20 вариант Тараз қаласынан 12 қалаға дейінгі ара қашықтықтар бір өлшемді массив арқылы берілген. Таразға ең жақын қала қандай қашықтықта?
2.Берілген В(11) массивінің элементтерін өсуі бойынша реттеп, ең үлкен және ең кіші элементтерінің мәндерін ауыстырып баспаға беріңіз.
21 вариант 1.Абитуренттердің алғашқы емтиханнан алған бағалары бір өлшемді массив. Келесі емтиханға қанша адам өткенін анықтаңыз.
2.Берілген В(25) массивінің ең үлкен 5 элементінің қосындысын және көбейтіндісін баспаға беріңіз.
22 вариант 1.Бір тәулікте әр сағатта өлшенген температура белгілі. Қанша рет температура тәуліктік орта температурадан төмен болған?
2.Берілген А(15) массивінің ең кіші 3 элементінің арифметикалық ортасын табыңыз.
23 вариант 1.Класс оқушыларының туған жылдары бір өлшемді массив арқылы берілген. 1998 жылы 15-ке қанша бала толған?
2.Берілген Х(20) массивін мәндерінің өсуі бойынша реттеп, алғашқы 10-шы және соңғы элементтерінің арифметикалық орташасын баспаға беріңіз
24 вариант 1.Бір айда әр тәуліктегі температуралар бір өлшемді массив арқылы берілген. Ең төменгі және ең жоғарғы температура қай күндері болған?
2. А(24) массиві берілген. Оның алғашқы теріс элементіне дейінгілерін (кем дегенде бір теріс элемент бар) өсу ретімен, қалғандарын кему ретімен реттеп, А массивін баспаға беріңіз.
25 вариант 1.Бір тәулікте 30 рет ауаның температурасы өлшенген, ол бір өлшемді массив түрінде берілген. Тәуліктегі орта температура қандай?
2.Берілген А(20) бір өлшемді массивінің ең үлкен 5 элементінің қосындысын және геометриялық ортасын табыңыз.
1. A(K,L) массивінің жұп элементтерінің қосындысын табу керек.
2. D(5,5) массивінің диагональдан жоғары орналасқан элементтерінің арифметикалық ортасын табу керек.
В(4,5) массивінің берілген A және С сандарына тең элементтерін анықтау керек.
A(3,5) массивінің әр бағана элементтерінің қосындысы мен санын анықтау керек.
3 вариант 1.A(5,5) массивінің тақ элементтерінің көбейтіндісін табу керек.
2. B(4,4) массивінің диагональдан төмен орналасқан элементтерінің санын анықтау керек.