57. Рай тұлғалы етістіктердің жіктеу парадигмасын салыстырыңыз. Жалпы түркологияда, оның ішінде қазақ тіл білімінде ұзақ уақыт бойы талас тудырып жүрген мәселелердің бірі – рай категориясы. Бір қызығы – бұл категорияны топтастыруда алшақтық болғанмен, оны тануда алшақтық жоқ. Зерттеушілердің барлығы дерлік райды: «сөйлеушінің қимыл, іс-әрекетке көзқарасын, қимылдың, іс-әрекеттің шындыққа, болмысқа қатысын, модальдық мәнін білдіріп, белгілі парадигмалық тұлғалар жүйесінен тұратын етістіктің грамматикалық категориясы», - деп түсіндіреді Рай категориясын арнайы сөз етіп, өзінше топтастырған ғалымның бірі – Қошке Кемеңгерұлы. «Оқу құралы» деген еңбегіндеетістіктің рай түрлерін: ашық рай, бұйрық рай (жаз, жазшы, жазсаңшы, жазғыр), болжау рай (жазар еді), шартты рай (жазса, жазса екен, жазсаң еді, жазсаңшы), қалау рай (жазса екен, жазар ма еді, жазғай еді, жазғай еді дағы), теріс рай (жазса игі еді) деп бөледі. Қ.Кемеңгерұлына дейін қазақ тіліграмматикасына, оның ішінде рай категориясынақатысты пікір айтқан зерттеушілер райды түрлішежіктеп жүрді. Н.Ильминский мен Н.Созонтоврайдың 4 түрін көрсетсе, П.М.Мелиоранский – 5, Қ.Кемеңгерұлы- 6 түрлі райды келтірген.
Қ.Кемеңгерұлының райды топтастыруыА.Байтұрсынұлы жіктеуінеәлдеқайда жақын. А.Юайтұрсынұлы райды: билік рай, қайраурай: айын + шы, ызалы рай, ашық рай, болжау рай: -р еді, шартты рай, реніш рай: -саңшы,. қалау рай: -са екен, мұң рай: -р ма еді, сенімді рай: -ғай,. теріс рай: -са игі еді, көніс рай: -айын та,. ереуіл рай: -са да, сенімсіз рай: -р ме екен, тұйық рай: -ыу/-іу; -мақ деп жіктеп, 15 түрін көрсетеді. Алайда Қ.КемеңгерұлыА.Байтұрсынұлының жіктеуін басшылыққаалғанмен, оны барынша ықшамдап, мағыналықжақындығына, сыртқы тұлғасына қарап топтастыруға тырысқаны байқалады. Сол себептібилік, қайрау, ызалы райды – бұйрық рай; шарттырай мен реніш райды – шартты рай; қалау, мұң, сенімді райларды - қалау рай деп біріктірген. Көніс, сенімсіз, ереуіл райлар «Грамматикада» шартты райдың реңктері ретінде берілгенмен, «Оқу құралында» көрсетілмеген. Ескерте кететінбір жайт – Қ.Кемеңгерұлы тұйық райдыалғашқылардың бірі болып, рай категориясынанбөлек алып, «неопределенная форма» деп атайды. А.Байтұрсынұлының сенімді рай көрсеткішінежатқызған -ғай/-гей жұрнақтарын Қ.Кемеңгерұлы«Оқу құралында» қалау рай түрінде береді. Бүгінгітаңдағы грамматикаларда да бұл жұрнақ қалаурайдың көрсеткіші ретінде танылып жүр. Рай категориясын топтастыруда өзіндік ерекшелігі бар ғалымдардың бірі – Ы.Маманов. 1966 жылыжарық көрген «Қазіргі қазақ тілі. (Етістік)» дегеноқулығында Ы.Маманов райдың 6 түрін көрсетеді. Олар: ашық рай, қалау рай (а) ерікті: ғы кел, ә) тілекті: -ғай), шартты рай, шарттылықрай (-р еді, -атын еді), бұйрық рай, өтініш рай (-у етті, -са етті). Ы.Мамановтың рай түрлерін А.Байтұрсынұлы, Қ.Кемеңгерұлы топтастыруымен салыстырар болсақ‚ үш ғалымның да ашық‚ бұйрық‚ шартты райды тануы ұқсас екенін көреміз. С.Исаев, А.Ысқақов еңбектерінде «Қазақ тілінің грамматикасындағы» топтастырулар өзараұқсас. Олар райдың 4 түрін көрсетеді: ашық, бұйрық, шартты, қалау рай. XІX ғасырдағы қазақ тілін зерттеушілерденбастап күні бүгінге дейін талас тудырып кележатқан мәселелердің бірі – бұйрық райдыңІ жағы. П.М.Мелиоранский «Краткая грамматикаказаккиргизского языка» деген еңбегінде бұйрықрайдың І жақ көрсеткішін қалау рай дептүсіндіреді. Сол сияқтыҚ.Кемеңгерұлы да «Оқу құралында» бұйрық райдың І жағын «желательное наклонение в повелительной форме» деп береді. Ғалымдар арасында бұйрық райдың І жағының өзіндік ерекшеліктері бірдей танылғанмен, І жақ қана емес, ІІ, ІІІ жақтың да үнемі бұйрық мәнде айтыла бермейтіні, әрі бұлардың бәрі – бір форманың үш жағы екені ескеріліп, сол себепті оларды бір-бірінен бөліп, әр түрлі грамматикалық категория деп тануға болмайтыны негізге алынып, бұйрық райдың І жағы – қалау рай ретінде емес, бұйрық рай деп танылуда. Мұндай пікір Н.Сауранбаев, Ы.Маманов, С.Исаев, Л.Дүйсембекова т.б. еңбектерінде айтылады