. 

9, 366


. Мысалы, зат есімнің заттылық

деп 

аталатын 



жалпы 

грамматикалық 

мағынасына

атрибутивтік,  процессуальдық  мағыналарға  ие  болатын  сөз

таптары 

мағыналар 

жағынан 

қарсы 


қойылу 

арқылы


ажыратылады.  Жалпы  тіл  білімінде  есім  сөз  таптарын  бір-

бірінен  ажыратуға,  олардың  грамматикалық  белгілері,  яғни

морфологиялық  және  синтаксистік  белгілері  қызмет  етеді.

Мысалы,   -шы  (-ші),   -м  (-ым,-ім)  жұрнақтары  зат  есімдерге



(етікші,  малшы,  жазушы,  өнім,  сенім  және  т.  б.),  -лы  (-лі, -ды,

-ді, -ты, -ті), -ғыш  (-гіш, -қыш, -кіш) жұрнақтары  сын  есімдерге



(сулы,  ажарлы,  ұқыпты,  айтқыш,  сенгіш  және  т.  б.),  -ла  (-ле,

-да,   -де,   -та,   -те),   -а  (-е)  жұрнақтары  етістіктерге  (тағала,



шегеле,  гүлде,  сына  және  т.  б.)  тән  жұрнақтар  және  осы

белгісімен бір сөз табы екінші сөз табынан ерекшеленеді. 

Сын  есім  –  семантика-грамматикалық  мағынасы  жағынан

да, морфологиялық ерекшеліктері мен сөз тудыру, сөз өзгерту

амалының  жүйесі  жағынан  да,  синтаксистік  қызметі  мен

қолданылуы  жағынан  да  қазіргі  қазақ  тіліндегі  өзіне  тән

ерекшелігі  бар  сөз  табының  бірі.  Сын есімдер заттың көлемін,

аумағын,  салмағын  (кең бөлме,  биік тау, ауыр жүк),  мөлшері

мен түр-түсін (жас бала, кәрі адам, ақ гүл, әдемі қыз), дәмі мен

иісін (тәтті алма, жақсы иіс май, хош иісті гүл), құбылыстың, іс-

әрекеттің, мезгілдің сипатын, қасиетін, сынын (отты жер, шөпті

жер, сусыз жер, орманды дала, алғыр студент, білімді студент,

жазғы   демалыс)  т.   б.   білдіреді.   Сын   есімнің   табиғи   қызметі

ешбір  өзгеріске  түспей-ақ зат  есіммен  тіркесіп,   заттың  алуан

10


түрлі қасиетін, сындық белгісін білдіру болады. Өйткені қандай

белгі, сапа болмасын негізгі затқа, құбылысқа арқа тірейді  

3,

83



.   Мысалы,  Үлкен   үйге   кірген   соң,   бәрі   де   кішірейіп



кеткендей,   отырғанда   құмандай   ғана   болып   қалыпты  (Ғ.

Мүсірепов).  Семіз қоңыр төбел ат жай ғана басып, тізгін соза



бас изей түсіп, жүріп келеді (М. Әуезов). Әзімбай қалың қызыл

қабағы мен суық бітік көзін әр кедейге оқша қадап қойды да,

Мағашқа сөйледі …(М. Әуезов). Бірінші сөйлемдегі “үлкен” сын

есімі   үйдің   көлемін   ашып   тұр.  Екінші   сөйлемдегі  “семіз”,

“қоңыр”  сын   есімдері   жылқы   малының   түр-түсі   мен   сипатын

көрсетіп тұр. Үшінші сөйлемдегі “қалың”, “қызыл” сын есімдері

қабақтың   түр-түсін,  ал   “суық”,   “бітік”  сын   есімдері   көздің

сипатын көрсетіп тұр. Бұл жерде белгі, сапа, сипат белгілі бір

зат атауымен (үй, ат, қабақ, көз) тіркесіп қана қолданылып тұр

делік.   Ал   осы   сын   есімдерді   алып   тастап   оқысақ,   атауды

білдіруші сөздер сын-сипатынан, негізгі оқырман көріп отырған

ерекшелігінен   айрылып   қалады.   Бірінші   сөйлемдегі

адамдардың   кішірейіп   қалғандықтарын   қарама-қарсы

мағынадағы сипаттаушы сөздерді (үлкен-кіші) қолдану арқылы

ерекше   танытып     тұр.   Екінші   сөйлемде   аттың   жүрісінің

баяулығын оның семіздігінен деп түсіндіруге болады (семіз ат

қатты жүріске, шабуға жарамайды) Үшінші сөйлемді «Әзімбай

өзінің   қабағы   мен   көзін   әр   кедейге   қадап   қойды   …»   делік,

қандай көзін? Әзімбайдың осы жердегі көңіл-күйін,  жиналған

адамдарға деген көзқарасы қандай? түсініксіз, көз алдымызға

елестетерлік   сурет,   белгі   жоқ.   Осы   жерден   зат   есім   де   сын-

сапа, белгі иесі сын есімге тәуелді екенін аңғарамыз. 

Қазақ   тіліндегі   сын   есімдер   өз   мағыналарында

септелмейді,   оларға   көптік,   тәуелдік   жалғаулары   да

11


қосылмайды. Ғалым К. Аханов бұл жөнінде былай деген: «Сын

есімдерде  зат  есімдерге тән   септік категориясы  да,   жекелік-

көптік   категориясы   да   жоқ»  

1,   368



.   Сонда,   сын   есімдердің

жекеше-көпше   болып   түрленбеуі   оны   ажырататын   ең   басты

морфологиялық белгі болып саналады. Ал егер септік, көптік,

тәуелдік   жалғауларының   бірі   сын   есімге   қосылса,   онда

заттанып,   субстантивтеніп   кетеді.   Мысалы,  Біреуі   көк,   біреуі



жер тағысы, адам үшін батысып қызыл қанға  (Абай).  Қызылға

қонған   қарғадай  (халық   әні).   Осындағы   бірінші   мысалдағы

“қызыл”  сөзі   сын   есім   де,   ал   екінші   мысалдағы   зат   есім

мағынасында қолданылған. 

Лексика-семантикалық,   грамматикалық   жағынан   ерекше

бөлініп   жататын   сөз   табынаң   бірі   –   сын   есім.   Сын   есім   –

семантика,   грамматикалық   жағынан,   яғни   морфологиялық

ерекшелігі мен сөзжасам,  сөз түрлендіру амалы жағынан  да,

синтаксистік   қызметі   мен   басқа   сөздерімен   тіркесіп

қолданылуы   жағынан   да   қазіргі   қазақ   тіліндегі   өзіне   тән

ерекшелігі   бар   сөз   табының   бірі.   Сын   есім   –   семантикалық

жағынан   заттың,   құбылыстың   түрлі   сапа,   белгісін,   түсін,

көлемін,   затқа,   құбылысқа,   іс-әрекетке   қатысын   білдіретін

сөздер. 


Зерттеуші Ф.Оразбаева өз еңбегінде сын есімді синонимдермен

тіркестіре   қояды   да,   ол   жөнінде   былай   дейді:   «Сын   есім

синонимдер заттың не құбылыстың қасиетін, сапасын, көлемін,

салмағын,   түр-реңі   мен   сыр-сипатын   өзара   мәндес   сөздер

арқылы   жан-жақты   алып   көрсетеді»  

12,   4



.   Осыған   тағы   да

былай деп қосады: «Сын есімдер – сөздердің басқа лексикалық-

грамматикалық   топтарына   қарағанда   табиғаты   жағынан

экспрессивтік   және   эмоциональдық   қасиетке   жақын   сөздер.

12


Олар   сындық   сапа-белгілерді   атап   қана   қоймай,   белгілі   бір

құбылыстардың   жақсы-жаман,   жағымды-жағымсыз   жақтарын

да көрсетеді.  Ұзын-сүмб, қолаң, дарқан, дұшпан, қас, меңіреу,

керең,   мүкіс,   тосаң,   зәулім,   заңғар  сөздері   –   лексикалық

мағынасымен   қатар   экспрессивтік   мәні   бар   сындық   атаулар.

Бұл   сөздердің   әрқайсысы   белгілі   бір   сындық   қасиеттерді

білдіре   келіп,   осы   сапалық   белгілерді   асыра   күшейте

көрсетеді» 

12, 112



Жалпы   түркі   тілінде,   оның   ішінде   қазақ   тілінде,   сын



есімнің   орыс   тіліндей   морфологиялық   көрсеткіші   болмауы

(жақсы  бала  жақсы  оқиды)   –   оның   мағынасы   мен

морфологиялық   белгісін   ажыратуда   қиындық   келтіреді.

Мәселен,  жақсы   оқиды  дегендегі  жақсы  сөзін,   үстеу

функциясын   атқарып   тұрғандай   көрінгенмен,   оны   үстеу   деп

қарамай,   сын   есім   деп   қараймыз.   Сын   есімді   зат   есімнен

бөлінбеген   категория   деп   қарау   әсте   болмайды.   Өйткені   сын

есімнің   кейбір   жалпылық   жақтарын   (қайшылықтарын)   былай

қойғанда,   өзіне   тән   семантикалық,   морфологиялық,

синтаксистік белгілері оны басқа сөз таптарынан (зат есім мен

үстуден)   айқын   бөледі.   Сын   есімнің   табиғи   қызметі   –   ешбір

өзгеріске   түспей-ақ   зат   есіммен   тіркесіп,   заттың   әр   алуан

қызметін,   сындық   белгісін   анықтау.   Мысалы:  Абзал  адам

азбайды   арын   сүйген  (Айнабекұлы).  Жақсы  тәртіп   әдетке

айналса ырыс, жаман тәртіп әдетке айналса – қырсық (Әуезов).

Әсем қоңыр әнмен желдірте әндете түсіп отырған Дәрмен екен

(Сонда). 

Сын   есімнің   маңызды   белгілеріне   ғалым   С.Исаев

мыналарды жатқызады: 

13


заттың түр-түсін білдіреді: Еділден ұшқан екі ақ қаз, Жайықтан

ұшқан   жалғыз   қаз,   Бірі   –  шаңқан,  бірі   –  боз.  (С.   Cейфуллин).

Қия қызыл тастардың үстінен бір ағып мұзбалақ қыран әуелеп

кетті (Сланов). Осы мысалдардағы ақ, боз, шаңқан, қызыл сын

есімдері заттың түр-түсін білдіріп тұр. 

Заттың   көлемдік,   аумақтық,   салмақтық   белгісін,   сынын

білдіреді:  Абай  мол,  ауыр  денесімен   сыртына  қарай бұрылды

(М. Әуезов). Шапса жүйрік, мінсе берік, жуан, жуас, разы емен,

осындай бір ат мінбесем мен  (Абай). Осы сөйлемдердегі  мол,

ауыр, жүйрік, берік, жуан, жуас сын есімдері заттың көлемдік,

салмақтық белгісін білдіріп тұр. 

Заттың   сапалық   белгі,   сипатын   білдіреді:  Үлбіреген  ақ

етті, ашық жүзді, тісі әдемі көріп пе ең қыздың жайын?! (Абай).

Надан  білгіш бола ма мақтанменен, Мәстек шауып тұлпардан

бәйге   ала   ма.   Қадірлеп  асыл  жабу   жапқанменен  (С.

Торайғыров). Кеңгірбайдай теріс азу, мықты биі шыққан ел (М.

Әуезов).   Бұл   мысалдардағы  әдемі,   надан,   асыл,   мықты  сын

есімдері заттың сапалық белгілерін анықтайды. 

Заттың   дәмі,   исі   және   басқа   сипаттарына   байланысты

белгілерін   білдіреді:  Қалың  құмның   арасынан   самарқауланып



аққан   …  (Майлин).  Желдің  жұмсақ  лебі   шипа   тәрізді   тиеді

(Сейфуллин). 

Затқа, қимыл іс-әрекетке, мезгіл-мекенге қатысты сынды

білдіреді:  Өрлетіп   өрге  нұрлы  өмір,   Жайнатты   елдің   райын

(Жароков).  Балуан   Шолақ   Үйсіннің  білікті   деген  адамдарына

сәлем  айтып   …  (Мұқанов).  Еліңнен  атақты  ақын   Абай  шықты

(Тоқмағамбетов).  Қарадым   саған,   Жәмила,   Секілді  жазғы



жауһазын

 (Орманов).

 Бүгіндегі 



жастарға   оқу   міндет

14


(Торайғыров).  Биылғы  жайлау   –  жылдағы  жаулау   емес

(Әуезов). 

Сын   есімнің   кейбір   тобы   заттың   түсін,   түрін,   сапалық,

көлемдік   белгісін-,   қасиетін   білдіретін   болса,   енді   бір   тобы

белгілі  бір   заттың   жай-күйін,   құбылыстың,   қимылдың   сындық

сипатын,   қарым-қатынасын   білдіреді.   Осы   секілді   сын   есімге

тән   басты   белгілер   деп   морфология   саласын   зерттеушілер

Н.А.Оразахынова,   Ж.Т.Исаев,   Г.С.Сүлеева   «Сөзжасам.

Морфология» деген еңбекте мыналарды көрсеткен:

заттың түрін, түсін білдіреді: ақ, көк, қара, сұр, құла т. б. 

заттың   көлемдік,   аумақтық,   салмақтық   белгісін,   сынын

білдіреді: биік, кіші, тар, ұзын, жеңіл т. б. 

заттың   сапалық   белгісін,   сипатын   білдіреді:  жақсы,   сараң,

алғыр, зерек т. б. 

заттың   дәміне,   иісіне   және   басқа   сипаттарына   байланысты

белгілерін   білдіреді:  ащы  (сөз),  тұщы  (ас),  қышқыл   (қымыз),

тәтті (су), жұмсақ (төсек) т. б. 

затқа,   қимыл,   іс-әрекетке,   мезгіл-мекенге   қатысты   сынды

білдіреді:  тасты  (жер),  балалы  (үй),  білімді  (жігіт),  көтеріңкі

(көңіл), сусыз (арна), аспалы (шам) т. б. 

Көптелу, септелу, тәуелдену категорияларының сын есімге тән

болмауы   –   оның   морфологиялық   ерекшелігінің   бірі.   Егер   сын

есім   белгілі   бір   сөйлемде   тұрып   тәуелденсе,   көптелсе,

септелсе,   субстантивтенеді   де   заттық   мағынаға   ауысады.

Мысалы: Жаманымыз жолаушы кетіп еді. Жаманға сөз өтпейді.

Мұнда   сын   есімнің   негізгі   мағынасына   қосымша   мағына

үстеуші   морфемалар   –   тәуелдік   жалғауы   (-ымыз)   мен   барыс

жалғауының (-ға) көрсеткіші. 

15


Заттың   сынын,   белгісін   білдіріп,   зат   есіммен   тіркесе

айтылғанда,   сын   есімге   жалғау   жалғанбай,   жалғау   өзінен

соңғы   анықталатын   сөзге   жалғанады.   Мысалы:  қара   тақтам,

қара тақталар, қара тақтаның, т. б. 

Зат есім сын есімнің алдына шығып, инверсия жолымен орын

ауысса, онда анықталатын зат есім ілік жалғауын, анықтайтын

сын есім тәуелдік жалғауында келеді. Мысалы: Бидайдың көгін



ормау керек (көк бидайды ормау керек дегеннің орнына).

Сын   есімнің   морфологиялық   белгісінің   бірі   –   шырай

категориясы. Мәселен: сын есім күшейткіш буынмен (үп-үлкен,

қып-қызыл, сап-сары  т. б. түрінде ) келуі оның өзіне ғана тән

белгісі.   Мұны  жігіт   десе   жігіт   екен  сияқты   сипаттамалы   сөз

тіркесіндегі мағынамен анология жасауға болар еді. 

Сол   сияқты   күшейткіш   үстеулердің   сын   есімнің   сапалық

қатыстық түрлерімен тіркесуі де оның негізгі бір синтаксистік

белгісі болмақ. Мысалы,  өте жақсы, өте ақылды, сәл кішкене,



тым  келіссіз  т.   б.  бірақ мұндай  қасиет  тек  кейбір үстеулерге

ғана тән. Мысалы: Өте кейін қалды. Тым соң шықты. 

Шырай   тудыратын  –лау,   -леу  және   т.   б.   морфологиялық

фомалар көбінесе сын есімге жалғанады. Мысалы: қызылырақ,



сарырақ,   қызылдау,   сарылау

 т.б.   Мұнан   жоғарыдағы

салыстырмалы   шырай   тудыратын   жұрнақтар   басқа   сөз

таптарына   жалғанбайды   деуге   болмайды.   Мәселен,

субстантивтену   арқылы   заттанған   сөздерге   (бала-рақ,   шал-



дау),   кейбір   модальды   (аздау,   азырақ,   керегірек,   керектеу  т.

б. ) сөздерге жалғана береді. Мысалы:  Сақалдан гөрі ұйысып



қалған көк шуда жүнге көбірек ұқсап тұрады (Ғ. Мүсірепов).

Сол   сияқты   сын   есім   мен   үстеудің   ортақ   қасиеттері   де   бар.

Айталық, -рақ, -лау жұрнақтарын кейбір үстеулер де қабылдай

16


береді. Мысалы: «Шалдар итініп ілгерірек , жастары жасқанып

кейінірек отырды (Ғ. Мүсірепов); Дегенмен тезірек жүрейік  (М.

Иманжанов).

Тіпті   бұл   ғана   емес,   негізгі   үстеу   сөздердің   күшейткіш

үстеумен тіркесе келуі де (өте ілгері не өте жақсы) бұл екі сөз

табындағы ұқсас ерекшелікті білдірсе керек. Тегінде мұның өзі

бала,   шал,   ілгері,   аз  сөздерінде   сындық   мағынаның   белгілі

дәрежеде болуына байланысты болса керек.

Синтаксистік қызметі жағынан  сын есім негізінде анықтауыш

болады. 


Сын есім ешқандай қосымша қосылмай-ақ, негізгі түбір күйінде

заттың   түрін,   түсін   (ақ   орамал,   жирен   ат),   заттың   қасиетін



қалың қарағай, тәтті тамақ), заттың көлемдік мөлшерін (ұзын

жіп,   алыс   жол,   тар   бөлме),   заттың   ішкі,   сыртқы   белгісін

(жалқау кісі, бүкір шал, терең көл, таза су) білдіреді. 

Сол сияқты сапалық сын есімдер екіге бөлінеді. Мәселен:  ақ,

көк, қара, сары, көне, жаңа, ескі, аласа, биік, ұзын, семіз, сұлу,

бұйра, жұқа, тұщы, терең, қараңғы, ыссы, қою т. б. сияқты сын

есімдер   көбінесе   зат   есіммен   ғана   тіркесе,  жаман,   жақсы,



ұзын, қатты, қысқа, таза, қызық, толық т. б. нәрсенің жай-күйін,

қалпын, мөлшерін білдіретін сын есімдер зат есімдермен қатар

етістікпен   де   тіркесе   келеді.   Мұндайда   олар   үстеудей

сөйлемнің пысықтауыш мүшесі болып келгенімен, үстеу болмай

сын   есім   болады.   Мысалы:  Бүгін  қатты  жаңбыр   жауды.  Ол

қатты сөйледі. бала орысша таза сөйлейді т. б. 

Әдетте қызыл, жасыл, суық, жыртық, ашық, жабық т. б. сияқты

сын   есімдер   негізгі   сын   есім   деп   аталып   жүр.   Шынында   да

бұлар туынды сын есімдер. Айталық,  аш (-ық), жап (-ық), су (-



ық)  дегенде   түбір   жігі   анық   көрінсе,  қызыл,   жасыл  дегенде

17


ондай   айырым   анық   байқала   бермейді.   Бірақ   бұлардың

байырғы   түбірі  қыз,   жас  екенін   оларға   жалғанған   ұқсас  –ыл

қосымшасынан көруге болады. 

Сын   есімнің   ендігі   бір   белгісі   –   морфологиялық   тәсілмен

арнаулы   жұрнақтар   арқылы   өзге   сөз   таптарынан   (шөлейт,

әскени,   тарихи,   оңғақ,   майысқақ,   жалақор,   басыңқы,   алғыр,

қысқы, көшпелі т. т.) қатысты сын есім жасалуы болмақ. 

Сын есімдердің тұлғалық құрамы жағынан айрықша бір тобы –

қос сөздерден болуы. Бұлар негізгі түбір сын есімнен де (биік-

биік,   аласа-аласа,   ұзын-ұзын),   туынды   түбір   сын   есімнен   де

(ақтылы-қаралы, ұзынды-қысқалы) бола береді.  Бұларға жеке

екі   түбірдің   қосарлана   айтылып,   келе   бірінің   ықшамдалып,

екіншісінің дыбыстық жаңғырығына айналған  қып-қызыл, сап-



сары, дегендерді де қосуға болар еді. 

Бұлардан   басқа   жеке   компоненттерінің   дербес   мағынасы

көмескілену   арқылы   кіріккен   түбір   күйіне   келген  төртпақ,

алаңғасар, жалаңаш, жаймашуақ  т. б. сияқты біріккен күрделі

түбірлі болуын, ал қызыл, ақ сары, қара көк т. б. сияқты тіркес

күйіндегі күрделі түбірлі болуын атауға болады. 

Жоғарыда   сын   есімге   тән   жалпы   барлық   қасиеттеріне

тоқталдық.   Солардың   ішінен   қазіргі   уақытта   ғалымдардың

жеке көзқарастарына ілігіп жүрген, сын есімнің тек өзіне ғана

тән ерекше қасиеті деп саналып жүрген шырай категориясына

тоқталайық.   Бұл   категорияның   түрлері   зерттеліп,   талданып

жүрсе де, әлі де нақтыланып, бір пікірде талданып жүрген жоқ.

Бұл зерттеу жұмысында шырай категориясы түрлері жайында

айтылып   жүрген   талдау-пікірлер   талданады.   Жалпы   шырай

категориясы   дегеніміз   не?   Ол   жөнінде   зерттеушілердің

пікірлері   сәйкесе   ме   екен?     «Сын   есім   сөз   табы   басқа   сөз

18


таптарынан   қандай   қасиетімен   ерекшеленеді?»   деген   сауал

қойылса, айтатынымыз – шырай категориясы. Негізінен солай.

Ал   бұл   жөнінде   ғалымдардың   пікірі   қандай   екен?   Осыларға

тоқталайық.

Сын   есім   –   семантика,   грамматикалық   жағынан,   яғни

морфологиялық   ерекшелігі   мен   сөзжасам,   сөз   түрлендіру

амалы жағынан да, синтаксистік қызметі мен басқа сөздермен

тіркесіп  қолданылуы жағынан  да қазіргі қазақ  тіліндегі өзіне

тән ерекшелігі бар сөз табының бірі. Сын есімнің тек өзіне ғана

тән   ерекшелігінің   бірі   –   шырай   категориясы.   Бұл   жайында

ағылшын тілін зерттеуші А. И. Смирницкий былай деп жазды: «

Сын   есімдер   септік,   жекелік-көптік   категорияларына   ие   бола

алмағанмен,   айрықша,   өзінің   ерекше   категориясымен,   атап

айтқанда,   шырай   категориясымен   сипатталады».   Ал   ғалым

Кәкен   Ахановтың   пікірі   мынадай:   «Зат   есімдерде   жекелік-

көптік категориясы мен септік категориясының болуы, ал бұл

категориялардың   сын   есімдерде   болмауы   немесе,   керісінше,

шырай категориясының зат есімдерге емес, сын есімдерге тән

болып келуі аталған сөз таптарының бір-бірінен өздеріне тән

грамматикалық   категориялары   жағынан   ажыратыландығын

көрсетеді» [1, 368]. 

  Ғалым   Ахмеди   Ысқақов   мынадай   анықтама   береді:

«Заттың   белгісі   я   сипаты   (түсі,   түрі,   сапасы,   көлемі,   аумағы,

салмағы,   сыры   т.б.)   біркелкі   болмай,   рең   жағынан   әр   түрлі

дәрежеде   болатынын,   демек,   сипатының   я   белгінің  бір   затта

артық, бір затта кем болатынын білдіретін сын есім формалары

шырай   формалары   деп   аталады»  

25,   184



.   Және   мынадай

тұжырым   жасайды:   «Сын   есімнің   шырай   деп   аталатын

категориясының мазмұны да, формасы да әлденеше заттың бір

19


түрлі я біркелкі белгілерінің өзара айырмашылықтарын, демек,

сол   біркелкі   белгілердің   бір-бірінен   я   артық,   я   кем   екендігін

анықтау   арқылы   туады.   Екінші   сөзбен   айтқанда,   біреуі   ақ,

біреуі қызыл, біреуі қара, біреуі сары, біреуі қоңыр, біреуі көк

түсті   нәрселерді   немесе   біреуі   үлкен,   біреуі   кіші,   біреуі   тік,

біреуі   сопақ,   біреуі   текше   нәрселерді   салыстырудан   шырай

категориясы   тумайды.   Шырай   категориясы   я   бірыңғай   ақ,   я

бірыңғай қызыл, я бірыңғай қара, я бірыңғай сары, я бірыңғай

қоңыр,   я   бірыңғай   көк   түсті   әлденеше   (кемі   екі)   заттардың

реңдеріндегі ерекшеліктерді немесе бірыңғай үлкен я бірыңғай

кіші   делініп   танылған   әлденеше   заттардың   көлем-

аумақтарындағы артық, я кемдік дәрежелерін өзара салыстыру

арқылы туады. Ондай реңдер мен дәрежелер сан жағынан да,

сапа   жағынан   да   салыстырылады.   өйткені   біркелкі   белгінің

осындай   сандық   я   сапалық   айырмашылықтары,   сайып

келгенде,   шырайларды   бір-бірінен   айыратын   өлшеу   де,   тірек

те, негіз де болып саналады»-дейді 

25, 188б.



.

Н.Оралбаева,   Ғ.Мадина,   А.Әбілқаевтың   «Қазақ   тілі»



оқулығында: «Заттың сындық сапасының басқа заттан артық-

кемдігін білдіретін сын есім мағынасын шырай дейміз», -- деген

анықтама беріледі 

40, 147-148



.

Ғалым-ұстаз Бектұров Шәбікен Кәрібайұлы шырайға мынадай



анықтама береді: «Заттың сынының әркелкі дәрежеде болуын

шырай   деп   атайды.   Шырай   деген   сөздің   мағынасы   өң,   түр,

кейіп,   көрік,   ажар,   тағы   да   басқаны   білдіреді.   Сонымен,   бір

түрлі түр мен түстің, сапа мен белгінің, иіс пен дәмнің әр қилы

реңдерін шырай дейміз» 

41, 119



.  


М.Қараев былай дейді: «Шырай негізінен алғанда, сапалық

сын есімдерге тән категория. Сапалық сын есімдер заттың түрі

20


мен түсін, сыны мен сырын, сипаты мен тұрпатын, көлемі мен

аумағын білдіреді» 

23, 98


Қазақ тілі грамматикасы оқулығында шырай категориясы



туралы   былай   делінген:   «Шырай   категориясы   –   басқа   сөз

таптарында   жоқ,   тек   сын   есімге   ғана   тән   категория.  Бірен

саран   үстеу   я   зат   есімдер   –рақ   формасында   қолданылады,

бірақ   оларда   шырай   категориясы   болған   да   емес,   бола   да

алмайды. Тек біртектес сапа я сындық қасиет салыстырылады,

сөз   етіліп   отырған   категориялық   форма   бірінің   екіншісінен   я

жалпы текті сападан басымырақ, молырақ екенін көрсетеді [15,

85].


«Шырай   категориясы   затқа,   құбылысқа   байланысты

біртектес, бірыңғайлас сынның, сапалық белгінің, түр-түстің т.

б. сапалық сипаттың артық я кемін немесе тым артық, я тым

кем екенін білдіретін белгілі қосымшалар үстелу немесе басқа

тәсілдердің жүйелі жолдары арқылы жасалатын сапалық сын

есімнің парадигмалық түрі» – деп  жазады С. Исаев [ 26, 134].  

21



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет