51. Отыр, тұр, жатыр, жүр етістіктерінің ерекшелігін салыстырыңыз


 Шақ категориясы, етістік шақтарының түрлерін салыстырыңыз



бет4/5
Дата16.12.2023
өлшемі14,73 Mb.
#140118
1   2   3   4   5
Байланысты:
51-57 Морфология

55. Шақ категориясы, етістік шақтарының түрлерін салыстырыңыз. 
Тіл білімінде, оның ішінде қазақ тіл білімінде етістіктің ең көп талас тудырып, түрліше сипатталып жүрген категорияларының бірі – шақ категориясы. Іс-әрекет, қимылдың сөйлеп тұрған кезде, одан бұрын немесе кейін өтуіне байланыстыосы шақ, өткен шақ, келер шақ түрі барлықғалымдарда да бірдей анықталғанымен, оның түрін, көрсеткіштерін тануда зерттеуші ғалымдарарасында пікірталастартуындайды. Қ.Кемеңгерұлының шақ түрлерін, көрсеткіштерін тануы А.Байтұрсынұлы еңбектеріндегі жіктеулерден де өзгешелеу. Мәселен, А.Байтұрсынұлының еңбегінде шақ түрлері: келер шақ (жазар), осы шақ(жазамын), нағыз осы шақ( жүр, жатыр, тұр, отыр), өткен шақ(жазды), баяғылық(-ған екен), бұрынғылық(-ушы еді) болып беріледі. Ал Қ.Кемеңгерұлы жіктеуінде: келер шақ(жазар), осы келер шақ(жазамын), таза осы шақ(жүр, жатыр, тұр, отыр), несовершенное прошедшее(жазды), прошедшее постоянное(-ушы еді, -атын еді), прошедшее определенное (-ып), прежде-прошедшее ІІ (-ған еді), прежде-прошедшее І (-п еді), давнопрошедшее(-ған) деп берілген. Екі ғалымда да келер шақ, осы шақты тануда өзгешелік жоқ. Ал өткен шақта Қ.Кемеңгерұлы «прошедшее определенное», «прежде – прошедшее І, ІІ; давнопрошедшее» сияқты түрлерін қосып, өткен шақтың 6 түрін көрсетеді. Яғни Қ.Кемеңгерұлы өткен шақты барынша кеңірек, нақтырақ баяндауға тырысқан. Шақ категориясын өзінше танып, түсіндірген ғалымдардың бірі – Қ.Жұбанов. Қ.Кемеңгерұлы мен Қ.Жұбановтың шақтарды тануы осы шақта ғана ұқсас, басқа шақтарды түсіндірулерінде біраз алшақтықтар бар.Қ.Жұбановта: 
1. Келер шақ:1. Кесімді келер шақ: баратын 2. болжалды келер шақ: барармын 3. Мақсатты келер шақ: жазбақ 4. Тілекті келер шақ: а) жазар еді б) жазайын (тек I жақта)Сенімсіз тел шақ: жазса игі еді
2. Осы шақ:1. Дағдылы осы шақ: жазады 2. Дәл осы шақ: а) жалпы осы шақ: жазып жатыр ә) кәдімгі осы шақ: жазып жүр б) қазіргі осы шақ: жазып отыр в) әзіргі осы шақ: жазып тұр
3. Өткен шақ: 1. Айғақ өңді өткен шақ: жазыпты2. Аулақ өңді өткен шақ: жазған 3. Мойындау өңді өткен шақ: жазған шығар 4. Күмән өңді: жазған шығар 5. Айғақ баяғылық: жазған екен 6. Аулақ баяғылық: жазған екен 7. Әдетше баяғылық: барушы еді, баратын еді 8. Опық баяғылық: баратын еді 9. Арман баяғылық: бармас па едім
Т.Қордабаев «Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктіңшақ категориясы» атты еңбегінде шақ категориясын былай бөледі: сенімді келер шақ (-мақ, -ғалы отыр, -а,-е,-й) және сенімсіз келер шақ (-ар, -ер; -атын шығар, сияқты, тәрізді); айғақты өткен шақ (-ды,-ді, -атын, -ған, -п еді, -ушы еді) және айғақсыз өткен шақ ( -ған екен, -ады екен, -са керек), нақ осы шақ (отыр, тұр); жалпы осы шақ (жатыр, жүр); ауыспалы осы шақ (-а, -е, -й).

5
6. Етістіктердің жіктелу ерекшеліктерін салыстырыңыз. 


















Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет