5 «В» сынып Өтетін орны: Өткізілген уақыты: 2022 жыл Сынып жетекші: Сауханова Ж. К



бет3/3
Дата04.10.2022
өлшемі498,77 Kb.
#41301
1   2   3
Өмір қауіпсіздік сақтау тәртібі

  • Егер сен үйде жалғыз қалсаң, қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұмытпа.

  • Су қолмен электр құралдарына, розеткаға, тоқ қосқышқа жанасуға болмайды.

  • Плитаның үстінде шәйнек, таба, кастрөл тұр. Олар – ыстық. Оларды алу үшін арнаулы қолғап не шүберек керек.

  • Әрқашан өмір қауіпсіздігін сақтап, өз өміріңе абай бол!

«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданының білім бөлімінің №31 Сарыбұлақ орта мектебі»

12.09.2022 Сарыбұлақ ауылы
Анықтама
2022 жылдың қыркүйек айының 12-і күні 5 «Б» сыныбының жетекшісі Р.О. Муханова «Баланың өмір қауіпсіздігі» атты тәрбие сағатын өткізді.
Мақсаты: 1.Оқушыларды жол тәртібін әрдайым сақтауға, қиын жағдайларда дұрыс шешім таба білуге тәрбиелеу
2. Жолда жүру ережелерін меңгерту және оны іс-жүзінде пайдалана білуін жетілдіру. Оқушыларды сақтыққа тәрбиелеу.
3. Оқушылардың ой - өрістерін, жан - жақты білімдерін дамыту.Сақтық ережелерін сақтауға үйрету.

Тәрбие сағаты барысында балалармен бірге әр түрлі жазатайым жағдайлардың алдын алу үшін не істеу керек және жолда жүру тәртібі дегеніміз не деген сұрақтарға жауап алынды.


Балалар өз ойларымен бөлісті. Қауіп қатер аяқ астында екендігі айтылып, үлкен жолдан өту кезінде сақтайтын сақтық шаралары түсіндірілді. Сыныпта үлкен жолдың арғы жағында тұратын балалар көп болғандықтан үлкен жолдан өткенде мұқият болып, жан-жағына қарап көлік жоқ кезде өту керектігі және жолда жүру ережелерін қатаң сақтау керектігі ескертілді. Сыныптағы оқушылар яғни Махмуд Байдаулет және Тұрар Ақерке балалардың өмір қауіпсіздігі, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі және жол жиектерінде жүгіріп ойнау, велосипед тебу, мопед айдау, жол көліктерімен жарысып жүгіру өз өмірлеріне қауіпті екенін айтып, баяндап өтті. Викториналық сұрақтар қойылып, жол белгілерімен таныстырылды.






Ата-ананың рұқсатынсыз, үлкендерсіз демалу орындарына, маевка, суға шомылуға баруға болмайтыны, және де балаларға кешкі уақыттары белгіленген уақыттан кейін дүкенге баруға және қыдыруға болмайтынын айтып түсіндірілді. Жол ережесін сақтау, қаңғыбас иттерден сақтанып жүру, рұқсатсыз аттарға отыру туралы да айтылды.





Қорытынды: Сыныптағы оқушылардың барлығы ережелерді толық сақтаймыз. Өзімізге де өзгеге де зиян келтірмейміз деген шешімге келді. Қауіпсіздік дәптерін оқып шығып, келісім білдіріп қолдарын қойды.


Сынып жетекшісі: Бекназарова Б.Ж.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет