5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті



бет4/30
Дата19.12.2022
өлшемі206,24 Kb.
#58106
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
b2cb3c7f-4744-11e4-973d-f6d299da70eeХІХ-ХХғас бас қаз әд метод-3

Дәрісті бекіту сұрақтары:

  1. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында қазақ жерінде қандай тарихи жағдайлар орын алды?

  2. ХІХ ғасырда әдебиет сахнасына шыққан көрнекті өкілдер шығармашылығында қандай бағыт ұстанды?

  3. Бұл ғасыр шығармашылығының зерттелуі қалай жүзеге асты?

Әдебиеттер тізімі:
Негізгі әдебиеттер: 1,2,3,4. Қосымша әдебиеттер: 1,3, 5.
Тапсырма: 1.Нысанбай жыраудың «Кенесары-Наурызбай» жырын талдаңыз:


ДУЛАТ БАБАТАЙҰЛЫНЫҢ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
Дәрістің мақсаты: Дулат Бабатайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы ақпарат беру, ақын өлеңдері мен дастандары туралы білімді одан ары кеңейту.
Тірек сөздер: дастан, жыр, тарихи шындық, әлеуметтік теңсіздік, тарихи жағдай, айтыс және т.б.
Дәрістің жоспары:

  1. Дулат Бабатайұлы шығармаларының зерттелуі, жариялануы.

  2. Ақын өлеңдеріндегі туған жерге, атамекенге деген құрмет. Зар замандық сарын.

  3. Шығармаларындағы фольклор мен әдебиет сипаты.

Дулат Бабатайұлы 1802 жылы Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Сандықтас қонысында дүниеге келген көрнекті ақын. Өлеңдері ел ішінде көп тараған. Дулат шығармалары негізінен дидактикалық негізде жазылған. 1880 жылы Қазанда жарық керген «Өсиетнама» деген жинағына ақынның замана туралы толғаулары енген.Орта жүз құрамындағы найман тайпасынан шыққан. Өмірі туралы деректер толық зерттелмеген. Өлеңдері ел ішіне ауызша және қолжазба түрінде таралған. Кейбір өлеңдері Қазан қаласынан 1880 жылы алғаш рет “Өсиетнама” деген атпен жеке кітап болып жарық көрген. Жинаққа ақынның сол кезеңдегі қазақ елінің саяси-әлеуметтік өмірін шыншылдықпен жырлаған ой-толғаныстары енген. Ақынның кейбір өлеңдері кеңес дәуірінде әр түрлі хрестоматияларда “XVІІІ — XІX ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармалары” (Қазақ ССР ғылым академиясының баспасы, А., 1962) деген жинақта, кейін “Үш ғасыр жырлайды” (Революцияға дейінгі қазақ ақындарының шығармалары. А., 1965) жинағында басылып шықты. Ал, “Еспембет” поэмасы алғаш рет 1957 жылы “Жұлдыз” журналының 5-нөмірінде жарияланды. Дулат шығармаларын барынша зерттеп, жинап баспаға әзірлеген Қ.Өмірәлиев болды. Ақынның жеке жыр жинағы “Замана сазы” деген атпен 1991 жылы жарық көрді. Дулаттың өлең-жырларының басты сарыны — 19 ғасырдың алғашқы жартысындағы отаршылдық әрекеттерге рухани қарсылық көрсету. Дулат – қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан тұрмыс қалпын өктем зорлықпен бұзған XIX ғасырдың ақыны. Отарлық озбырлықтың күшейгенін халықтың бұрынғы еркін өмірінің еткенін, адамдардың мінез-құлқы мен психологиясында, ой санасында сахара салты мен түсінігіне жат өзгерістер орын алғанын – бәр-бәрін тумысынан жаны сергек Дулат көзімен көріп, жүрегімен сезініп өсті. Барлық билікті патша қолына алып, қазақтан қойылған билеушілер оның қолшоқпарына, шабарманына айналғаны, ел жайлы қоныс, құнарлы жерлерінен ығыстырылып, бағыныштының кейпіне түскені азамат Дулаттың ойынан шықпайтын қайғы-шері болды. Сахараның еркіндік сүйініш рухы мен даналығын бойына молынан дарытқан,жаратылысынан ерекше дарынды Дулат, міне, осы тарихи жаңа дәуірдің жыршысына, отаршылдықтың айыптаушысына, еркіндік, ынтымақ-бірлігін жоғалта бастаған халқының жоқшысына айналды. Дулат мұндай масқара жағдай ел басшыларының жағымпаздығынан, өз ойлап, халықты ұмытқандығынан болды деп, соларға катты шүйлікті.


Адам баласы өмірінің мән-мағынасы бақытқа талпынудан тұрады. Ал сол шынайы бақытты отбасынан ғана табуға болатыны жайында ұлы ойшылдар мен ақындар бірін-бірі қайталап айтумен келеді. Отбасы дегеніміз – ерлі-зайыптылардың бірлікте өмір сүретін ұясы. Демек, бақыт – тағдырларын табыстырған қыз бен жігіттің бір-біріне деген айнымас сүйіспеншілігі, өмірде кездесетін куаныш пен қайғыны, баршылық пен жоқшылықты қатар тұрып, тең бөлісуі, сергек сезімталдықпен бірін-бірі аялап, тату-тәтті ғұмыр кешуі деген сөз.
Бұл үйлесім бұзылған бойда, отбасының қызығы мен берекесі кетіп, бақыты сорына айналмақ. Қазақ фольклоры мен ақын-жыраулар шығармашылығындағы отбасы мәселесінде "жақсы әйел – жаман әйел" тақырыбы дәстүрлік сипатқа ие. Ақын-жыраулар арасында аталған тақырыпқа жыр тудырмағаны кемде-кем. Дулат жаман әйел тақырыбын жекелеп алып, мейлінше өткір де шынайы суреттейді.
Атамекен – адамның ата-бабаларынан бері қарай кіндік қаны тамып, өсіп - өніп келе жатқан жері ғой. Сондықтан адам туған жерін дүниедегі ең қымбатты, ең қасиетті, ең аяулысы – Анасына балайды. Туған жерге қатынас – адамның адамшылығының, ізгілігінің, парасатының көрінісі.
Бұдан, атамекен адамға өмір сұру қуанышын, еркіндік пен ел үшін мақтаныш сезімін сыйлайтынын көреміз. Адам толық бақытты болу үшін – аяулы Отаны болу керек, сүйіспеншілік жайындағы барлық түсініктеріміз атамекен деген бір ғана сөзге біріккен дейді даналар. Ұлы дала, ұлан байтақ Отанымызды анталаған жауларынан аман алып қалған да сол перзенттерінің қанына ата құлқы, ана сүтімен тараған, ана тілімен дарыған, дәм-тұзымен бекіген сүйіспеншілік. XIX ғасырдың ұлы ақындарының бірі – Дулат жыраудың да туған жер туралы тебіреністерінен перзенттерінің туған жермен жан дүние жақындығының қаншалықты терең тамырлы әрі мәңгілік екеніне тағы да толғана отырып көз жеткіземіз. XIX ғасырдың орта тұсына қарай патша отаршылдары ел ата қонысынан шетке сырған кезде шығарған өлеңдерінде туған жердің ендігі тағдыры үшін қан жылаған ақын жүрегінің күйініші үлкен суреткерлік қуатпен бейнеленген. Дулат өзінің "Аягөз", "О, Сарыарқа, Сарыарқа!", "Ақжайлау мен Сандықтас" деген тамаша жырларында өзі туған өңірдің көркем келбетін кестелі тілмен суреттей отырып: "Құт-берекелі көркем қоныс енді кімдікі?" – деген сұрақ қояды. Сол арқылы жұрттың туған жерді сүю, қорғау түйсігін оятып, оның қазіргі мына күйіне күйіндіріп, ашындырмақ болады. Туған жерді мадақтай отырып, оқырмандарды егілту сарыны Дулат поэзиясына ода түрін әкелді.
Ақын құдіреті – осыларды орнымен, шебер жарата білгендігінде. Дулат - Абайдың алдында өткен қазақ сез зергерлерінің ішіңдегі ең мықтысы. Дулатты ауызша тарап келген ақын-жыраулар тілі мен Абай бастаған жазба әдеби тілді жалғастырған көпір деп тану қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет