Қар барысы – мысық тұқымдастардың ерекше өкілі. Олар кербез және биік тауларда мекендейді. Өкінішке орай, олар жойылып кетудің алдында тұр.
Қар барысының тағы бір атауы – ілбіс. Ол түркі тілінен аударғанда «қар мысығы» деген мағынаны береді. Қар барыстары бүгінгі күннің өзінде аз зерттелген. Себебі олардың мекендейтін ортасына жету қиын болғандықтан, кез келген зерттеуді қиындатады. Олардың қаншалықты ұзақ өмір сүретіні нақты белгісіз. Қазіргі зерттеулер олардың 20-25 жыл өмір сүретінін айтады.
Көптеген азия халықтары үшін бұл жануар күштің, тектіліктің және биліктің символы болып табылады. Қазақстанда қар барысын Тянь-Шань тауларында, атап айтқанда Өгем жотасында, Талас Алатауында, Іле және Жоңғар Алатауында, сондай-ақ елдің шығысында орналасқан Тарбағатай, Сауыр жоталарында және Оңтүстік Алтайда кездестіруге болады. [4]
Мәтін мазмұнына сәйкес келетін сөйлемдерді көрсетіңіз, (+) белгісін қойыңыз:
Ілбіс – қар барысының екінші атауы.
Қар барысы жойылып кетудің алдында тұр.
Зерттеулер олардың 30-35 жыл өмір сүретінін айтады.
Қазақстанда барысты Іле және Жоңғар Алатауында кездестіруге болады.
Ол түркі тілінен аударғанда ...... Қазіргі зерттеулер олардың ...... Көптеген азия халықтары үшін ...... Олар кербез және ...... Қар барыстары бүгінгі ......