Тұтыну несиесі – жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу үшін және тұрмыстық қызметтерді өтуге берілетін есие.
Ипотекалық несие – қозғалмайтын мүліктерді (тұрғын үйді, ғимаратты, жерді т.с.с.) кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге берілетін несие.
Банк аралық несие – банктердің бір-біріне беретін несиесі.
.
Сенім - несиесі – банктің сеніміне кірген, төлем қабілеті жоғары корпоративтік клиенттерге берілген несие.
Сенім - несиесі – банктің сеніміне кірген, төлем қабілеті жоғары корпоративтік клиенттерге берілген несие.
Ломбардтық несие – тауарлы- материялдық құндылықтар мен мүліктік т.б. кепілге ала отырып , несие берушінің қатаң тіркелген сомада қысқа мерзімге беретін несиесі және т.б.
Лизинг – бір жағына инвестициялық қызмет түрі болса, екінші жағынан жалдың (аренданың) ерекше түрі болып табылады. Бірақ жалдан (арендадан) айырмашылығы лизинг алушы лизинг затын болашақта өз меншігіне өткізу құқығына ие бола алады. Лизингтің арқасында кәсіпкер немесе кәсіпорын өндіріске қажетті құралдарды ірі капитал салымын жасамастан уақытша пайдалануға мүмкіндік алады.