|
Оқу жылына арналған жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
|
бет | 2/5 | Дата | 14.09.2023 | өлшемі | 0,72 Mb. | | #107676 |
| Байланысты: !ОШ доп СО Информатика 5кл каз (1)
Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-сыныптарына арналған «Информатика» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы.
3. Күтілетін нәтижелер
Білу:
қауіпсіздік техникасы ережелерін;
процессор анықтамасын;
қатты диск анықтамасын;
бағдарламалық қамсыздандыру анықтамасын;
ақпараттың анықтамасын;
ақпараттың әртүрлі формада берілуін;
алгоритм анықтамасын.
Түсіну:
қауіпсіздік техникасы ережелерін бұзу зардаптары туралы;
процессордың міндетін;
қатты дисктің міндетін;
бөгде жұмысты көшірудің заңсыздығы туралы;
ақпарат пен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарының экономикалық, құқықтық және этикалық аспектілерін;
пайдаланушының жүйемен жұмыс жасауы үшін бағдарламалық қамсыздандырудың қажеттілігін;
алгоритмнің сөз түрінде ұсынылуын.
Қолдану:
құжаттарға құпия сөз орнатуды;
файлдарды жалпы қолданысқа рұқсат етілген етуді;
жалпы қолданысқа рұқсат етілген файлдарды өзгертуді және жүктеп алуды;
растрлы бейнелерді құруды және өңдеуді;
орындаушыларға және олардың командалар жүйесіне мысалдарды;
ойын бағдарламалау ортасында (Лого, Scratch) нысандар мен оқиғалар анимациясын;
құжатты баспаға шығаруды тиімді ұйымдастыруды (парақ параметрін орнату, алдын ала көру және т.с.с.).
Талдау:
ойын бағдарламалау ортасында (Лого, Scratch) тармақталу және цикл командаларын;
бөгде жұмысты көшірудің заңсыздығын.
Жинақтау:
өз ойларын көрсету және іске асыру үшін мәтін, графика және мультимедиа түріндегі ақпаратты.
Бағалау:
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|