ДӘРІС № 8
Тақырыбы: Абай Құнанбайұлының шығармашылық өмірбаяны. Ақылбай Абайұлы,Мағауия Абайұлы шығармашылықтары.Шәңгерей Сейіткерейұлы Бөкеев Мақсаты: Абайдың шығармаларына тоқталу.Балаларының шығармашылықтарының көркемдігі мен тереңдігіне үңілу.
Тірек сөздер:Күз, жастық, махаббат, білім бай мен кедей, адамгершілік
Жоспар: өмірлері туралы мәлімет.
Абайдың заман, өмір, табиғат, ғылым,өнер жайлы толғаныстары.
Абайдың поэмалары
Абайдың қара сөздері.
Ақылбайдың,Мағауияның поэмалары
Абай 1845 жылы тамыз айында Абай ауданында Шыңғыстауда туған.Абай ауыл молдасынан оқып,кейін Ахмет -Риза медресесінде білім алады.
Абай өмірдің сан қырына қалам сілтеген ақын.Бай мен кедей арасындағы теңсіздікті "Күз" "Қараша мен желтоқсан сол бір екі ай" деген өлеңдерінде қазақ кедейлері мен байларының өмірін салыстыра келіп, кедейлердің аянышты халін суреттейді.
Кедейдің өзі жүрер малын бағып
Отыруға отын жоқ үзбей жағып
Тоңған иін жылытып тонын илеп
Шекпен тігер қатыны бүрсең қағып
Махаббат, әйел теңдігі тақырыбы Абай өлеңдерінде кең камтылып, жалпы адамгершілік идеясымен қабысып келеді.Ол қазақ қыздарының теңсіздікке езіліп сүйгеніне қосыла алмай келген ауыр халін көрді.Абай үйлену ерлі зайыпты болу ісіне немқұрайлы қарауға,мал беріп алғанның бәрі жар болып, дос өмір сүре алады мыс деген ескі түсініктерге қарсы шықты:
Кәрі жас дәурені өткен тату емес
Епке көнер ет жүрек сату емес
Кімде кім үлкен болса екі мүшел
Мал беріп алғанымен қатын емес
дейді.
Абай шығармашылығынан орын алар тақырып ағартушылық білім жайлы.Абай оқыған білімді жастардың мақсаты айқын болу керек, ол халқы үшін еңбек етерлік азамат болсын деп талап қояды."Я тілмаш, я адвокат болсам деген бәрінде ой ", деп бас қамынан аспайтын тар мақсаттың мұрат бола алмайтынын айтып ел үшін оқитын жаста түбегейлі мақсат болуы керек деп ескертіп, жастардың алдына дана адамдарды үлгі етеді.Абай поэмалары "Ескендір" "Масғұт және Әзім әңгімесі".Абай поэмаларында әлеуметтік , адамгершілік идеяларын көрсетеді.
Мықтымын деп мақтанба, ақыл білсең
Мықты болсаң өзіңнің нәпсіңді жең
дейді.Мұндай адамның көзі, нәпсісі тек топырақтан ғана тояды деп Абай соғысқұмар патшаға көз сүйегін тартып Аристотельдің ұтымды сөзімен аяқтайды.Абайдың "Масғұт" поэмасы жаңа идеяға құрылған.Ақын өз поэмасының негізгі кейіпкері Масғұтты адамгершілік үшін күрескер етіп көрсетеді.Абай поэмаларының ерекшеліктері ақынның өзіндік түр іздеу жолындағы сол кездегі әдебиеттегі тосын жаналығы деуге болады.
Әлеуметтік идеясы мен композициялық тұтастығы жағынан Ақылбайдың "Дағыстаны" мен Мағауияның "Медғат Қасымы " жаңа туындылары.
Абай қара сөздері әдеби жаңа түр, алғаш көрінген проза.Ақынның тереңнен толғаған озық ойларының шынайы туындысы.Кейбір тарихи не философиялық пікірлерін жеткізе айту үшін поэзиядан гөрі қарасөздің мүмкіншілігі мол сияқты көрінді.Абай дүние, табиғат, дін, өмір туралы ойлары ретінде трактат формасында эсселер жазған.Абай өз қоғамының маңызды мәселерін толғап сын айта білген алысты болжай білген ойшыл дана.
Абай Құнанбаев қазақ халқының тұтас бір дәуірінің ақыл ойы мен мәдениетін, өнері мен әдебиетінің асқар шыңын бейнелейтін кемеңгері, өз ұлтының реалистік жаңа әдебиетінің негізін қалаушы қазақ поэзиясын кезінің ең озық деңгейіне көтеріліп, қоғамдық дамудың шындығын бейнелеп дұрыс қорытынды шығара білген ақын.Ол халқының болашағы үшін аянбай қызмет етті, оны мәдениет нұрына үндеді.Белгілі тарихи кезеңнің алға қойған сұрақтарына жауап беріп, ел көшін зор мақсатқа меңзеді.Қазақстанның Россияға қосылуының тарихи маңызын түсініп өз халқы үшін оның ізгі әсерінен мол үміт күтті.
Абай өзі айтқандай соқтықпалы , соқпақсыз жерде өсті, үстем тап билеген ауыр заманда өмір сүрді.Сол қоғамның езілген халыққа істеп отырған тағылық, айуандық қылмыстарын көзімен көрді.Ол халық игілігін болашақ қамын көздеді.Ел дертіне ем болар түскен еңсесіне дем болар қуат оқу, өнер деп тың жол ұсынды.
Ақын өзінің жастық шағы мен ер жеткен кезін, кездескен соқтықпаларын, етек басты кедергілерін:
Жасымда албырт өстім ойдан жырақ
Айлаға ашуға да жақтым жырақ
Ерте ояндым, ойландым жете алмадыа
Етек басты көп көрдім елден бірақ
Ой кіргелі тимеді ерік өзіме
Сандалмамен күн кешкен түспе ізіме
Өзі ермей ерік бермей жұрт қор етті
Сен есірке тыныш ұйықтат бақ сөзіме
деп түйді.Абай қазақ халқын қараңғылықтан алып шығатын жол тек мәдениет деп білді.Абай мәдениеттің маңызын оның қоғам өмірінен алатын орнын дұрыс түсінді.Ол өлеңге жеңіл желпі қарап, байларды мақтап тілін безеп мал үшін сатылып өнердің қадірін кетіріп жүрген ақынсымақтарды қатты сынға алды:
Бұрынғы ескі биді тұрсам барлап
Мақалдап айтады екен сөз қостап
Ақындары ақылсыз надан келіп
Көк жерді өлең қыпты жоқтан қармап
Қобыз бен домбыра алып топта сарнап
Мақтау өлең айтыпты әркімге арнап
әр елден өлеңменен қайыр сұрап
Кетірген сөз қадірін жұртты шарлап
Абай өлеңдері еңбек сүйгіштікке тәрбиелейтін зор идеялы шығармалар.Абай дүниеде өмір сүру, оны білу де тану да бәрі еңбекпен келетінін түсіндірді.Адам өмірі үшін де ол еңбектің шешуші роль атқаратынын еңбексіз өмірдің адамды аздыратынын ескертті.
Тамағы тоқтық
Жұмысы жоқтық
Аздырар адам баласын
Абайдың көптеген өлеңі ақынның өз еліне халқына деген сүйіспеншілігін бейнеледі,Абай қазақ қызының шынайы бейнесін жасады.Абайдың қаламынан туған қыз бейнесі Пушкин жырлаған орыс қызы да Гете суреттеген неміс қызыда емес,ақының өзі көрсеткендей қазақтың ақ жарқын, үяң жүзді ай бейнелі піскен алма секілді сұлуындай суреттейді.
Махаббатты өте жоғары бағалай ақын ғашық болу тек жа сезіммен сүйгендік емес адамшылық пен шын көңілдің тоғысқандығы деп суреттейді.Ол жастардың сүйген жарына деген нағыз адал көңілдерін ашып жыр ете білді.Жүрекпен сыйласқан сырласқан екі жастың кездесуі олардың арасындағы іштей бірін бірі ұғынулары шебер бейнеленеді.
Аядап ақырын
Жүрекпен алысып
Сыбдырын,тықырын
Көңілмен танысып
Иығы тиісіп
Төмендеп көздері
Үндемей сүйісіп
Мас болып өздері
Бірін бірі шынайы ынтық екі ғашықтың кездесу суреттері, жүректерімен алысқан сырлары үнсіз ұғыну, құмарлық құштарлық.Абай прозасы ішінде ғақлия, нақыл сөздер де ғылыми мақалалар ойшылық трактат өткір сын мысқыл ретінде келетін сатиралық әңгіме адамгершілік өсиеттерде публистикалық насихат түрлері де шешендік әңгіме кеңестері де бар.Тек көлемді проза жазбаған.
Өсиет ғақлия.Бұған Абайдың адамгершілік мораль мінез туралы мысал жөнімен келетін өсиет мазмұнды эссе ретіндегі сөздері және діни ғибадат ретінде жазған біраз дидактикалары жатады.Олар "Он үшінші" "Жиырмасыншы" "Жиырма сегізінші" "өтыз сегізінші" сөздері деуге болады.
Тастих немесе философиялық трактат.Бұған Абайдың философиялық ойларын дүниеге көзқарастарын білдіретін, ғылыми пікірлер айтқан эсселері жатады.Мысалы: "Жетінші сөз" "Он жетінші сөз" "Қырық бесінші сөз".
Нақыл тұспал сөз Абайдың өлеңдерінде қарасөздерінде тауып айтқан тұжырымды афоризм.Мысалы: Сақалын сатқан кәріден еңбегін сатқан бала артық
Абай музыкалық шығарма жазған композитор.Оның бізге жеткен әсем әндері бар.Ақынның музыка саласындағы өнерін А.Жұбанов өзінің "Замана бұлбұлдарында " кең талдап танытқан болатын.Қазір Абайды екі күйі де табылып отыр: "Май " "Тор жорға" күйлері.
Абайтану қазір өз алдына бөлек бір ғылым болып қалыптасты.Бұл ғылымды негіздеуде аса көрнекті ғалымымыз М.О.Әуезовтің еңбегін ерекше атап көрсету қажет.Ол қазақтың классик ақыны Абайдың көркем образдарын жасаумен қатар терең ғылыми зерттеу жұмысын да жүргізіп, абайтану ғылымының негізін салды.Ақын шығармаларын жинап зерттеп оның танылуына үлес қосты.Абай өз елінің мәдениетіне өнеріне үлес қосқан ұлы дана ойшыл.Абай бұқарашыл ой сананың жемісі.Абай шығармаларында қазақ тіліне тән белгілер сақталған.