5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті


ДӘРІС 6 Тақырыбы: Шоқан Уалихановтың өмірі мен ғалымдық қызметі



бет15/30
Дата19.12.2022
өлшемі206,24 Kb.
#58106
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   30
Байланысты:
b2cb3c7f-4744-11e4-973d-f6d299da70eeХІХ-ХХғас бас қаз әд метод-3

ДӘРІС 6
Тақырыбы: Шоқан Уалихановтың өмірі мен ғалымдық қызметі
Мақсаты: Шоқанның өмірі жайлы деректер жинау, шығармаларымен танысу, орыс достары жайлы мағлұмат беру.
Тірек сөздер: ғалым, монография, жыр, «Иллиада», зерттеуші
Жоспар:
1. Өмірі туралы мәлімет.
2 Шоқан әдебиетші
3 Шоқан публицист жазушы
4 Шоқанның қазақ әдебиеті тарихының мәселелері, ақындар, олардың шығармалары туралы еңбектері.
5 Қырғыз бен қазақ халықтарының ауыз әдебиеті туралы зерттеулері
6 Қырғыз бен қазақ поэзиясының түрлері туралы теориялық зерттеулері Сонау 19 ғасырда ақ әлемге аты шыққан алғашқы қазақ ғалымдарының бірі Шоқан (шын аты Мұхамед Қанапия) Шыңғысұлы Уәлиханов еліміздің тарихында ерекше орын алады. Ол Абылай ханның шөбересі, 1835 жылы қазіргі Қостанай өңіріндегі Аманқарағайда дүниеге келген. Шоқан жастайынан білімге құштар болып, өз бетімен сауатын ашады. Ол он екі жасында Омбы қаласындағы кадет корпусына оқуға қабылданады. 1858-59 жылдары Шоқан сол кездегі көпшілік үшін «жабулы, жұмбақ мемлекет» саналатын Қашқарияға экспедиция құрамында іссапарда болып, ол қңір жайлы көптеген құнды тыі мәліметтер табады. Сол сапарда экспедицияның жинаған материалдары бүкіл Еуропа ғылымы үшін баға жетпес үлкен жаңалық болды. Дарынды жас ғалым, әскери офицер Ш. Уәлихановтың еңбегі жоғары бағаланып, Ресейдің сол жылдардағы астанасы Петербургқа шақырылып, ол екі жылдай (1860- 1861жж.) және білім орталығында өндіре жемісті қызмет етті, көптеген қызықты еібектер жазды. Бұл жылдар шынында да алғыр Шоқан үшін өте пайдалы, табысты жылдар болды. Ол көптеген орыс зиялыларымен танысып, олардың біразымен сырлас пікірлес болып, жаңа достар тапты, білімі мен дүниетанымы едәуір толығып, қабілеті шыңдалып, қаламы ұшталды. Әттең солтүстіктің аса ылғалды қысы қытымыр суық, күзі мен көктемі тұманды да ызғарлы шаһардың ауа райы кең даланың мөлдір таза ауасына үйренген ш. Уәлихановтың денсаулығына керісінше әсер етіп, ол өкпе ауруына шалдығады. Ол өкініш кеудесін кернеп, дәрігерлердің кеңесімен атамекені Қазақстанға кері қайтты. Елге келгеннен кейін Атбасар округінің аға сұлтандығына сайлауға қатысып, ағайынның алауыздығынан бұл қызметке жолы болмады. Осыдан кейін ол Омбы қаласына барып, сол жердегі заң комиссия құрамына қабылданып, қазақ даласында сотәкімшілік реформасын жүргізуге қатысады.
Ол жылдары Верный орыс әскерінің шекаралық бекіністерінің бірі еді. 1864 жылдың көктемінде Верный бекінісінен полковник Черняевтің басшылығымен жорыққа аттанған әскери жасақ құрамында 68 офицер, 2571 солдат және 400-ден астам жергілікті қазақтардан құралған милиция тобы, 22 зеңбірегі бар қарулы жасақ Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі елді мекендер мен қалаларды жуық арада Ресейге қосуға мақсат етті. М. Г. Черняев өзінің әскери жорығына күшпен отарлап алған сол өлкелерді ғылыми негізде түбегейлі зерттеп, географиялық картасын жасау үшін ғалымдарды шақырды. Сол ғылыми зерттеушілер құрамында талантты да білгір ғалым географ, поручик Шоқан Уәлиханов та болды. Патша үкіметі М. Черняевқа жорық алдында мүмкіндігінше Әулиеата, Шымкент, Ташкент қалаларының басқарушыларымен, «жергілікті қазақ қырғыздармен» өзара келісімге келіп, шу жанжалсыз, ешқандай қақтығыссыз, соғыссыз, қантөгіске бармай- ақ қосылуын қамтамасыз етуді тапсырды. Ол тапсырманы орындау үшін патша үкіметі М. Черняевқа қазақ- орыс тілін жақсы меңгерген Ш. Уәлихановты пайдалануға кеңес берді.
1864 жылы « Түркістан жорығы», оның Әулиеатаға сапары бүгіндері қазақтың мақтанышына айналған, құйрықты жұлдыздай ағып өткен дарынды ғалым Шоқан Уәлиханов соңғы әскери жорығынан оралған срң одан әрі әскери қызметтен мүлдем бас тартып, Жетісу өңірінің сол кездегі беделді азаматы Тезек сұлтанның аулына кеп қоныс тепті. Осы жерде ол Тезек төренің қарындасы Айсарыға үйленеді. Бірақ, ауыр өкпе аурурынан айыға алмаған Шоқанның денсаулығы нашарлап, ол сол дертінің асқынуынан 1865 жылы сәуір айының төртінші жұлдызында Алтынемел қңіріндегі Көшентоған мекенінде (қазіргі Алматы облысының Кербұлақ ауданындағы Алтынемелге таяу елді мекен) 30 жасында көз жұмады да, сол жерге жерленеді. Ғалымның зираты басына Түркістан генерал губернаторы К. П. Кауфманның тапсыруымен мрамор тастан биік ескерткіш орнатылды.
Қырғыз халхының байырғы замандарынан елес беретін ғажайып мұрасы «Манас» жырымен Ш. Уәлиханов Қарқарадан Ыстықкөлге беттеген жолдағы Сантас асуы маңында қоналқаға тоқтаған 1856 жылғы мамырдың 26-сы күні алғаш рет танысу мүмкіндігіне ие болды. Боранбай манап арнайы аттандырған Назар жомоқшы жасы отыздар шамасындағы жігіт ағасы екен. Шоқан оны қуана қарсы алды. Экспедиция қатарына қосылғаннан бастап, өзіне арнайы бөлінген киіз үйге дастарқан жайғызып, қымызы мен дәмін ұсынып, әуелі манасшының бабын жасатқызды. Сәлден кейін «Манасты» бастап та кетті...
«Манас дастанына айрықша тоқтап, бұл асыл мұраның халықтық сипатына назар аударады. Оны орасан жоғары бағалап, «үлкен бір энциклопедия» деп қарайды. «Иллиадамен» салыстырады. Зерттеуші осы «Манасты» жыршылар аузынан жазып та алған. Жырдың варианты соңғы кезге дейін белгісіз болып келген еді.1965 жылы бұл жырдың Шоқан жазып алған нұсқасын ғалым Ә. Марғұлан тауып, табыс етті.
Шоқанның қырғыз әдебиетін зерттеген еңбектері өз алдына толық талдауды керек етеді. Ғалымның «Манас» дастанын зерттеген еңбегінің өзі орасан маңызды. М. О. Әуезов Шоқанның бұл саладағы еңбектерін жалғастырып, «Манасты» жете зерттеген арнайы еңбек жазып қалдырды. Мұны М.Әуезовтің «Әр жылдар ойлары» атты кітабынан да оқуға болады.
Шоқанның әдебиет тарихы туралы пікірлері де маңызды. Бұл саладағы еңбектері оның әдебиет туралы түсінігі терең қабілетті зерттеуші болғанын таныта алады. Шоқан әдебиет теориясының да кейбір мәселелерімен шұғылданған. Қазақтың поэзиясының жанр, түр, өлең құрылысын зерттеген, қазақтың өлең құрылысымен орыс ғалымдарын таныстырған. Қазақ өлеңдерін Шоқан жыр, жоқтау, қара өлең, қайым өлең, өлең деп беске бөлген. Қайсысы ескі түр, қайсысы жаңарақ, олардың қайсысын кімдер айтады, міне осы жағына талдау береді. Ол қазақ өлеңдері құрылысының силлабикалық жүйеге жататындығын аңғармай, жыршылардың өлең айтқанда қобыз қосып айтуына қарап қазақ өлеңінің құрылысын басқаша түсінген.
«Қазақ поэзиясы өмір шындығын көрсетуі жағынан, қоғамның ұғымын қарым қатынасын көрсетуі жағынан өте қызғылықты», деп жазған Шоқан. Қазақ ауыз әдебиетінің жіктері мен түрлерін, оның құрылыстарын, шешендік сөздерін, айтушылары мен сақтаушыларын Шоқан біраз қарастырған. Қазақтың кейбір
ақындары: Сыпыра, Асан, Бұқар, Шал ақындар туралы пікірлер айтқан.
Шоқанның әдебиет зерттеу еңбектері өзінің осындай ғылымдық жоғары маңызымен және бұқаршылдығымен құнды. Ол әдебиеттің қоғамдық мәнін, халықтық қасиетін, реалистік сипаттарын қастерлеуді талап етті. Оның ғылыми еңбектері әдебиет мәселесін кең қамтыды. «Ұлы жүз қазақтарының ескі сөздері», «Ыстықкөл саяхатының күнделік дәптері», «Құлжа күнделіктері», тағы басқа мақала очерк хаттары әдебиетке байланысы мол шығармалар. Шоқанның бұл шығармалары оның талантты әдебиетші ғалым екенін толық танытады.
«...Шоқан Уәлихановтай ерекше қабілетті адам бұратана деп аталатын басқа халықтардың ешқайсысынан бұрын соңды шыққан емес» , деп жазған.
Қазақтың алдыңғы қатарлы адамдары да оны ерте таныды. 1870-1882 жылдары Ташкент қаласында шығып тұрған «Түркістан уәлаятының» бетінде Шоқан туралы мақалалар басылып, онда Шоқан Уәлихановтың өлімі, жерленуі, қабірі туралы мәліметтер жарияланды. Газеттің енді бір санында Қашқарға саяхат туралы мақала берілді.
«Дала уәлаяты» газетінде де Шоқан туралы мақалалар басылып тұрды. Онда Шоқанның туғанына 60 жыл толғалы отырғаны хабарланады. Өмірбаяны және еңбектері туралы түсініктер беріледі.
Шоқан қазақтың тұңғыш ағартушысы, елін ілгерішіл мәдениетке үндеген адал ниетті азамат. Тамаша ғалымның еңбектері ұлттық мәдениетіміздің алтын қорына қосылған зор үлес деп танылады. Шоқан творчествосын толық танытуда Ә. Марғұлан еңбегі ерекше аталады. Шоқан шығармаларын баспаға даярлау үстіндегі іздену нәтижесінің өзі орасан. Сондай ақ, жазушы С. Мұқанов та ғалым творчествосын зер сала зерттеп, соны еңбектер жазды. Мысалы, оның «Жарқын жұлдыздар» монографиясы Шоқан мен Абай творчествосы туралы зерттеу. Жазушы қаламынан туған «Шоқан» пьесасы мен «Аққан жұлдыз» трилогиясы тамаша ғалымның көркем образын жасап, оның есімін кейінгі ұрпаққа паш еткен туындылар болып отыр.
Шоқан жан жақты ғалым. Ол этнограф, географ, экономист. Сондықтан бұл саладағы ғалымдар да Шоқан туралы бағалы еңбектер жазып жүр. Бұл зерттеулердің бәрі Шоқан қалдырған мұралардың маңызы орасан зор екенін дәлелдейді. Әсіресе, ол әдебиет ғалымы мен публицистиканың дамуы үшін ерекше еңбек еткен адам. Орыс тілінде жазылса да, Шоқанның күнделіктері мен очерктері қазақ публицистикасы тарихынан елеулі орын алуға тиіс.
«Нағыз, шын әділдігін айтқанда, Уәлихановты үздік адам деп айтуға болады. Уәлиханов өз еліне шын берілгендігін, оны терең сүйетіндігін, батыстың мәдениетін жоғары бағалады және өз халқының қызықты келешегі тек қана Россияның қамқорлығымен болатындығын күні бұрын болжай білді», деп жазды орыстың Географиялық қоғамы Шоқан өмірі мен еңбектері туралы хабарында. Г. Н. Потанин, Н. М. Ядринцев, И. Н Березин естеліктер мен мақалалар жариялады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет