Лебяжі аудандық сотының
баспасөз қызметі.
Отан үшін жанын қиды ұлдарың,
Аз болған жоқ азап шеккен қыздарың.
Күйінеді менің бала жүрегім,
Естігенде Желтоқсанның ызғарын.
Болмасам да сол оқиға кезінде,
Жүрегім болады қайғылы бір сезімде.
Қанын төкті талай қазақ ұлдары,
Жанын қиды қазақтың жас қыздары.
Осы күнге жеттік, міне, көріңдер!
Біз тәуелсіз мемлекетпіз біліңдер!
Қалай жеттік? Қалай жеттік бұл күнге?
О, адамдар! Ойланыңыз өтінемін бір
сәтке!
Желтоқсанның ызғарлы бір күнінде,
Тұтқынға алды қазақтарды түрмеге.
Бесіктен белі шықпай жатып жастарым,
Жазықсыз, өлім жазасына кесілді.
Нағыз ойлы, өр көңілді адамдар,
Тағдырлары түрмеде шешілді.
Жері үшін, Отан үшін дес бермей,
Неге бізді жүрсіңдер деп ескермей.
Не болса да, Тәуелсіз ел болам деп,
Шыдап бақты неше түрлі істерге.
Тәуелсіздік 23-ке толыпты,
Шалқып-қүліп, отырайық орнықты.
Қазағыма қиындықпен келген күн,
Тәтті сый боп елестейді бұл мықты.
Байдюсен Тоғжан,
Абай атындағы мектебінің 7 сынып
оқушысы.
Ешқашанда жеңілмеген,
Тәуелсіздік алыппыз.
Көк туды қолымызға,
Бүгін берік ұстаппыз.
Мың тоғыз жүз тоқсан бір,
Он алтыншы желтоқсан.
Тәуелсіздік күні бұл,
Бабамның да аңсаған.
Сайлау Назерке,
Шарбақты орта мектебінің
5 сынып оқушысы.
Жанашыр
азамат
Ертіс жағасында Қайырбай Абетов
атындағы көшеде он шақты үй бар.
Сол көшенің басында бір ағаш үй - ол
Алин Көкеш ақсақалдың түп тамыры
тереңге жайылған көп балалы отбасы.
Бүгінгі күні осы қара шыңырақтың
иесі үлкен баласы Магомед пен келіні
Ира түтінін түтетіп отыр. Көпшіліктің
аузында бұл жақ “Алинский спуск” деп
аталып кеткен. Көкеш ақсақалдың сегіз
балаларының ішінде елге танымал,
қай салада еңбек етсе де қол созған
арманына ел сенімін адал ақтай
білген абзал азамат Сұлтанмахмұд
(Солтан) еді. Әкең өлсе де, әкеңді
көрген өлмесін - дегендей әкенің
парызын балалары ақтауда. Солтан
мен Сәуленің тәрбиелеп, білім беріп
өсірген төрт баласы өз қалауларымен
таңдаған мамандықтары бойынша
ел қатарлы еңбек етуде. Дидар ҚР-
ның “Арман-ПФ” баспасының бас
директоры, Тимур осы басылымда
директордың
орынбасары
болса,
Бауыржан технологияның дамуы
Ұлттық агенттігінде қызмет етеді.
Әкелі-балалары өз мектебіміздің
түлектері. Дидар мектепте үздік оқып,
Артекте де болған, өте еңбекқор. Ол
туған елге, білім алған мектебіне
шынайы жанашыр. Лебяжі жалпы
орта білім беретін мектебіне ҚР
Тәуелсіздік күніне орай “Арман-ПФ”
баспасының бас директоры Алина
Дидар Сұлтанмахмұдқызының атынан
өкілдері келіп, көркем әдебиеттер
жиынтығы мен ноутбук сертификатын,
“Айналайын”
балабақшасына
жас
ерекшелігіне сай түрлі-түсті суретті
кітаптар үлестірсе, “балалар үйіне”
де көптеген кітаптарды сыйға тартты.
Мектептің мұражайы ашылғаннан бері
үшінші рет қол ұшын беруде. Осындай
мектепке деген Дидардай жанашыр
азаматтарымыз көп болса, нұр үстіне
нұр болар еді. Солай боларына
сенеміз.
С.Бектауова,
мұражай меңгерушісі.
Редакцияға хат
27.12.2014ж. № 51 /7727/
А ќ ќ у ‰ н і
7
Ұрпақ тәрбиесі- ұлт болашағы
Тәуелсіздік күніне арналды
Мерекелік концерт өтті
Кең байтақ - Қазақстан
Мен Отанымды сүйемін. Қазақстан – мен
үшін , ата – бабаларым үшін өте қасиетті
мекен . Менің Еліме деген махабатым
жүрегімде.
Бүгінгі күні Қазақстан бақыт ордасына
айналып отыр. Әркім қалаған еңбегін істеуге,
оқуға, демалуға ерікті.
«Құс ұясыз болмайды, адам Отансыз
болмайды.» -деп бабалар айтқандай, менің
Отаным сонау Каспийден басталып Алтай
тауларына дейін созылып жатқан қасиетті
өлке .
Қазақстан тәуелсіздік жолында не көрмеді
десеңші ?! Еліміздің басынан азап та ,
аштық та , сұм соғыс та өтті.Қазақстанның
тәуелсіздігін аңсаған, мәңгілік жарыққа
ұмтылған аға – апаларымыз ұлты үшін өлімге
бастарын тікті.
Біздерде Абылай ханның саясаткерлігі,
Қабанбай батырдың ерлігі , Қазыбек сияқты
билердің биліктері, Жиренше шешеннің
тапқыршылығы,
Абай
Махамбеттердің
ақылдылығы бар. Оған қоса , ата- бабалар
мұра етіп қалдырған асыл - қазына жеріміз
бар. Біздің жеріміз қасиетімен ғана емес,
қазба байлығымен дүние жүзінің алдыңғы
көшін бастауда.
Мен кандай мамандық таңдасам да, құстай
биік ұшып, тауға өрлеп шықсам да еліме
құшағымды жайып жүремін.
Мен – егеменді елімнің ертеңімін «Сен
де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та , бар
қалан», - деп Абай атамыз айтқандай ,
Отанымның болашағы үшін өз үлесімді
қосуға тырысамын.
Қамариден Арман,
Потанин жалпы орта білім беретін
мектептің 7-сынып оқушысы.
Тақыр жалпы негізгі білім беру мектебінде Қазақстан Республикасы
Тәуелсіздігінің 23 жылдығын мерекелеу аясында «Тәуелсіздік деп
соғады жүрегіміз» атты мерекелік концерт өтті. Аталмыш мерекелік
концертке ауыл тұрғындары, мұғалімдер, оқушылар келді.
Еліміздің еңселі мерекесі, берекенің бастауы Тәуелсіздік күні
мерекесіне арналған салтанатты жиынға қатысушыларды мектеп
директоры Д.Кащапова, ұстаз ардагер А.Оханова, оқу ісінің
меңгерушісі А.Кабдрахманова жүрекжарды тілектерін білдірді.
Концерттік бағдарламаны «Жас қыран», «Жас ұлан» ұйымына
қабылдау рәсімімен басталып, әдеби монтажбен жалғастырды.
Бұл күні шырқалған ән, оқылған жыр, қаймағы бұзылмаған қазақ
халқының ғасырлар бойы тартқан азабы мен бүгінгі қазақ даласының
айбынын айшықтады.
1986 жылдың 16-17 желтоқсанында мұзда алаулай жанған,
Алматыда орын алған, жастар қозғалысының Халық қаһарманы
Қайрат Рысқұлбековтың естен мәңгілік кетпес бейнелерін
айшықтайтын қысқаша қойылым мен жалынды өлең шумақтары
ұсынылды.
Балалардың туған ел, туған жер, Отан, Тәуелсіздік туралы
оқыған өлеңдері мен әндері, әсіресе «Көк тудың желбірегені» әні
көрермендерді зор қуанышқа бөледі.
Концерт шымылдығы патриоттық рухты ұштайтын «Жаса,
Қазақстан!» әнімен түрілді.
Г.Мусаипова,
Тақыр жалпы негізгі білім беру мектебі
қазақ тілі мен қазақ әдебиет пәнінің мұғалімі.
Егемендігі елімнің
Сындарлы жиырма үш жылда егемен еліміздің іргесі берік бекіді.
Жүзден аса ұлт өкілдері мен ұлыстарды ұйыстырып, егеменді елімізде
қаймағы бұзылмаған берекелі бірлік орнады. Қазақ елі әлемнің алпауыт
мемлекеттерімен терезесі тең жағдайда әріптестік қарым-қатынас орнатты
және ғасырлар бойы қалыптасқан өнегелі салтымыз бен дәстүріміз қайта
жаңғырды. Осындай тамаша игіліктер Қазақстан Республикасының
Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың зор еңбегінің арқасында
жүзеге асты.
Тәуелсіздік күні – кез-келген мемлекет үшін ұлы мереке. Әр халық бұл
күнді барынша ерекше сән-салтанатпен атап өтуді дәстүрге айналдырды.
Біздің Малыбай жалпы орта білім беретін мектебі де тыс қалған жоқ.
Осы мерекеге орай мектепте «Егемендігі елімнің» атты тақырыбымен
іс-шаралар, тәрбиелік сағаттар өткізілген болатын. Онда көздегеніміз
оқушылардың бойында отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыру, дамыту,
Елбасының ел алдындағы қызметі мен еңбегін үлгі ету, ұстанымын жеткізу.
Мерекелік жиын Әнұранның орындалуымен өз шымылдығын ашып,
аталмыш мерекеге орай мектеп өміріне белсене қатысқан оқушылар,
мұғалімдер, ата-аналар мектеп әкімшілігі атынан алғыс хаттар, мақтау
қағаздарымен марапатталып, сыйлықтарға ие болды. Мереке балалардың
өнерін тамашалаумен жалғасты.
Әсия Айгазинова,
Малыбай жалпы орта білім беретін мектептің мұғалімі.
Еліміз тәуелсіздік алып, дербес мемлекет
болған кезеңде халқымыздың тәлім-тәрбиесін
игерген, рухани қазынасын бойына сіңірген
ұлт болашағын ойлайтын, елжанды, парасатты
да саналы азамат тәрбиелеу - ұстаздардың
басты міндеті. Әр халықтың өзіне тән ұлттық
ерекшеліктері-туған жері, тілі, тарихы, салт-
дәстүр деген ұғымдармен өрнектелген. Осы
салалардан нәр алатын рухани мұралар жүйесі
жинақтала келе ұлттық болмыс ерекшелігін
құрайды. Жас ұрпақты тілді құрметтеуге,
ұлтжандылыққа тәрбиелеудің алғы шарты
ұлттық болмысты сезіну мен түсінуден
басталады. Бүгінгі таңда Сатыбалды орта
мектебінің ұжымы ұлттық тәрбиеге ерекше
көңіл бөледі. Ата-бабаларымызды жақсы
дәстүрін шәкірттер бойына дарыту үшін
тек сабақ барысында емес, сыныптан тыс
шараларда да, үйірме, тәрбие сағаттарында да
ұлттық үрдіс үлгілерінің өзіне тән сипаттарын
ұтымды қолданамыз.
Міне, 2014 жылдың соңғы желтоқсан айы
да келіп жетті. Тұңғыш Президент күні
жылдағыдай ерекше аталып өтті. Концертте
шағын орталық бүлдіршіндері мен жоғары
сынып оқушылары өз өнерлерін ортаға салды.
Осы мерекенің жақсы аталып өтуіне, аға
тәлімгер Іңкәр Мұратқызы біраз жұмыстар
атқарды. Негізінде желтоқсан айы мерекелі ай
болғандықтан біздің мектепте іс-шаралар көп
атқарылады. Атап айтсақ пән апталықтары, әр
түрлі іс-шаралар. «XXI ғасыр көшбасшылары»
сайысында алға шыққан 9-сынып оқушысы
Уахитов
Жақсылық
1-орынға
иеленді.
Жақсылық жан-жақты, дарынды, өнерлі
оқушы. 2-орынды 8-сынып оқушысы
Айгожина Айжан алды. Айжан жақсы оқиды,
өнерге өте жақын, актерлік шеберлігі да бар.
3-орынды 10-сынып оқушысы Алибеков
Дидарбек қанағат тұтты. Дидарбек-спортқа,
білімге, өнерге де өте жақын, ақындығы да бар
бозбала. Ия солай, біздің балалар осындай.
«Шабыт» аудандық фестиваль өтті. Көркем
сөз номинациясы бойынша болашақта тілші
болуды армандайтын Мәди Айтимов 3-орынға
ие болды.
Ауданымызда өткен пән олимпиадаларында
Алибеков Дидарбек құқық пәні бойынша
1-орын, тарих пәнінен Айгожина Айжан
2-орынға иеленді. Ғаламтордың қыр-сырын
жақсы білетін Ернар Айтмұхамбетов 9-сынып
оқушысы информатика пәнінен 3-орын алды.
Бастауыш сынып апталығы ашық сабақтар,
тәрбие сағаттар, «Алтын асық» сайысын
Айжан Қалиоллақызының ұйымдастыруымен
өткізілді. Оқушылырымыз белсене қатысып
мәре – сәре болып қуанды. «Ұстаз парасатты
болса, шәкірт қадамы сәтті болар» - дейміз.
Қазақстан
Республикасы
Тәуелсіздігіне
арналған тәрбие сағаты сайыс түрінде «Біздің
Отанымыз Қазақстан» 1- 4 сынып арасындағы
сайыс Тәуелсіздік - қасиет тұнған ұғым екенін
ұқтырғандай, 3 – топ белсенді қатысты, сайыс
тартысты, қызызты өтті.
Шағын орталық бүлдіршіндері және даярлық
тобы облыстық «Алтын асық» интеллектуалдық
конкурсқа белсене қатысып даярлық тобынан
7 тәрбиеленуші жүлдегер болды. «Үркер»
республикалық интеллектуалдық конкурсқа
шағын
орталықтағы
бүлдіршіндеріміз-
Қанатбек Аққыз, Уахитов Ералы, Төлегенова
Аяжан жүлдегері орындарға иеленіп дипломмен
марапатталды.
1-сыныпта мерекелік кеш «Әліппемен
қоштасу»,
«Жүзден
жүйрік»
сайысы
1-4сынып арасында спорттық жарыстар
жақсы ұйымдастырылды. Оқушылар 2-топ
құрып «Сұңқар», «Қабылан» тобына бөлінді.
«Сұңқар» тобының көшбасшысы Алибеков
Нұрәділ, «Қабылан» тобының көшбасшысы
Қайса Арғын қызықты ойын көрсетті.
Нәтижесінде «Қабылан» тобы 85 ұпай жинап
1-орынға иеленді, ал «Сұңқар» тобы 80 ұпай
жинады.
«Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі»,
«Әкеден-ақыл, анадан-мейір». Бұл - өмір
тәжірибесінен алынған халық даналығы, ата-
ана, бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз. 5-сынып
оқушыларының ата-аналары арасында «Әкем
шешем және мен» отбасылық сайысқа Шакенов
Аммри, Иманкуловтар отбасылары қатысты.
Әкелер мен аналар өз өнерлерін жақсы көрсете
білді. Бұл сайыста демеуші дене шынықтыру
мұғалімі Талғатбек Уахитұлы болды.
Тарих апталығында ашық сабақтар, диспут
көптеген іс-шаралар атқарылды. «Тарихқа
құрмет, ұрпаққа міндет» атты қорытынды
тартымды да қызықты өтті. Балалар белсенді
қатысты. Іс-шараны ұйымдастырған тарих
пәнінің мұғалімі Мәдиниет Нажмиденқызы.
Мектебімізде мерекелік іс-шараларға барлық
сыныптар қатысып, белсенділіктерін танытты.
Осы жиында 9-сынып оқушысы Айтимов
Мәди баяндама жасап, тәуелсіздікке қалай
келгеніміз туралы маңызды мәлеметтер берді.
Жиын «Жас қыран» қатарына қабылдаумен
жалғасты. Кеше ғана, «Достығы жарасқан
әсем ел» көңілді тапқырлар командасы сайысы
өтті. 1- ші «Қызық қоғам», 2-ші «Тек қана
қыздар», 3- ші топ «Қара домалақ». Бұл
сайыста оқушыларымыз өз өнерлерін жоғары
дәрежеде көрсете білді. Үш топтың ішінде
«Қара домалақ » алға шықты. Аталмыш топтың
мүшелері Уахитов Шыңғыс , Ермұхан Ерназар
белсенді қатысты.
Алдымен балаларға білім емес, тәрбие
керектігін Сатыбалды орта мектебінің ұжымы
естен шығармаған. Сондықтан, біз мектепте
тәрбиеге үлкен көңіл бөлеміз.
Бұның нәтижесі бірнеше жыл ҰБТ –дан
мектеп аудан бойынша бірінші орынды
иеленуде.
Раиса Дүйсенбайқызы,
Қызылқоғам ауылы.
27.12.2014ж. № 51 /7727/
А ќ ќ у ‰ н і
8
Редактор
А.Қ.БИЖАНОВА.
Лебяжі ауданының әкімдігі.
Меншік иесі: “Лебяжі ауданы әкімдігінің “Аққу үні” - “Вести Акку” Лебяжі аудандық
газетінің редакциясы” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Газет Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат министрлігінде 2011
жылғы 1 желтоқсанда тіркеліп, тіркеу туралы №12152-Г куәлігі берілген.
Мекен-жайымыз:
Павлодар обл., Лебяжі ауда-
ны, Аққу ауылы, Амангелді
көшесі,69/2.
е mail: Akku_yni @ mail.ru
Газеттің нөмірі «Аққу үнінің»
компьютер орталығында
теріліп, беттелді.
Басылым Павлодардың «ДОМ ПЕЧАТИ» ЖШС баспаханасында
басылады, Павлодар қаласы, Ленин көшесі, 143 үй.
Газеттің сапалы басылуына баспахана жауап береді.
Телефоны: 61-80-31. Хаттар, қолжазбалар, фотографиялар мен
суреттер рецензияланбайды және қайтарылмайды. Редакция
оқырмандардан түскен барлық хаттарға тегіс жауап беруді
міндетіне алмайды. Жарнамалық материалдардың мазмұнына
жарнама берушілер жауап береді, автордың пікірлері редакция
ұстанған көзқарасқа сәйкес келмеуі мүмкін.
Тапсырыс: 729 Таралымы:1157 дана.
Қ ұ р ы л т а й ш ы л а р :
Телефонымыз: 21-0-82.
Газет аптасына бір
рет қазақ тілінде әр
сенбіде шығады.
Баспа индексі: 67361
Исламның артықшылықтары мен құн-
дылықтарын бір мақалаға, бір кітапқа тізіп
беру мүмкін емес. Біліміміз Алла Тағаланы
қамти алмайтыны секілді, Оның дінін де
саралай алмаймыз. Күллі адамзат күш
біріктірсе де, ислам секілді жүйе ойлап
таба алмас еді. Алайда, адамның ақылы
діннің сұлулығын, даналығын, ұлылығын
тануға қауқарлы.
Исламның 7 артықшылығы
1. Ислам – Алланың діні.
Жаратушы қандай кемел болса, Оның
діні де соншалықты мінсіз. Алла Тағала:
«Мәида» сүресінің 3-аятында: «Бүгін
діндеріңді толықтырдым және нығметімді
тәмамдадым. Сондай-ақ, сендерге Ислам
дінін қоштап ұнаттым» дейді. «Ақиқатында,
Алла алдындағы дін – Ислам». («Әли-
Имран» сүресі, 19-аят).
2. Ислам – өмірдің барлық саласын
қамтитын дін.
Бұл туралы Құранда: «Біз Кітапта» еш
нәрсені қалдырмадық (бәрін жаздық)»
делінген. («Әнъам» сүресі, 38-аят). Алла
риза болған дін фәни мен бақиды ретке
келтіретін
заңдарды,
Алланың
және
адамның, адам мен адамның арасындағы
құқықтарды анықтайтын аяттарды қамтиды.
Яғни, Жаратушы туралы түсініктер, Оның
сипаттары мен есімдері, жақсы көретін,
ұнатпайтын істері, мейірімі мен жазасы
исламнан тыс қалмаған. Адам тіршілігінің
басталуынан
(құрсақтағы
кезеңдер)
соңына дейінгі оқиғалар, періштелер,
пайғамбарлар, қоршаған орта, аспан әлемі,
жұлдыздар, Жер құпиясы, теңіздер, флора
мен фауна туралы сырлар таңғалдырмасқа
қоймайды.
3. Ислам – ешкімді мәжбүрлемейтін
дін.
Біз үнемі бір нәрсені ұмыт қалдырамыз.
«Дінде зорлық жоқ». Ешкім сізді «құлшылық
жаса» деп қыстамайды. Тура жол адасудан
әлдеқашан ажыратылған. Сіз алдын-ала
бағдарламаланған робот емессіз, таңдау
еркі берілген ақыл иесісіз. Алайда, қалай
өмір сүрсеңіз де, соңында екі ғана аялдама
бар. Бірі – тозақ, екіншісі – жәннат.
4. Ислам – өмірдің мәнін түсіндіретін
дін.
Есті адамды ең бірінші толғандыратын
сұрақ: «Қайдан келдім және қайда ба-
рамын?». Алла Тағаланың бір ғана: «Жын
мен адамзатты Өзіме құлшылық етуден
басқа нәрсе үшін жаратпадым» («Зәрият»
сүресі, 56-аят) деген аяты адамның өмір-
лік мақсатын айқындайды. Мақсаты айқын
адам ғана діттеген жеріне жетеді емес пе?
Ислам осы мақсатқа жетудің жеңіл әрі дұрыс
жолын көрсетеді.
5. Ислам – жеңілдетілген дін.
Құранда мынадай аят бар: «Әрі Ол
сендерге дінде ешбір қиындық жасамады»
(«Хаж» сүресі, 78-аят). Көпшілік «құлшылық»
сөзін тым ауыр қабылдайды. Адамның
ислам
бұйрықтарын
орындамауының
басты себебі де – құлшылықты қиынсынуы.
Алайда, адамдарға қиындық келтіріп,
еркіндіктерін шектеу – Алланың хикметіне
мүлде жат нәрсе. Құлшылықтың пайдалары
кейде анық көрініп тұрса, кейде жасырынып
тұратыны белгілі. Адамдардың жанын
тазалау, жақсылыққа бойын дағдыландыру,
кемшілік пен күнә атаулыдан пәк ету,
нәпсіқұмарлықтың құлдығынан азат ету,
адами кемелдікке жеткізіп, Жаратушысына
жақындату – құлшылықтардың негізгі
даналығы.
Сондай-ақ,
белгілі
бір
жағдайларға байланысты құлшылық түрлері
жеңілдетіледі. Солай бола тұра, толық
атқарған адаммен бірдей сауап жазылады.
Дұғаны басқа біреу арқылы емес, әркімнің
Аллаға қол жая алуының өзі баға жетпес
жеңілдік емес пе?
Ислам – жеңіл дін ғана емес, өзіне
бағынған адам өмірін жеңілдететін ұлы күш.
6. Ислам – ақиқаттың, әділдіктің діні.
Исламның иесі – әлемдердің Раббысы.
Ол әйелді де, еркекті де, ақ пен қара нәсілді
де жаратты. Оның заңының, рақымының
алдында барлығы тең. Өзіңізді ешкімнен кем
яки артық санамай өмір сүру нендей керемет!
Мұхиттың арғы бетіндегі бауырыңды жақсы
көргізген
асыл
дініміздің
сұлулығына
қалай тамсанбасқа? Солай, ислам ешкімді
алаламайды, төмендетпейді. Алайда, Алла
алдында тақуа адамның мәртебесі мерейлі
болмақ. Тақуалыққа ұмтылыс – ұлы мұрат.
7. Ислам – адамға екі дүние бақытын
сыйлайтын дін.
Әркім бақытты іздейді. Ал ғұламалар:
«Исламдағы адам бақытсыздық дегенді
білмейді» деген екен. Ислам көрсеткен
қағидаларды сәйкесінше ұстанған адам бұл
бақыттың дәмін тата алады. Ең бастысы,
жүрек тыныштығы, рух ләззаты – «ислам»
атты ұлы сандықтың ішінде...
Иә, ислам «намаз», «ораза», «орамал»
секілді ұғымдардан ғана тұрмайды. Ислам
– телегейтеңіз. Жүзіп өткенде ғана өз игіліг-
ін береді. Тым болмаса бірге бел ортасына
барып көрейікші, АллаТағала соңына
жеткізетін күш беретіндігіне сенімдіміз...
asylarna.kz
Исламның жеті артықшылығы
Имандылық
Құ р м е т т і о қ ы р м а н ! А у д а н д ы қ
“Аққу уні“-“Вести Акку“ г а з е т і н е
2 0 1 5 ж ы л ғ а ж а з ы л у ж ү р г і з і л у д е
Гезетке
жазылушылар
санаты
Кезең
Жазылу
бағасы
Газет
индексі
Ұйымдар,
мекемелер,
кәсіпорындар
үшін
1 айға
262 тг.
67362
3 айға
786тг.
жарты
жылдыққа
1572тг.
1 жылға
3144
Тұрғындар
үшін
1 айға
187тг.
67361
3 айға
561тг.
жарты
жылдыққа
1122тг.
1 жылға
2244
2014жылы Лебяжі ауданы бойынша белгілі бір аурулар түріне байланысты
және мамандандырылған емдік өнімдерімен ам-булаториялық деңгейде халықты
тегін қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға
республикалық бюджеттен 19469,4 мың теңге бөлініп жыл бойына 100 пайызға
игерілді. Оның ішінде журектің ишемиялық аурулары, созылмалы жүрек жетімсіздігі,
артериялдық гипертония,аритмия, бронх де-мікпесі, созылмалы обструктивті өкпе
ауруы, асказан және ұлтабар жарасы ауруы бойынша есепте тұрған және әлеуметтік
қорғалмаған топтарға 7125,5 мың тенге, бронх демікпесі ересектер мен балаларға
1821,4 мың тенге, қант диабетіне 2435,7 мың тенге, ревматойдты артрит, жүйелі
қызыл жегіге 883,6мың тенге,паркинсон ауруы, остеоарторзға 348,0мың тенге,
қантсыз диабет, гипотиреозға 16791679,6мың тенге, аорто-коронарлық шунттау және
стенттеуден кейінгі. Жүректің жармақшаларын протезделген науқастарға 1936,0мың
тенге, эпилепсия, ДЦП науқастарға 579,1 мың тенге бөлініп 100 пайыз игерілді .
Аудан орталығынан шалғай орналасқан елді мекендерде дәрі – дәрмектер сонда
орналасқан медициналық мекемелер арқылы, аудан орталығында орталық аудандық
ауруханасында босатылды. Келесі 2015 жылы да тегін берілетін дәрі – дәрмектер
қаңтар айынан бастап беріле бастайды, сондықтан диспансерлік топтағы тұрғындарға
дәрілік заттармен қамтамасыз етуге алаңдауға негіз жоқ.
С.Асбай,
аудандық аурухананың терапевт дәрігері.
Енді мемлекеттік қызметтерді смартфондар, планшеттер
және де ұялы телефондар арқылы мобильдік құрылғыдағы
Egov.kz немесе 1414 қысқаша нөміріне смс жолдау арқылы
алуға болады.
Өзінің мобильдік құрылғысы Мобильдік үкімет арқылы
тіркелген тұрғындар мынандай мүмкіндіктерге ие бола
алады,мысалы,ХҚКО және ЭҮП-ның құжаттары дайын
болуы туралы, бала бақшаға кезекке тұру,кезек ретінің
өзгеруі, мобильдік қолтаңба арқылы мемлекеттік қызметтерді
алу,айтылған бұл өзгерістерді 2014 жылдың соңына қарай
енгізбек.
Келіп тускен смс тегін болмайды және ХҚКО операторлары
емес мобильдік желілер операторларының бақылауында
болады.
Mgov-қа «мобильдік үкіметке» қосылу үшін, «электрондық
үкімет» порталы арқылы болады.Бұл үшін тек ЭСҚ және
ұялы телефон қажет. Келешекте ЭЦҚ–ны сим картаға жазу
ойластырылуда және тек осы мүмкіндік арқылы мобильді
қолтаңба қою құжаттарға жүзеге асырылады.
Осы жобаға орай мобильдік үкімет арқылы 50 мемлекеттік
қызмет түрлерін алуға мүмкіндік бар.
Павлодар облысы бойынша
«ХҚКО» РМК филиалы
Лебяжі ауданының бөлімі.
Дәрі-дәрмек
тегін беріледі
Жақын арада мекен-
жай анықтамасын
ұялы телефон арқылы
алуға мүмкіндік бар
Медицина
Бесқарағай
ауылының
кішкентай
тұрғындары
Молдажанова
Адина
Дәулетқызын
2014
жылдың
24
желтоқсанында 1 жасқа және ұлымыз
Жеңіс Дәуренбек Дәулетұлын 2015
жылдың 2 қаңтарында 10 жасқа толу-
ларымен шын жүректен құттықтаймыз.
Қымбатты балапандарымызға зор ден-
саулық, бақытты балалық шақ тілейміз.
Туған күндерің құтты болсын, жар-
қындарымыз,
Маңдайларың ашық болсын әрдайым.
Жақсылығын аямасын тағдырым,
Нұрын төксін өмірдегі әр күндерің.
Ізгі ниетпен: атасы Жеңіс,
апасы Раушан, әке-шешесі
Дәулет-Зауре, Әсем, Камила,
Зарина.
Құттықтаймыз!
Достарыңызбен бөлісу: |