51. Отыр, тұр, жатыр, жүр етістіктерінің ерекшелігін салыстырыңыз



бет3/5
Дата16.12.2023
өлшемі14,73 Mb.
#140118
1   2   3   4   5
Байланысты:
51-57 Морфология

Қаш, қайт етістіктерінің көмекшілік қызметте жұмсала алмауына, мағынасының толық сақталуына байланысты Қ.Кемеңгерұлы оларды көмекші етістіктер қатарында атамаған деп ойлаймыз. Бұдан ғалымның аналитикалық формаларды өзіне ұқсас басқа категориялардан айырып, көмекші етістік табиғатын терең түсінгенін көреміз.
І.Кеңесбаев көмекші етістіктердің мағыналық ерекшеліктеріне тоқталады. Оның ішінде жетімсіз қимылды білдіретін -а жазда форманты мен жалыну, өтіну мәнінде қолданылатын -а көрформанты ғана Қ.Кемеңгерұлы жіктеуінде кездеспейді.
Қимылдың даму сатысына (фаза) қарай І.Кеңесбаев көмекші етістіктерді қимылдың басталуын (-а баста); жүріп жатуын (-п + отыр‚ тұр, жатыр, жүр); аяқталғанын (-п бер‚ -п кет)білдіруіне байланысты топтастырады. Бұл жағынан келгенде де‚ І.Кеңесбаев еңбектері Қ.Кемеңгерұлының жіктеулеріне ұқсас келеді. А.Ысқақов пен Қ.Кемеңгерұлының аналитикалық форманттардың мағынасын түсіндірулері өзара ұқсас: 

Аналитикалық форма

Қ.Кемеңгерұлы «Оқу құралы» (1928, 1929)

А.Ысқақов 
«Қазіргі қазақ тілі» (1974)

-ып ал

Исполнение действия в пользу действующего лица

Субъект өзге істі қоя тұрып я басқа іске келіспей тұрып (осы) әрекетті әуелі өзі үшін, өз мүддесі үшін жүзеге асырып алуды қалайтындай мән (реңк) жамайды.

-а ал

возможность

Сол амалды жүзеге асырып я орындау мүмкіндігін (бар, жоқ) білдірерліктей реңк жамайды.

 -ып бер

Законченность (в пользу другого)

Амалды бөгде (басқа) адам үшін істелетіндей реңк үстейді.

-а бер

Направление и исход действия: незаконченность

Амалды тоқтаусыз (тоқтатпай) жүзеге асыра беруді нұсқайтындай реңк жамайды.

 -ып қал

Вид законченности и совершенства (с усилением значения)

Амалдың бірден басқа күйге (динамикадан статикаға) көшкенін білдіретін реңк қосады.

-а қал

Сверх ожидания, случайность

 Амалдың кенеттен басқа күйге немесе динамикалық процестің статикаға көше қойғанын білдіретін реңк қосады.

-п көр

Попробовать, попытаться

Амалды жүзеге асырып байқау я жүзеге асырып көру мағынасын көрсететін реңк қосады.

54. Етістіктің болымсыздық категориясын, берілу жолдарын салыстырыңыз. 


Болымсыз етістік — қимыл, іс-әрекеттің болмауын, жүзеге аспауын білдеретін етістік. Қимыл, іс-әрекеттің яғни етістік білдіретін мағынаның жүзеге аспауы, болмауы арнайы грамматикалы амал-тәсілдер арқылы беріледі. Ол етістіктің негізгі, туынды, күрделі түбірлеріне, етіс, күшейтпелі етістік тұлғапарына -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе қосымшасы қосылу арқылы жасалады да, тек етістіктің болымсыздық түрін жасап қоймайды, болымдық мәнге қарама-қайшы болуы, оппозициялық сипаты және соған сәйкес граммат. жүйелі тұлғасы болу арқылы етістіктің болымсыздық (болымды-болымсыздық) категориясын жасайды. Болымсыздық категориясының бірден-бір тұлғалық көрсеткіші -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пеболымсыздық тұлғасы. Атап айтқанда, есімшенің -ған, -ген, -қан, -кен тұлғасы етістікке жоқ модаль сөзі, есімшенің, -ған, -ген, -қан, -кен, -атын, -тін,- йтын,-йтін, -ар, -ер, -р, -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек тұлғалы негізгі етістіктерге емес, кейде емен көмекші етістігі (құрамы: е көмекші етістікке -меболымсыз етістік тұлғасы мен -с болымсыз есімшенің қосымшалары қосылған) тіркесіп жасалады. Болымсыздық категориясы етістіктің лексика-грамматика категориясы болып табылады. Себебі, біріншіден, бұл категорияның қосымшасы етістік түбірге жалғанғанда, түбір семантикасына аздап болса да әсер етіп, өзгеріс еңгізеді, яғни түбір беретін мағынаның болмайтынын білдіреді, екіншіден, етіс категориясы сияқты түбірдің грамматикалық сипатын сақтап қалады:
1. бұйрық райдың 2-жақ жекеше анайы тұлғасымен сәйкес келіп, онымен омоформа жасайды;
2. тікелей жіктелмейді;
3. сол күйінде қолданылмайды, етістіктің таза грамматикалық категорияларын жасауға негіз болады: рай, шақ, есміше, көсемше және тұйық етістік тұлғалары тек болымсыз етістік тұлғасының үстіне ғана жалғана алады, көрісінше болмайды.
Болымсыздық қосымшалары (-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе) етістік түбірлері және етістік түбірлерінің грамматика сипаты тән (тікелей жіктелмейтін, бұйрық райдың 2-жақ жекеше, анайы түрімен сәйкес келетін) етіс, күшейтпелі етістік сияқты тұлғалары мен рай, шақ, жақ тәрізді етістіктің таза грамматика категорияларының шекарасын көрсетіп тұратын белгі ретінде жұмсалады (Ы.Маманов). Күрделі етістікте болымсыз форма бірде негізгі етістікке жалғанса, бірде көмекші етістікке жалғанады: айт-па-й жүр, сөй-ле-ме-йқалды, бер-ме-п еді және айтып жүр-ме, сөйлеп қой-ма, беріп жібер-ме т. б. Әрине, бұлар қимыл, іс-әрекеттің болымсыздық мәнін білдірумен бірге негізгі немесе көмекші етістікке жалғануда белгілі стильдік мән білдіреді, егер болымсыздық форма екі етістікке де әрі негізгі, әрі көмекші етістіккебірдей жалғанса, онда ол болымдылық мәнді білдіреді де әдеттегі болымдылықтан өзгеше ерекше стильдік бояуы болады: айтпа-й қой-ма-ды, жаз-ба-й отыр-ма-ды, сұра-ма-й кет-пе-ді т.б




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет