94.Д.А.Қонаевтың қызметі.1986 жылғы Алматыда және республиканың басқа қалаларында болған Желтоқсан оқиғасы. Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев (12 қаңтар 1912 жыл – 22 тамыз 1993 жыл) — аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік еңбек ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы. Еңбек жолдары:1936 жылы - Институтты ойдағыдай бітіріп, тау-кен инженерімамандығын алған Д. Қонаев 1937-1939 жылдары Балқаш мыс қорыту комбинатының Қоңырат руднигіне жұмысқа орналасып, онда бұрғылау станогінің машинисі, цех бастығы, рудниктің бас инженері және оның директоры болды.1939 жылы - Екінші дүниежүзілік соғысының қиын күндеріндетылдағы жұмысты ұйымдастыруда іскерлігімен көзге түсіп, “Алтайполиметалл” комбинаты бас инженерінің орынбасары, Риддер руднигінің және КСРО қорғасын-мырыш өнеркәсібінің ең ірікәсіпорындарының бірі – Лениногор кен басқармасының директоры қызметтерін атқарды.1939 жылы – КОКП мүшелігіне қабылданды.1942-1952 жылдары - Қазақ КСР Министрлер Кеңесініңтөрағасының орынбасары болып қызмет етті. Осында жүргендеҚазақстан ғалымдары оған зор сенім көрсетіп, оны Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі және оның президенті етіпсайлайды. Тау-кен ісі саласының ірі ғалымы Д. Қонаев республика ғылымының дамуы жолында зор еңбек сіңірді. Ғылыми-ұйымдықжұмыстарды жақсарту, ғылыми зерттеулердің негізгі салаларынбілікті кадрлармен нығайту шаралары оның басшылығымен жүзегеасырылды.1955-1960 жылдары - Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасыболды.1960-1986 жылдары – Қазақстан Компартиясы Орталық КомитетініңБірінші хатшысы қызметін атқарды.1986 жылы 16 желтоқсан күні – Қазақстан Орталық комитетініңбірінші хатшылығынан алынып, орнына Колбин тағайындалды. Бұған наразы болған қазақ жастарының Желтоқсан оқиғасы орыналды.1987 жылы – маусымдағы пленумда Д.А.Қонаев «ҚазақстанКомпартиясы Орталық комитетінің Бірінші хатшысы болғандареспублика партия ұйымын басқарудағы жіберген қателіктері үшін» деген сылтаумен КОКП мүшелігінен босатылды. Игі істері мен жетістіктері:Д. Қонаев өз заманының ұлы саясаткерібола білді. Ол билік басындаболған уақыт қайшылықты күрделі, қарама-қайшылықтыболғанымен, елдің экономикасын, әлеуметтік саласын, ғылымын, ұлттық мәдениетін дамыту ісіне айтулы еңбек сіңірді.Дінмұхамед Ахметұлы ел басқарған жылдары кең байтақ қазақжерінде 68 жұмысшылар кентімен 43 қала пайда болды. Желтоқсан оқиғасы:Желтоқсан көтерілісі — 1986 жылы 17 — 18 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық іс-қимылдары. Бостандыққа, тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқы тарихындағы елеулі оқиға болып табылады. Қазақ жастарының 1986 жылғы желтоқсанда Алматыда және Қазақстанның бірқатар облыстарында бой көрсетулері ұлтшылдық сипатта болған емес.Мұның өзі Конституция кепілдік берген және қайта құру жариялаған азаматтық және саяси айқындаманы еркін білдіру правосын пайдаланудың алғашқы әрекеті еді. Себептері: Көтерілістің басталуына Мәскеудегі орталықтың республика халқының пікірімен санаспастан Ресейдің Ульянов облысы партия коммитетінің 1-хатшысы Г.В. Колбинді ҚКОК-нің 1-хатшысы етіп тағайындауы түрткі болды.Демонстрация бейбіт және саяси сипатта болды.Онда мемлекеттік құрылысты құлатуға шақырған ұрандар айтылып,басқа халықтарға қарсы байбалам салынған жоқ.Республика Компартиясы Орталық Комитетінің үйі алдында жиналған жастар заңдарды және қоғамық тәртіпті бұзған жоқ,олар тек пленумның шешімі жөнінде түсінік берілуін талап етіп,сол шешіммен өздерінің келіспейтінін білдірді.Республика басшылығының әуел бастан жастармен тең праволы диалог бастағысы,олардың пікірін тыңдағысы келмеді.Саяси наразылықты билікке төнген қатер деп санап,басшылық оған Алматы гарнизонын әзірлік жағдайына келтірумен және алаңды демонстранттар сапынан әлденеше есе көп күштермен қоршау туралы жауап қатты.Оқиғаға қатысқандарды саяси тұрғыдан қуғындау басталды. 1987 ж. жазда КОКП ОК қаулысы шығып, желтоқсан оқиғасы қазақ ұлтшылдығының көрінісі ретінде бағаланды. Желтоқсан оқиғасы қоғамның саяси өмірін демократияландыруға серпін берді.Осы күнге дейін мемлекет желтоқсан көтерілісінің тарихи маңызын жоғарлатуға зор үлес қосып келеді. Көтерілісінің құпиялары толығымен ашылған жоқ.17 желтоқсан күні таңертеңгі сағат 8-де қаладағы Л.И.Брежнев атындағы алаңға (қазіргі Республика алаңы) саяси тәуелсіздікті талап еткен ұрандармен алғашында 300-дей адам жиналып, кешкісін көтерілісшілер саны 20 мыңға жетті. Бірақ көтерілісшілердің қойған талап-тілектері аяқ асты етіліп, “бұзақыларды” күшпен тарату мақсатында алаңға құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен арнайы әскери күштер тобы жеткізілді. КСРО ІІМ-нің бұйрығы негізінде дайындалған “Құйын — 86” операциясы бойынша көтеріліс қатыгездікпен басып жаншылды.18 желтоқсан күні алаңға қайта жиналмақ болған көтерілісшілерге қарсы әскер күші қолданылды. Көтерілісшілердің қалған топтарын ығыстыру үшін жедел отряд, милиция мен жасақшылардан арнайы топтар құрылып, қала көшелеріне аттандырылды.Осы әскери күштер 19 желтоқсан күні қаланың әр тұсында қайтадан шеруге шықпақ болған 6 топты басып, таратты. Алаңдағы көтерілісшілер таратылған соң ішкі істер бөлімдеріне 2401 адам жеткізілген (Алматы түрмесіне сыймағандықтан, қала сыртына апарып тасталғандарды қосып есептегенде барлығы 8,5 мың адам ұсталған). Желтоқсан көтерілісі құрбандарының қатарында Е.Сыпатаев, С.Мұхаметжанова, К.Молданазарова, Қ.Рысқұлбеков, М.Әбдіқұлов, Л.Асанова сынды ержүрек қазақ жастары бар.Желтоқсанның 19 — 23 аралығында халықтың наразылық шерулері мен митингілер Қазақстанның Жезқазған, Талдықорған, Көкшетау, Қарағанды, Арқалық, Павлодар, Жамбыл, Талғар, Сарқан, т.б. қалалары мен Сарыөзек, Шамалған, Шелек елді мекендерінде жалғасты.