Әдістемелік нұсқау: Ұлт азаттық көтерілісінің қарулы күшпен басылуы және Шернияз ақынның өмір жолы. Ақын шығармаларының тақырыптары мен мазмұндық түрлері. Шернияз шығармашылығының ақынның өмірі мен поэзиясындағы ерекшеліктеріне орай шартты түрде екіге бөлінетіндігі. Ақын поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық. «Шернияздың Баймағамбет сұлтанға айтқаны» өлеңі, оның нұсқалары мен басты образдары, ақын қолданған юмор, сатира, т.б. да әдеби-көркемдеу құралдары. Шернияз ақын мұраларының жиналу, жариялану, зерттелу, оқытылу тарихы.
Әдебиеттер: тізімі: Н. ә:1, 2, 5, 6. Қ. ә: 2, 3, 5.
№ 5 Семинар. Тақырыбы: Шортанбай Қанайұлының әдеби туындылары. Сабақтың мақсаты: ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы кеңінен мәлімет беру. Өмірі мен туындыларын оқыта отырып, дүниетанымдарын кеңейту, ойландырып жүрген сұрақтарына жауап алдыру.
Сабақтың жоспары: Өмірі жайлы мәлімет
Мұрасының жариялануы, зерттелуі.
Шығармашылық тұлғасының қалыптасу кезеңдері.
Әдістемелік нұсқау:Шортанбай Қанайұлының шығармашылығы. Зар заман сарыны. Адамгершілік тақырыбындағы өлеңдері.
Әдебиеттер: Н.ә: 5, 7, 11. Қ. ә: 4, 6, 7.
№ 6 Семинар. Тақырыбы: Сүйінбай Аронұлының өмірі мен шығармашылығы. Сабақтың мақсаты: Ақын Сүйінбай Аронұлының өмірі мен шығармашылығы жайлы мағлұмат беру, толғауларының тәрбиелік мәнін, әлеуметтік маңызын ашу.
Сабақтың жоспары: Сүйінбай мұрасының жариялануы мен зерттелуі, өмір жолы.
Толғауларының тақырыптық – идеялық мазмұны.
Ел тарихы, ел қорғаған батырлар туралы толғаныстары.
Жақсы мен жаман адамның қасиеттері туралы өлеңі.
Кәрілік, жастық туралы өлеңдері.
Сүйінбайдың айтыстары.
Әдістемелік нұсқау: Сүйінбай ақынның өмір жолы. Ақын шығармаларының тақырыптары мен мазмұндық түрлері. Сүйінбай шығармашылығының ақынның өмірі мен поэзиясындағы ерекшеліктеріне орай келуі. Ақын поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық.