Биологиялық ресурстардың маңызды түрі
– орман ресурстары
Ормандар мен бұталар
– 4 млрд га жерді алып жатыр, құрлықтың 31% қамтиды
Ағаш сүрегінің қоры
– 330 млрд м³ бұл көрсеткіш ұдайы өзгеріп тұрады
Орман алқаптарының адамның шаруашылық әрекеті әсерінен қысқару кестесі
1-ші кезең
(алғашқы)
Жерорта теңізі жағалауы, Үндістан, Қытайдың шығыс бөлігінде
ауылшаруашылық мақсатта пайдаланумен байланысты белең алады
2 – ші кезең Орта ғасырларға тән, Еуропа аумағынан басталады
3 - ші кезең Еуропалықтардың
Жаңа Дүниені игеруімен байланысты, онда
ормандардың орнын егіс алқаптары, жайылымдар, қалалар мен ондағы
түрлі құрылыс орындары алмастырған болатын
4 – ші кезең XX ғасырдың басынан басталды, тропик маңындағы Филиппин,
Малайзия, Индонезия, Бразилия елдерінде ерекше белең алады. Олардағы
ағаш сүрегін дайындау ісі бұрынғы көрсеткіштерден 5-7 есеге күрт өсіп
кетті, нәтижесінде орман алқабының 90% жуығы жойылды.
Орман экожүйесінің бұзылуы:
o
жерді есепсіз пайдалану нәтижесінде жылыжайлық газдардың атмосфера құрамына
кедергісіз енуі
o
топырақ деградациясының, су және жел эрозиясының күшеюі, топырақ
құнарлығының төмендеуі
o
жергілікті және құрлықтық ылғал айналымы жиілігінің қысқаруы
o
биоалуантүрліліктің азаюы және экологиялық қатар тізбектерінің бұзылуы сияқты
ғаламдық өзгерістерге әкеліп соғады.
Соңғы 200 жылда орман көлемі қысқарды
– 2 есеге
Табиғи ортаны адамның зиянды әрекеттерінен қорғауға бағытталған ережелердің
жиынтығы –
экологиялық құқық
«Қоршаған орта және оны дамыту» жөніндегі БҰҰ конференциясы өткен жыл –
1992 жылы
Достарыңызбен бөлісу: