5-тарау. Педагогикалық зерттеулердің Әдіснамасы мен әдістемесі


Идея төмендегідей мақсаттарға жәрдемдесу керек



бет31/33
Дата27.12.2022
өлшемі0,53 Mb.
#59869
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
Идея төмендегідей мақсаттарға жәрдемдесу керек:

  • қандай-да бір үдерістің немесе тәртіптеменің тиімділігі мен нәтижелілігін арттыруға, сондай-ақ бұлардың нәтижелер сапасын жақсартуға;

  • көрсетілетін қызметтер және өндірілетін өнімдер құндылығын арттыруға;

  • қолда бар техникалық құралдар мен ресурстарды техникалық жағынан жаңғыртуға немесе тиімді пайдалануға;

  • кез-келген деңгейде басқаруды жетілдіруге;

  • жұмыс орнындағы еңбек жағдайын және қауіпсіздігін жақсартуға, тиімді әдістемелер енгізуге;

  • қызмет көрсету және өнім өндіру шығындарын үнемдеуге;

  • кез-келген деңгейде үдерістер және тәртіптемелер сапасы туралы объективті ақпарат алуға.

«Кайдзен» стратегиясы мына алгоритм бойынша жүзеге асырылады: «жоспарла - жүзеге асыр – тексер – ықпал ет». Бұл стратегия үнемі инновациялық әрекетпен қатар жүретіні сөзсіз. Мұны сызба үлгі арқылы көрсетуге болады (13-сурет. Инновация мен «кайдзеннің» бірігуінің сызба үлгісі ).
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ білім мен ғылымды ұштастыра жүргізу шараларын іске асыру мақсатында ғылыми-зерттеу институттарымен келісімшарттарға қол қойылды. Зерттеу жүргізу бағыттары айқындалып, оқытушы-профессорлар құрамын, магистранттар мен докторанттарды жұмылдырудың бағдарламалары жасалынды. ҚазҰУ-дың классикалық үлгідегі оқу орнынан ұлттық зерттеу университетіне айналдырудың бағдарламасының өмірге әкелуі әлемдік топ-университеттердің орташа тобына енудің алғашқы қадамы. Жаңа үлгідегі университетке айналудың бірінші ұстанымы, ол – инновацияға негізделген білім. Сонымен қатар, мұнда 24 ғылыми-зерттеу институтын шоғырландырған ғылыми инфра-құрылым бар.
Ұлттық зертеу университеті статусын иемдену үшін студент жастардың зерттеу әрекетін дамыту қажет, өз ғылыми ойларын қаржыландыруға дейін жеткізгісі келетін шығармашыл білім алушылардан құралған бизнес-инкубатордың жұмысын белсендіру керек. СҒЗЖ және МҒЗЖ аясында жасалған кез-келген зерттеу мен гранттарды ғылыми ұжым қаржылық өнімді құру мүмкіндігі ретінде қарастыру қажет және өз интеллектуалды әлеуетін қолдана отырып нарықта кіріс таба бастау керек. Егер дипломдық жұмыс пен магистрлік диссертация бойынша жұмыстарды қарастырса, онда университетте жоғары технологиялық қаржыландырылатын жобалар саны тез өсу мүмкіндігі арта түседі (14-сурет. Студенттік бизнес-инкубатордың жұмыс жасау тізбегі).


Жаңа стандарт
«Кайдзен»
Жаңа стандарт
Инновациялар

«Кайдзен»


Инновациялар


Уақыт



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет