ҚОРҒалжын қорығы аумағында экологиялық туризмді дамыту мүмкіндіктері



Pdf көрінісі
Дата06.04.2017
өлшемі170,13 Kb.
#11165

ҚОРҒАЛЖЫН ҚОРЫҒЫ АУМАҒЫНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ 

МҮМКІНДІКТЕРІ  

 

М.О. Шаймерденова  

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Астана, Қазақстан

marzhan_kaznu@mail.ru

 

 

            20  ғасырдың  соңғы  онжылдықтарында  кӛпшілік  туризмінің  экологиялық  туризм 



бағыты  қарқынды  даму  үстінде.  Ресей  ғалымы  А.  В.  Дроздов  экологиялық  туризмді 

табиғатқа  бағытталған  топқа  жатқызып,  оны  2-ге  бӛледі:  1)  ерекше  қорғалатын  табиғи 

аумақтардағы  экологиялық  туризм;  2)  ерекше  қорғалатын  табиғи  аумақтардан  тыс 

экологиялық туризм.  

Экологиялық  туризм Қазақстан үшін жаңа әрі  жан-жақты бағыт болып табылады. 

Ерекше  қорғалатын  аумақтарға  қойылатын  талаптар  мен  әлемдік  тәжірибеге  сәйкес 

Қазақстан  Республикасының  заңдары  мен  Үкіметтің  нормативтік  құжаттары    ерекше 

қорғалатын табиғи аумақтарды, оның ішінде жоғары категориялы қорықтық режиммен де 

туристік  және  рекреациялық  мақсатта  қолдануға  рұқсат  береді.  «Ерекше  қорғалатын 

табиғи  аумақтар  туралы»  Заңның  39    бап,  5  тармағында  мемлекеттік  табиғи  қорықтың 

негізгі  қызметінің  бірі  –  мемлекеттік  табиғи  қорық  және  оның  қорықтық  зонасын 

экологиялық-ағарту, ғылыми және шектеулі түрде туристік мақсатқа пайдалануды реттеу 

болып табылады.  

Қорғалжын  мемлекеттік  қорығының  кӛлдер  жүйесі  дүние  жүзі  мен  жергілікті 

ғалымдар, 

орнитолог, 

биолог, 

эколог, 


оқушылар, 

студенттер, 

туристердің 

қызығушылығын  туғызатын  Қазақстанның  ерекше  қорғалатын  інжу  маржаны  болып 

табылады.  Мысалы,  Теңіз-Қорғалжын  кӛлдер  жүйесінің  сулы-батпақты  аумақтары  1974 

жылы  сулы-батпақты  аумақтар  туралы  Рамсар  конвенциясына  сәйкес  ғаламдық  маңызы 

бар  сулы-батпақты  аумаққа  жатқызылды.  2000  жылы  Теңіз  кӛлі  «Тірі  кӛлдер»  деп 

аталатын  әлемнің  бірегей  кӛлдері  жүйесіне  енсе,  2007  жылы  Қазақстанның 

биоәртүрлілігін сақтау Ассоциациясының бастамасымен Қорғалжын мемлекеттік қорығы 

халықаралық  дәрежедегі  маңызды  орнитологиялық  аумақтар  тізіміне  енгізілді.  2008 

жылдың маусымында Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы Орталық Азиядағы алғашқы 

нысандардың  бірі  болып  ЮНЕСКО-ның  әлемдік  мұралары  тізіміне  енгізілді.  Қорық 

аумағының  қайталанбас  бірегейлігін  шӛлейтті  аумақта  орналасқан  ішкі  континенталды 

сулары;  құстардың  Орталық-Азиялық  және  Сібірлік-Оңтүстік  еуропалық  ұшу 

жолдарының  қиылысқан  жерінде  орналасуы,  далалық,  шалғындық,  галофитті  және  су 

қауымдастықтарының  қатар  кездесуі,  сирек  және  жойылып  кету  қаупі  тӛніп  тұрған 

құстардан  тұратын  биоәртүрліліктің  молдығының  ерекшеліктері  қалыптастырады.  Бұған 

қоса  қорық  аумағының  ұзақ  уақыт  бойы  қорғауда  болуы  тұмса  табиғатты  бастапқы 

күйінде  сақтауға  мүмкіндік  берді.  Аталған  табиғи  жағдайлар  аумақты  рекреациялық 

мақсатта игеруге мүмкіндік береді.  

БҰҰДБ/ҒЭҚ/ҚР Үкіметінің жобасы аясында жүргізілген бақылаулар мен тәжірибе, 

жиналған материалдар негізінде Қорғалжын аумағында экотуризм дамыту жӛнінде анализ 

жасалды, оған сәйкес қорық аумағында экотуризмді дамытудың мұмкіндіктері тӛмегідей.  

Артық  жақтары:  алуан  түрлі  ӛсімдіктер  мен  жануарлар  әлемі  бар  бірегей  табиғи 

аумақтар;  тартымды  және  алуан  түрлі  живописьті  ландшафттар;  алуан  түрлі  кӛрікті 

жерлер, кӛлдер мен құстар; жазғы кезеңдегі қолайлы климаттық жағдайлар; тұрғылықты 

жергілікті халықтың кӛптігіне байланысты дәстүрлер мен салттардың сақталуы; ауылдың 

тыныш  және  жанға  жайлы  қолайлы  ӛмірі;  қонақжайлылық  пен  ізгі  ниеттілік;  осы  мекен 

туралы  ақпараттың  қол  жетімділігі;  Қорғалжын  ауылындағы  қорықтың  әкімшілік 

ғимаратында орналасқан қызықты кӛрме-орталық; ақпараттық қолдаудың болуы. 

 

Әлсіз  жақтары:  ауылды  жерлерде  туристік  қызметтің  жоқ  болуы;  жергілікті  жер 



аумағында  бәсекелестіктің  болмауы  (оның  нәтижесінде  қонақүйлердің  бағасы  қымбат); 

ауданда  туристерді  тасымалдау  үшін  жалға  алатын  транспорттың  болмауы;  Қорғалжын 



ауылында  тамақтандыру  қызметінің  шектеулілігі;  ауыл  сыртында  туристерге  тиісті 

жағдайлардың  болмауы  (әжетхана,  пикник  жасайтын  орындар);  ауылды  жерлерде 

нұсқаулық  тақтайшалардың  жеткіліксіздігі;  қызығушы  тұлғаларда  инвестициялық 

қаржының  жеткіліксіздігі;  шетел  тілдерін  білмеуі;  Қорғалжында  ақпараттық  туристік 

орталықтың болмауы. 

Мемлекеттік  қорық  аумағын  экологиялық  туризм  мақсатында  қолдану  1996 

жылдан жүзеге асырыла бастады. Ғылыми-танымдық мақсатта тиісті органмен қорықтық 

зонада  жүзеге  асырылатын  4  экологиялық  маршрут  жасалып,  бекітілді.  Қорғалжын 

қорығы  ӛздігінше  туристік  іс-әрекетпен  айналыспайды.  Қорық  әкімшілігі  2001  жылы 

«Ақмолатурист»  ААҚ-мен  туризм  саласында  бірігіп  жұмыс  істеу  үшін  келісімшарт 

жасады.  Келісімшарт  бойынша  қорық  туристік  мақсатта  тек  белгілі  туристік  маршрутқа 

ғана  аумақты  береді  және  туристерді  қабылдау  үшін  Қаражар  кордонында  базаны 

кӛріктендіру үшін жалдау құқығынсыз жер берілген.  

Қорғалжын қорығы аумағында экотуризмнің келесідей типтері бӛлуге болады: 

 

Бедвочерлер (bird watchers). Алыс шетелдерден осы аумақтың тек құстарын кӛруге 



келетін туристер. Турларды ӛткізудің ӛзіндік ерекшеліктері мен талаптары бар.  

 



Ғылыми  туризм  -  әсіресе  ерекше  қорғалатын  табиғи  аумақта,  себебі  тек  осы 

мекенде ғана осы аумаққа тән және сирек кездесетін табиғи экожүйелер, флора мен фауна 

нысандары  бұзылмаған  күйде  сақталады.  Бұл  аумаққа  ғылыми  туризм  үшін  келетіндер 

отандық  мекемелер  мен  халықаралық  табиғат  қорғау  ұйымдарының  ӛкілдері.  Бұл  жерде 

трансшекаралық  және  халықаралық  ғылыми  зерттеулердің,  оның  ішінде  БҰҰ-ның 

табиғатты  қорғау  Конвенцияларының  (маңызды  орнитологиялық  аумақтардың 

әртүрлілігін  сақтау,  климат  ӛзгеруі,  шӛлдену  мен  жерлердің  деградациясымен  күрес 

туралы) басым бағыттары ескеріледі. 

 

Оқыту туризмі. Қорық пен оның тӛңірегіндегі аумақтардың табиғатымен танысуды 



мақсат ететін ұйымдастырылған экскурсиялар. Жиірек, ЖОО-да ұйымдастырылады. 

 



Арнайы туризм – спорттық балық аулау және аңшылық. 

 



Рекреациялық туризм – таза ауада бос уақыт ӛткізу, пикник, жылжымалы ойындар, 

кемпингпен бір күндік демалыс ӛткізу, кейде әуесқой балық аулаумен ұштасады. 

 

Танысу туризмі. Аумақтың елордаға жақын орналасуы Қазақстанның табиғи және 



мәдени мұраларына қызығушылықпен қарайтын шетел азаматтарын тартады. 

Маршруттар  қорықтық  зонадағы  жалпы  пайдаланылатын  алаңқайлық  жолдар 

арқылы  ӛтеді,  тұрақтайтын  орындар  айқындалған.  Туристердің  ең  ұзақ  болуы  3-5  күн 

аралығында  18  адамнан  аспайды.  Үлкен  емес  топтарды  ескере  тәуліктік  рекреациялық 

жүктеме  25  адамнан  аспауды  қарастырады.  Туристік  ағын  қызмет  кӛрсетудің 

дамымауына,  табиғатпен  танысу  үшін  арнайы  бӛлінген  үлескілердің  санының  аздығына 

байланысты  шектеледі.  Дәл  осы  себепке  байланысты  азаматтардың  жеке  келулері  де 

шектеледі. 

 Қорық  туристерге  тамақтану,  тұратын  жер  бойынша  тӛмендегідей  қызметтер 

кӛрсетеді. 

  

«Қорғалжын МТҚ» мемлекеттік мекемесі кӛрсететін қызмет түрлерінің тарифтері 



Қызмет түрі 

Ӛлшем бірлігі 

Ұзақтығы 

Тариф теңгемен 

Қонақүй, 

орталық 


1 орын 

1 тәулік 

4500 

2 орындық ағаш үй 



1 орын 

1 тәулік 

3500 

4 орындық ағаш үй 



1 орын 

1 тәулік 

2700 

Тамақтану 



(таңғы, 

түскі, кешкі ас) 

1 адам 

1 тәулік 



3500 

Монша 


1 адам 

1 сағат 


700 

Душ 


1 адам 

1 сағат 


200 

Экскурсовод 

1 топ 

1 күн 


1650 

қызметі 

Инспектор-жолсерік 

1 топ 

1 күн 


1600 

Транспорт 

1 бірлік 

1 сағат 


250 

Табиғат 


пайдаланғаны үшін 

тӛлем 


1 адам 

1 күн 


0,1 АЕК (127) 

 

Жылдар бойынша Қорғалжын қорығына туристердің келу динамикасы 



Мақсатты 

топтар 


2005 жыл 

2006 жыл 

2007 жыл 

2008 жыл 

Шетелдіктер  

82 


10 

158 


170 

Оқушылар  мен 

студенттер 

350 


337 

214 


243 

Ересектер  

1013 

1017 


2987 

2763 


Қысқы 

кезеңдегі 

балықшылар 

635 


459 

481 


630 

Барлығы: 

2080 

1892 


3840 

3806 


 

 

            Кестеде келтірілгендей туристер саны жыл ӛткен  сайын артып келе жатыр.  Үлкен 



емес  орнитологтар  тобы  үшін  туристік  маршруттарда  далалық  жағдайға  сәйкес 

жабдықталған  экотуристердің  түнеуіне  арналған  2  алаңқай  бар.  Туристік  жабдық  10 

адамға  арналған.  Қорғалжын  қорығында  ақылы  негізде  әуесқой  және  спорттық  балық 

аулау  жүргізіледі.  Балық  аулау  қысқы  кезеңде  Есей,  Сұлтанкелді,  Қоқай  кӛлдері  мен 

Құлшым  ӛзенінде  жүргізіледі.  Әрбір  балық  аулаушыға  қорық  аумағында  жүру  ережесі 

мен  тәртібі  беріледі,  қорықтық  режим  мен  әуесқой  балық  аулау  ережесін  бұзғандарға 

жауапкершілік шаралары қарастырылған. 

 

Жоғарыда  аталған  ақпараттар  қорық  аумағында  шектеулі  түрде  экологиялық 



туризмді  дамытудың  мүмкіндіктері  мол  екендігін  дәлелдейді.  Қорық  аумағында 

экологиялық туризмді жоғары деңгейдегі қызмет түрі ретінде дамыту үшін тӛмендегідей 

іс-шараларды іске асыруды ұсынамын: 

-

 



қорыққа  халықаралық  туристер  легін  кӛбірек  тарту  үшін  шетелдік  туристік 

агенттіктерге қорық туралы ақпараттар ұсыну

-

 

жергілікті  халық  қорық  аумағында  туристік  қызметті  дамытуға  қатысуы  тиіс,  бұл 



арқылы жергілікті халықтың жұмыссыздық мәселесін ішінара шешуге болады; 

-

 



ішкі рынокта қорық туралы ақпараттық жарнамаларды кӛбейту; 

-

 



қорық  аумағында  қызмет  кӛрсетуде  дифференциялық  тәсілдің  болуы,  бұл  қызмет 

кӛрсетудегі бағалық айырмашылықты білдіреді

-

 

студенттер,  басқа  білім  алушылар  үшін  іс-тәжірибе  ӛтетін  немесе  жас 



ӛлкетанушылар, туристер үшін база құру; 

-

 



«Әрбір қорық рентабельді болуы тиіс» деген принципті пайдалана отырып, қорық 

аумағында  кәдесыйлар  дүкенінің  бұйымдарының  ассортиментін  кӛбейту,  қорық 

аумағында  ақылы  фото-  және  видеотүсірімдер  жасау  үшін  мамандарды  тарту,    қорық 

аумағын бейнелейтін кәсіби суретшілерді тарту; 

-

 

қорық  аумағында  туристік  қызметті  дамытуға  атсалысатын  қызмет  түрлері 



бойынша  лицензиялар  беру,  жеке  кәсіпкерлікті  дамыту,  Жауапкершілігі  жектеулі 

серіктестіктер құру.  

-

 

қорық  аумағы  жақын  жатқан  кӛне  ескерткіштерді  қамтитын,  сонымен  қатар 



жергілікті  халықтың  этнографиялық  ерекшеліктерін  толық  кӛрсете  алатын  (киіз  үйде 

демалу, ұлттық тағамдардан дәм тату, т.б.) 5-ші экологиялық маршрутты жасау. 

Экологиялық  туризм  орнықты  даму  негізінде  табиғатты  қорғап,  әрі  аймақтың 

экономикалық  дамуына  мүмкіндік  беретін  сала  болып  табылады,  сондықтан  тұмса 



табиғаты  сақталған  Қорғалжын  қорығының  орнықты  дамуы  үшін  экологиялық  туризмді 

дамыту басты міндет. 



 

  


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет