5-тарау. Педагогикалық зерттеулердің Әдіснамасы мен әдістемесі


-кесте. Әлеуметтік педагогиканың инварианттарының әдістемелік талдауының логикалық-гносеологиялық деңгейдегі өзара байланысы



бет21/33
Дата27.12.2022
өлшемі0,53 Mb.
#59869
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   33
5-кесте. Әлеуметтік педагогиканың инварианттарының әдістемелік талдауының логикалық-гносеологиялық деңгейдегі өзара байланысы



Әлеуметтік педагогиканың сапалық жағдайы

Әлеуметтік педагогика әлеуметтік тәжірибенің саласы ретінде

Әлеуметтік педагогика ғылыми пән ретінде

Әлеуметтік педагогика білім беру кешені ретінде

Объект

Адам өзінің әлеуметтік ортасында

Адам мен социуммен өзара әрекеттістігі

Адам мен әлеумет пен өзара әрекеттесуінің педагогикалық заңдылықтары

Пән

Адам мен әлеуметпен өзара әрекеттістігі

Адам мен социумның өзара әрекеттесуінің педагогикалық заңдылықтары

Әлемнің әлеуметтік-педагогикалық бейнесі

Мақсат

Тұлға мен әлеуметтің өзара әрекеттестігің үйлесімділігі

Осы әрекеттестіктің үйлесімдігі бойынша әлеуметтік-педагогикалық қызметтің ғылыми негіздемесін жоғарлату

Әлемнің ғылыми әлеуметтік-педагогикалық көрінісін қалыптастыру

Әлеуметтік педагогиканың негізгі категориялары оның объекті мен таным пәнін және түрленуді сипаттайтын терминологиялық аппаратын анықтайды. Олар әлеуметтік педагогиканың дамуымен қатар үнемі дамып отырады. Осылайша, әлеуметтік-педагогикалық білімнің әдістемелік талдауының логико-гносеологиялық деңгейінде жалпылама әлеуметтік педагогиканың толық күрделілігі мен мазмұнының байлығын көрсетеді.


Ғылыми пән ретінде қалыптасуда әлеуметтік педагогика көптеген қайшылықтарға кезікті және де бұл оның парадимасында (грек. paradeigma – мысал, үлгі) – негізгі ғылыми жетістіктер жүйесінен (теориялар, әдістер) көрініс тапты. Осы үлгі негізінде белгілі тарихи кезеңде, нақты білім аймағында (пән) ғалымдардың зерттеу тәжірибесі ұйымдастырылатын. Олардың жіктелуіне негіз ретінде адам мен қоғам жөніндегі ғылымдар жиынтығында әлеуметтік педагогикалық тәжірибенің сан қырын қамтуы, ғылымдар мен ғылыми пәндер арасындағы әдіснамалық алғышарттардың айқындалуы негіз болып отыр.
Бірінші парадигмапедагогикалық – әлеуметтік педагогиканың жалпы педагогикалық ғылымдармен тікелей әдіснамалық байланысын мойындау, оның тұлғаның әлеуметтік дамуы сынды ғылымның жеке бөлімін анықтаған, педагогиканың бір саласы ретінде танылуы.
Екінші парадигма әлеуметтік педагогика әдіснамасының әлеуметтік ғылымдармен байланысындағы артықшылығы, осының нәтижесінде туындаған: әлеуметтік педагогика, қоршаған орта педагогикасы.
Жоғарыда аталған парадигмалар жалаң түрде сирек кезігеді. Оларды көбінесе аралас түрде алады, себебі дәл осы парадигма аймағында зерттеумен айналысатын зерттеушілер оның кемшілігін дәл осы әлеуметтік педагогиканың пәнаралық қасиеттерінің бірлесуінде байқай алады.
Үшінші парадигмаәлеуметтанулық-педагогикалық әлеуметтік орта жағдайында тұлға ретінде тәрбиелеу әдісін байланыстырады
Төртінші парадигмаәлеуметтік-педагогикалық – оның бағасына сай әлеуметтік-педагогикалық білімді қамтиды және осыған қатысты жаңа әдіснамалық көзқарасты туындатады. Оның мәні арнайы ұйымдастырылған әлеуметтік әр алуандылық; әлеуметтік тәрбие, яғни әлеуметтік әрекет әсерімен өтетін әлеуметтің әр түрлі әлеуметтік-педагогикалық институттың әлеуметтік үдерісінің үшбірлігін мойындауда болып отыр.
Демек, әлеуметтік педагогика бір жағынан адам мен қоғам туралы ғылым салаларымен байланысатын педагогика ғылымының бір бөлігі; ал екінші жағынан – педагогика ғылымынан бөлініп, одан еш уақытта ажырамайтын әлеметтік ғылым саласы десе; үшінші жағынан білімнің теория, практика және оқу пәні ретіндегі жеке дара сала ретінде есептеледі. Ол:
–әр түрлі үдеріс аясында (әлеуметтену, әлеуметтік тәрбие, әлеуметтік қалыптасу, әлеметтік қалпына келу, әлеуметтік шынығу) адамның әлеуметтік дамуымен (қалыптасуымен);
–мегаполис, қала, ауыл инфрақұрылым педагогикасымен құрылымданған педагогикалық әдістермен қайта өңделуі;
–тұлғаның әлеуметтік ортаға енуімен байланысты тәжірибені қамтиды.
Бұл әлеуметтік педагогиканы өзге ғылымдардан айырмашылығы және ғылыми пән ретінде оның негізгі бөлімдерін айқындайды.
Әлеуметтік педагогиканың логико-гносеологиялық негіздерінің құрамына оның негізгі категорияларын, сонымен қатар, қызметі мен міндеттерін, мақсатын, оның объектісін анықтаушы ғылыми әдіснамалық сараптама деңгейінде қалыптасатын білім енеді.
Әлеуметтік педагогикада практикалық әрекет аймағын, ғылыми пән және білім беру жиынтығын бөліп көрсетеді. Мұндай реттілік ғылыми таным логикасымен белгіленеді.
Әлеуметтік педагогика тәжірибе ретінде адамдар мен социум институттары әрекетінің ғылыми түрлену мазмұны мен қасиеттерін қамтиды. Оның объектісі адамның әлеуметтік ортамен қатнасы болып табылса, мәні – әлеумет әрекетінен тұлғаның әлеуметтік қалыптасуын анықтайтын құбылыстар мен үдерістер жиынтығы болып табылады. Олардың әрқайсысына қатысты өзінің әлеуметтік педагогикалық мақсаттары бар. Бірі үшін нақты әлеуметтік-педагогикалық мәселелерді игеруге әлеуметтік-педагогикалық мән беру болса, енді бірі үшін тұлғаға ортаның кері әсерінен туындайтын кемшіліктерді мақсатты түрде болдырмау және алдын алу әрекеті; үшіншілері үшін әлеуметтік даму мен тәрбиенің тиімді дамуы мен сақталуы болып табылады. Әлеуметтік педагогиканың пән ретіндегі міндеттері мынадай топтарға біріктірілген:
–практикалық әлеуметтік педагогикалық әрекетті зерттеу: социумның даму заңдылықтарын ондағы әлеуметтік қатынастарды анықтау, әлеумет институттары мен субъекттің әлеуметтік педагогикалық әрекетін анықтау; әлеуметтік орта дамуының әр түрлі деңгейінде үрдісін анықтау; әлеуметтік педагог әрекетінің формасы мен әдісі, тәсілі, мазмұны, ұстанымы; шет елдік институттар мен ұйымдарда, қызметкерлердің әлеуметтік педагогикалық әрекеті тәжірибесін бағалау және сараптау;
–әлеметтік педагогиканың дамуы: ғылымның теориялық және теория-әдіснамалық, әдіснамалық тұрғыдан қалыптасуы; әлеуметтік-педагогикалық ғылымтаным объектісі, әдіс-тәсілдердің, міндеттердің, мақсат мазмұндарының анықталуы; ғылыми білім аймағы ретінде әлеуметтік педагогиканың ғылыми-пәндік және ғылыми-мазмұндық, қызметтік құрылымын жинақтау; әлеуметтік педагогиканың ғылыми-әдістемелік және технологиялық негіздерін, әлеуметтік-педагогикалық тәжірибені ғылыми зерттеудің технологиялары мен әдістерін құру; әлеуметтік саладағы мамандарды даярлауға арналған жеке білім беру кешенінің теориялық негіздемесі.
Әлеуметтік-педагогикалық үдерістің ішкі және сыртқы факторларының қызметтері мен дамуы, олардың элементтері мен қарым-қатынастарының байланысы тарихи-жүйелілік тұрғыда зерттелуі тиіс. Қоғамның тарихи, әлеуметтік-мәдени дамуында жеке тұлғаны қалыптастырудың басты философиялық қағидалары бар: бүкіл адамзат қоғамының даму тарихында ғылыми-зерттеу жұмыстары дәлелдегендей, адам және оны тәрбиелеу мәселелері өзінің өзектілігімен (Л.С. Выготский, А.Н. Леонтьев, Д.Б. Эльконин, С.М. Жақыпов, т. б), яғни, философиялық, тарихи, әлеуметтік, психологиялық және педагогикалық ғылыми зерттеулерді ретроспективті талдау нәтижесінде адамның тұлғалық құрылымында ерекше орын алатын басты қасиет-адамның өзін-өзі тануы, айналасындағы адамдармен қарым-қатынас және олармен рухани-адамгершілікті байланыстар жасауымен (Ж.М. Әбділдин, В.Г. Афанасьев, Ә. Нысанбаев, т. б), әрбір, тарихи, әлеуметтік-мәдени орта жағдайында адамның мораль тұрғысынан қалыптасуына өзі өмір сүріп отырған қоғамның және әлеуметтік ортаның, шағын ортаның (отбасы, мектеп, жолдастары, т. б. тәрбиелік ықпалымен (Б. Г. Ананьев, Б. Ф. Ломов, М. Мұқанов, т. б.) анықталады.
Аталмыш қағидалар негізінде қазіргі уақытта әлеуметтік педагогика әдіснамасы әлеумет, тұлғаның әлеуметтенуі, әлеуметтік білім беру, әлеуметтік тәрбие, әлеуметтік даму, әлеуметтік институт, әлеуметтік-педагогикалық үдеріс, әлеуметтік қарым-қатынас, әлеуметтік өзара әрекеттестік, әлеуметтік-педагогикалық әрекет, әлеуметтік-педагогикалық болжамдау, әлеуметтік-педагогикалық жобалау, әлеуметтік-педагогикалық үлгілеу сияқты өзінің категорияларының мәнін жан-жақты қарастыруда. Осы ұғымдарды зерделеуде әлеуметтік-педагогикалық ұстанымдардың ролі артуда. Айталық, зерттеушілр әуелі әлеуметтік педагогика әдіснамасын нақтылауда. И.А. Липскийдің, В.И. Загвязинскийдің пайымдауынша, әлеуметтік педагогика әдіснамасының ішкі құрылымы оның мазмұнын көрсетеді және мыналарды қамтиды:
ғылыми-зерттеу қызметі теориясы. Әлеуметтік-педагогикалық практиканың таным туралы білімі (әлеуметтік педагогика әдіснамасы) әлеуметтік педагогтің ғылыми-зерттеу қызметін және ғылыми танымдық үдерістің қағидалары мен мазмұнын, ұйымдастырылуын, логикалық құрылымын және үдерістерін зерттеу мен қалыптастыруды көздейді. Ол ғылыми зерттеуге сипаттама: проблема, тақырып, өзектілік, зерттеу объектісі, оның нысанасы, мақсаты, міндеті, жорамал, яғни ғылым және практика үшін маңызды әдіснамалық тізбе түрінде баяндалуы мүмкін;
пәндік ғылымтану теориясы. «Әлеуметтік-педагогикалық ғылымтану» деп аталатын әлеуметтік педагогика әдіснамасының зерттеумен айналысатын бөлігі - әлеуметтік-педагогикалық ғылым туралы білім. Әлеуметтік-педагогикалық ғылымтану ғылыми қызмет үдерістерінің тиімділігін көтеру мақсатындағы тұтас жүйе ретінде ғылымның қолданылу тәжірибесін кешенді түрде зерттеу және теориялық қорыту болып табылады. Ол ғылыми пән ретінде әлеуметтік педагогиканың логикалық құрылымына, оның дамуы мен негізгі функцияларын дамытуға және іске асыруға тереңдетілген талдау жасау үшін қажет:
әлеуметтік-педагогикалық қызметті ғылыми-қайта құру теориясы.
Әлеуметтік-педагогикалық практиканы қайта құру туралы білім, оған ғылыми білімдерді ендіру, практикалық қызметтегі инноватиканы, озық тәжірибені пайдалану жолымен өзінше ұйғарылған теория.
Әлеуметтік педагогиканың әдіснамалық негіздерін мынадай құрауыштар құрайды:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет