5-сынып Математика Әдістемелік нұсқауға қосымша


Қалыптастырушы бағалауға арналған 5-тест тапсырмалары (§5)



бет3/24
Дата22.05.2023
өлшемі0,66 Mb.
#95811
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
5-сынып Тест тапсырмалары

Қалыптастырушы бағалауға арналған 5-тест тапсырмалары (§5)


Дұрыс жауапты белгілеңдер:
1. Ортақ көбейткішті жақшаның сыртына шығару және жақшаны ашу қай қасиеттің көмегімен орындалады?
1) қосудың терімділік қасиеті
2) көбейтудің терімділік қасиеті
3) қосудың ауыстырымдылық қасиеті
4) көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті
5) қосуға қатысты көбейтудің үлестірімділік қасиеті.
2. Айырымды көбейтінді түрінде немесе көбейтіндіні айырым түрінде қай қасиеттің көмегімен жазуға болады?
1) қосудың терімділік қасиеті
2) көбейтудің терімділік қасиеті
3) қосудың ауыстырымдылық қасиеті
4) көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті
5) айырымға қатысты көбейтудің үлестірімділік қасиеті.
3. Қосындыны көбейтінді түрінде немесе көбейтіндіні қосынды түрінде қай қасиеттің көмегімен жазуға болады?
1) қосудың терімділік қасиеті
2) көбейтудің терімділік қасиеті
3) қосудың ауыстырымдылық қасиеті
4) көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті
5) қосуға қатысты көбейтудің үлестірімділік қасиеті.
4. 728 · х + 272 · х өрнегін ықшамдаңдар
1) 1000 + 2х
2) 1000 + х
3) 1000х.
5. (х · 4) · 25 өрнегін ықшамдаңдар
1) х + 100
2) х · 100
3) 100х.
6. 501 + (х + 499) өрнегін ықшамдаңдар
1) 1000 + х
2) 1000 · х
3) 1000х.
7. 27х + 609 + 13х + 91 өрнегін ықшамдаңдар
1) 27х + 13х + 700
2) 40х + 700
3) 740х.


Қалыптастырушы бағалауға арналған 6-тест тапсырмалары (§6)


Толықтырыңдар:
1. 154 – х · 120 = 34 теңдеуінің шешімі ___.
2. 40 · 5 – 7х = 60 теңдеуінің түбірі ___.
Дұрыс жауапты белгілеңдер:
3. 75 х – 25 х = 100 теңдеуінің шешімі
1) 1 2) 2 3) 10 000 4) 50 5) 150.
4. х + 9 · 80 = 740 теңдеуінің түбірі
1) 2 2) 20 3) 1460 4) 651 5) 6300.
5. 10 саны қай теңдеудің шешімі болады?
1) (15 – х) · 40 = 2000 4) 50х – 8 · 50 = 18
2) 2000 : (х + 10) = 10 5) 150 + 15х = 1650.
3) 10 000 – 100х = 9000
6. 0 саны қай теңдеудің шешімі болады?
1) 15 – х · 140 = 30 4) 4 · 250 – 591х = 409
2) 248 : х + 10 = 10 5) (150 + 15)х = 1650.
3) (12 932 – 147)х = 0
7. 5 саны * · х = 6300 : 70 теңдеуінің шешімі болу үшін * орнына қандай сан қою керек?
1) 90 2) 1350 3) 135 4) 6 5) 60.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет