Қалыптастырушы бағалауға арналған 7-тест тапсырмалары (§7)
Толықтырыңдар: 1. Қабырғасының ұзындығы а болатын текшенің көлемін есептейтін формула V = _____.
2. Ұзындығы а, ені b болатын тіктөртбұрыштың ауданын есептейтін формула S = ______.
3. Егер S = а · bболса, онда a = __________. 4. t уақытта v жылдамдықпен жүрілгін жолды есептейтін формула s = _____.
5. Егер s = v · tболса, онда t = __________. 6. Шаршының периметрі P болса, онда ақабырғасын есептеу формуласы а = _____.
7. Тіктөртбұрыштың периметрі P және ені bболса, онда аұзындығын есептеу формуласы а = ________.
Қалыптастырушы бағалауға арналған 8-тест тапсырмалары (§8)
Толықтырыңдар: 1. Пойыз құрамында 54 орыннан 14 вагон бар және пойызда 721 жолаушы болатын болса, онда пойыздағы бос орын _____.
2. Тіктөртбұрыштың периметрі 48 см және ұзындығы енінен 12 см-ге артық болса, онда оның ені ____см.
3. Дәріні күніне 2 данадан бір айы бойы қабылдау керек болса, онда әр бумада 14 данадан бар 2540 тг тұратын бумадан қаншасын алу керек және оған қанша теңге төленеді?
Дұрыс жауапты белгілеңдер: 4. «Бір квадрат метрден өнімділігі 5 кг-нан болатын бірінші алаңнан 75 кг, осындай ауданы бар екінші алаңнан 90 кг қияр жиналды. Екінші алаңның бір квадрат метрдегі өнімділігін табыңдар» мәтінді есебін келесі теңдеумен шығаруға болады.
1) 75 : 5 = 90 ; х
2) 90 : 5 = х : 75
3) 90 · 5 = 75 · х.
5. «Белгілі арақашықтықты автобус 75 км/сағ жылдамдықпен, осы арақашықтықты жеңіл машина 90 км/сағ жылдамдықпен 5 сағ-та жүріп өтті. Автобустың жылдамдығы қандай?» мәтінді есебін келесі теңдеумен шығаруға болады.
1) 75 : 5 = 90 ; х
2) 90 : 5 = х : 75
3) 90 · 5 = 75 · х.
6. «5 сағ-та 90 тал отырғызылды, ондай өнімділікпен жұмыс атқаратын болса, онда 75 сағ-та қанша тал отырғызуға болады?» мәтінді есебін келесі теңдеумен шығаруға болады.
1) 75 : 5 = 90 ; х
2) 90 : 5 = х : 75
3) 90 · 5 = 75 · х.