5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті



бет3/30
Дата19.12.2022
өлшемі206,24 Kb.
#58106
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
b2cb3c7f-4744-11e4-973d-f6d299da70eeХІХ-ХХғас бас қаз әд метод-3

Импровизация- өлнң-жырды тұтқиылдан суырып салып айту өнері.
Толғау-қазақ, сондай-ақ қарақалпақ,ноғай секілді басқа да халықтардың ауызша поэзиясында кең тараған қоғамдық-саяси лириканың бір түрі.
Сал-сері-сегіз қырлы ,бір сырлы, яғни әнші, күйші,ойыншы,күлдіргіш,композитор,би,спортқа бейімі ерекше үздік жаратылған өнерпаз.
Шабыт-өнер адамының шығармашылық қуатының шегіне жетіп тасқындауы,зор жігер, күш пайда болып рухтанушы.
Шайыр- (араб. Ша ир) ақын,орындаушы мағынасында.Таяу және Орта Шығыс елдеріндегі кітаби ақын. Орта Азия мен Қазақстанда төкпе ақындар мен термеші жыршылар шайыр деп аталады.
Терме-қазақ халық поэзиясында қалыптасқан лирикалық өлең түрі.
Қара өлең-қазақ халық поэзиясының байырғы жанрларының бірі. Он бір буынды, төрт тармақты болып келеді де, ааба түрінде ұйқасады және міндетті түрде бір әуенмен айтылады.
Қара сөз-көркем әдебиеттің үлкен бір саласы,өлең сөзден айырмасы-онда сөз ырғағы еркін,әдебиеттегі сөз қалпына сәйкес келеді,қандайда бір белгілі өлшемдер сақталмайды.


2.Дәрістер
ДӘРІС 1. ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ. ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ ҰЛТТЫҚ СӨЗ ӨНЕРІ ДАМУЫНЫҢ ТАРИХИ-ӘДЕБИ СИПАТЫ
Мақсаты: ХІХ ғасырдағы қазақ жеріндегі тарихи-әлеуметтік мәселелермен үндес келетін қазақ әдебиеті жайлы ақпарат беру. Әдебиеттегі ерекшеліктерге назар аудару.
Тірек сөздер: тарихи жағдай, іргелі өзгерістер, халық күйзелісі, әдебиеттегі бағыт, реализм,

ПОӘК 042-29.1.17.03-2013

№1 басылым 05.09.2013

114 беттің6-шы беті



Дәрістің жоспары:

  1. ХІХ ғасырдағы тарихи-әлеуметтік жағдай

  2. Қазақ әдебиеті қоғамдық құбылыстар туралы. Зар заман ақындарының шығармашылығы

  3. ХІХ ғасыр әдебиетінің зерттелуі мен жариялануы

Қоғам дамуының қай кезеңінде болсын, әдебиет те белгілі бір тарихи-әлеуметтік жағдайлармен байланысты қалыптасады.


XIX ғасырдың бірінші жартысында қазақ қоғамындағы іргелі өзгерістер, бір жағынан, Қоқан хандығының, екінші жағынан, Ресей патшалығының қазақ елін отарлау саясаттарына қатысты өріс алды.
Қоқан хандығы 1814-1815 жылдары Түркістан,Жетісу өлкелерін күшпен бағындырды. Сөйтіп, Жетісу мен Сыр аралығын XIX ғасырдың екінші жартысына дейін өз қарамағында ұстады. Жергілікті халықтан алым-салықтарды шектен тыс жинап, экономикалық қысымшылық көрсетті. Тіпті адамды құл ретінде қанаумен қатар, оларды шет аймақтарға сатуды да кәсіпке айналдырды. Бұған ашынған елдің Қоқан өктемдігіне қарсы батыл наразылықтары қарулы қақтығыстарға ұласып отырды.
1821 жылы Оңтүстік өлкесінде 10 мыңдай адам қатысқан Тентек төре бастаған қозғалыс болып өтті. 1840-1860 жылдар арасында Қордай, Шу, Мерке өңірінде Саурық, Сұраншы бастаған Қоқан билігіне қарсы күрес қанат жайды. Бұл кезең сол уақыттағы әдебиетте елеулі із қалдырды. Осындай оқиғалар тұсында өмір сүріп, оған араласқан Жанкісі ақын Қоқан әміршілігінің елге салған ылаңын өткір шенейді.
Өзіңіз қосқан зекетші
Біздің елде Жүзбай бар.
Жүзбай жүрген жерінде
Жылау менен ойбай бар.
Және мұның жолдасы, -
Қаратамыр Дадан бар.
Еріп жүрген соңында
Қырық-отыздай адам бар.
Шоңмұрын деген молдасы бар.
Төлеген деген жорғасы бар.
Атына жемді салуға
Алты еннен қылған дорбасы бар...
“Келі түбім” деп алады,
“Кеусенім” деп алады,
“Орта зекет” деп алады
“Құшақ зекет” деп алады...-
деп, қазақтың өз ішінен шыққан пысықайлардың да елді жаумен бірге қосыла тонап жатқанын зор күйінішпен суреттейді. Ақын Қоқан хандығы

ПОӘК 042-29.1.17.03-2013

№1 басылым 05.09.2013

1 14беттің 7-ші беті

отаршыларының езгісіндегі халықтың ауыр алым-салықтан қатты күйзелгенін өткір тілмен өлеңіне арқау етеді:


Айтайын десең ұрады,
Ұрмақ түгіл қырады.
Қаумалаған көп момын
Қорлаушыдан құтылар
Амал-айла таба алмай,
Қарайды да тұрады.
Алдына салып айдайды,
Ашуланса байлайды,
Әкімі жоқ қазаққа
Теңдік жоқ деп ойлайды.
Алса малға тоймайды,
Біз жыласақ ойнайды...

ХІХ ғасырдың алғашқы ширегінен бастап, Ресей патшалығының отарлауы мен феодалдық қысымдарға қарсы күрестер, қозғалыстар етек алады. 30-жылдардағы Исатай-Махамбет көтерілісіне байланысты туған Махамбет, Шернияз, т.б. ақындардың жалынды жырлары әдебиетімізде күрескерлік мазмұнын дамытты.


Нысанбай жырау, Күдері, Досқожа, Арыстан, т.б. ақындар жорық жыршылары болды. Олар Кенесары, Наурызбай ерліктерін, қазақ халқының басына түскен ауыртпалықтарды жырға қосты.
ХІХ ғасыр әдебиетінің зерттелуі ұзақ та қажырлы еңбекті талап еткен іс болды. «Қазақ әдебиеті тарихының» төртінші томында қазақ әдебиетінің ерекше тегеуірінді, рухы асқақ, идеялық-көркемдік шарықтау дәуірі - ХІХ ғасырдағы ішкі жаңғыру заңдылықтары тарихи шындық тұрғысынан сараланған. Көркем әдебиет пен қоғамдық-әлеуметтік құбылыстардың сабақтастығы, сонымен қатар ұлттық әдебиеттің халықтық қасиеті тұңғыш рет ғылыми түрде негізделіп, басты сипаттары мен заңдылықтары дәйектеледі. Көптеген ақындардың мұралары қайта қаралды, архивтерде тұмшаланып жатқан деректер назарға алынып, жаңа көзқарас тұрғысынан бағаланған. Тәуелсіздік алғанға дейін әдебиет тарихындағы орны жете сараланбай келген Көтеш Райымбекұлы, Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы сынды бірнеше ірі ақындардың шығармашылығына назар аударылды. Шернияз Жарылғасұлы, Махамбет Өтемісұлынан бастап бірқатар көрнекті тұлғалардың туындылары арнайы талданған. ХІХ ғасырда қазақ халқының жаңа әдебиеті қалыптаса бастады, әдебиет жанрлық, көркемдік шеберлік тұрғыдан іштей түлеп, тақырып аясын барынша кеңейтті, қоғамның тарихи құбылыстарына қарай күрделі көркемдік сипат алды. Әдеби процестің осындай заңдылықтары қазақ қауымының қоғамдық-әлеуметтік жағдайларымен бірегей сабақтастықта қаралған. "ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиеті" атты шолу мақала осы кезеңдегі әдебиет тынысына сараптама жасап, негізгі бағыттары мен көркемдік ерекшеліктерін көрсетуге арналды. А.Қ.Егеубаев "ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің даму заңдылықтары", "Көтеш Райымбекұлы"; филология ғылымдарының докторы, профессор Ж. Ысмағұлов "Шал ақын Құлекеұлы"; ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор С.А. Қасқабасов "Махамбет Өтемісұлы"; ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Қ.Жұмалиев "Шернияз Жарылғасұлы" атты еңбектерін жариялады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет