51. Жоңғар ханлығының күшеюі: «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» жылдары Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама —



бет40/50
Дата24.04.2023
өлшемі139,8 Kb.
#86032
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   50
Байланысты:
Тарих 50-100 (копия)

Тың игеру Қазақстанның ұлттық-этникалық бейнесінің өзгеруіне әсер етті. Тың игеру кезінде Қазақстаннан тыс жерде өмір сүріп отырған қазақтарды келтіру мүмкіндігі туды, қазақ зиялылары сондай пікір де көтерді, бірақ бұл пікір ескерілмеді. Қазақстанға тың игеруге көптеген басқа ұлттың адамдары келді. Олардың ішінде басшы қызметкерлер, мамандар келді. Олар жергілікті кадрларды ығыстырды. Жергілікті жерлердегі қазақ мектептер жабылды, мектептер жаппай орыс тілінде оқытты. Қазақ тіліндегі газеттер жабылды. Мұндай көріністер интернационализм мен ұлттар достығының белгісі деп бағаланды.
Орталықта «Ленинградтық іс», «Дәрігерлердің ісі» қолдан жасалып жатқан кезде Қазақстанда «Бекмахановтың ісі» ұйымдастырылды. Ол іс бойынша Е. Бекмахановтың 1947 жылы шыққан «XIX ғасырдың 20-40 жж. Қазақстан» деген монографиясында буржуазияшыл-ұлтшыл концепциялар дамытылған және оның саяси-идеалық зияны бар деп табылды. 1950 ж. «Правда» газеті «Қазақстан тарихының мәселелерін маркстік-лениндік тұрғыдан жазу үшін» деген мақаласында оның кітабын айыптады. Осыдан кейін тарих ғылымдарының докторы Е. Бекмаханов Ғылым академисынан шығарылды, ал 1952 ж. 4 желтоқсанда Қазақ ССР Жоғары сотының алқасы оны 25 жылға соттады. Тек Сталин өлгеннен кейін ғана Е.Бекмахановты айыптау жөніндегі іс қайта қаралып, 1954 жылы түрмеден босап шықты. 1940 жылдардың аяғы-1950 жылдардың басында «Бекмахановтың ісі» жалғыз болмады. Республиканың көрнекті қоғамтану ғалымдары А. Жұбанов, Х. Жұмалиев, Б. Сүлейменов, Е. Смаилов және т. б. нақақтан тағылған саяси айыптармен жазаланды. Ә. Әбішев, Қ. Аманжолов, Қ. Бекқожин, С. Бегалин және басқа белгілі ғалымдар мен жазушылар саяси және буржуазиялық ұлтшылдық қателіктер жіберді деп дәлелсіз айыпталды. Сөйтіп, соғыстан кейінгі жылдарда Қазақстанда пісіп-жетіліп келе жатқан қоғамдағы жаңа өзгерістер әміршіл-әкімшіл жұйенің қудалауымен тұншықтырылып тасталды.

93. Қазақстандағы <<қайта құру>> саясаты.
ХХ ғасырдың 80-жылдарының орта шенінде кеңестік қоғамда дағдарыс орнаған болатын:
Дағдарыс
Саяси салада:
1. Басшылықтың өзгерістерді жүзеге асыру қажеттігін түсінуге қабілетсіздігі және дәрменсіздігі.
2Қоғамдық өмірдің, экономикалық қызметтің, азаматтардың жеке өмірінің бір орталықтан басқарылуы.
3. Партиялық және мемлекеттік функциялардың бірігуі мен төрешілденуі.
4Заңдылықтың бұзылуы.
5. Жариялылықтың болмауы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет