Векторлық бейнелер – математикалық формулалармен сипатталып, түрлі геометриялық
бейнелер, яғни нүкте, сызық және көпбұрыштар көмегімен салынатын бейнелер
жиынтығынан құралады.
Растрлық бейнелер – түрлі түсті жекелеген нүктелердің (пиксельдердің) жиынтығынан
тұратын бейнелер болып табылады.
Картографиялық жүйедегі түрлі өзгерістерді түсінуге қажетті жағдай жасап отырған әдістің
бірі – картографиялық анимация Қолданбалы математика, информатика және компьютерлік техника мүмкіндіктерінің өзара
байланысуы нәтижесінде қалыптасып жатқан жаңа ғылым саласы – геоинформатика. География, информатика, автоматика үш ғылым жиынтығынан тұратын ғылым саласы –
геоинформатика Геоинформатиканың негізгі мақсаты – географиялық ақпараттарды қазіргі заманғы
технология көмегімен жинақтап, қайта өңдеп, қолдана білетін мамандарды дайындау
Геоинформатика XX ғасырдың 80-ші жылдары пайда болды.
ГАЖ – географиялық мәліметтер мен нысандардың тиімді жағдайда енгізу, сақтау, өңдеу,
талдау, жаңарту және визуализация жасауды ұйымдастыратын бағдарламалар мен
ақпараттарды жинақтау.
ГАЖ және онымен байланысты ғылым салалары – география, картография, қашықтан
зерделеу, топография және фотограмметрия, информатика, математика және статистика
ГАЖ-дың негізгі қызметі – жинақтау, өңдеу, талдау, шешім шығару Геоақпараттық жүйелерді дамытудың ұтымды жолы – интернет жүйесінің дамуы Қоршаған орта туралы жаңа ақпараттарды алуға мүмкіндік беретін бағдарламалық
технологиялық, әдістемелік құралдардың жиынтығы – ГАЖ технологиялары ГАЖ технологияларының басты қызметі: o
мәліметтерді енгізу және жаңарту
o
мәліметтерді сақтау және өзгерту
o
мәліметтерді талдау
o
мәліметтер мен нәтижелерді қорытындылау және оны таныстыру
ГАЖ саласындағы ең сұранысқа ие болған бағдарлама – «Microsoft Excel»