Дұрыс жауапты белгілеңдер: 1. Санау барысында а саны b санынан бірінші аталса, онда қай теңсіздік дұрыс?
1) а < b 2) а > b.
2. Егер b санының жазылуына қарағанда а санының жазылуында разрядтар көп болса, онда қай теңсіздік дұрыс?
1) а < b 2) а > b.
3. Дұрыс теңсіздікті көрсетіңдер:
1) 25 678< 25 687 2) 25 678>25 687. 4. «10 саны 20 санынан үлкен, бірақ 30 санынан кіші» сөйлемін қостеңсіздік арқылы жазыңдар:
1) 20 > 10< 30 2) 20 > 10және 20 < 30 3) 10 < 20< 30.
5. «а саны b санынан үлкен, бірақ с санынан кіші» сөйлемін қостеңсіздік арқылы жазыңдар:
1) а > b < с2) а > b және а < с3) b < а < с.
Қалыптастырушы бағалауға арналған 4-тест тапсырмалары (§4)
Дұрыс жауапты белгілеңдер: 1. 73 + 278 · (373 – 3025 : 25) өрнегінің мәнін табудағы амалдар реті:
қосу
азайту
көбейту
бөлу .
2. 73 + 278 · 373 – 3025 : 25 өрнегінің мәнін табудағы амалдар реті:
қосу
азайту
көбейту
бөлу .
3. 728 · 83 + 272 · 83 өрнегінің мәнін табу үшін қай қасиетті қолданған тиімді?
1) қосудың терімділік қасиеті
2) көбейтудің терімділік қасиеті
3) қосудың ауыстырымдылық қасиеті
4) көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті
5) қосуға қатысты көбейтудің үлестірімділік қасиеті.
4. (972 · 4) · 25 өрнегінің мәнін табу үшін қай қасиетті қолданған тиімді?
1) қосудың терімділік қасиеті
2) көбейтудің терімділік қасиеті
3) қосудың ауыстырымдылық қасиеті
4) көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті
5) қосуға қатысты көбейтудің үлестірімділік қасиеті.
5. 521 + (479 + 836) өрнегінің мәнін табу үшін қай қасиетті қолданған тиімді?
1) қосудың терімділік қасиеті
2) көбейтудің терімділік қасиеті
3) қосудың ауыстырымдылық қасиеті
4) көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті
5) қосуға қатысты көбейтудің үлестірімділік қасиеті.
6. 501 + (836 + 499) өрнегінің мәнін табу үшін қай қасиетті ғана қолданған тиімді?
1) қосудың терімділік қасиеті
2) қосудың ауыстырымдылық қасиеті
3) қосудың терімділік және ауыстырымдылық қасиеті.
7. (4 · 892) · 25 өрнегінің мәнін табу үшін қай қасиетті ғана қолданған тиімді?
1) көбейтудің терімділік қасиеті
2) көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті
3) көбейтудің терімділік және ауыстырымдылық қасиеті.