82. Қазақстандағы индустрияландырудың ерекшеліктері. Индустрияландыру – ірі өнеркәсіпті, ең алдымен ауыр өнеркәсіпті құру және дамыту, ірі өнеркәсіптік өндіріс негізінде бүкіл халық шаруашылығын қайта құру. Индустрияландыру тек социалистік құрылысқа ғана тән кезең емес. Ол - елді жаңғыртудың міндетті шарты. 1920 жылдардың ортасына қарай КСРО үшін бірнеше себептерге байланысты индустрияландыруды жүзеге асырудың қажеттігі туды. Біріншіден, 1925 жылға қарай қалпына келтіру кезеңі аяқталды. Негізгі көрсеткіштер бойынша кеңестік экономика соғысқа дейінгі деңгейге жетті. Өнеркәсіптік өндірістің өсуін қамтамасыз ету үшін істеп тұрған зауыттарды қайта жабдықтау ғана емес, жаңа заманғы кәсіпорындарды құру қажет болды. Екіншіден, елдің экономикалық әлуетін тиімді орналастыру мәселесін шешу міндеті тұрды. Ел бұрынғыдай аграрлы, шаруа елі болып қала берді. Қалаларда жұмыссыздық деңгейі өсіп, әлеуметтік шиеленісті күшейтті. Үшіншіден, елдің халықаралық деңгейде экономикалық және саяси оқшаулануы индустрияландыруды жеделдетуді талап етті.
Қазақстандағы индустрияландыру ерекшеліктері:
Өлкедегі индустрияландыру жоғарыдан жүзеге асырылып, шикізат көздері екпінді қарқынмен игерілді. Мұнай Ембіде өндіріліп, өңдейтін орталық Орскіде салынды.
Білікті жұмысшы мамандар, инженер-техник қызметкерлер сырттан, негізінен Ресей мен Украинадан әкелінді.
Урабандалу күшті жүріп, қалалар мен қала үлгісіндегі қоныстар, қала халқы көбейді.
Әміршіл-әкімшілік басқару жүйесінің әдістері іске асырылды
КСРО бойынша ең ірі кәсіпорындар құрылысы басым болды.
Қазақстан өнер кәсібінде машина, станок жасау, құрылыс материалдары өндірісі болған жоқ, жеңіл өнер кәсібі артта қалды.
Индустрияландырудың жетістіктері: 1926 - 1940 жылдардағы индустриялық даму Қазақстанды ірі жетістіктерге жеткізді. Индустрияландыру арқасында Қазақстан 1941 жылы ірі ауыл - шаруашылық өндірісі бар индустриялы республикаға айналды. Елде көмір өнеркәсібі қауырт дамыды, 1940 жылы оның 90 пайызы Қарағанды бассейнінің үлесіне тиді. Қарағанды көмір бассейні Донбасс пен Кузбастан кейінгі КСРО-ның үшінші көмір ошағына айналды. Республиканың жеңіл және тамақ өнеркәсібі де іргелі жетістіктерге жетті. Алматыда аяк киім және екі тігін фабрикалары, Семейде тері илейтін комбинат және ет комбинаты, Атырау балық-консерві және Алматы жеміс-көкөніс комбинаттары, Талдықорғанда, Меркеде, Жамбылда қант зауыттары, Алматыда темекі фабрикасы, нан пісіретін және май шайқайтын зауыттар қатарға қосылып, өз өнімдерін шығара бастады.
Нәтижелері — Қазақстан Одақ бойынша өндірістің жалпы өнімінің көлемі жөнінен 7 - ші, электр қуатын өндіруде 6 - шы, тас көмір және мұнай өндіруде 3 - ші, қорғасын өндіруде 1 - ші орынға шықты; түсті металдардың негізгі өндірушісіне айналды; никель, қалайы, вольфрам өндіру жұмысы жолға қойылды.
Қиындықтары – Қазақстанның экономикалық жағынан артта қалуы; патриархалды - феодалдық қатынастардың қалдықтары; пайдалы қазбалардың өндірілуінің қиындығы; тұтыну заттары өндірісінің басым болуы; инфрақұрылымның болмауы; маманданған жұмыс күшінің тапшылығы.
Келеңсіз жақтары – Ауылдағы өндірістік күштердің күйреуі, Қазақстан өнеркәсібінің шикізаттық бағыты, Кәсіби мамандардың басқа аймақтардан келуі