8-сыныпқа арналған "Информатика" оқу пәнінің базалық білім мазмұны келесі бөлімшелерді қамтиды: 1) "Компьютердің құрылғылары". Процессор және оның негізгі сипаттамалары;
2) "Компьютерлік желілер". Компьютерлік желінің өткізу қабілеті;
3) "Ақпаратты ұсыну және өлшеу". Ақпараттың көлемін бағалаудың алфавиттік тәсілі;
4) "Ақпараттық объектілерді құру және түрлендіру". Электрондық кестелердегі деректер пішімдері. Абсолюттік және салыстырмалы сілтемелер. Функциялар графиктерін құру. Кірістірілген функцияларды пайдалану: математикалық (сомасы, көбейтіндісі, дәрежесі), статистикалық (ең төменгі, ең жоғары, орташа, есеп), логикалық (егер);
5) "Модельдеу". Интеграцияланған дайындау ортасында қолданбалы міндеттерді шешу;
6) "Алгоритмдер". Алгоритм трассировкасы. Интеграцияланған дайындау ортасында міндеттерді шешу;
7) "Программалау". Цикл операторлары (параметрі бар цикл, алғышартты цикл, кейінгі шартты цикл).
8) "Эргономика". Электрондық құрылғылардың адам ағзасына әсері, электрондық құрылғылардың теріс әсерінен қорғау тәсілдері.
9) "Ақпараттық қауіпсіздік". Желідегі пайдаланушының қауіпсіздігі: алаяқтық, интернеттегі агрессия.
Оқыту міндеттері:
білім алушылардың бойында ақпараттық процестердің қоғамдағы рөлін, адамзат қызметінің әр түрлі саласында ақпараттық технологияларды пайдаланудың техникалық мүмкіндіктері мен перспективаларын түсінуін қалыптастыру;
ақпараттық технологияларды күнделікті өмірде, оқуда және келешек еңбек іс – әрекетінде тиімді қолдану біліктерін дамыту;
білім алушылардың жүйелерді талдауда, шешімдерді әзірлеу, программалық қосымшаларды қалыптастыру және өз өнімдерін бағалауда компьютерлердің жұмыс істеуі негізгі қағидаларын меңгеру;
талдау, абстракция, модельдеу және программалау арқылы әр түрлі міндеттерді шеше білулерін дамыту;
білім алушылардың логикалық, алгоритмдік, сонымен қатар, жалпылау мен үйлестік, тапсырмаларды құрамдас бөлікке ажырату мен ортақ заңдылықтарды бөлу, қойылған міндеттерді шешуде тиімді әрі оңтайлы тәсілдер табу мүмкіндіктерін қамтитын есептік ойлауды дамыту;
білім алушылардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру – жалпы ережелерді ұстану және жеке тұлға мен бүкіл қазақстандық әлеуметтің мүддесін көздеу;
білім алушылардың ғылыми тілді меңгеруіне және пән бойынша ұғымдық аппаратты байытуына ықпал ету
Информатика пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
8 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 36 сағат;
5-9сыныптардағыИнформатика»пәнібойыншажиынтықбағалаусаны. Пәннің оқу бағдарламасы бойынша 6, 7, 8, 9-сыныптарда 3-тоқсанда бір ғана «Phyton программалау тілінде программалау» бөлімі оқытылады. Білім алушылардың бөлім бойынша оқу мақсаттарын игеру деңгейлерін нақты анықтау үшін аталған бөлім бойынша екі жиынтық бағалау өткізу ұсынылады.
«Информатика» пәні бойынша жиынтық бағалау саны»