5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті


Тақырыбы: Әсет Найманбайұлы



бет14/30
Дата19.12.2022
өлшемі206,24 Kb.
#58106
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   30
Байланысты:
b2cb3c7f-4744-11e4-973d-f6d299da70eeХІХ-ХХғас бас қаз әд метод-3

Тақырыбы: Әсет Найманбайұлы
Әсет Найманбаев бұрынғы Қарқаралы уезі, Темірші болысы, 8-ауылда (қазіргі Жезқазған облысы, Ақтоғай ауданы) 1867 жылы туған. Руы Арғын, оның ішінде Қаракесектен тарайтын Майлық деп аталатын аз атадан. Әкесі Найманбай кедей шаруа болыпты. Ауыр тұрмыстың айдауымен 1875 жылы Семей қаласына көшіп келген. Кейіннен қала тұрмысына тұрақтала алмай Мақаншы ауданындағы Бақты ауылына көшіп барады. Осында Әсетті медресеге окуға береді. Он бір жасында бірінші рет мектеп есігін ашқан зерделі бала төрт-бес жылда медресенің білімін жақсы меңгеріп алады. Медреседе жүргенде-ақ ақындық таланты ашыла бастайды. Жасы ұлғайған шағындағы бір өлеңінде ақындық өнер сапарының он үш жасында басталғанын айтады:
Елуден жасым менің белең асқан,
Өлеңге он үш жастан араласқам.
Қызыл ит қимылдаса қызуымен,
Текпінді терең сөзден жаза баспан...-дейді ақын
Әсеттің алғашқы ақындық қаламындағы айтатын, жазатын өлеңдерінің тақырыбы көбінесе жастық, махаббат туралы және суырып салма айтыс өлеңдер болды.
Әсет - ақындық өнерді өзгеше жоғары бағалап, табиғаттың тартқан ерекше қасиетті сыйы деп біліп, ардақтаған адам.
Ақындық өнерін халқына арнаған Әсетті туған елі қадірлеп, құрметтеген. Үйрек пен қаздай қалқып жүрмін жүзіп, Көп елде - көл жұртымда қыдыр шалған- дейді ақын.
Әсеттің ақындығы ең алдымен айтыс өнерінде танылады. «Айтыс - майдан, айтысқан ақындар майданның жекпе-жектегі батыры»- деп М.Әуезов айтқандай Әсет ақын да осы жекпе-жектен жеңіп шыққандардың бірі. Әсеттің алғашқы түскен ең үлкен айтысы - Рысжан қызбен айтысы.
Абайдың алдын көріп, ұлы ұстаз ақыннан ақындық, әншілік өнер жолында үлкен тағылым алған талантты шәкірттердің бірі - Әсет.
Қазақ даласын әнмен тербеген Әсеттің өзі өмір кешкен тұста - халқының ақберен ақыны ретінде танылғаны анық еді.
Айтыс бәйгесіне түсіп жүлде алып, елге атағы шыға бастаған жалынды, албырт жас ақын, асқақ әнші Әсет ұлы ақынның, кемеңгер ақынның алдына келгенде 20 жаста болатын. Абай ауылы қазақ сахарасындағы өнер-білімнің, мәдениеттің өнегелі ордасындай еді.
Сол кездегі Абайдың қасында ұдайы болған адамдары: Шаһкәрім, Көкбай, Ақылбай, Мағауия, Тұрағүл, Кәкітай, Ахметбектер тобына Мұқа, Әсет келіп қосылған екен.
Әсет- Абай ағасының алдында мол тағылым алып, үлгі алады, Пушкин шығармаларымен танысады. Әсеттің «Евгений Онегин» романының оқиғасын алып, еркін аударма жасауы Абай әсері екені сөзсіз.
Әсет - нағыз сегіз қырлы өнерпаз. Ол ақындық өнердің өрен жүйрігі, суырып салма - импровизатор, ақпа ақын. Табиғи тума таланты күшті, дарынды ақын қолына домбыра алғанда, қолма-қол нөсерлете жыр төксе, домбырасымен қоса, қағаз бетінде қаламы да қатар жүйткитін сауатты саңлақ ақын болған.

Әсет өзінің әрбір өлеңіне арнап ән шығарып, өлең-жырын шаршы топта домбыраға қосып шырқап айтады екен. Ақын Әсет асыл жырын әсем әнімен домбыраға қосып, асқақтата ән шырқайтын болған. ...
... Ән салсаң Әсеттей сал әсемдетіп,
Қоздырып делебеңді әсерлі етіп,
Шырқатып, шығандатып, шалықтатып,
Шапшытып, шумектетіп, нөсерлетіп.
Атақты музыкатанушы Ахмет Жұбанов, Әсеттің сөзіне музыкасы сай келетінін айта келе: «Орындауы келіссе «Әсет» сахна сәнінің бірі. Әсіресе қайырмасында ән құйқылжып, төгіліп, шын мөнісінде ойнақтап, делебеңді қоздырып кетеді»
Әсет - әнші, сазгер. Әсет — нәзік сезімді, ұшқыр қиялды лирик ақын; ол тілге бай, алғыр ойлы, бөгелмей жүйткитін айтыс өнерінің де ерен жүйрігі.; ол алысқа алқынбай сілтейтін жүйрік, бай оқиғалы поэма, дастандар жазған акын. Әсеттің атақты «Қызыл табан - ағаш ат» поэмасы Шығыс ертегі әңгімелерінің әсерімен жазылған, «Мың бір түн» сияқты өз уақытына жазылған екі жастың арасындағы махаббатқа құрылған ғылыми-фантастикалық поэма. «Салиха-Сәмен» поэмасы да бас бостандығы үшін, махаббат үшін, кұрбан болған жандар туралы. Олар өз заманының қатал заңының құрбандары.
Осындай тамаша туындылары бар, айтыскер ақын, жан-жақты Әсетті нағыз сегіз қырлы өнерпаз дейміз.
Әдебиеттер:
Әсеттің жария болмаған өлеңдері// Дидар.-1998.-17 қараша
Бекбосынов О.Әсет ақын қайда туған// Халық кеңесі.-1992.-24 маусым
Болғанбаев Ә. Алашқа аты шыққан Әсет ақын// Халық кеңесі.-1991.-2
қараша
ЖанботаД. Сағындым, Әсет, өзіңді// Қаза елі.-1998.-13 қараша
Кұдайбергенов Т. Ақынды еске алғанда: Ақынның 125 жыл толуына
орай// Семей таңы.-1992.-4 шілде
КерейқұловҚ. Шабытты шақ// Лениншіл жас.-1989.-31 наурыз
Мамырбаев Ш. Ақын арманы// Семей таңы.-1992.-1 ақпан
Мұхамедханұлы Қ. Абайдың ақын шәкірттері: 3-кітап.- Алматы:
Дәуір, 1995.-320 6.
НүржекеевБ. Найманбаев Ә. .- Алматы:Жазушы, 1988.-303 6.
Түгелбаев А. Тереңге тамыр тартқан: Әсеттің аударма өлеңдері//
Білім және еңбек.-І987.-№7.-47 б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет