Оқытудың мақсаты: Білім алушыларды заманауи ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану үшін базалық білім, білік және дағдылармен қамтамасыз ету болып табылады. Оқытудың мақсаты информатика және қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың теориялық негіздері бойынша базалық білім жүйелеу арқылы ақпараттық құзіреттілікті қалыптастыру, әр түрлі ақпараттарды өңдеудің қарапайым бағдарламаларымен жұмыс істеу дағдылары, алгоритмдік және операциялық ойлау қабілеттерін дамыту, программалау тілдерінің бірімен, модельдеу қағидаларымен танысу болып табылады.
9-сыныпқа арналған "Информатика" оқу пәнінің базалық білім мазмұны келесі бөлімшелерді қамтиды: 1) "Компьютердің құрылғылары". Мақсатына байланысты компьютердің аппараттық конфигурациясын таңдау;
2) "Программалық қамтамасыз ету". Пайдаланушының қажеттіліктеріне байланысты бағдарламалық қамтамасыз етуді таңдау;
3) "Компьютерлік желілер". Бұлтты технологияларды қолдану арқылы құжаттармен ортақ жұмыс істеу;
4) "Ақпаратты ұсыну және өлшеу". Ақпарат қасиеттері (өзектілігі, дәлдігі, анықтығы, құндылығы);
5) "Ақпараттық объектілерді құру және түрлендіру". Дерекқор, өріс, жазба. Электрондық кестеде деректер базасын құру. Деректерді іздеу, сұрыптау және сүзгілеу;
6) "Модельдеу". Процесс моделдерін (физикалық, биологиялық, экономикалық) электрондық кестеде зерттеу және құру;
7) "Программалау". Бір өлшемді массив. Екі өлшемді массив. Массивтерді өңдеудің негізгі алгоритмдері: массив элементтерін іздеу, сұрыптау, орнын ауыстыру, жою және қою. PyGame (пайгейм) кітапханасы. Ойынның артқы фоны. Ойынға арналған дайын кейіпкерлер. Кейіпкер қозғалысы. Дайын сценарий бойынша ойын программмалау. Ойын нәтижелерін есептеу;
8) "Эргономика". Компьютерде ұзақ уақыт жұмыс істеу тәуекелін бағалау;
9) "Ақпараттық қауіпсіздік". Желіде жұмыс істеудің этикалық және құқықтық нормаларын бұзу салдарлары.
Оқыту міндеттері:
оқушыларды ақпараттық мәдениетке және техникаға ұқыпты болуға тәрбиелеу.
Информатика пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
9 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 36 сағат;
5-9сыныптардағыИнформатика»пәнібойыншажиынтықбағалаусаны. Пәннің оқу бағдарламасы бойынша 6, 7, 8, 9-сыныптарда 3-тоқсанда бір ғана «Phyton программалау тілінде программалау» бөлімі оқытылады. Білім алушылардың бөлім бойынша оқу мақсаттарын игеру деңгейлерін нақты анықтау үшін аталған бөлім бойынша екі жиынтық бағалау өткізу ұсынылады.