51. Жоңғар ханлығының күшеюі: «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» жылдары Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама —


Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігінің жариялануы және ҚР мемлекеттік құрылысы



бет46/50
Дата24.04.2023
өлшемі139,8 Kb.
#86032
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50
Байланысты:
Тарих 50-100 (копия)

97. Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігінің жариялануы және ҚР мемлекеттік құрылысы.

1980 жылдардың аяғына таман Кеңес елі ыдырай бастады. КСРО халық депутаттары бірінші съезінің өзінде-ақ және партиялық форумдарда егемендік, экономикалық, дербестік, орталық пен федерацияның мүшелері арасында өкілеттікті бөлісу, жаңа одақтық шарттар жасау идеялары талқылана бастады.


Қоғамды жаңғыртуға бағытталған қозғалысты Н.Ә. Назарбаев басқарды. Оңшыл және солшыл радикализмге қарсы Н.Ә. Назарбаев табанды, демократиялық реформалар жүргізу және әлеуметтік прогресс, барлық қазақстандықтың теңдігіне негізделген ұлтаралық ынтымақты сақтау, мемлекеттік саясаттың түбегейлі принципі ретінде саяси тұрақтылықты сақтауға баса көңіл бөлу саясатын жүргізді.
1990 жылы 25 қазанда республика Жоғарғы кеңесі Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылдады.
Егемендік алу Қазақстанда жалпы демократиялық процестердің барысын шапшаңдатты. 1991 жылғы тамыз оқиғасы КСРО-ның күйреуін жылдамдатты.
1991 жылы 8 желтоқсанда РСФСР, Украина, Беларусь басшылары Минск қаласында кездесті (Беловеж келісімі). Талқыланған негізгі мәселелер 1922 жылғы КСРО құру туралы келісімшартты жою және Тәуелсіз Мемлекеттер Одағын құру болды. Бұл кездесуге Қазақстан президенті Н.Ә. Назарбаев, басқа Орта Азия республикаларының басшылары да шақырылмады.
Одақтас республикалардың жеке мемлекет болып бөлініп шығуы Қазақстанның да тәуелсіздігін жариялауын тездетті.
1991 жылы 13 желтоқсанда Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Тәжікстан басшылары Ашхабадта басқосты. Ақыры Тамыз бүлігінен кейінгі төрт ай ішінде аса шиеленіскен саяси күрес үлкен тарихи маңызы бар оқиғамен аяқталды. 1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы қабылданды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланды.
Тәуелсіздік Қазақстанға қазақ халқының екі жарым ғасырдан астам уақыт бойы үзбей жүргізген күресі арқылы келді. Бұл мерзім ішінде қазақ халқы патша отаршылары мен большевиктік аппараттың үстемдігіне қарсы 400-ге жуық көтеріліс жасады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін жариялауы қазақ халқының тарихындағы шын мәніндегі ұлы оқиға болды. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде әлемдік қауымдастыққа енуі бұған дейін тоталитарлық әкімшілік жүргізіп келген қазақ халқын ассимиляциялау, қазақ жерін Ресей империясының бөлігіне айналдыру саясатының күлін көкке ұшырды.
Қазақ халқы ұлт ретінде жойылып кету қаупінен құтылды. Ұлттық тіл, мәдениет, дәстүр, дүниетаным қайта жанданып, өзінің табиғи даму жолына қайта түсті. Ұлттық зиялы қауымның қалыптасуына және дамуына жағдай жасалды. Тәуелсіз Қазақстан демократиялық даму жолын қалаған, зайырлы, әлеуметтік және құқықтық мемлекет болып құрылды. Бұған дейін орталықтың шикізат базасы, арзан еңбек күші ретінде пайдаланылып келген республика меншіктің көптүрлілігіне негізделген нарықтық қатынастарға көше отырып, экономикалық өрлеу жолына түсті. Дүниежүзі мемлекеттерімен экономикалық байланыстарын арттырды.
1992 жылы 2 наурызда Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылданды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет