5-тарау. Педагогикалық зерттеулердің Әдіснамасы мен әдістемесі


Тәрбие мәселелерін зерттеу әдіснамасы мен әдістемесі



бет23/33
Дата27.12.2022
өлшемі0,53 Mb.
#59869
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   33
Байланысты:
Глава 5 новый

Тәрбие мәселелерін зерттеу әдіснамасы мен әдістемесі. Тәрбие үдерісін зерттеулердің әдіснамасын жаңарту қажеттілігі, жүйе құраушы тұғырларды іздестіруге әкелді. Демек, тәрбиенің ұғымдық-түсініктік аппаратын, теориясы мен технологиясының, әлеуметтік педагогиканың базалық категорияларын түсіну мен бағалауға жаңаша көзқарас қажет болды.
Білім беру жүйесіндегі тәрбиенің негізгі қағидалары бүгінгі күнде тәрбиеленушінің өз күшімен жетістікке жету мүмкіндігіне басшылық жасау тәрбие берудің басымдық рөлін арттыруда. Осыған орай, барлық педагогикалық мақсаттарды шартты түрде өзара байланысты екі топқа бөлуге болады: үлгілі және өзекті, соңғысы тұлғаның дамуы мен даралығын қалыптастыру және тәрбие қоғамдық құрылыс ретінде өте күрделі, әрі қарама-қайшылықты тарихи үдеріс. Ол жас ұрпақтың қоғам өміріне қосылуына, тұрмыс- тіршілікке, қоғамдық өндірісте қызметке араласуына, шығармашылық пен рухани-мәдени игіліктерді игеруіне, қоғамдық болмыстың негізін игеріп, жеке тұлға ретінде дамып, азамат ретінде қалыптасып жетілуіне негіз болады. Тәрбие қоғамдық прогресті дамытып, ұрпақтар жалғастығын қамтамасыз етеді. Ол әрбір жеке тұлғаның, қоғамның маңызды өндіргіш күшінің бөлшегі ретінде өз бақытын өзі құруға көмектеседі.
Тәрбие мәнін, оның қоғамдық құбылыс екендігін төмендегідей негізгі белгілері сипаттайды:
- тәрбие өсіп келе жатқан жас ұрпақтың өмірін іс-тәжірибені игеруі арқылы өндіріс жағдайына бейімделуі, қатынасуы, аға ұрпақтың өндірісте орнын басуы, оларды алмастыру қажеттігінен туды;
-тәрбие мәңгілік, қажетті, жалпы, тарихи, таптық категория. Ол адамзат қоғамы пайда болысымен пайда болды, әрі қоғам өмір сүрген кездің бәрінде өмір сүре береді. Ол қажет, себебі қоғам өмір сүруінің қоғамдық сабақтастығының, әрі ұрпақтар жалғастығының қатынасын қалыптастырудың, адамды дамытудың құралы.
Тәрбие категориясы жалпы: онда қоғамдық құбылыстардың өзге де құбылыстармен заңды байланысы мен бір-біріне тәуелділігі көрінеді. Тәрбие адамды біртұтас оқыту мен білім беру негізінде әлеуметтендіруді қалыптастыруды қарастырады.
-тәрбие әрбір қоғамдық тарихи даму кезеңінде өзінің орны, мазмұны мен түрі жағынан нақты тарихи сипатта болады. Ол қоғамдық өмірді ұйымдастыру мен оның сипатына тәуелді, сондықтан да, өз уақытының қоғамдық қарама-қайшылығын көрсетеді. Таптық қоғамда тәрбие таптық сипатқа ие болады. Үстем тап иелерінің, топтардың, әлеуметтік топтардың, құрамдық мүдделеріне сай, ал кейде бір-біріне қарама-қарсы, кереғар мүдделеріне ие болады;
-жас ұрпақ тәрбиесі олардың әлеуметтік тәжірибенің негізгі әрекеттерін игеруі арқылы жүзеге асады. Аға ұрпақтың әрі қалыптастыру үдерісінде, қарым-қатынас жүйесіне түсуі мен қоғамдық қажетті қызметке, іс-әрекетке араласуы арқылы, қоғамдық қатынастар мен өзара қарым-қатынас, балалар мен ересектердің өзара ықпалы мен бір-бірімен қатынасқа түсуі, ықпал ету мен өзара ықпал, бірлесіп қызмет етуі, ересектер мен балалардың саналы бірін-бірі түсініп қабылдауы, не түсіне алмай қабылдауына байланыссыз, тәрбиелік, тәрбиеленушілік сипатта болады.
Тәрбиелік заңдылықтарды біле отырып, тәрбие жұмыстарын алдын ала болжауға және ол іске терең мазмұндық, әрі әдістемелік мән-бағдар беруге болады. Тәрбие мәселелерін зерттеу үшін тәрбиенің дүиетанымдық негіздері туралы түсінік нақтылануда. Тәрбиеде дүниетанымдық көзқарастың қызметтері орасан зор. Қоғамда және жеке адамда дүниетанымдық ұстанымдардың қатынасуы мен ауысуының бірнеше себептері бар. Олар: өкіметтік элитаның ауысуы, екіншіден, дүниетанымдық көзқарастардың өзгеруіне ғылым күшті әсер етеді. Үшіншіден, халықтық ұлттық және тарихи ерекшеліктері, дәстүрлері. Сонымен, дүниетанымдық көзқарас идеяларының негізгі көздері өкімет, ғылым және халлық. Дүниеге көзқарастың ядросы – адамның шығуы, оның жердегі миссиясы және мәнмәнділіктегі орны туралы идеялар. Бұл мәңгілік күрделі сұрақты түсіну үшін тәрбиеленуші адамның жауапкершілігі және педагогикалық өзіндік сапасы болуы керек. Педагогикалық өзіндік сананың құрамына өзін-өзі тану ( өзін-өзі байқау, өзін-өзі талдау, өзін-өзі реттеу, өзін-өзі іске асыру, өзін-өзі өзектендіру) және өзін-өзі бақылау (өзін-өзі бағалау, өзіндік тиімділік) енеді.
Тәрбие жүйесіне және тәрбиелік қатынастарды құруға үш жаһандық дүниетанымдық жүйелер өз әсерін тигізуде. Олар: космоцентризм, теоцентризм және антропоцентризм. Космоцентризм - өте ертеден келе жатқан дүниетанымдық жүйе. Оның негізіне бастан-ақ Табиғат пен Космосты ерекше дәріптеу алынған. Космоцентризм адамның, қоғамның және табиғаттың дамуының бірдей заңдылықтарының қызметін көрсететін жаһандық дүниетанымдық жүйе деп танылды. Теоцентризм – бұл әлемді жасаушы Құдай, негізін салушы және жаратушы деп ұғынылады. Бұл ілімнің тұжырымдамалық негіздері – Торада, Библияда және Құранда мазмұндалған. Антропоцентризм - әлемдік жалпының ортасында Адамды оның билеушісі ретінде қойған жаһандық дүниетанымдық жүйе.
Сонымен, үш дүниетанымдық жүйе тікелей тәрбие жүйелерін анықтап, бірімен бірі ретімен алмасып отырған. Тіпті, бүгінгі күні де үшеуі белсенді түрде қызмет етуде. Тәрбиелік қатынастарға танымдық табиғат тән. Бұл қатнастар әдіснамалық деңгейде ғылыми ұғым және тәрбие тәжірибесі ретінде негізделген. Өйткені, тәрбиелік қатынастар дегеніміз- ұйымдастырылған таным. Таным олардың мазмұнын анықтайды, ал ұйымдастыру – қатынастарды қалыптастыру ерекшелігі. Тәрбиелік қатынастар - тәрбиеленуші мен тәрбиелеуші Адамның таным барысында өзара әрекеттің ерекше қасиеті. Соңғы кезде тәрбиелік қатынастар, тәрбиелік кеңістік, тәрбиелік үдеріс, тәрбиелік үдерісті жобалау әдіснамалық негіздеу нысанына айналып, қарқынды түрде зерттеулер жүргізілуде.
Жиырмасыншы ғасырдың соңғы ширегінде, яғни 1974 жылы профессор, педагогика ғылымдарының докторы, Ресей білім академиясының академигі Геннадий Никандрович Волковтың «Этнопедагогика» атты оқу құралының дүниеге келуі, Кеңес Одағының республикаларындағы педагогтардың ұлттық тәрбиенің қайнар көздерін шұғыл іздестіріп, оның ғылыми негіздерін дәлелді теориялар мен тұжырымдардан табуға, өз ұлтының бай тәлімдік тәжірибесін зерттеуге бірден бір себепші болды. Жалпы адамзаттық, тәрбиенің мақсаты, мазмұны, әдістері анықталып, оқушылар тәрбиесінің үлгілі мазмұны толығымен іске асырылып жатқан уақыт еді.
Қашан да әрбір азамат ұлттық дүниетанымы төңірегінде ойланып, өз жобасын құрастырып, оның қисынды іске асуын ойша пайымдап жүретіні бәрімізге мәлім нәрсе. Ұлттық даму тұжырымдамасы ұлттық идеядан бастау алады деп тұжырымдайды. Ұлттық идея жайлы саясаткерлер, тарихшылар, психологтар, мәдениеттанушылар салалы пікірлер айтуда. Бұл орайда ұлттық өркениет Батыс пен Шығыстың өркениетінен нәр алатынын тілге тиек етеді. Ұлттық мектеп кандай мектеп? Қазақ мектебінің қамын жеген ардақты зиялылардан бастап, бүгінгі алаштың ұрпақтарды да ой маржандарын ортаға салып жүр. Тек ұлттық мектеп деп өз рухани кеңістігімізбен ғана шектелуге болмайды әрине, ол ұлттық мектептің мазмұны мен түрі өркениеттік болмақ. Мақсаты – ұлттық сананы, психологияны, ойлау жүйесін, дүниетанымын, парасатын, рухын, бейнесін, сондай-ақ ұлттық инновациялық қабілетін дамыту. Бұл дегеніміз – ұлттың генологиялық құрылымы мен генетикалық қорын белгілі бір тұжырымдама негізінде пайымдау. Осының бәрі – ұлттық қауіпсіздігіміздің, өркениетке алдыңғы қатарда кіріге алуымызға себеп емес пе?
Ұлттық білім мазмұны, ұлттық тәрбие әдістері жалпы ғылымда, оның ішінде педагогика ғылымында саралануда. 1990 жылдан бері, 35 докторлық, 250 кандидаттық диссертация этнопедагогика саласында қорғалды. Бұл – баға жетпес байлық. Бұл салада профессорлар Қ. Жарықбаев, С. Қалиев, С.А. Ұзақбаева, Қ. Бөлеев, К.Ж. Қожахметова жетекшілік етіп ғылыми мектептер қалыптасуда.
Ғылымда бағыт көп. Әрбір ғалым өзінің танымдық, өмірлік, кәсіби және менталдық тәжірибесіне, интеллектуалдық әлеуетіне сәйкес белгілі бір ғылыми бағытта еңбек етеді. Ғылымда жаңа білім жасап шығаратын өндіріс деп ұғынсақ, ғылыми бағыт соны идеяны, теорияны, ұстанымды түсінуге негіз болады. Өйткені, ол бағытта нақты ғылыммен қор жинақталған, реттелген, жүйеленген. Осы бар қорға сүйене отырып, ғылыми бағытқа келген жаңа ғылыми қызметкер әуелі ғылыми бағыттың бағдарламасымен, жасаған еңбектерімен танысады, ой түйеді, нені жасап, нені жасамау керектігін аңғарады. Осындай жаңа ғылыми бағыттың бірі – этнопедагогика мәселелері. 1974 жылы Г.Н. Волковтың еңбегі жарық көргенге дейін көбіне халықтық тәрбие мүмкіндіктерін оқу-тәрбие үдерісінде пайдалануға назар аударылды. Қазақстан Республикасында соңғы жиырма жылда теориялық қағидалар зерделеніп, эмпирикалық материалдар тәп-тәуір жинақталды десек болады. Ал осылардың ғылыми тұжырымдамаларға, ұстанымдарға ұласуы әзірге баяу өрістеуде.
Жаңа ғылыми білім, яғни этнопедагогиканың пайда болуы бірқатар әдіснамалық мәселелерді туында-тады. Осы уақытқа дейін дайындалған «Қазақтың тәлім-тәрбиесі», «Қазақтың педагогикалық ой-пікірлер антологиясы» (Қ. Жарықбаев, С. Қалиев), «Қазақтың тәлімдік ойлар антологиясы» (С. Қалиев, К. Аюбай), диссертациялық зерттеулер, «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша жарық көрген философия, педагогика, психология бағыттарындағы зерттеулер нәтижелері ғылыми ізденіске өте қажет. Ғылымтанудағы, әсіресе педагогикалық ғылымтанудағы қағидаларға сүйенсек, зерттеушілер этнопедагогика ғылымының негіздерінің, әдіснамасымен теорияларының, ұстанымдарының, әдістерінің қай уақытта, кімнің еңбегінде, қай түрде бастау алғанын қазақ тілінде жете танысуға мүмкіндік алып отыр. Осы материалдардың жинақталуымен тұспа-тұс жүйелі ғылымдардың жетік меңгергендігінің арқасында этнопедагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздері зерделене бастады.
Жоғарыда айтылғандай, кез келген жаңа пәнді құру ғылымтану қағидаларының логикасына сүйенетінін басшылыққа ала отырып, профессор К.Ж. Қожахметова ең әуелі ғылыми пәннің моделіне сай этнопедагогиканы ғылым ретінде жүйелеп алды да, пәнаралық әдіснама деңгейіне көтеріп, педагогикалық ғылымтану мен педагогикалық деректану жетістіктерінің негізінде, этнопедагогикалық мәнін анықтау мақсатында Т.И. Огородниковтың «Этнопедагогика – педагогиканы этнография және фольклормен байланыстырушы ғылым саласы» дегенге сүйенді. Сөйтіп, этнопедагогиканы педагогикалық ғылымдар жүйесінде қарастырады, этнопедагогиканы этнография, педагогика, фольклор ғылымдарының түйіскен саласы екендігін нақтылай түсті. Жаңа ғылыми білім ретінде этнопедагогиканың пайда болуы, оның жеке ғылыми пән ретінде қарастырылуының заңды екендігі, этнопедагогиканың пәні, құрылымы және қызметтері, оның педагогикалық ғылыми білім жүйесіндегі орны туралы мәселелерді шешуді қажет етеді. «Этнопедагогика педагогиканың бір саласы бола отырып, өзінің жеке пәніне ие бола ала ма?» деген сұрақтар да туындап отырса керек. Әрине, бұл күрделі. Сондықтан да профессор этнопедагогиканың дербес ғылыми пән екенін, оның өзіне тән зерттеу пәнінің бар екенін дәлелдеуді жөн деп тапты.
Этнопедагогика әдіснамасы дегеніміз – этникалық топтардың балаларды тәрбиелеу мен оқытудағы, сондай-ақ, отбасы, ру, тайпа, халық, негізінде моралдық–этикалық және эстетикалық дүниетанымдарының қалыптасуына қоғамның өзсанасының дамуына сәйкес, болмысты қайта құру мақсатында этникалық топтардың бала тәрбиелеу және оқыту эмпирикалық тәжірибесінің тарихы мен теориясын зерттеу және талдау әдістері туралы ілім.
Бұл ғылымның бұдан әрі табысты дамуы оның әлемнің заманауи сипатымен қаншалықты байланысты екендігімен анықталады. Этнопедагогика ғылым ретінде, ең алдымен, әлемнің жалпығылыми сипатындағы өзгерістерге негізделген тиісті әдіснаманың жасалуын қажетсінеді.
В.С. Степиннің пікірінше, бұл ғылымның негізгі ғылыми пәннің жүйе құрушы факторы болмақ, ол ғылыми ізденістерді мақсатты түрде ғаламдық тұрғыда зерттейтін бағдарлама ретінде атқарылады, ал оның өзгеруі ғылыми революцияға алып келеді. Ғылым негізі мынадай үш құрамнан тұрады:
- аталмыш ғылыми пәннің жалпыланған болмысы жүйелік-құрылымдық сипаттамасына енетін әлемнің арнаулы ғылыми бейнесі (пәдік онтология) ;
- ғылыми таным әдісінің жалпыланған сұлбасын анықтайтын зерттеу идеалдары мен нормалары (сипаттау мен түсіндіру, дәлелдеу мен негіздеудің идеалдары мен нормалары, сондай-ақ, құрылымы мен ұйымдастырылу идеалдары);
- әлемнің қабылданған сипатын, сондай-ақ, идеалдары мен нормаларын негіздейтін, соның арқасында ғылымның оның танымдық болмысы мен әдістері жөніндегі жасаған ұсынымдары мәдени трансляция ағымына қосылатын ғылымның философиялық негіздері.
Әлем сипаты дегеніміз – «дамуының белгіленген тарихи типіне сәйкес ғылымның зерттеу пәнін қайта жаңғыртатын теориялық білімдер формасы, сондай-ақ, сол арқылы ғылыми ізденістердің түрлі салаларынан алынған нақтылы білімдерді біріктіретін және жүйелендіретін форма». Білімді жүйелендіру деңгейіне қарай әлемнің ғылыми сипатының үш типі белгіленеді: 1) барлық ғылымдардан алынған Бүкіл әлемнің, қоғам мен адамның тұтас бейнесін құрайтын білімдерді жүйелендіру көкжиегін белгілейтін жалпы; 2) ғылымның нақтылы (жаратылыс, әлеуметтік) салаларындағы білімдерді жүйелейтін; 3) нақты болмысты (тиісті ғылым зерттейтін және оны зерттеу пәнін құраушы универсум фрагментін) зерттеу сипаты - әлемнің арнаулы ғылыми сипаты.
Әлемнің қазіргі ғылыми сипатын дамыту арқылы мәдениеттердің төзімділігі мен келісіміне негізделген және осы заманға ғаламдық дағдарыстардан шығуды көздейтін ғаламдық ойлаудың жаңа тұрпаты қалыптасты.
Философтардың (Н.Н. Моисеев, В.С. Степин, В.С. Швырев т.б) пікірінше, бүгінгі таңда құрылу алғышарттары: ғылымның классикалық емес сатысына көшуі ғаламдық эволюционизмнің қазіргі заманғы идеялары жаратылыстану ғаламының ішіндегі және гуманитарлық және табиғи ғылымдар арасындағы дәстүрлі алшақтықты жоюға мүмкіндік беретін өзін-өзі ұйымдастыру тұжырымдамасы идеялары болып табылатын әлемнің бірыңғай жалпығылыми сипатының қалыптасқандығын дәлелдеуге барлық негіз бар.
Ғылым тарихынан белгілі болғандай, ғылыми танымның қалыптасуы мен дамуына әрқайсысы белгілі бір ғылыми парадигмамен байланысты бірнеше кезеңдер байқалады. «Классикалық әдіснамалық тірегі - ньютондық механика болып табылатын әлемнің механикалық сипаты табиғи түрдегі» классикалық парадигма. Классикалық парадигма мен танымның классикалық стратегиясы органикалық түрде байланысты, оған табиғаттың күрделілігі туралы пікірлерге, зерттеуші құбылыстардың болмысын, табиғаттың барлық көпбейнелілігін қарапайым және механикалық көркі бейнеде көрсетуге немқұрайды ыңғай, кездейсоқтыққа жол бермеу, табиғат объектілерінің тұрақты, өзгермейтін жай-күйіне, ондағы сандық өзгерістерге алып келетін өзгеріс үдерістеріне айрықша көңіл аудару тән.
Оның орнын алмастыратын неоклассикалық парадигма мен таным стратегиясы табиғаттағы кездейсоқтық рөліне қатынасымен ерекшеленеді. Олар кездейсоқ және мүмкін үдерістерді суреттеу тәсілдері туралы жаңа пікірлердің қалыптасуына мүмкіндік береді. Бұдан әрі ғылымның классикалық еместен кейінгі парадигмасы ғылыми ұтымдылық типін өзгертуді көздейді; объекті туралы алынатын білімдердің қызметтің құралдары мен операцияларының айрықшалығымен ғана емес, сонымен қатар, оның құндылық-мақсаттық құрылымымен ара қатынасы есепке алынады. Бұл ретте, ғылымішілік мақсаттардың ғылымнан тыс мақсаттармен, әлеуметтік құндылықтармен және мақсаттармен байланысы анықталады.
Танымның классикалық емессоңы стратегиясына табиғат жүйесінің күрделілігі, жүйе құрауыштарының тұтастығы мен ажырамастығы, бұл құрауыштарды бөлудің шарттылығы тән. Педагогика әдіснамасына жататын мәселе тұтастығымен, -моно- немесе педагогика негізінің политұғырлығы. Осы мәселені қарастыруда иерархияға және іс жүзіндегі тұғырлардың өзара әрекетіне қатысты мәселелер туындайды.
Қазіргі заманғы ғылымда түрлі негіздер бойынша, мысалы, ғылыми пәндер (философия, психология, педагогика т.б), қосымша объектісі бойынша (әрекеттік, мәдениеттанымдық, жеке тұлғалық т.б) жіктеуге болатын көптеген тұғырлар бар. Көптеген тұғырлар бір-бірін жоққа шығармайтыны, қарастырудың түрлі жоспарларын іске асыратыны анық. И.А.Зимняя көптұғырлық мәселесін қарастыра келіп, И.В. Блауберг, Э.Г. Юдин ұсынған философиялық, жалпы ғылымилық, нақты ғылымилық және өзіндік әдіснамалық төрт деңгейде талдауды негіздеуді ұсынды.
Түрлі деңгейлі тұғырлар жөнінде мысалдар келтірейік. Бірінші, философиялық деңгейде, мысалы, генетикалық және эволюциялық тұғырлар болса, екіншісі - жалпы ғылымилық деңгейде пәнаралық, кешендік, синергетикалық, атқарымдық, парадигмалық, итегралдық және т.б. болады. Нақты ғылымилық не басқа ғылымдар деңгейінде психологиялық-педагогикалық, мәдени-тарихи, мәдениеттанымдық-тұлғалық, әрекеттік тұғырлар бар. Осы осы деңгейге сондай-ақ, білім беруге қатысты, мысалы, аксиологиялық, контексттік, герминевтикалық, тұлғалық-әрекеттік және т.б тұғырлар жатады.
Білім беру кеңістігін дамытудың қазіргі заманғы кезеңінде әдіснамалық талдаудың барлық деңгейлеріне көптұғырлылық тән. Кез келген құбылыстың түсіндірмесінде көптұғырлылық оның мазмұнына, әдіснамалық базасына, практикалық негізіне терең талдау жасауға ықпал етеді. Мысалы, қазіргі заманғы білім беру кеңістігін зерттеушілер жүйелілік, аксиологиялық, құндылықтық, антропологиялық, өркениеттік, парадигмалық, интегративтік, интегралдық, синергетикалық, герменевтикалық, мағынаға орталықтандырылған, тұғырлық, әрекеттік, диалогтік, көпсубъектілік, тұлғалық-бағдарлық, технологиялық, тапсырмалық, атқарымдық, әлеуметтік-мәдени, құзыреттілік, кәсіби бағдарламалық, контекстік және т.б тұғырларды бөліп алады.
Қазіргі заманғы білім беру кеңістігін зерттеудегі көптұғырлылық психология және педагогика ғылымдарында болып жатқан үдерістерді қайта пайымдауға деген ұмтылыстарды, оларды жаңа әдіснаманың көмегімен қандай да бір құбылыстарды сипаттауға қажеттісін таңдап алуды айғақтайды. Аталған барлық ғылыми талдаудың түрлі деңгейлерінде пайдаланылады. Сонымен қатар, этнопедагогика бойынша көптеген еңбектер қазір бізге аталған ғылымның нақты ғылыми жүйесін ұсына алмайтынын, тек кейбір тұғырлар мен әдіс, құралдарды ғана еске салатынын атап өтуге болады. Дегенмен, этнопедагогикада басқа да ғылымдар секілді, жүйеленген әдіснамалық талдаусыз зерттеу жүргізілмейді.
Замануи этнопедагогиканың әдіснамалық негіздері. Педагогикадағы көптұғырлықты негіздеу үшін әдіснамалық талдаудың төрт деңгейлі тұжырымдамасы басшылыққа алынады. Талдаудың төрт деңгейіне сәйкес келесі тұғырларды (ыңғайларды) ұсынылады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет