5 соөж ХХ ғ. басындағығылыми зерттеулер. Ә. Бөкейхан еңбектері. Абайтанудың алғашқы асулары. Ә. Бөкейхан еңбектерінің әдіснамалық табиғатын зерделеңіз. ХХ ғ. басындағығылыми зерттеулер



бет2/2
Дата15.12.2023
өлшемі19,79 Kb.
#138601
1   2
Байланысты:
5 Срсп. Салыстырмалы әдебиет

2. Ә. Бөкейхан еңбектері.
XIX ғасырдың соңында Омбы орман шаруашылығы училищесінде оқытушылық қызмет атқарып, ғылыми жұмыстармен айналысады. Ол 1896 ж. көрнекті ғалымдардың кепілдемесімен Орыс географиялық қоғамы Батыс-Сібір бөлімшесінің толық мүшесі болып сайланды.
Әлихан «Ресей. Жалпы географиялық сипаттама» атты көп томдық еңбектің қазақ даласына арналған 18 томына автор ретінде қатынасқан. Ол ғылыми жұмыспен қатар қоғамдық-әлеуметтік саяси қызметтерге де белсене араласа бастайды. 1904 жылы қазақ даласына қоныс аудару қозғалысын даярлап берген Ф.А. Шербина экспедициясының құрамында болды. 1911-14 жж. Әлихан Бөкейхан «Жаңа энциклопедиялық сөздіктің» 4-21 томдарына автор ретінде қатысты.
Ол Ақпан төңкерісінен үлкен үміт күтеді. Бірақ ол үміті ақталмайды. Уақытша үкімет, оның ішінде өзі мүшесі болып жүрген кадет партиясының көсемдері қазаққа автономия беруге қарсы болады. Оның үстіне олармен жер мәселесі жөнінде де ымыраға келе алмайды да, ол бұл партиядан шығып, қазақтан сайланған тоғыз өкілді бастап барып, Томск қаласында Сібір автономистерінің құрылтайына қатысады. Осында болашақ Сібір республикасының құрамында Қазақ автономиясы құрылмақ болады.
Құрылтайдан оралысымен Әлихан қазақ тарихындағы тұңғыш саяси ұйым Алаш партиясын ұйымдастыруға кіріседі. Артынша, 1917 ж. желтоқсанында Екінші жалпықазақ съезі Алаш автономиясы жарияланып, Ә. Бөкейхан сол алғашқы Қазақ республикасының тұңғыш төрағасы (президенті) болып сайланады.
3. Абайтанудың алғашқы асулары.
Абайтану тарихы 1889 жылы басталып, қазақ әдебиетінде 50-жылдары өpic алды. Бұл мөселені тұңғыш рет сөз етіп, өз алдына арнайы түрде зерттеу қажеттілігі ең алдымен Мұхтар Әуезовтің, сонымен бірге Сәбит Мұқанов, Қажым Жұмалиев, Есмағамбет Самұратұлы Ысмайылов, Митрофан Семенович Сильченко, Әбіш Мұсылманқұлұлы Жиреншин еңбектерінде көрініс тапты.
Академик Қ. Жұмалиевтің жетекшілігімен осы тақырыпқа «Абай Құнанбаевтың әдеби мұрасының зерттелу жайы» деп аталатын кандидаттық диссертация қорғалып, ақын мұрасы туралы жазылған еңбектердің тұңғыш библиографиялық көрсеткіші «Абай Құнанбаев» деген атпен жарық көрді (1965).
Осы еңбектер негізінде М. Мырзахметұлының «Абайтану тарихы» деген тақырыпта монографиялық ғылыми-зерттеу жұмысы жарияланды (1994). Ендігі жерде абайтанудың негізін салушы Әуезов дәуірін аяқтап, 1965-1995 жылыаралығындағы Абайтану тарихын жазу міндеті алға шықты. Абайтану саласындағы ақтаңдақтар қатпары жазылып, бұрын назардан тыс қалған мақалалар мен зерттеулер арнайы топтастырылған жинақ «Абайды оқы, таңырқа» деген атпен оқырман қолына тиді (1993). Абай тарихы жоғары оқу орындарында 1966 жылдан бастап арнайы курс ретінде бастады.
Абайтану тарихы — бүгінде үдере дамып, өсу, өркендеу жолында қызу түрдегі пікірталас үстінде қалыптасқан Абайтанудың іргелі саласының біріне айналды. Абайтану жөніндегі ой-пікірлер арнайы түрде зерттеу нысанасына алынбаса да зерттеушілер тарапынан Абай мұрасының бір саласын зерттеу үстінде жанама түрде айтылса, екіншілері оған арнайы тоқталып пікір айтса, үшіншілері Абайтану саласының жалпы қалыптасу жолына орай қарастырса, соңғылары Абай мұрасының жариялану тарихына орай пікір қозғады. Ал Абайтанудың негізін салушы Әуезов болса Абайтану жөніндегі ой-пікірін елуінші жылдар ішінде Абайтанудан оқыған дәрістерінде сөз ете бастаған еді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет