5 «В» сынып Өтетін орны: Өткізілген уақыты: 2022 жыл Сынып жетекші: Сауханова Ж. К



бет1/3
Дата04.10.2022
өлшемі498,77 Kb.
#41301
  1   2   3
Байланысты:
хаттама


Ата-аналар жиналысының хаттамасы.
5 «В» сынып
Өтетін орны:
Өткізілген уақыты: 2022 жыл
Сынып жетекші: Сауханова Ж.К.
Күн тәртібінде:
1.Жаңа оқу жылымен таныстыру.
2.Ата-ана комитетін сайлау.
3 Оқушылардың қауіпсіздігі туралы.
4. Жолда жүру ережелері. Үлкен жолдан өту қауіпсіздігі.
Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша сынып жетекші сөз алды. 2022-2023 жаңа оқу жылы үлкен өзгерістермен басталғанын соның ішінде мектеп формасы қатаң түрде қаралып жатқанын айтты.Қәзіргі таңда мектеп кабинеттік жүйеге ауысқанын түсіндірді. Сынып жиырма төрт оқушыдан аспаса ағылшын, орыс тілі, информатика пәндері бөлінбейтінін айтты. Кітап барлық оқушыларға толық жеткенін және кітап, дәптерді қаптап таза ұстау керек екені де айтылды. Әр сыныпта ата-ана комитеті болатындығы және ата-ана комитетінің міндеттері айтылды.Ата-аналардың дауыс беру шешімі арқылы ата-аналар комитеті болып Жұбандық Арманның анасы Атамуратова Маржан тағайындалды. Сынып жетекші өз сөзінде балалардың өмір қауіпсіздігін сақтау туралы және қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде таралып кеткен неше түрлі қауіпті ойын түрлері туралы видеоларды көріп, қызықтап бір бірлеріне қайталап жүргендері туралы айтылды. Интернет желісінде өте қауіпті ойын түрлері көп екендігі түсіндіріліп, балаларға уйде мұқият болып, ұялы телефондарын үнемі бақылауда ұстап қандай желілерде отырады, қандай видеолар көреді, қандай адамдармен хат жазысатындығын үнемі бақылауда ұстаулары керектігін айтты. Осындай ойындардан болған қайғылы оқиғаның себептері мен салдарына тоқталды. Мұндай келеңсіз оқиғалардың алдын алу үшін мектеп әкімшілігі тарапынан да бақылау қатаң екендігін және алдын алу үшін оқушыларға қауіпсіздік ережелерін сақтау жаттығу жұмыстары,сынып сағаттарында үнемі айтылып отыратындығына тоқталып, ата-аналар да үнемі балаларды қадағалауда ұстауларын, адам өміріне қауіп төндіретін нарселарге жақындамау керектігін, ұялы телефондарын тексеріп, қандай сайтқа тіркелген, кімдермен араласып, қандай сайттарға тіркеліп қандай видеолар қарайтындығын немен айналысып жүргендерін қадағалап, сабаққа шыққанда өзімен бірге ұялы телефон алып бара жатқан жоқ па бақылауды қатаңдату керектігін ескертті. Және де ата-аналардың ой пікірлерін білдіріп, ата-аналар арасында талқыланды.
Күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша сынып жетекшіге сөз кезегі берілді. Ата-аналарға үлкен жолдан өту туралы жолда жүру ережелері айтылып, балаларды үнемі улкен жолдан өткенде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігін қайталап балаларға түсіндіру жұмыстарын жүргізу керектігін айтты. Балалар арнайы жолдың шетінде салынған тротуарлармен жүріп үлкен жолдан өтер алдында жолдың екі жағына да мұқият қарап, көлік келе жатқан жағдайда жол шетінде кутіп көліктер өтіп кеткеннен кейін ғана өту керектігін күнде қайталап, айтып отыру керектігін ескертті. Мектепте мектеп әкімшілігі тарапыннан да түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, сынып жетекші тарапыннан сыныпта сынып сағаттары өткізіліп жолда жүру ережелері, үлкен жолдан қалай өту керектігі туралы түсіндірілді. Жаяу жүргіншілерге арналған жадынамалар таратылғандығы айтылды.
Ата-аналарды тағы да жолда жүру,өрт,су.өмір қауіпсіздік ережелерімен таныстырып өтті.
Адамның ең негізгі мақсаты ол — өмірді сақтап қалу.
Көп жағдайларда өз өмірін сақтап қалу және өз жақындарының өмірін сақтап қалу үшін қарапайым ережелерді білуіне байланысты болады. Мысалы: төтенше жағдайлар кезінде алғашқы медициналық көмек көрсете білу, сақтана білу т.с.с… Өмір қауіпсіздік негіздерін әрқайсысымыз білу керек және түсініп отыру керек, өз уақытында бәрін дұрыс жасауы денсаулыққа және өмірге қаншалықты маңызды екенін білу керек.
Қай жерде сіз болсаңыз, жалғыз, достарымен, отбасымен, жолда жұмысқа бара жатқанда, демалыста немесе үйде, әрқашанда есіңізде сақтаныз, өмірде көптеген жағдайлар болады. Олар әдеттегідей әр-түрлі жағдайларға әкеліп соқтырады. Бұндай жағдайға ұшыраған кездерде сабырлық сақтау керек. Осы өмірге ең керекті қауіпсіздік ережелерімен таныса отырып, дер кезінде өз өмірімізді сақтап қалуға тырысайық. Сол себептен бұны білу және оны дұрыс қолдану әркімнің міндеті.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет