№51 (7727) газет 1940 жылғЫ 1 Қыркүйектен шығады



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата19.01.2017
өлшемі4,12 Mb.
#2220
1   2   3   4

Бақытөмір ШАЛҒЫНБАЙ.

Білім  бөлімінің  және  Майқарағай  орта 

мектебінің 

ұжымының 

ұйымдастыруымен 

Майқарағай  орта  мектебінде  үстіміздегі  жыл-

дың  20  желтоқсанында  адалдық  пен  адам-

дықтың  туын  биік  ұстаған,  жоғары  деңгейлі 

басшы, жаны жайсаң, көңілі дархан, абзал әке, 

асыл жар, ағайын-туысқандарға қамқоршы, әр-

іптестері  арасында  беделді,  ауылына  сыйлы 

азамат болған Оспанов Еркін Жексенұлын еске 

алу шарасы өтті.

Іс-шараға  Еркін  Жексенұлының  туысқанда-

ры,  білім  бөлімінің  басшысы  Еркенов  Ерсін 

Еркенұлы, ауылдық округтің әкімі Биболов Әсет 

Серғазыұлы,  ауыл ақсақалы Биболов Серғазы,  

балалар  және  жасөспірімдер  клубының  ди-

ректоры  Кенжегалиев  Тоқтамыс  Жәнібекұлы, 

жолдастары  қатысып,  Еркін  Жексенұлының 

қысқа  ғұмырында  сіңірген  еңбегі  жайлы  ой 

қозғады.    Еркін  Жексенұлы  биылғы  жылдың 

29-желтоқсанында 40 жасты бағындырар еді.

Игі  іс    Еркіннің  туған  күніне  орай  арналып, 

өмірі  мен  шығармашылығын  арқау  еткен 

турнирдің  ашылуымен басталды.  

Еркін  Жексенұлы  туралы  айтатын  болсақ, 

1974  жылы  29  желтоқсанда  Ленин  ауылында 

дүниеге  келді.  1981  жылы    Ленин  негізгі 

мектебінің  1-сыныбына  қабылданып,  1992 

жылы  Жамбыл  орта  мектебін  аяқтады.  1992 

жылы  Е.А.Букетов  атындағы  Қарағанды 

мемлекеттік  университетінің  тарих  және 

әлеуметтік-саяси  факультетіне  түсіп,  1997 

жылы  тәмамдады.  1997  –  2001  жылдар 

аралығында  Потанин  орта  мектебінде  тарих 

пәні  мұғалімі  болып  жұмыс  істеді.  2001-2003 

жылдары Ленин орта мектебінде тарих пәнінен 

сабақ  берді.  2003  жылдың  1  сәуірінен  бастап 

Майқарағай орта мектебінің директоры болып 

қызмет  атқарды.  Аталған  мектепте  11  жыл 

еңбек етті.

Өзінің қысқа ғұмырында жауапты қызметтер-

ді  атқарып,  өз  ісінің  білікті  маманы,  білгірі 

болған, кейінгі буын жас ұрпақты тәрбиелеген 

үлгілі  ұстаз  Оспанов  Еркін  Жексенұлының 

иеленген жетістіктері де аз емес:

1. 2002 ж. Лебяжі аудандық кәсіподақ ұйым-

ының грамотасымен марапатталды.

2.  2005  ж.  Лебяжі  аудандық  білім  бөлімінің 

«ҰБТ-гі  үздік  нәтижелері  үшін»  грамотасымен 

марапатталды.

3. 2005 ж. Облыс әкімінің гранты «ҰБТ-гі үздік 

нәтижелері  үшін»  Облыс  әкімінің  «Облыстың 

білім  саласын  дамытуға  қосқан  елеулі  үлесі 

және білім беру қызметтерінің жоғары сапасы 

үшін» атаулы сыйақысы берілді

4.  2012  ж.  «2012  жылғы  15  қаңтарда  ҚР 

Парламент  Мәжілісі  мен  мәслихаттар  де-

путаттарын  сайлауды  өткізуді  тиісті  деңгейде 

ұйымдастырғаны  үшін»  Лебяжі  ауданының 

әкімі алғыс хатымен марапатталды.

5.  2012  ж.  Лебяжі  ауданының  әкімі  ҚР 

Тәуелсіздік 

күніне 

орай 


ауданымыздың 

әлеуметтік-экономикалық  дамуына  қосқан 

қомақты  үлесі  үшін»  алғыс  хатымен  ма-

рапатталды.

Желтоқсан  айының  7  күні  ауданымыздың 

он  төрт  мектебінен  команда  жиналып,  Қазы 

орта  мектебінде  қыр  мектебінің  7  командасы, 

Лебяжі  орта  мектебінде  жиек  мектептерінің 

7  командасы  волейболдан  жарысқа  түскен 

болатын.  Нәтижесінде жартылай финалға алты 

команда шығып, 20 желтоқсан күні Майқарағай, 

Лебяжі, Ямышев орта мектептері  Майқарағай 

орта мектебінде және Қазы, Жамбыл, Б.Уахатов 

орта  мектептерінің  қызметкерлері  Б.Уахатов 

атындағы орта мектебінде бақ сынасты. Жарыс 

сәтті аяқталып, І орынды Қазы орта мектебінің 

қызметкерлері  иеленсе,  ІІ  орынды  Лебяжі 

орта  мектебінің  қызметкерлері,  ІІІ  орынға 

Б.Уахатов  атындағы  мектептің  қызметкерлері 

табан  тіреді.  Командалар  арнайы  тапсырыс 

беріп  алынған  кубоктармен  және  грамоталар-

мен  марапатталды.  Сонымен  қатар  үздік 

ойыншы,  үздік  ойнатушы  анықталып,  арнайы 

грамоталармен  және  ескерткіш  сыйлықтар-

мен  марапатталды.  Еркін  Жексен  ұлының 

ата-анасы өздерінің ризашылықтарын білдірді. 

Шаңырағында ас беріліп, дұға оқылды.

Еркін  Жексенұлы  мінезге  бай,  ұстамды 

адам  еді.  Қандай  қолайсыз  жағдай  болсын, 

шыдамдылық  жасап,  әр  нәрсені  ақылмен 

жөніне  келтіретін.  Күні  кеше  ғана  ортамызда 

ойнап-күліп  жүрген  адамның  енді  арамызда 

жоқ  екеніне  еш  сенгің-ақ  келмейді.  Өмірден 

озып  кеткен  адам  туралы  өткен  шақта  айту 

қаншалықты  қиын.  Әлбетте,  елі  үшін  аянбай 

еңбек еткен азаматты еске алу - сауапты іс. 



М.Шыңғысова, 

білім бөлімінің сектор меңгерушісі.    

27.12.2014ж.  № 51 /7727/

А ќ ќ у   ‰ н і

5

Дерек

А қ б о з   а т т ы  

А т т и л а

суреті Римдегі Ватикан музейі қорынан табылды

Президент 

Нұрсұлтан 

Назарбаев 

Ұлы  тау  төрінде  берген  арнайы 

сұхбатында  ұлт  туралы  толғаныстарын 

орта 

ғасалды, 



әсіресе, 

тарихқа 


үлкен  көңіл  бөлді.  «Біздің  елдігіміз, 

қазақ  жұртының  арғы  түбі  ғұндардан 

басталады – деді Елбасы. – Ғұндардан 

кейін  көк  түріктерге  жалғасады.  Одан 

кейін  Алтын  Орда  орнығады.  Сөйтіп, 

хандық дәуірге ұласып, кейін біртіндеп 

Тәуелсіздікке  келіп  тіреледі.  Осындай 

үлкен  тарихымыз  бар.  Жастарымыз 

мұны білуі керек». Міне, осы тұрғыдан 

қарағанда,  Қазақ  елінің  ежелгі  және 

ортағасырлық 

тарихын 


жаңаша 

ғылыми  деңгейде,  объективті  түрде 

қалыптастыру қажет. Әсіресе, бұл жерде 

біз  ғұндар  тарихынан  бастауымыз 

керек.  Ғұн  державасын  акелсек,  оның 

Еуразиядағытарихы  күні  бүгінге  дейін 

әлі де айтарлықтайашылмайкеледі.

Түркі-ғұндар 

Орталық 

Азиядан 


шыққан.  Б.з.д.  ІV  ғ.  қытайлықтар 

оларды өздерінің қауіпті қарсыластары 

ретінде  көрсеткен.  Ғұндардың  әскери 

көсемдері Хань империясымен соғыста 

бір  талай  жеңістерге  жеткен.  Б.з.  ІІ  ғ. 

бірінші жартысында ғұн тайпаларының 

қазіргі Шығыс Қазақстан, Жетісу, Орал, 

Каспий  жағалауларынан  Еділдің  арғы 

жағындағы  далаларға  көшіп-қонуы 

басталды. ІV ғ. ортасында ғұндар Еділ 

мен  Дон  аймағына  бойлап  енді.  Азов 

және Солтүстік Кавказдағы аландарды, 

Босфор  патшалығын  өзіне  қаратып, 

олар 


Оңтүстік–Шығыс 

Еуропадағы 

Остгот  патшалығының  билеушісі  Эр-

манарихтың  көп  тайпалы  державасын 

375 жылы жеңіліске ұшыратты.

Осы  уақыттан  бастап  Еуразия  мен 

Еуропада  халықтардың  ұлы  көш  ені 

үдерісі  (великое  переселение  народов) 

жүрді.

Біз осы мақаламызда ғұндардың ІV-V 



ғасырлардағы  Еуразиядағы  тарихын 

Ватиканнан  табылған  латын  тіліндегі 

деректер негізінде кеңінен жандандыра 

аламыз.


Ғұн  державасының  Батыста  тер-

риториялық 

жағынан 

кеңеюі 


мен 

қуатының  асып-тасуы  434-453  жылдар 

аралығында  билік  құрған  Аттиланың 

(Еділдің)  тұсында  орын  алды.  Аттила 

және  оның  дәуірі  Еуразия  тарихында 

өшпес  із  қалдырды,  ол  тек  тарихи 

шығармалар,  хроникалар  мен  эпи-

калықескерткіштерде  ғана  сақталып 

қалған  жоқ.  Біз  өз  тарапымыздан 

германдықтардың 

эпостары 

мен 


Скандинавия  сагаларында  (das  Niebe-

lungenlied, Edda, Sagen, т.б.) ғұндардың 

және  олардың  қолбасшысының  ұлы 

істері  көрініс  тапқандығын  анықтадық 

(бұл  шығармаларда  ол  Attila,  Etzel,  At-

zel, Atli, Ätla деп көрсетіледі). Осы жерде 

бір айта кететін жағдай, бір қатар герман 

тайпалары,  сонымен  бірге,  Солтүстік, 

Орталық  және  Шығыс  Еуропаны  мекен 

деген  халықтар  мен  тайпа  ұйымдары 

күшейіп  келе  жатқан  Ғұн  державасын 

өздерін  Рим  империясынан  қорғаушы 

күш ретінде де сезінді.

Биылғы  жылдың  шілде  айында  мен 

Мемлекеттік 

бағдарламаға 

сәйкес, 

ҰҒА-ның 


Тарих 

және 


этнология 

институтының  қолдауымен  Италияға 

сапарға  бардым.  Оның  мақсаты  – 

ғұндар, аварлар, Түрік қағанаты, Алтын 

Орда тарихы бойынша сирек кездесетін 

деректер  мен  материалдарды  анықтау 

еді. Ватиканда деректік материалдарды 

–  манускриптілер  жиынтығын  Vaticani 

Latini  (Латын  қорлары)  қолжазбалар 

залында  қараған  кезде  мол  олжаға 

жолықтық. 

Мысалы, 


түркі-ғұндар 

және  олардың  Рим  империясымен 

өзара  қарым-қатынастарына  қатысты 

мәліметтер  Рим  папасы  Лев  І-нің  (440-

461) хаттарында бар болып шықты. Ол 

Шығыс  Рим  империясын  Еуропадағы 

үстемдік  үшін  күресте  ғұндарға  қарсы 

бірлесуге  шақырған  (Biblioteca  Apos-

tolicaVaticana 

(BAV), 


VaticaniLatini 

(Vat.  lat.  541,  f.  67-68  R).  BAV,  Vat.  lat. 

1319,  f.  96Ä,  Vat.  lat.  544,  f.  183-184R). 

Деректер  билеуші  Аттиланың  бейнесін 

объективті  түрде  ұлы  істерді  атқарған 

зор  мемлекеттік  қайраткер  ретінде 

жаңғыртуға мүмкіндік береді. Аттиланы І 

мыңжылдықтың ең белгілі толағай тұлға 

деп есептеуге толық негіз бар.

Бұл  жерде  біз  қысқаша  мына 

мәліметтерді бергеніміз жөн. 451 жылы 

Солтүстік Галлияда (Франция) дүниежүзі 

тарихындағы  ең  ірі  шайқастардың 

бірі  –  Каталаун  даласындағы  ұрыс 

өтті.  Сол  кезеңдегі  әлемнің  алып 

державасы – Рим империясының өзінің 

көптеген  одақтастарымен  Ғұн  әскеріне 

қарсы 


қақтығысы 

ешқайсысының 

да  басымдыққа  ие  бола  алмауымен 

аяқталды.  Алайда,  осы  шайқастан 

кейін  де  ғұндардың  күш-қуаты  елеулі 

болғандықтан, ұлы қолбасшы Аттила аз 

уақыттың ішінде қайта атқа қонып, енді 

жорықты  тікелей  Рим  империясының 

жүрегі Италияға бағыттады.

452  жылдың  көктем-жазында  ғұндар 

Солтүстік  Италияға  келіп,  Аквилея, 

Конкордия,  Альтин,  Патавий  (қазіргі 

Падуя),  Вицетия  (қазіргі  Виченца), 

Верона,  Бриксия  (қазіргі  Брешия), 

Бергамо, 

Милан, 


Тицин 

(қазіргі 

Павия) 

қалаларын 



алды. 

Аттила 


өз 

резиденциясын 

Миландағы 

Рим 


императорларының 

сарайына 

орналастырды.  Бұл  жеңістерден  кейін 

Римге жол ашылды. Осы қиын жағдайда 

Рим  империясы  Аттилаға  елшілік 

жіберуд  іұйғарды.  Елшілікті  Папа  Лев  І 

өзі басқарды. Сол кездің куәгері хронист 

ПросперТироның 

латынша 

жазған 


хроникасына қарасақ: «Барлық елшілер 

сыймен  қабылданып,  патша  шіркеудің 

жоғарғы 

басшысының 

қатысуына 

ерекше ризашылығын білдіріп, соғысты 

одан  әрі  жүргізуден  бас  тартып, 

бейбітшілікті  сақтап,  Дунайдың  арғы 

жағына  қайтуға  уәде  берді»  (Prosper 

Тiro. EpitomadeChronicon, 1367, — MGH, 

T. IX, p. 482).

Аттила Римге жорықтар жасаған бас-

қа замандастарынан ерекшелене білді. 

Ол  христиан  діні  мен  Рим  папасына 

құрметін  көрсетті.  Сондықтан,  қазір  де 

басты христиан храмы – Римдегі Әулие 

Петр  соборында  Ғұнимпериясының 

ұлы  билеушісінің  бейнесін  көруге 

болатындығы  кездей  соқтық  емес. 

Бірінші  көрініс  –  бұл  собордағы  XVII  ғ. 

мүсіншісі Алессандро Альгардидің Лев 

І-нің  Аттиламен  кездесуін  бейнелеген 

барельеф. Екіншісі – осы тақырыптағы 

Рафаэльдің фрескасы.

Сонымен 

бірге, 


осы 

ізденіс 


сапарымызда 

бұған 


дейін 

Ғұн 


империясының,  Рим  мен  Ватиканның 

тарихына  арналған  ешбір  еңбекте 

кездеспеген Аттиланың маңызды суреті 

табылғанын айрықша атап өткім келеді. 

Мәселен,  Ватикан  музейінің  қорында-

ғы  көптеген  суреттердің  арасынан  452 

жылғы ғұн билеушісі Аттила мен Папа 

Лев І арасындағы кездесуді бейнелейтін 

фреска  көзімізге  оттай  ұшырады.  Бұл 

жерде  Ватикан  музейлері  құрамына 

кіретін 

Географиялық 

карталар 

галереясы  жөнінде  сөз  болып  тұр. 

Бұл  галереяда  (Galleriadella  Carte-

Geografiche) 40 карта бар екен, оларда 

Католик  шіркеуінің  бұрынғы  иеліктері 

көрсетілген.

Рафаэльдің 

белгілі 


Элиодор 

Станцасындағы  (Stanzadi  Eliodorо) 

«Ұлы  Левтің  Аттиламен  кездесуін» 

көрсеткен  суретпен  салыстырғанда, 

біз  тапқан  фрескада  Аттила  ақбоз 

аттың үстінде, басына алтын патшалық 

тәж  киген  маңғаз  бейнеде  тұр.  Оның 

келбетінде 

Солтүстік 

Италияны 

бағындырған  және  Рим  империясына 

соққыларды 

жаудырған 

құдіретті 

әміршінің  айбын-салтанаты  көрініс 

тапқан.


Аттила  қайтыс  болғаннан  кейін 

Батыстағы 

Ғұн 

державасы 



оның 

мұрагерлері  тұсында  ыдырап  кетті. 

Ғұндардың бір бөлігі төменгі Дунайдың 

солтүстігінде  қалды.  Үлкен  бөлігі  Қара 

теңізге кетіп, ары қарай шығысқа, Орал 

және  Арал  теңізі  бағытына,  яғни  кең 

байтақ  Ғұн  империясының  ежелгі  шы-

ғыс шекараларына оралды. Ғұн одағы 

бұдан былай Орта Азия тайпаларының 

бірігуіне  әсер  етіп,  қазақ  халқының 

да  қалыптасуына  өз  ықпалын  тигізіп, 

құрамынаенді.  Еуразия  тарихының 

орта  ғасырлық  кезеңіне  өтуі  мен  жаңа 

өркениеттің қалыптасуына алып келген 

Еуропадағы  халықтардың  ұлы  көшені 

дәуірінде  Ғұн  державасы  маңызды 

тарихи рөл атқарды.

Ватиканның 

кітапханасында 

мен 


еуропалық  саяхатшылардың  ерекше 

ілтипатында  болған  Орталық  Азия 

мен  Шығыс,  яғни  Моңғолия  мен 

Қытай  жерлері  бойынша  мәліметтерге 

назар  аудардым.  Олар  халықаралық 

қатынастардың 

тарихы, 

сондай-ақ 

шаруашылық  пен  тұрмыс,  әлеуметтік-

экономикалық 

қарым-қатынастар, 

дін 


мен 

әдет-ғұрыптары 

туралы 

айқын 


мәлімет 

беретін 


ерекше 

тарихи  деректердің  бір  парасы  болып 

табылады.

Табылған осы мағлұматтардың ішінен 

ХІІІ  ғасырдың  ортасынан  XV  ғасырдың 

ортасына  дейін  Шығыс  пен  Орталық 

Азияға  саяхаттарды  ұйымдастырған 

126 саяхатшыны атап көрсеткім келеді. 

Олардың  басым  көпшілігі  белгісіз 

болып келгенеді. Тек Батыс Еуропаның 

жекелеген  мамандары  ғана  оларды 

біршама білетін болар.

Олардың 

кейбірін 

келтіруге 

болады:  Balduinvon  Hennegau,  Odor-

icoda  Pordenone,  Isachus  Venerio 

(Venier),  Jacobusvon  Florenz,  Pas-

chalis  Hispanusde  Victoria,  Gottifre-

doMorosini,  Giovanni  Querini  және 

басқа  да  бірқатар  саяхатшылар  мен 

миссионерлер.  Айталық,  италиялық 

саяхатшылар  Орталық  Азия  мен 

қыпшақтар  қағанаты  (Khanat  Кipchak) 

жерлерінен  өтуге  болатын  жолдарды 

атап  көрсеткен.  Бұл  арада  «қағанат» 

анықтамасы «мемлекет» сөзіне сәйкес 

келеді.  Түркі  термині  «қағанат»  өзінің 

мазмұны бойынша «мемлекет» ұғымын 

білдіреді.  Ватикан  кітапханасының 

материалдарында 

Алтын 


Орда, 

Шағатай мемлекеті, әртүрлі хандардың 

басқаруы туралы мәліметтер кездеседі. 

Қазақстан  тарихы,  түркі  әлемі  мен 

Орталық  Азия  тарихы  бойынша  Рим 

папалары мен Алтын Орда хандарының 

жазысқан  хаттары  ерекше  маңызға 

ие.  Біз  жекелеген  манускриптілердің 

мазмұнымен  таныстық.  Бірақ  бұл 

жұмысты  әлі  де  қарқынды  түрде 

жалғастыру керек.

Ғұн мұрасын әлемдік ғылымға белгілі 

археологиялық  қазбалар  арқылы  да 

бағалауға  болады.  Қазіргі  кезеңде 

қазбалар 

Қазақстанда, 

Орталық 

Азия,  Еуразия  мемлекеттерінде,  т.б. 

аймақтарда  жалғасып  жатыр.  Бұл 

арғұндардың 

өзіндік 

материалдық 

мәдениетінің,  қолөнерінің,  саудасының, 

әскери  өнерінің  сөзсіз  куәсі  болып 

шығады.  Ғұндардың  зергерлік  үлгілері 

мен  нақыштары,  мәселен,  қазақтардың 

зергерлік  өнерімен  терең  үйлесімділік 

табатынын 

байқауға 

болады. 


Ол 

бұйымдардың  ішінен  алтын  және 

күміс  диадемалар,  алқалар,  сырғалар, 

тарақтар,  т.б.  заттар  ерекше  көзге 

түседі.

Жоғарыда  көрсеткендей,  түркі-ғұн-



дардың біздің отандық тарихымыздағы, 

сонымен  бірге  дүниежүзі  тарихындағы 

орны  ерекше.  Бұл  тарихты  зерттеуді 

жаңа  тұрғыдан  одан  әрі  жалғастыру 

қажет.  Көптеген  дерек-құжаттар  грек, 

латын,  көнегерман  және  Скандинавия 

тілдерінде 

сақталып 

қалғандығы 

бізге  бұл  орайда  үлкен  мүмкіндіктер 

тудырады  әрі  Ұлы  тау  төрінде  Елбасы 

айтқандай, қазақтың арғы түбі ғұндардан 

басталатын 

тарихын 


түгендеуге 

көмектеспек.



Қалқаман ЖҰМАҒҰЛОВ,

тарих ғылымдарының докторы, 

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 

кафедра меңгерушісі,Геттинген 

университетінің құрметті 

профессоры.

Суретте:  профессор  Қ.Жұмағұлов 

тапқан Ватикандағы фреска. Көрініс Ғұн 

империясының,  Рим  мен  Ватиканның 

тарихына  арналған  еңбектерде  күні 

бүгінге  дейін  кездеспеген.  Фреска 

XVI  ғасырда  орындалған.  Суреттің 

төменгі  жағында  «S.  LeoPont.  Max. 

Attila.  Furentem.  Reprimit»  деген  жазу 

бар.  Ол  латын  тілінен  аударғанда 

«Ұлы  папа  Лев  қаһарлы  Аттиланы 

тоқтатты» дегенді білдіреді.

27.12.2014ж.  № 51 /7727/

А ќ ќ у   ‰ н і

6

Тәуелсіздік күніне арналған

Ж а й н а ,   Қ а з а қ с т а н !

Заңның нормаларын түсіндіру

Тәуелсіздікке арнау

Біз 

Тәуелсіз 



халықпыз

Тәуелсіздігіміздің  23  жылдығына  

орай  Абай    орта  мектебінде  «Жай-

на,  Қазақстан!»  атты  мерекелік 

бағдарлама  өткізілді.  Жас    буын 

өкілдерінің  бойына  отансүйгіштік, 

адамгершілік,  жауапкершілік    қа-

сиеттерін  бойына  сіңіруге  ба-

ғытталған  бұл  іс-шараның  маң-

ыздылығы  өте  жоғары.  Жас  ұрпақ 

ата-бабамыздың  ғасырлар  бойы 

сақтап  келген  жерін,  елін,  тілін, 

ділін әрі қарай сақтау әр Қазақстан 

Республикасының    азаматы  мен 

азаматшасының 

парызы 


екенің 

ұғынуы тиіс. 

Іс-шарамыз  ІІ  бөлімнен    тұр-

ды.  І  бөлім:    «Желотқсан    ыз-

ғары», 

Желтоқсан 



оқиғасына  

орай 


жазылған 

 

Мұхтар 



Шахановтың 

өленімен 

бастау 

алып, 


Қайрат 

Рысқұлбековтың 

«тұтқындалуымен» 

жалғасып, 

Желтоқсан  құрбандарын  1  минут 

үнсіздікпен  еске  алумен  аяқтал-

ды.  Мұхтар    Шаханов    ағамыздың  

туындысын  тындай    отыра  кө-

рермендеріміздің  көздеріне  жас 

ұялап,  жан  дүниелерін  елжіретіп 

жіберді. Әр сөздері  сүйектен өтті.  

Жас буын өкілдері сезімге беріліп 

Қайрат ағаларының «Тұтқындалуы» 

және  «Тергеу»    көріністерін    жақсы 

сомдап берді. 

Қыршынынан  қиылған  Ләззат, 

Сабира  апайларымыздай,    Қайрат, 

Ербол 


сынды 

ағаларымыздай  

болуға, 

олардың 


ең 

бірінші 


отансүйгіштік,  өз  елінің,  жерінің, 

тілінің 


мәртебесінің 

аяққа 


тапталмауын, 

адамгершілік, 

өз 

замандастарының 



 

қорлығына 

шыдай  алмай  көмекке  ұмтылуын 

әрқашанда  ұмытпауымыз  керек. 

Себебі 

осы 


ағаларымыз 

бен 


апайларымыздың 

ержүректігінің 

арқасында көп нәрсені түсіндік.

«Жайна, Қазақстан» атты ІІ бөлім  

барысында    оқушылар  өз  Отаны-

на  деген  сезімдерін  патриоттық  

тақпақтармен,  әндермен  жеткізді. 

Бастауыш  сынып  оқушылары  мен 

мектеп  алды  даярлық    тобының  

тәрбиеленушілері 

Қазақстан, 

тәуелсіздік, 

егемендік 

туралы 


жатқа  тақпақтарын  ортаға  паш 

етті.  Д.Кабднасыр  «Алтын  бесік», 

«Қазақ    елі»,  А.Бәкібай  «Жаса, 

қазағым!»,    М.Төлеутай  «Жаңа  ға-

сыр,  Қазақстан»  атты  патриоттық  

әндерді 


шырқады. 

Т.Байдюсен 

«Тәуелсіздікке  арнауын»  тындап 

марқайып  қалдық.    Кішкентай 

бүлдіршін 

қыздарымыз 

мың  

бұралып 


билегені 

көңілімізден 

шықты.  

Мерекелік    іс  шаралар      мәнді 

де  мағыналы  өтті.  Желтоксанның 

екпінімен 

келген 

Тәуелсіздіктің 



біз  үшін  орны  қашан  да  бөлек. 

Сондықтан  да  «толарсақтан  саз 

кешкен»  батыр  бабаларымыздың 

әр  жылда  төгілген  қанының,  ұлы 

мұраттар  жолында  құрбан  болған 

асыл 


азаматтарымыздың 

асқақ 


армандарының,  сәбиін  білегімен, 

даласын 


жүрегімен 

тербеткен 

аналарымыздың  аққан  көз  жа-

сының,  Жаратқаннан  тілеген  ме-

детінің  арқасында  қол  жеткізген 

Тәуелсіздікті  біз  әрқашан  мақтан 

тұтып, қастерлей білуіміз керек. 

 Еуразия жүрегінде, өркениеттер-

дің  ұштасқан  орталығында  талай 

ұлт  пен  ұлыстың  қызырлы  мекені-

не айналған ұлы Далада азат елдің 

азаматы  атанғаннан  асқан  бақыт 

жоқ.  Тәуелсіздіктің  тал  бесігінде 

тербеліп,  қыран  құсы  қалықтаған 

көк аспанымыздың астында баянды 

да 


бақытты 

ғұмыр 


кешуімізге 

тілектеспіз.



Ш.Акауова, 

Абай  атындағы  ЖОМ.

2014 жылғы 29 қарашада жекелеген нормаларды 

қоспағанда, «Қазақстан Республикасының кейбір 

заңнамалық актілеріне сот төрелігін іске асыруды 

одан  әрі  жеңілдету,  төрешілдік  рәсімдерді 

азайту  мәселелері  бойынша  өзгерістер  мен 

толықтырулар 

енгізу 


туралы» 

Қазақстан 

Республикасының  Заңы  (бұдан  әрі  –  Заң) 

қолданысқа енгізілді.

Заңда  Азаматтық  іс  жүргізу  кодексінің  (бұдан 

әрі – АІЖК) 59-бабының 

7)  тармақшасы  жаңа  редакцияда  жазылды. 

Оған  сәйкес  іске  қатысушылардың  өтінуімен  сот 

рұқсат  еткен  өкіл  ретінде  жоғары  заң  білімі  бар 

адамдар бола алады.

Осылайша,  сотта  өкілдік  ету  үшін  аталған 

адамдар жоғары заң білімінің болуын растайтын 

құжатты ұсынуы тіс.

Бұдан  басқа,  АІЖК-нің  62-бабы  адвокаттың 

нақты істі жүргізуге арналған өкілеттігі ордермен 

бірге  заң  консультациясы  немесе  адвокаттар 

алқасының 

адвокаттық 

кеңсесі 

беретін 


сенімхатпен  куәландырылуы  қажеттігі  туралы 

нормамен толықтырылды.

Бұл 

ретте 


адвокаттың 

осы 


Кодекстің 

61-бабының 

бірінші 

бөлігінде 

тізбеленген 

процестік  әрекеттердің  әрқайсысын  жасауға 

өкілеттіктері нотариат куәландырған сенімхатпен 

немесе  нотариат  куәландырғанға  теңестірілген 

сенімхатпен расталуға тиіс.

«13-1-тарау.  Істерді  жеңілдетілген  іс  жүргізу 

тәртібімен қарау

149-1-бап.  Жеңілдетілген  іс  жүргізу  тәртібі 

1.  Сот  жеңілдетілген  іс  жүргізу  тәртібіндегі 

істерді  осы  тарауда  белгіленген  ерекшеліктерді 

ескере  отырып,  осы  Кодексте  көзделген  талап 

қою  бойынша  іс  жүргізудің  жалпы  қағидалары 

бойынша қарайды.

2.  Судья  жеңілдетілген  іс  жүргізу  тәртібіндегі 

істерді  арыз  іс  жүргізуге  қабылданған  күннен 

бастап  бір  ай  мерзімде  жеке-дара  қарайды. 

Жеңілдетілген іс жүргізу тәртібіндегі істерді қарау 

мерзімі ұзартылуға жатпайды.

149-2-бап.  Жеңілдетілген  іс  жүргізу  тәртібімен 

қаралатын

істер 1. Жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен:

1)  егер  талап  қоюдың  бағасы  заңды  тұлғалар 

үшін – бес жүз айлық есептік көрсеткіштен, дара 

кәсіпкерлер,  жеке  тұлғалар  үшін  бір  жүз  айлық 

есептік  көрсеткіштен  аспаса,  ақша  өндіріп  алу 

туралы талап арыздар бойынша;

2)  талап  қою  бағасына  қарамастан,  талапкер 

ұсынған,  жауапкердің  ақшалай  міндеттемелерін 

белгілейтін  құжаттарға  және  (немесе)  шарт 

бойынша 


берешекті 

растайтын 

құжаттарға 

негізделген  талап  арыздар  бойынша  істер 

қаралуға жатады.

2.  Егер  жеңілдетілген  іс  жүргізу  тәртібімен  істі 

қарау  барысында  үшінші  тұлғаның  іске  кірісуі 

туралы  өтінішхаты  қанағаттандырылса,  осы 

тарауда белгіленген қағидалар бойынша қаралуы 

мүмкін  емес  қарсы  талап  қою  қабылданса  не, 

егер  сот,  оның  ішінде  тараптардың  біреуінің 

өтінішхаты бойынша мынадай:

1)  жеңілдетілген  іс  жүргізу  тәртібі  мемлекеттік 

құпияны жария етуге әкеп соғуы мүмкін;

2)  дәлелдемелерге  олар  орналасқан  жер 

бойынша  қарап-тексеру  және  зерттеу  жүргізу, 

сараптама тағайындау немесе куәлік айғақтарды 

тыңдау қажет;

3)  мәлімделген  талап  өзге  де  талаптармен, 

оның  ішінде  басқа  да  адамдарға  немесе  осы  іс 

бойынша  қабылданған  сот  актісіне  байланысты, 

басқа  да  адамдардың  құқықтары  мен  заңды 

мүдделері бұзылуы мүмкін;

4) жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен істі қарау, 

оның ішінде сот қосымша мән-жайларды анықтау 

немесе  қосымша  дәлелдемелерді  зерттеу  қажет 

деп  таныған  жағдайда,  тиімді  сот  төрелігінің 

мақсаттарына сәйкес келмейді деген тұжырымға 

келсе,  сот  істі  талап  қою  бойынша  іс  жүргізудің 

жалпы  қағидалары  бойынша  қарау  туралы 

ұйғарым шығарады.

3.  Істі  талап  қою  бойынша  іс  жүргізудің  жалпы 

қағидалары  бойынша  қарау  туралы  ұйғарымда 

іске  қатысатын  адамдар  жасауға  тиіс  әрекеттер 

және 

осы 


әрекеттерді 

жасау 


мерзімдері 

көрсетіледі.  Егер  істі  талап  қою  бойынша  іс 

жүргізудің  жалпы  қағидалары  бойынша  қарауға 

көшу  дәлелдемелерге  олар  орналасқан  жер 

бойынша  қарап-тексеру  және  зерттеу  жүргізу, 

сараптама  тағайындау  және  куәлік  айғақтарды 

тыңдау  қажеттігінен  туындаған  жағдайларды 

қоспағанда,  істі  қарау  ұйғарым  шығарылғаннан 

кейін басынан бастап жүргізіледі.

4.  Егер  азаматтық  құқықтық  қатынастардан 

туындайтын  екі  талап  мәлімделсе,  бұл  ретте, 

олардың  біреуі  мүліктік  сипатта  болса  және  осы 

баптың  бірінші  бөлігінде  көрсетілген  талаптарға 

жатса,  ал  екінші  талап  мүліктік  емес  сипатта 

болса  және  сот  осы  талапты  жеке  іс  жүргізуге 

бөліп алмаса, талаптардың екеуі де жеңілдетілген 

іс жүргізу тәртібімен қаралады.

5. Жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен басталған, 

бірақ оны одан әрі талап қою бойынша іс жүргізудің 

жалпы қағидалары бойынша қаралатын істі қарау 

мерзімі ұзартылуға жатпайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет