Тұғырлы Тәуелсіздік тағылымдары
САЛТАНАТ һәм МЕРЕКЕ ШАПАҒАТЫ
Әлбетте, Қазақстан Республикасының
Тәуелсіздік күні – тарихы тереңде жатқан
елдің жаңа заманда өз алдына қайта
егеменді ел болған күні. Ынтымақты ұр-
ан, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз
осынау
уақыт
аралығында
толағай
табыстарға жетті. Мемлекетіміздің қар-
қынды дамуы – тұрақты саясат һәм ішкі
бірліктің арқасы.
Жуырда Лебяжі ауданы орталығы
Аққудағы Мәдениет үйінде тұғырлы
Тәуелсіздігіміздің жиырма үш жылдығына
арналған салтанатты-мерекелік кешенді
шарасы ұйымдасқан түрде өткізілді.
Аталмыш шараның басында сахна төріне
аудан әкімі С.Жанғазинов шақырылды.
Құттықтау сөзінде Серік Хасенұлы өзіне
сеніп тапсырылған аудан тұрғындарын
мән-маңызы
ауқымды,
қадір-қасиеті
құдіретті Тәуелсіздік күнін азаматтық-па-
триоттық тұрғыдан екшей ерекшеледі.
Мерекенің бірінші бөлімі мемлекеттік
қызметкерлердің ант беру рәсімімен
басталды.
Қазақстан
Республикасы
Президентінің 1999 жылғы 29 жел-
тоқсандағы Жарлығына сәйкес әкімшілік
мемлекеттік қызметке алғаш қабылдан-
ған әрбір азамат ант қабылдайды.
Мемлекеттік қызмет атқару қоғам
мен мемлекет тарапынан ерекше
сенім білдіру болып табылады
және мемлекеттік қызметшілердің
моральдық-этикалық
бейнесіне
жоғары талаптар қояды. Қоғам
мемлекеттік қызметші өзінің барлық
күш-жігерін, білім-тәжірибесін ат-
қаратын
қызметіне
жұмсайды,
өзінің Қазақстан Республикасына
адал да қалтқысыз қызмет етеді
деп сенім білдіреді. Жоғарыда
айтылғандарды ту еткен аудан
әкімі
аппараты
әкімшілік-қаржы
бөлімінің бас маманы А.Сатынская,
аудандық
білім
бөлімінің
бас
маманы Ғ.Құрманов, Қызыләскер
ауылдық округі әкімі аппаратының
жетекші маманы Д.Жұмағожинова,
Қызыләскер ауылдық округі әкі-
мі
аппаратының
бас
маманы
Н.Сейтебаев, Лебяжі ауылдық округі
әкімі аппаратының жетекші маманы
А.Мұстафинаға үлкен сахнада ел-
жұрт алдында ресми түрде ант
қабылдады.
Мемлекеттік мереке болғаннан
соң ерен еңбегімен ерекшелен-
ген тұлғаларға берісі аудандық,
арысы аймақтық деңгейдегі ма-
рапаттар табыс етілді. Бүтінді
бөлшектегенде,
Павлодар
об-
лысы
әкімі
Қ.Бозымбаевтың
Құрмет грамотасымен аудандық
аурухананың
бас
дәрігері
З.Айдарханова, аймақ әкімінің Ал-
ғыс хатымен аудандық экономика
және бюджеттік жоспарлау бөлімінің
басшысы А.Ахметова, Қазақстан
Республикасының
Тәуелсіздігі
күніне орай және көп жылғы
жемісті еңбегі үшін Лебяжі ауданы
әкімінің
Алғыс
хаты
Тілектес
ауылдық клубының меңгерушісі
А.Исполова, Жамбыл жалпы орта білім
беретін
мектебінің
кітапханашысы
Ж.Қайырбекова, Ә.Баймолдин атындағы
жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ
тілі мен әдебиеті мұғалімі А.Байшүкіров
марапатталды. Сол сияқты «Түбіртекті
талап ет – еліңнің патриоты бол» акциясы
қорытындысы бойынша жүлдегер атанған
Лебяжі жалпы орта білім беретін мектебінің
жұмыскері
Ж.Капановаға,
аудандық
«Қазпошта»
маманы
С.Шарупичке,
аудандық кітапханалар жүйесінің әдіскері
К.Мұсаеваға арнайы Сертификаттарды
табыстады аудан әкімі.
Марапаттау рәсімінің маңызды бөлігі
болып «Лебяжі ауданының Құрметті
азаматы» атағын беру айшықталды. Осы-
нау атақты табыстауды аудан әкімімен бір-
ге аудандық мәслихат хатшысы Қ.Әлтаев
жүргізді. Сонымен «Лебяжі ауданының
Құрметті
азаматы»
атағы
Лебяжі
аудандық мәслихатының 2014 жылғы 28
қарашадағы шешіміне сәйкес облыстық
диагностикалық орталығы директорының
орынбасары, ерен еңбегі және ауданның
әлеуметтік-экономикалық, медицина са-
ласының дамуына қосқан қомақты үлесі
үшін «Қазақстан Республикасы денсаулық
сақтау ісінің үздігі» төс белгісімен,
Қазақстан
Республикасы
Президенті
Н.Назарбаевтың Алғыс хатының иегері,
мүгедектер және ардагерлер, ядролық
сынақтар мен апаттар Халықаралық
кеңесінің «Мейірімділік, қайырымдылық»
медалімен, ядролық қозғалыстарға қарсы
және полигон ауданындағы тұрғындардың
денсаулығын қорғау ісіндегі көрсеткіштері
үшін, полигонның жабылғанына жиырма
жыл медалімен, «Халықаралық ядроға
қарсы «Семей-Невада» қозғалысының
жиырма жылдық» мерекелік медалімен,
«Ерекше қауіп тобының ардагері» ме-
далімен марапатталған М.Әбілтаевқа,
еңбек ардагері, еңбек атқарған кезеңде
жоғары көрсеткіштерге жеткені үшін Құрмет
грамоталармен, Кеңес Одағының
ауылшаруашылық
Министрлігінің
«Социалистік ауылшарушылық үз-
дігі» төс белігісімен марапатталған,
Кеңес Одағының ауылшарушылығы
Министрлігі, орталық Жастар комите-
ті және орталық ауылшаруашы-
лық
қызметкерлерінің
кәсіподақ
комитетінің әйел механизаторлар
арасында, социалистік жарыстың
жеңімпазы атанғаны үшін Паша
Ангелина
атындағы
жүлденің
куәлігі, кеңес әйелдері комитетінің
төрайымы В.Терешковамен беріл-
ген Алғыс грамотасының, Алматы
жоғары партия мектебінің ДОСААФ
комитетінің төрағасымен берілген
грамотаның,
1978
жылы
есімі
жазылған
«К-700»
тракторының
иегері болған К.Әмринаға, еңбек
ардагері, Майқарағай кеңшарында
жұмысшылар кооперативінде жұ-
мыскер, тракторшы, механизатор
болып жұмыс істеген, бірнеше
рет социалистік жарыс жеңімпазы
болған, облыстық, аудандық, ау-
ылдық
әкімшіліктердің
Алғыс
хаттарымен
марапатталған,
ІІ,
ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» ор-
дендерінің
иегері
Б.Бөрібаевқа,
аудандық
ардагерлер
Кеңесінің
төрағасы, бірнеше мәрте аудандық
Кеңестің депутаты болып сайланған,
аудан әкімінің Құрмет грамоталарымен
марапатталған, облыс әкімінің Алғыс
хатымен, облыстық ардагерлер Кеңесінің
Құрмет грамотасымен, ардагерлер ұйымы
республикалық
қоғамдық
бірлестігінің
Орталық
Кеңесінің
Алғыс
хатымен
марапатталған Т.Макинге, Астанадағы
Л.Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық
университеті жаратылыстану ғылымдары
факультеті физикалық және экономикалық
география кафедрасының меңгерушісі,
жүз елуге жуық ғылыми еңбектің авторы,
«Қазақстан Республикасы жоғары оқу
орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік
грантының иегері атанған, «Ғылымдар
одағы» республикалық қоғамдық бір-
лестігі тағайындаған «Ғылым сардары»
сыйлығының
иегері
атанған,
алтын
медальмен марапатталған, Павлодар об-
лысы ономастика мәселелерін оңтайлы
шешілуіне өз үлесін қосқан азаматтардың
бірі Қ.Сапаровқа, еңбек ардагері, еңбек
еткен жылдары Май және Лебяжі
аудандық халық депутаттары атқарушы
комитетінің төрағасы, аудандық, облыстық
Халық депутаттары Кеңесінің депутаты
болып сайланған, Қазақстанның Орта-
лық Комитеті Коммунистік партиясының
мүшесі болып тағайындалған, «Құрмет
белгісі» орденімен, «Ерен еңбегі үшін»,
«Адал еңбегі үшін» медальдарымен
марапатталған Г.Столбовқа салатанатты
түрде берілді. Сонымен қатар Қазақстан
Республикасының
Тәуелсіздік
күніне
орай көп жылғы және жемісті еңбегі
үшін аудандық кітапхананың қызмет
көрсету бөлімінің аға кітапханашысы
М.Әмренова, Бесқарағай жалпы орта
білім беретін мектебі директорының оқу
істері жөніндегі орынбасары Б.Ибраһим,
Шарбақты ауылдық амбулаториясының
санитары Г.Оразмұхаметова, Малыбай
ауылдық округі ветеринарлық пунктінің
меңгерушісі Қ.Қанаев, Амангелді негізгі
орта білім беретін мектебінің от жағушысы
Ж.Тасимов Лебяжі ауданының Құрмет
грамотасымен және марапатталды.
Концерттік бағдарламада би өнерімен
әбден танымал аудандық Мәдениет үйінің
«Нұрдана» тобы мемлекеттік мерекеге
нәр де, әр де берді. Гүлнұр Данабекқызы
көркемдік жетекшілік жасайтын аталмыш
би тобы орындаған «Серуен», «Күлімдеу»
атты қазақ билері, орыс, ұйғыр билері
қадірменді көрермендер көңілінен шық-
ты. Сонымен бірге домбырамен ән
шырқап, танылып жүрген Е.Бейбітхан-
ның «Жігіттерге өсиет» термесі, әжелер
тобының «Күн дидарлы Қазақстан»,
«Айналайын» балабақшасының балдан
да тәтті балдырғандарының «Қазақстан»,
Ямышево ауылының орыс этномәдени
бірлестігі әншілер тобының, Жаңатан
ауылының
татар-башқұр
ұлттық
бірлестігінің,
әншілігімен
танымал
А.Әмринаның орындауындағы, «Жастар»
вокал тобының «Менің Қазақстаным»,
шымылдық түрілер шақта шырқалған
«Тәуелсіздік»
әндері
салтанат
һәм
мерекені әуелетті, пырақтады.
Асылы сол, тұғырлы Тәуелсіздіктің жи-
ырма үш жылдық мерейін аспандатқан
биылғы салтанатты мереке лебяжіліктердің
есінде осынаулығымен есте қалатын
болды.
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ.
27.12.2014ж. № 51 /7727/
А ќ ќ у ‰ н і
4
Ұстазға арналды
Т у д ы ж ы қ п а ғ а н т ұ л ғ а
В о л е й б о л д а н т у р н и р ө т к і з і л д і
Қазақтың ел мен жерді тең қорғаған
батырлары жайлы тарихта түрлі деректер
көп-ақ. Олардың әрқайсысының аңызға
бергісіз ерлігі қазақ халқы үшін тағдыршеш-
ті болған әр оқиғаның тұсында ерекше
қырларынан көрініп отырады. Ел тарихында
ерекше ерлік жасаған сондай тұлғаның бірі –
Қазымбет батыр.
Дара туған Қазымбет
Кезекті бір ұрыста Қазымбеттің әкесі Құттымбет
батыр жараланып, қол бастауға жарамай қалады.
Дәл сол кезде қазақтарға қалмақтар тұтқиылдан
шабуыл
жасайды.
Сәмеке
хан
шабарман,
хабаршыларын жан-жаққа тез жіберіп қарсы
әскер жинайды. Сол кезде бұрын қанша шайқасқа
қатысқанын кім білсін, 17 жасар Қазымбет ту ұстап,
өз аталастарын әкесі Құттымбеттің орнына жауға
қарсы әзірлеген екен.
Бес мыңдай қолға қарсы екі мыңдай жауынгер
дайындап үлгерген Сәмеке ханға жас Қазымбет
келіп қосылады. Ертеңінде жау жағы жекпе-жек
сұрайды. Сонда 17 жасар Қазымбет хан алдына
барып, жеке шығу үшін бата сұрайды. Хан: «Әй,
балам, сен тым жас екенсің. Анау қалмақтың бас
батыры Жолан талайды көрген жырынды, алапат
күш иесі. Жасы да анағұрлым үлкен. Өзіңе-өзің
сенбесең шықпай-ақ қой. Жеңіліп, опат боларсың»,
– депті.
– Жоқ, хан ием! Мен өзіме-өзім сенемін.
Жіберіңіз, бата беріңіз, – депті жұлқынып.
– Тұла бойың тұнған күш, жүректі жассың мәрт
мінез. Жеңіп жауыңның басын кес. Опасыз дұшпан
табаныңда болсын, бар балам, – депті Сәмеке хан.
Жекеге
шыққан
қалмақтың
бас
батыры
Жолан жас арыстандай күжірейген жалынды
жас батыр Қазымбеттің көзіне көзі түсіп, ажалы
келгенін сезгендей бірінші болып, кезек сұрайды.
Қарсыласының мысы басып, құты қашып жоңғар
жебесі адасып далаға кетеді.
Кезегін алған Қазымбет батыр қозы жауырын
жебесін шірей тартқанда, оқ қақ жүректің тұсынан
өтіп, Жолан жерге өкіріп құлайды. Жас батыр
қолма-қол қалмақ батырына жетіп барып басын
кесіп алыпты. Мұны көріп тұрған қарсы жақтың
ханы Зерен Қазымбетті қоршап, қолға түсіруге
бұйырыпты. Арыстанша алысқан жас батырды
өзгелер келіп құтқарған екен. Жоланның басын
Сәмеке ханның алдына тастаған батырға барлық
сардарлар мен сарбаздар риза болыпты. Саны аз
болса да жас батырдың ерлігімен жігерленген қазақ
қолы жауды жеңген екен.
Осыдан кейін де сансыз ұрыстар болады. Соның
көбі тарихшылардың айтуына қарағанда, Аягөз-
Алакөл маңында болған. 1723-1727 жылдардағы
ірі шайқас Аягөз өзенінен он шақырым жердегі
Қарауыл маңында өткен. Онда қазақ хандарының
алауыздығынан қазақ әскері жеңіліс табады.
Оның алдында Балқаш пен Алакөл аралығында
Аягөз өзенінің Балқашқа құяр сағасында қанды
қырғын болған. қазақ хандарыден солтүстікке
қарай Қарақол тұсында, одан соң үш Ақшәулі
төңірегінде, Еңірекейде, Ащысуда, Тарбағатайдың
Өкпетісінде, Қабанбай асуында болған жерді
қайта азат ету жолындағы ондаған жылдарға
созылған ұрыстарға түменбасы, ту ұстаушы болып
қатысқан Қазымбет батыр 52 жыл бойы ат үстінде
жүріп ел қорғапты. Ата-баба жерін жаудан азат
ету жолындағы соңғы ұрыста 69 жасында қазақ
жасағының туын жықпай, ту түбінде мерт болған.
Батыр мен сұлу
Мұның өзі ұзақ сонар дастанға бергісіз аңыз-
әңгіме. Шежіреші қариялар ғасырлар бойы ауыздан
ауызға айтып, сан құбылтып жіберген тұстары да
көп. Солардың ішіндегі ең дұрысы, шындыққа жуық
келетіні С.Өзбековтің «Мұра» кітабындағы нұсқасы
болғандықтан сол нұсқадан үзінді келтіруді жөн
көрдім.
…Қазақ қолы бел алып, Қазымбеттің әйгілі
батырлар қатарына қосылған кезі. Бір шайқаста
жүз қаралы қалмақ сарбаздарын Қазымбет
жігіттері қолға түсіреді. Қолға түскен жаудың билігі
сарбаздардың қолында емес пе? Ат-әбзелі, қару-
жарақ, сауыт-саймандары алынады. Солардың
ішінде сауыт-сайманы шешілгеннен кейін жалғыз
бұрым болып өрілген шашы тірсегіне түскен, аса
келбетті, сұлу әйелдің намысқа тырысып ерлер
қатарында жүргені әшкере болады.
Мұндай ерлік қай кезде, қандай ұлттың
болмасын әйелдерінен кезігіп тұрған ғой. Қазымбет
бабамыз әйелдің жайын сұрастырып біледі.
Сөйтсе, шайқастың алғашқы кезеңдерінде қалың
қол алдында Қаранай деген қалмақ батыры әйгілі
қанжығалы Бөгенбаймен жекпе-жекке шығып,
сол сайыста қазақ батырының қолынан өлген.
Қаранайдың кегі үшін ерлер қатарында жауға
шауып жүрген әйелі Таңшебер екен. Ер қадірін
асқақ тұтқан әрі әйелдің жүрек жұтқаны болған соң
да: «Бұдан туған ұрпағым кем, қор болмас», деген
оймен бабамыз Таңшебермен неке қидырады.
Сонымен Таңшебер анамыз отыздан асқаннан
соң Келдібек, Жаулыбай, Майлыбай атты үш ұл
табады. Ол кезде он үште садақ тартуға жараған ұл
жорық атын баптай бастайтын болған. Келдібектің
он алты жасқа толған кезінде қалмақтың мыңнан
астам қолы бір тыныстап жатқан кезді пайдаланып,
Қазымбет ауылын қоршайды. Бүкіл қазақ ауылынан
Қазымбет ауылын таңдап алуының айрықша себебі
болған.
Бөгенбай қолынан өлген Қаранайдан Қабек
деген ұл бала қалады. Бала ат жалын тартып
мінуге жарағанда, қалмақтың үлкендері: «Сенің
шешең жау қолына түсті. Бірақ өлген жоқ. Қазымбет
деген батырында, бәйбіше болып бала өсіріп
отыр», дегенді айта берсе керек. Қаранайдай
батыр, Таңшебердей жүрек жұтқан әйелден Қабек
те осал туа ма? Жиырмаға жетер-жетпес жасында
түмен басқаратын қолбасшылардың бірі болған.
Міне, сол Қабек әке кегін қайтарып, шешесін қазақ
қолынан құтқарып әкетуге орайлы кезеңді тапқан.
Қабек қолы Қазымбет ауылына таяп қалады.
Хабарын кеш білген бабамыз тұс-тұстағы қазақ
қолбасшыларына
хабаршы
жіберген.
Бірақ
олар көмекке келгенше жау шабындысының ас-
тында қаларына да көзі жеткен. Осыны байқаған
қалмақ қолы еркін әрі тұралатып жеңуді көздеп,
өктемдікпен жекпе-жекке шақырған.
Жекпе-жекке қалмақ қолының басшысы Қабектің
өзі шығады. Кімнің шыққанын қазақ жағы қайдан
білсін. Жаудан сасып көрмеген бабамыздың
өзінен бастап, ұлдарының қай-қайсысы шығуға
әзір тұрады.
Осыны аңғарған Таңшебер ана-мыз Қазымбеттің
алдына жүгініп: «Сонау жекпе-жекте тұрған менің
бауырларымның бірі болса керек. Кім өлерін
тәңірім білер. Бірақ қазасы жетпей тұрғанда
жүздесіп, мауқымды басып қайтайын», – деп зар
тілегін айтып, рұқсатын алған екен.
Арғымағына қонғанда әйелше ки-інбей, бес
қаруы бойындағы айбынды батырша киініп,
ақырып жекпе-жекке қарсыласына жетеді. Қанды
айқастың басталуын күтіп, екі жақ та тына қалған.
Ұзамай екі жағы да жұмбақты көрініске куә болып,
не деп шешерін білмей тосын күйге түскен. Ат
басын кәдімгі жекпе-жекшілерше түйістірген екі
батыр, енді қару сілтеседі деп күтіскен кезде, қару
сілтенбейді. Мұны екі жақ та көріп тұрады. Сәлден
соң қалмақ батырын Таңшебердің құшағына
алып, өксіп жылағаны майдан даласын тұндырып
жіберсе керек. Жекпе-жекке шығушылардың
көріспен мауқы басылғаннан кейін, әлдеқандай
байламға келіп, екеуі екі жаққа тарасады.
Бабамыздың алдына келген анамыздан:
– Бәйбіше, не болды? Әлгі бауырың ба екен?
Балаң ба екен? – дейді.
– Құзырыңызға, құлдық. Қаранай кіндігінен
туған жалғызым Қабек деген ұлым екен. Мен кек
қуып жорыққа аттанғанда, Қаранайдың әпкесінің
тәрбиесінде қалып еді. Осы қолдың басшысы
көрінеді. Іздеп шыққаны менің қара басым екен, –
деп бір тоқтайды.
– Балаң маңайындағыларына бас шұлғытып
жатыр. Сен қандай ақыл бердің? Өзің қандай
тоқтамдасың? – дейді батыр.
Таңшебер анамыз да иілген басын тіктеп алады.
– Батыр! Ер кегін қуып келіп, отыз жасымда
өзіңе пенде болдым. Жаудан түскен олжа деп
қарамадың. Өсер өркенімнің ұлы анасы болар
деп
әлпештегеніңді
өмірі
ұмытармын
ба?
Тағдыр қосқан қосағың ретінде мен де алдыңнан
кесіп өтпедім. Жорыққа аттансаң қара тұяғың
мұжылмасын деп тілеу тіледім. Үш бала сүйгіздім.
Жасым болса елуге келді. Сырлы аяқтан сыр
кетіп, сыны қалды. Қызық дәуренім өзіңмен бірге
өтті. Енді елу жасымда менен не қызық көресің,
тұңғышымның қолына қайтар. Мен үшін екі жақ та
қазір қызыл қырғын болмасын. Ақылға салыңыз.
Балам осыған келісті. Бір жолға болса да қан
төгіспей тараңдар. Кек қайтарысар кездерің әлі
алда ғой, – дейді.
Таңшебер анамыздың сөз салмағын саралап,
оның өзіне қосақ болғалы көрсеткен ізгілігін де әділ
бағалап: «Өзімнен туған ұлдарым өзімде қалса,
тұла бойы тұңғышынан ажыратып алып қалғанда
маған деген ыстық ықыласы болар ма», – деген
түйінге келген Қазымбет бабамыз Таңшебердің
ақылды ісіне ерік беріпті.
–
Таңшеберді
жөнімен
он
қыздың
ұзаты¬луындай салтанатпен шығарып салыңдар,
– деген бабамыздың бір ауыз сөзі өз балаларына
ғана емес, бастас болған батырларға, қостас
болған нөкерлерге хан бұйрығындай болыпты.
Қыруар малмен басы тоғыздан елу шақты түйеге
жасау артылып, су төгілмес боз жорғаны күміс
ер-тоқымдап, Таңшебер анамызды ауылдан разы-
қоштарын айтып шығарып салып жатады. Міне,
осының өзі Қазымбет батырдың батырлығымен
қоса ақылдылығын, мәрттігін көрсетіп тұр.
Соңғы соғыс
Қазымбет бабамыздың қазақ әскерінің туын
құлатпай қаза болған ұрысы туралы да әртүрлі
аңыз-әңгімелер баршылық. Соның көбі тағы да
қазақ-қалмақ арасындағы соңғы ірі соғыстарға
әкеліп тіреледі.
Ауызша айтылған аңыз-әңгімелердің көбінде
Ақшәулінің етегінде болған ұрыстарда жау
әскерлері қатты жеңілген. Арғы жағын алып
қытай империясы опырып, бір кезде қазаққа
істеген қырғынды өз бастарына әкеледі. Билік
үшін таласқан Әмірсана қытай билеушілерінен
көмек сұраймын деп өз еліне абайсызда апат
әкелді. Сыныққа сылтау іздеп, екі көшпенді ірі
елдің әбден қансырап әлсіреуін күтіп отырған
Қытай империясының қаталдығы Әмірсананы
да шошытып, ол билікті ұмытып, қытай әскеріне
қарсы бас көтерді. Бірақ, қонтайшыға қырғыннан
аман қалған қандастары сенбеді. Тарихшылар
жазып қалдырған деректер бойынша осы жолы
миллионнан астам адам жойылып, қалғаны жан-
жаққа бытырады.
Енді Ақшәулі түбіндегі ұрысқа тоқталайық. 1756-
1757 жылдары жаудың көбін бағындырып, біразын
өздеріне қосып алған қытай әскерлері қазақ жеріне
лап қойған екен. Бұл туралы Ә.Садуақасовтың
«Қабанбай батыр» кітабында. «Қапысыз ажал
келсе кім өлмеген,
Шыңқожа, Шөңкейді де шідерлеген.
Қос жебе өндіршектен қадалса да,
Қазымбет тудың сабын жібермеген», – деген
жолдар бар.
Мұндай
мысалдарды
өзге
де
көптеген
шежі¬решілер, ақындар, зерттеушілер келтіреді.
Дегенмен, соның ішінде бүгінгі заманда қазақ
батырларының азаттық жолында арпалысқан сәт-
терін шынайы суреттеп жүрген даңқты ақынымыз
Несіпбек Айтовтан артық жазған ешкім жоқ.
Несіпбектің «Ту» деп аталатын шағын дастанында
көк туымыздың қасиеті керемет дәріптеліп, кешегі
ер Қазымбеттің туды жықпай, ұстап қалуы тамаша
суреттеледі. Сол дастанда Қазымбеттің соңғы
ерлігі былайша жырланған:
Қазақтың шыдай алмай соққысына,
Қалмақтар қалжырады қатты сірә.
Бөлінді бас сауғалап бет-бетіне,
Келгенде Маңырақтың дәп тұсына.
Жау қашты, қазақ қолы тыныстады,
Боялған қанға найза-қылыштары.
Өлігі құрбандардың жайрап жатты,
Біткендей пәнидегі жұмыстары.
Жалғыз тұр ту ұстаушы дөң басында,
Көргендер аң-таң қалды алғашында.
Байрағы қолындағы желбірейді,
Өзінің көрінбейді жан қасында.
Болмастан ойларында ешбір қауіп,
Батырлар сатырлатып келді шауып.
Күйінде ту ұстаған қатып қапты,
Өлсе де құламаған аттан ауып.
Қос жебе қатар тиіп өндіршектен,
Аққан қан омырауын кеткен жауып.
Аты да астындағы қозғалмайды,
Тізгінін тұқыртыпты ерге тақап.
Қаруы жерде жатыр саудыраған,
Екі көз жұмылмапты жаудыраған.
Төбеде туын жықпай қасқайып тұр,
Дегендей: «Не қыласың енді маған?!».
Егіліп жан қалмады жыламаған,
Көргенде Қазымбетті құламаған.
Жықпаққа қазақ туын көздеп атқан,
Қалмақтың сұр мергені сығалаған.
Күңіреніп аттан түсті ер Қабекең,
Сіресіп Қазымбет тұр ерде бекем.
Түбінен тудың сабын қатты қысып,
Қарысып саусақтары қалған екен.
Қолынан туын алып ел әзірге,
Тапсырды қайран ерді қара жерге.
Байрақты жас жігітке беріп тұрып,
Дарабоз былай деді қарап елге.
Күн туар деген рас ұл туғанға,
Түсесің от пен суға жұртың барда.
Ешқашан өлмек емес ер Қазымбет,
Артында желбіреген ту тұрғанда!
Жалауын қатты соққан жел ұшырған,
Тарихта талайлардың сағы сынған.
Жығылмай тумен бірге тұрып қалған,
Қазағым, айналсаңшы арысыңнан!..
Міне, Қазымбет батырдың өшпес бейнесін ақын
өлең тілімен осылай сомдаған.
Бүгін көк байрақты тәуелсіз елміз, Аллаға
шүкір. Бәрі бар. Бірақ, кешегі батыр бабалар
рухы бойымызда бар ма? Мәселе осында. «Рухы
әлсіреген елдің болашағы жоқ», деген екен
Қытайдың ұлы ойшылы Конфуций. Бүгінде «мың
өліп, мың тірілген» қазақ халқының рухын оятып,
күшейту аса қажет. Ол үшін батыр бабалардың
ерлік үлгі-өнегесін жаппай насихаттап, ұрпақ
санасына сіңдіру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |