Бұл дәуірдің алғашқы кезеңі – КСРО пайда болуы, Аустро-Венгрияның таралуы,
Польша, Финляндия, Чехословакия мемлекеттердің пайда болуы және
Ұлыбритания, Франция, Бельгия, Жапония отарлық кеңеюі басталды.
Екінші кезеңі – екінші дүниежүзілік соғыстан кейін отар жүйенің ыдырауы Азия,
Африка, Мұхиттық аралдарда, Латын Америкасында көптеген ел тәуелсіздікке қол
жеткізді.
Үшінші кезең – КСРО ыдырап ТМД елдерінің пайда болуы, ЮСФР (Словения,
Хорватия, Босния және Герцеговина, Сербия, Черногория, Македония) ыдырауы,
ГДР мен ГФР бірігуі, Чехия мен Словакия елдерінің бөлінуі.
Дүниежүзінің саяси картасының басты нысандары –
отар мемлекеттер, халықаралық
аумақтар, мәртебесі айқындалмаған аумақтар, өз егемендігін жарияламаған
мемлекеттер.
Дүниежүзінің саяси картасының басты нысаны егемендігі бар аумақ –
мемлекет.
Дүниежүзінің саяси картасында мемлекеттерден басқа
30 астам түрлі егемендігі жоқ,
тәуелді саяси-аумақтық түзілістер бар.
Тәуелді аумақтарға жататындар
мысалы: Францияда шалғай депортаменттер мен
аймақтар белгілі бір елдің құрамдас бөлігі ретінде танылады.
Францияның негізгі аумағынан шалғай жатқан 5 департамент:
1. Француз Гвианасы
2. Мартиника
3. Гваделупа
4. Реюньон
5. Сен-Пьер және Микелон
5 аумақ:
1. Француз Полинезиясы
2. Жаңа Каледония
3. Оңтүстік Антарктикалық аумақ
4. Майотта
5. Уоллис және Фортуна аралдары енеді (Францияның заңды бөліктері)
Дүниежүзіндегі саяси картасындағы мәртебесі анықталмаған елдің бірі
– Батыс Сахара
Достарыңызбен бөлісу: